Достық дегеніміз не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Достық дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сен білесің бе?

Достық деген не?

Дос – сенің жаныңды түсінетін, қиналғанда қол ұшын беріп, қуанышыңды бөлісе алатын, саған дұрыс жол көрсетіп, қашанда қасыңнан табылатын адам. Адамды досына қарап танилы.

Достық – ортақ көзқарасы болатын, үлкен сеніммен ұласатын жақын қарым-қатынас. Достардың арасында көре алмау, пайдакүнемдік, құпия, мейірімсіздік сияқты іс-әрекеттер болмайды. Есесіне жақсы дос табанды, кешірімді, ең бірінші болып көмекке ұмтылып, өз қатесін де мойындай алатын болады. Сол сияқты, шын дос досының сырын шашпай, сақтай алатын да қасиетке ие болуы керек.

Жақсы дос тапқың келе ме?

Достасуға алып келетін түрлі жағдайлар болады. Мәселен, әркімнің тұратын мекен-жайы мен араласатын ортасы дос табуға себеп болып жатады. Ол көршілер немесе бірге оқитын жолдастары да болуы мүмкін. Достық, достықтың айнымас ережелері барлық халықта бірдей.

Достастықтың тағы бір себебі бар. Ол – қай нәрсеге болмасын, ортақ көзқарастың болуы.

Достықтың ережесі:

  • Досыңа әрқашан көмектес. Егер қолыңнан жақсы іс келетін болса, досыңа оны әлбетте үйретуге тырыс.

  • Досың қиын жағдайға тап болса, тығырықтан шығатын жолды бірге қарастыр. Екеулеп міндеті түрде қиындықты жеңесіңдер.

  • Егер досың жаман іс-әрекетке жол беріп жатса, оны тоқтатуға тырыс. Сол сәтте ол саған ренжісе де, уақыт өткенде сенің шын дос екеніңді түсінеді.

  • Достарыңмен бөліс:егер сенің жақсы ойыншығың, қызықты кітабың болса, досың да онымен ойнасын, оқысын. Жақсы нәрселерді тек өзің ғана емес, достарыңмен бірге қызықта. Ойын кезінде де досыңа сәтті кезеңдерді ұсын.

  • Досың сәтті қадамдарға қол жеткізіп жатса, оған көреалмаушылық танытпа. Оның қуанышын бірге бөліс.

  • Егер сен қандай да бір жаман қылық танытсаң, ол үшін кешірім сұраудан тартынба. Шын дос түсіне де, кешіре де біледі.

  • Досыңның ұсынған көмегін қабыл ал. Тіпті, іс-әрекетіңдегі қателіктерді айтып жатса, оны көмек деп қабылда.

Сенің мұны білмеуің мүмкін!

Достар! Біздер қысқа ғана болса да қызықты айдарымыз бар. Біз халықаралық сөздердің қай тілден шыққандығы және қандай мағынаны білдіретіндігін білетін боламыз.

  • Комиссия – ХVII ғасырдың басында Польшада қолданыла бастады. Сөздің түбірі латынның «комиссио»-«тапсырма» деген сөзінен шыққан.

  • Компас – ХVІ ғасырда поляк тілінде қолданылады ол сөз латынның «панис»-«нан» деген сөзінен шыққан. Толық мағынасы –«нан бірлестігі».

  • Композитор – ХVІІІ ғасырдың соңында италиян тілінде қолданысқа түскен, латынның «композитор» - «құрастырушы,жазып шығаругы» деген сөзінен шыққан.

  • Консерватория – ХVІІІғасырдың соңында италияда қолдана бастады, италян тіліндегімағынасы – «консерватория» - «жетім және қараусыз балаларды өнерге баулитын баспана».

  • Конституция – ХVІІ ғасырдың соңында поляк тілінде қолданыла бастаған. Бұл сөздің түбірі латынның «конститутио» - «орнату, құру» деген сөзінен шықан.

  • Кондитер – ХVІІІ ғасырда германияда қолдана бастады, латын тілінен енген «кондитор» сөзінің мағынасы «жасаушы, пісіруші» екен.

  • Конференция – ХVІІ ғасырдың соңында польшада қолданысқа түскен, поляк тіліне латын тілінен енген, сөздің мағынасы – «талқылау».

  • Концерт – ХVІІІ ғасырда неміс халқында қолданыла бастаған, латынның «консинере» - «хормен бірге ән айту» деген сөзінен енген.

  • Конки – ХVІІ ғасырда алғаш рет қолданыла бастаған. Орыс тілінен енген сөздің түбірі – «конь» - «жылқы». Алғашында ағаш конкилерді әсемдеу үшін алдыңғы жағын жылқының басына ұқсатып жасайтын болған. Осыдан «коньки» сөзі шыққан.

  • Король – алғаш неміс тілінде қолданыла бастаған сөз VІІІ-ІХ ғасырда өмір сүрген франктердің королі ұлы карлдың есімімен байланысты шыққан.

  • Косметика – ХVІІІ ғасырда француз тілінде қолданылады. Сөздің түбірі грек тіліндегі «косметике» - «әдемілену өнері» дегенді білдіреді.



ОҚО Сарыағаш қаласы Толыбай батыр атындағы №141 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы: П. Асанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
6943
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі