жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүние жүзі тарихы пәнінен тест тапсырмалары
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ тест № 1
1. Оралдағы Кап үңгіріндегі табылған суретте бейнеленген жануар. A) Түйеқұс. B) Маймыл. C) Лама. D) Мамонт. E) Кенгуру. |
2. Ежелгі Грецияда бүкіл эллиндерді (гректерді) біріктіретін мереке. A) Олимпия ойындары. B) Егін ору мерекесі. C) Шарап жасау мерекесі. D) Жүзім жинау мерекесі. E) Зевстің туған күнін тойлау. |
3. Португалдықтар жеткенге дейін Үндістанмен сауда жасау кімдердің қолында болды? A) Монғолдардың. B) Арабтардың. C) Қытайлардың. D) Парсылардың. E) Ағылшындардың. |
4. Шіркеу иелері 7-8 жыл бойы түрмеде ұстап өз көзқарасынан бас тартқыза алмаған табанды ғалым. A) Т.Мюнцер. B) Н.Коперник. C) Леонардо да Винчи. D) Г.Галилей. E) Джордано Бруно. |
5. 1979-1989 жылдары Кеңес елінің әскері соғысты: A) Ауғанстанда. B) Иракта. C) Пәкстанда. D) Моңғолияда. E) Иранда. |
6. Ніл өзені құяды: A) Жерорта теңізіне. B) Араб теңізіне. C) Қара теңізге. D) Үнді мұхитына. E) Қызыл теңізге. |
7. Рим империясының ең соңғы жаулап алу жорығын жүргізген император: A) Помпей. B) Цезарь. C) Октавиан. D) Траян. E) Антоний. |
8. 100 жылдық соғыстан кейін Франция жерінде қалған ағылшын иелігі: A) Фландрия. B) Кале порты. C) Орлеан. D) Марсель порты. E) Леон. |
9. XVI ғасырда Испан королі мен католик шіркеуіне қарсы әрекет еткен нидерланды партизандары. A) Гугеноттар. B) Кальвинистер. C) Гёздер. D) Диггерлер. E) Пуритандар. |
10. Франциядағы абсолюттік монархия құлаған жыл. A) 1791 жыл. B) 1789 жыл. C) 1784 жыл. D) 1774 жыл. E) 1793 жыл. |
11. 1860 ж. АҚШ-та республикалық партиядан сайланған президент. A) Б. Франклин. B) Дж. Вашингтон. C) Д. Браун. D) Г. Джефферсон. E) А. Линкольн. |
12. Австралия доминиондық статус алған жыл. A) 1911 жыл B) 1910 жыл C) 1900 жыл D) 1867 жыл E) 1907 жыл |
13. 40 жасқа келген, саңырау болғанымен ұлы шығармалар жазуды тоқтатпаған немістің ұлы композиторы: A) Ф. Шопен. B) А.Дворжак. C) И.С.Бах. D) Л. Бетховен. E) В.А. Моцарт. |
14. 1959 ж. Куба революциясын басқарған қайраткер: A) С. Альенде. B) Л. Корвалан. C) Э. Че Гевара. D) Ф. Кастро. E) Д. Ортега. |
15. Ежелгі Үндістан билеушісіның титулы: A) Раджа. B) “Патшалардың патшасы”. C) Номарх. D) Пандава. E) Кшатрии. |
16. ІV ғ. аяғында германдықтар жаулап алуға көшкен мемлекет: A) Русь. B) Скандинавия. C) Рим империясы. D) Византия. E) Алдыңғы Азия. |
17. 1788 жылы орыс әскерлері түрік флотын талқандаған жер: A) Керчь. B) Измаил (Дунай соғысындағы). C) Еникале. D) Кинбурн. E) Днепр-Буг қойнауы (Очаков бекінісі). |
18. Пангермандық саясатта қарастырылған мәселе: A) Мәдениеттің дамуы. B) Бүкіл әлемде немістердің билігін орнату. C) Басқа елдермен ынтымақтастық. D) Халықаралық сауданы дамыту. E) Білімді қаржыландыру. |
19. ХХ ғасырдың басында Германия өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен әлемдегі иеленген орны: A) 7. B) 5. C) 2. D) 4. E) 1. |
20. Қандай ұлы композитор 11 жасында тұңғыш опера жазды? A) И. Гайдн. B) И.С. Бах C) Ф. Шопен. D) В.Н. Моцарт. E) Л. Бетховен. |
21. 1921 – 1922 жылдардағы Вашингтонда өткен конференцияда қаралған мәселелер: A) Ұлттар Лигасын құру мәселесі. B) Германия мәселесі. C) Соғыс олжасын бөлісу мәселесі. D) КСРО мен саяси байланыс мәселесі. E) Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит мәселесі. |
22. Дүниежүзілік қауымдастық нацизм мен фашизмді қайда әшекереледі? A) Нюрнберг процесінде. B) Потсдам конференциясында. C) БҰҰ Ассамблеясында. D) Ялта конферениясында. E) Қауіпсіздік кеңесінде. |
23. Герман Федеративтік Республикасы құрылған жыл: A) 1948 ж. B) 1949 ж. C) 1945 ж. D) 1951 ж. E) 1947 ж. |
24. Төменде көрсетілген елдердің бірі, ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет: A) Польша. B) Албания. C) Чехия. D) Югославия. E) Венгрия. |
25. Дмитрий Донскойдың Мәскеудің князьдығын өсиетпен қалдырған ұлы: A) III Иван. B) IV Иван. C) Иван Грозный. D) III Василий. E) I Василий. |
26. XX ғасырдың басындағы Үндістандағы Б. Тилак басқарған ұсақ буржуазияшыл демократтардың негізгі талабы: A) Ел шаруашылығын национализациялау. B) Социализм орнату. C) Тәуелсіз Үндістан Республикасын құру. D) Жұмысшылардың жағдайын жақсарту. E) Демократиялық үкімет құру. |
27. XIX ғасырдың соңында Иранды жартылай отарына айландырған империалистік мемлекеттерді атаңыз: A) Франция. B) АҚШ. C) Германия, Осман империясы. D) Англия, Ресей. E) Италия, Жапония |
28. 1945 жылы Жапониямен соғыста Қиыр Шығыста құрылған кеңес әскерлерінің Бас қолбасшысы: A) Н.Ф.Ватутин. B) С.К.Тимошенко. C) А.М.Василевский. D) М.А.Пуркаев. E) Р.Я.Малиновский. |
29. Мексикада ұлттық-реформистік саясат бекінген кезең: A) Л.Карденас билігі. B) Л.Корвалан билігі. C) Ф.Кастро билігі. D) С.Альенде билігі. E) Х.Перон билігі. |
30. XX ғасырдың II жартысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, американдық жазушы: A) П.Неруда. B) У.Фолкнер. C) А.Франс. D) Т.Манн. E) В.Хора.
|
Тест .2
1. Ежелгі Грециядағы бір ұшы өткір, екінші ұшы доғал сүйектен немесе темірден жасалған жазу құралы. A) Мушкет. B) Папирус. C) Стиль. D) Карабин. E) Станок. |
2. 1492 жылы Испаниядан аттанған Х.Колумб Америка құрлығына дейін неше күн жүрді? A) 60 күн. B) 70 күн. C) 50 күн. D) 90 күн. E) 100 күн. |
3. “Дон Кихот” романының авторы A) Сервантес B) Томас Мор C) Д.Веласкес D) Ф.Рабле E) Вильем Шекспир |
4. Кеңес елінің Ұлы Отан соғысындағы адам шығыны. A) 15 млн. B) 20 млн. C) 10 млн. D) 13 млн. E) 27 млн. |
5. ТМД-ға мүше елдер саны. A) 10 B) 13 C) 9 D) 8 E) 11 |
6. Ежелгі адамдардың ең алғашқы шаруашылығы: A) Мал шаруашылығы. B) Егіншілік. C) Сауда. D) Балық аулау. E) Терімшілік. |
7. Алғашқы таптық қоғам мен мемлекеттердің қалыптасуы және дамуы басталған жер: A) Үндістанда. B) Еуропада. C) Америкада. D) Азия мен Солтүстік Африкада. E) Грецияда. |
8. Үндістандағы каста саны. A) 5 B) 1 C) 3 D) 4 E) 2 |
9. XІІІ-XV ғасырларда сауда-теңіз державасына айналған Италия қаласы: A) Венеция. B) Флоренция. C) Рим. D) Милан. E) Генуя. |
10. Шіркеудің күнәні кешіру туралы арнаулы грамоталары: A) Индульгенция. B) Анафема. C) Буина. D) Инквизиция. E) Аутодафе. |
