Сабақтың
тақырыбы:
«Досы жақсының өзі де жақсы»
Сабақтың
мақсаты:1.Оқушыларға
достың адам өміріндегі шынайы белгісі
туралы айтып түсіндіру,досқа деген
танымын,талғамын шындау.
2.Өз
ойларын ашық айта білуге,берілген
сұраққа ойланып,нақтылы толық жауап
бере білуге үйрету,ойлау қабілеттерін,тілдерін
дамыту.
3.Оқушыларды
адамгершілікке,имандылыққа,адалдыққа,тату,
мейірімді болуға тәрбиелеу,әр балаға
өзінің досының жақсы жақтарын үлгі
тұтып, сол жақсы қасиеттерін сіңіре
білуге үйрету.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,сызба
нұсқалар,суреттер.
Сабақтың
барысы:
Оқушылар
бүгінгі тәрбие сағатымыз «Досы жақсының
өзі де жақсы» деп аталады.
Мындай
мәтінді тыңдайық.
Баяғыда
өте байқуатты бір қария өмірден өтіп
бара жатып,Алла тағаладан: «Құдіреті
күшті Жаратқан Ием, тағы да кішкене
ғұмыр беріңіші» деп жалынып,
жалбарыныпты.Сонда Алла тағала
періштелері арқылы аян беріп,кәрі
қариядан:
-Пендем,қанша
жас сұрайсың?-депті.Қария:
-Ағаштың
жапырақтарына тең ғұмыр бере көр,-деп
жалыныпты.
-Жоқ,адамға
өлшеп-пішіп берген ғұмыр оған жетпейді.
-Онда
үлкен ағашта қанша бұтақ бар,сонша өмір
бер,-депті.
-Жоқ,ол
да жарамайды,тым көп.
-Онда
қанша өмір бере аласың?-депті қария.
-Өмірде
қанша досың бар,соншама өмір берейін.
Осы
сөзді естігенде төсек тартып жатқан
қария көзіне жас алып,қатты күрсініпті
де,о дүниеге жүріп кетіпті.Сөйтсе,ол
өмірін дос жинаумен емес,дүние-мүлік
жинаумен өткізген екен.Сірә,біздің абыз
ақсақалдарымыз: «Жүз теңгең болғанша,
бір досың болсын» дейтіні сондықтан
да шығар.
Тақырыпты
ашу сұрақтары.
-«Достық»
дегенді қалай түсінеміз?
Жауаптар:
Сыр
бөлісетін адам.
Мені
өте жақсы көретін адам.
Көмекке
әрдайым дайын адам.
Қандай
жағдай болмасын бірге болатын адам.
Сенімді
адам.
Оқушылардың
өлең шумақтарын тыңдау:
1-оқушы:
Достық
игі жақсылық
Достық
ниет жақсы үміт
Достық
жасап адамға
Достаса
біл,әманда.
2-оқушы:
Нағыз
дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда
түрткенше жарылмайды.
Жақсы
жаман айтар деп елемейді,
Бақ-дәулет
сол адамнан арылмайды.
3-оқушы:
Түсіндірші
мәнісін,
Дос
па барлық танысың?
-Олай
деуге болмайды,
Жүргендер
көп нан үшін.
Нағыз
досты,кім десең,
Ал,тыңдай
ғой, білмесең,
Тілеулеске
байқасаң
Жолығасың
кімге сен.
Жаманыңды
жасырған,
Жақсылықты
асырған
Ештеңе
де аяма,
Адал
болса досыңнан.
4-оқушы:
Балдырған
баламыз,
Досты
көп табамыз
Қашан
да, қайда да
Достар
бір-біріне
Сенімді
боламыз.
Оқушылардың
достық туралы мақал- мәтелдерін тыңдайық.
1-оқушы:
Ағаш
тамырымен,
Адам
досымен мықты.
2-оқушы:
Досы
жоқ адам-
Тұзы
жоқ тағам.
3-оқушы:
Күлме
досыңа,келер басыңа
4.-оқушы:
Дос
тұтқанды қадірле
5-оқушы:
Айырылмастай
досыңа қайырылмастай сөз айтпа.
Ән:
Дос болайық бәріміз.
Қорытынды:
Дос
болу оны қадір тұту,оның қасиетін
бағалау өзіңе байланысты,сондықтан
досыңды пір тұтып,оның бойынан
шыншылдықты,адалдықты,ізденімпаздықты,
мейірімділікті
байқасаң,онда оны қадір тұт,ол сенің
досың,сырласың көмекшің,
жақының!Міне
өмірде осындай достар өмірі мәнді
де,сапалы болмақ.