жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дəрумендер. В дыбысы мен əрпі
8-тарау. Денсаулықты қалай күтуге болады?Тақырыбы: Дəрумендер. В дыбысы мен əрпі |
Мектеп:№185 ЖББМ КММ |
||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні:Барбусунова Ж.А |
||
СЫНЫП-ТОП:0»В» |
Қатысқандар Күні: |
Қатыспағандар Күні: |
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану. 0.2.2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) 0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу. |
||
171
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. В дыбысы – дауыссыз дыбыс, в дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі в дыбысының орнын ажыратады. Ш əрпінің баспа түрін жазады. |
||
Көпшілік тəрбиеленушілер: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. В дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы в дыбысының орнын ажыратады. В əрпінің пішінін жасайды. Жазу жолына в əрпінің элементтерін жазады. |
|||
Кейбір тəрбиеленушілер: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. В дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. |
|||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Сұраққа толық жауап бере отырып, өз беттерімен В дыбысын табады. В дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Естіген əңгімелерін мазмұндайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Автобус, витамин, грипп, вирус.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Əңгімені мазмұндайды. Мəтіндегі қай сөздерден В дыбысын естідің? Тыңда, қайтала, салыстыр. Бұл қай көлік деп ойлайсың? |
||
Өткен ҰОҚ-да алған білім |
Сөйлем құрастырады. Сөздерді буынға бөледі. Сөздер қай дыбыстан басталып тұрғанын табады. Қандай түстермен белгіленетіні айтады. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин. |
Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шеңберге тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады. |
|
|
172
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин. |
Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Тəрбиелі баламыз, Шынығып бір аламыз. (Ұ,Ө) Педагог слайдтан пойыздың суретін көрсетеді. – Бүгін пойыз болып саяхатқа шығамыз. Бір біріңнің арттарыңнан ұстап, пойыздың дауысына келтіріп тізбектеліп жүріңдер. Балалар тізбектеліп пойыз болып жүреді. Алдыңғы бала «Вук-вук-пыс-с!» – деп дыбыстайды қалған балалар қайталайды. Балалар екі рет айналып жүріп , орындарына отырады. |
Слайд. |
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. |
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға мəтінді оқып береді.
Балалардан сұрақ сұрайды.
Пойыз жүргенде одан қандай дыбыс шығады?
Вокзалда тоқтаған пойыздың вагондарынан автомобильдерге не түсірілді?
Жəшіктер сыртында қандай əріптер жазылған?
Витаминдер адам денсаулығына пайдалы ма?
Балалар педагог сұрағына жауап беріп, өз ойларын толық айтады.
Мəтінен В дыбысын қай сөздерден естігенін қайталайды. В дыбысы естілетін сөздерді буынға бөледі.
Вокзал, вагон, витамин, автомобиль.
2-тапсырма. Тыңда, қайтала, салыстыр.
Балаларға автобус суретін көрсетеді. Балалар өз ойларын айтады.
Педагог балалар жауаптарын толықтырып, автобус көлігі туралы естеріне түсіреді. Автобус адам таситын, жер көлігі. |
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Суреттер.
Əліппе-дəптер. |
173
|
Автобус сөзін қайталайды.
Сөздің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылығын білу үшін автобус сөзін педагог түсіндіреді. Кейде сөздердің естілуінен, жазылуы мүлде басқаша болатыны туралы түсіндіреді.
Автобус – аптобус
Таблетка – тавлетка
Балалар суреттегі ұшып жүрген вирустар туралы айтады.
Педагог толықтырады. Балаларға тұмау кезінде ауадағы вирустардан сақтану керектігін, ол вирустардан сақтану үшін, уақытында тамақтанып, күн тəртібін сақтап, сонымен қатар пайдалы витаминдерді көптеп пайдалану керек екенін айтып түсіндіреді.
Балалар витамин сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.
В – ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады.
3-тапсырма
В əрпімен танысайық.
Педагог өлең жолын мəнерлеп оқып береді.
Таяқшаға таянып,
З тірелді В болып.
Өлеңді суретті көрсете отырып айтады.
З əрпін балалар естеріне алып, З дыбысы кездесетін сөздерді айтады: зебра, зырылдауық.
Педагог тақтаға В əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар өлеңнің мазмұны бойынша В əрпімен танысады. В əрпінің баспа түрін ауада жазады. |
В əрпі жазылған плакат.
Суреттер.
Əліппе-дəптер.
Əліппе-дəптер.
Қайшы, мата қиындылары, темір сым. |
174
|
(Ұ) Сергіту сəті.
Шөре, шөре лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың! Өлең жолдарын 2-3 рет қимылмен айталайды.
4-тапсырма
Педагог өлең жолдарын оқиды.
Суреттегі жеңіл мəшине, ат, есек, арбаның суреттерін атайды.
Бұл қай көлік деп ойлайсың?
Өлең мағынасына қарай батпаққа батқан жəне «В-В-В!» деп дыбыс шығаратын көлікті табады.
Көліктің дауысына салып қайталайды.
Суреттерді балалар өздері бояйды.
5-тапсырма
Педагог балаларға иілгіш жұмсақ сым береді. Сымнан əрпінің пішінін жасайды.
В əрпінің бейнесін тақтаға іледі.
Педагог балаларға дөңгелек түсті матадан в əрпін жасауды көрсетеді.
Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін ескертеді.
Балалар сымнан жəне матадан В əрпін жасайды.
В əрпінің баспа түрін ауада жазып көрсетеді.
Балалар жазу дəптеріне В əрпінің баспа түрін жазады. |
|
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе-дəптер |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген