«Достық пен мейірімділік әлемі»

Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Достық пен мейірімділік әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған іс-әрекет «Достық пен мейірімділік әлемі» тақырыбында құрастырылған және мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік, танымдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоциялық дамуын кешенді түрде дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

81 «Әсемгүл» Б/б

Тәрбиеші: З.А Нуралиева

Аңдатпа

Бұл ұйымдастырылған іс-әрекет «Достық пен мейірімділік әлемі» тақырыбында құрастырылған және мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік, танымдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоциялық дамуын кешенді түрде дамытуға бағытталған.


Іс-әрекет барысында балалар қазақ халық ертегілері кейіпкерлері арқылы әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді, себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды. Буын ұғымын меңгеру, сөздерді буынға бөлу, буын санын анықтау, сондай-ақ «Қанша? Нешеу?» сұрақтарын ажыратып, дұрыс жауап беру дағдылары қалыптастырылады. Қимыл-қозғалыс, ұлттық ойындар мен бейнелеу әрекеттері арқылы қолдың ұсақ моторикасы жетілдіріледі.


Сабақтың негізгі желісі «Мақтақыз бен мысық» ертегісіне құрылған. Балалар кейіпкерлердің тапсырмаларын орындай отырып, достық, мейірімділік, еңбекқорлық, кешірімшілдік сияқты адами құндылықтарды бойына сіңіреді. Ұлттық ойындар, ою-өрнек, қазақтың ұлттық тағамдары арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығы артады.


Ұйымдастырылған іс-әрекет ойын технологиялары мен интеграцияланған әдістерді тиімді қолдану арқылы балалардың белсенділігін арттырып, жағымды эмоциялық орта қалыптастырады.



Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Достық пен мейірімділік әлемі» Мақсат, міндеттері: -Әдеби шығарма ертегі мазмұнын түсінуге, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуға дағдыландыру -Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. -«Қанша?Нешеу?» сұрақтарын ажыратып, оларға дұрыс жауап беруге да5дыландыру.

-Бейнелеу барысында қолдың қимылдарын жетілдіру Көрнекілік құралдар: буынға бөлуге арналған суреттер,қылқалам,бояу, кедергі төсеніштері, кейіпкерлер макеті.

Кіріспе бөлім Сәлемдесу
Ұл - қыз сәлем береміз
Білер қазақ баласы сәлем сөздің Алдымызда кезіккен көп танысты көреміз бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз

Балалар бүгінгі ҰІӘ ерекше болмақ,себебі сендердің білімдеріңді көруге апайлар келіпті. Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дайынбыз ба? Қашып кеткен ападан, қашып кеткен атадан -Ол не? (бауырсақ) Әжей жақсы көретін осы қызға, Телпек тарту етіпті, қызыл түсті ( қызыл телпек) Бұл кейіпкерлермен біз қайдан таныстық? (ертегіден) Ал,айналаға қараңдаршы,мына кейіпкерлер қай ертегіден келген? Негізгі бөлім: «Мақтақыз бен мысық» ертегісіндегі мысықтың көмек сұрауы Онлайн арқылы мысық байланысқа шығады: -Достар, сәлем! Сендердің маған көмектерің қажет. Менің құйрығымды мысық жұлып алды. Өйткені......../байланыс желісі үзіліп кетеді -Байланыс желісі үзіліп кеткен сияқты. Неге мысықтың құйрығын жұлып алған екен? Не болды екен? -Өйткені ертегіде мысық Мақтақыздың сүтін төгіп жібереді. -Енді қалай көмектесеміз? -Мақтақызға хабарласайық. (онлайн байланыс арқылы Мақтақызға хабарласу) -Мақтақыз сәлем! Мақтақыз, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтаршы /балалар айтады Мақтақыз: Салем достар! Қазір мен сендерге почта арқылы көптеген қызықты ойындар,тапсырмалар жіберетін боламын. Сол ойындар мен тапсырмаларды жақсылап орындасаңдр мен мысықтың құйрығын қайтарамын.

-Пошташы келеді.

-Балалар мақтақыздан хат келді, Бізге бірнеше тапсырмалар мен ойындар жіберіпті. -Мақтақыздың тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма? Мақта қыз бен мысықтың достасуына көмектесейік. Ертегіде мысық құйрығын алу үшін қандай әрекеттер жасайтын еді? Балалар жауабы. Олай болса тышқанға келген жерінен бастап тапсырмаларды орындауға кірісейік.

ТЫШҚАННЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: Қыздарға тышқанның тарысын салатын қоржын тігу және жапсырылған оюлардың атын атау.

ТАУЫҚТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: Ұлдарға қазақтың ұлттық ойыны «Бес кеней»ойыны. ДҮКЕНШІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ:Оюлы кілемшелермен барып,оюдағы жасырылған ертегідегі кейіпкерлерінің суретін атап.буынға бөл. Балалар суреттерді атап, буынға бөледі, неше буыннан тұратынын айтады. Орнында отырған балалар дыбыстық талдау жасайды

ҚЫЗДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: Асықтар әуенімен сергіту сәтін орындау.

АҒАШТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:Жыл мезгілдерін,ай атауларын,апта күндерін ата.

Апта күндеріне тақпақ айту.

Сиырдың тапсырмасы: Қазақтың ұлттық құндылықтарын білесіз бе? Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру.Соның ішінде (құрт, ірімшік, сүт өнімдері).

Балалар кілемшедегі оюлар арқылы барып,берілген суреттер немесе макеттер беріледі. Олар қазақтың ұлттық тағамдарын атап, олардың қалай жасалатынын айтады.

Балалар ертегі кейіпкерлеріне көмектесу барысында достық, еңбекқорлық, мейірімділік және кешірімшілдік секілді құндылықтарды талқылайды.

Достық туралы мақалды жалғастырады.

Қорытынды: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма? Қандай тапсырмалар орындадыңдар? Қай ойын тапсырма сендерге ұнады? Жарайсыңдар балалар! Сендер мақтақыз бен мысықтың достасуына көмектестіңдер. Достық туралы тақпақ айтып, ұіә аяқтайық!

Мадақтау:Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі құртпен балаларды мадақтау.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі