Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достық біздің тірегіміз Тәрбие сағаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме тәжірибе алмасуға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

48 ЖББМ















Тәрбие сағаты

2 «Б» сынып

«Достық-біздің тірегіміз»

(онлайн әңгіме сабақ)























Сынып жетекші :Слатаева Б.Е



2020-2021 оқу жылы



Мақсаттары:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туралы мәлімет бере отырып, оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу

3. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту

Көрнекілігі: Слайдтар Абайдың, Әбу Насыр әл-Фарабидің суреттері, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді. Ата заңымыздың негізгі баптарынан үзінділер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу

Сабақ тақырыбымен таныстыру

Ағашқы қоңыраудың үнін аудио жазбамен жіберу

ІІ. Кіріспе әңгіме:

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталды. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек.

Диана                Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.

                            Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

                            Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап

                            Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.

Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Жекелеген оқушылар өздерінің Абай атамыз өлеңдерін ,қарасөздерін .

.Ата заңымыз,Білім күніне арналған тақпақтары мен құттықтау видиоларын салады




Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан үзінді

Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.

15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»

4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді.


Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


III. « Ата Заңымыз-Конституция»

Адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.

14 – бап

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36 – бап

1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

IV. Әбу Насыр әл-Фараби шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз.

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлыққаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

"Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті", - дейді "Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы "Әл-Фараби музейі" атты деректі фильмінде.

Ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Оның түркі тайпасынан шығуын филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі растайды.

"Мен араб ғалымдарының кітаптарын оқыдым. Осы күнгі араб Фарх Саад есімді ғалымның бір дерегі бар. Онда Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат-Турки дейді. Яғни ол оның түркі текті екенін жазған. Ғалым ибн-Халиканда ат-Турки дегенді қосады. Ол Әл-Фарабидің түркі екенін жазады", - дейді ол сұхбаттарының бірінде. 

Ғалым қалай Әбу Насыр Әл-Фараби атанды

Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар "Барба-Фараб" деп атап кеткен. Сондықтан "әлемнің екінші ұстазы" атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғниФарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.

V.Қорытындылау

Сөзжұмбақ шешу «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы не? (Достық)

2. Елордамыз қай қала? (Нұрсұлтан)

3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ)

4. Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі ? (Әнұран)

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!


Сабақ соңында оқушыларға Конституция туралы Абай мен Әбу Насыр Әл-Фараби слайдтар мен бейне жазбалар ұсынылады

Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
1130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12