МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

dsada

Материал туралы қысқаша түсінік
sadsadsa
Авторы:
10 Қаңтар 2024
147
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Тақырыбы:


«Армысың әз Наурыз»






ТЖО: А.Теміржанова















2023-2024 оқу жылы


Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Екі әже шығады алма кезек оқиды.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін! Уа,халайық бүгінгі Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер.(бірге)
1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мектебіміздің оқушыларына арналған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Қойайдаров Сағындық ағайға беріледі.
1-жүргізуші:

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Ән. Наурыз – думан Досбаева Әсем

2-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызымыз армысың!

1-жүргізуші

Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, оқушылардан сұрап көрейікші. (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).

         Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.

         Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.

        Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

         Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

         Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

        Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.




2-жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз. «Ендеше салт дәстүрлерге кезек береміз»

(Әр сыныптарға кезекпен салт дәстүрлерді көрсетеді)

2-3- сынып Шілдехана

1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп

3-4-сынып Бесікке салу
2- жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

5-6 -сынып Қырқынан шығару
1- жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

7-8 сынып Тұсаукесер

9-айтыс

10-11-Бастаңғы

2-жүргізуші:

Өлкеме наурыз келді  көктем келді


Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді


Халқымның салт дәстүрін аялаған


Арманы асқақтады көптен бергі


 Ұлттық ойындарға кезек береміз!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!