Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Досым саған сенемін» Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали таңдау курсы бойынша сабақ жоспарымның үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Күні: 4.04.2018

Пәні: Мұқағалитану

Сыныбы: 9-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Досым саған сенемін»


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: Мұқағали тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: Музыка , қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

ІІ Жаңа сабақ.

Дос болам десең, Досыңды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің... Досым-ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым, Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып... Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан, Достардың барып, ауласында өлген мың артық. Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген - адамның көрігі екен, Достық деген ақылдың серігі екен. Қыран күлкі-тамаша - бәрі осында, Отырмын думан-тойдың арасында. Береке бойдан асып жатқанымен, Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба? Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл, Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?! Жыраққа жалғыз мені жібермеші Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр! Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі, Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі. Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес! Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені. Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба? Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда. Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп, Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.



ІІI Сабақты бекіту: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

1.Өлең не жайында?

2.Өлеңнен алған әсерлерің қандай?

3.Өлең не жайыында айтылған?

4. Өлең неше шумақтан тұрады


IV Сабақты қорытындылау:

VI Үйге тапсырма:

1.Өлеңді оқып келу

2.Мазмұндау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.01.2019
1609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12