11. Қара түсті құлдарды азат ету туралы мәлімдемеге қол қойған АҚШ президенті: A) Дж.Адамс. B) Т. Джефферсон. C) А.Линкольн. D) Ж.Вашингтон. E) Э.Джонсон. |
12. 1853-1856 жылдардағы Ресей мен Осман арасындағы Қырым соғысындағы ең қатты шайқас болған қала: A) Одесса. B) Севастополь. C) Ялта. D) Керчь. E) Симферополь. |
13. Қытайдағы Тайпиндер көтерілісінің болған жылдарын көрсетіңіз: A) 1850-1866 B) 1850-1860 C) 1850-1864 D) 1850-1862 E) 1850-1868 |
14. 1945 жылы 12 сәуірде АҚШ-та президент болып кім сайланды? A) Г.Трумэн. B) Д.Эйзенхауэр. C) Д.Кеннеди. D) Р.Никсон. E) Ф.Рузвельт. |
15. Антикалық мәдениет деп қай ел мәдениеті аталды? A) Үндістан және Қытай мәдениеті. B) Бирма және Ассирияның мәдениеті. C) Египет және Вавилон мәдениеті. D) Ежелгі Рим және Греция мәдениеті. E) Ассирия және Урарту мәдениеті. |
16. Ыстамбұлдағы “Сулеймание”, “Шах-заде” мешіттері, Эдирнедегі “Селим” мешітін салған адам: A) Хожа Синан. B) Хожа Сәдэддин. C) Мехмед Аға. D) Катиб Челеби. E) Эвлин Челеби. |
17. II Екатеринаның сыртқы саясатының негізгі міндетінің бірі: A) Қытаймен территориялық таластарды шешу. B) 1789-1794 жж. Француз революциясын басу. C) Финляндияны қосып алу. D) Швециямен одақ құру. E) Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын алу. |
18. Франциядағы XIX ғасырдың I жартысындағы сыншыл реализмнің аса ірі өкілі: A) Виктор Гюго. B) Пьер Бомарше. C) Оноре де Бальзак. D) Жан Батист Мольер. E) Чарльз Диккенс. |
19. Германия қандай елмен соғыстың нәтижесінде біртұтас елге айналды? A) Чехиямен. B) Франциямен. C) Испаниямен. D) Швециямен. E) Англиямен. |
20. 1905 жылы жеке және жалпы салыстырмалылық теория идеяларын тапқан ғалым: A) Г. Герц. B) В. Рентген. C) Э. Резерфорд. D) А. Беккерел. E) А. Эйнштейн. |
21. 1940 жылдың көктеміне дейін созылған Батыс майданындағы әскери қақтығыстың аталуы. A) «Оғаш соғыс». B) Азамат соғысы. C) Танкілер соғысы. D) «Қырғиқабақ соғыс». E) Химиялық соғыс. |
22. Ұлттық реформизмнің басқаларына қарағанда көпшіл, әрі ықпалдысы перонизм қозғалысы қай елде болды? A) Чилиде. B) Боливияда. C) Мексикада. D) Аргентинада. E) Кубада. |
23. 1973 жылы желтоқсандағы Женева конференциясы бейбіт реттеген жанжал: A) Оңтүстік Африкадағы. B) Оңтүстік-Шығыс Азиядағы. C) Ауғанстандағы. D) Балқан түбегіндегі. E) Таяу Шығыстағы. |
24. Ағайынды Уилбер және Орвилл Райттардың бірінші ұшағы сынақтан өтті: A) Ұлыбританияда. B) Ресейде. C) Италияда. D) АҚШ-та. E) Германияда. |
25. IV Сұлу Филипптың тұсында Францияға қосылған жер: A) Аквитания. B) Наварра. C) Орлеан. D) Нормандия. E) Фландрия. |
26. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының көрнекті қайраткері: A) Джон Лильберн. B) Оливер Кромвель. C) I Карл. D) Вильгельм Оранский. E) Прайд. |
27. Герман мемлекеттері бірігіп Герман империясын құрған жыл: A) 1870 . B) 1884 . C) 1871 . D) 1879 . E) 1875 . |
28. Монғолияның ќытай милитаристері мен орыс аќ гвардияшылары тарапынан озбырлыќќа ұшыраған жылдары: A) 1912-1915жж. B) 1911-1913жж. C) 1916-1919жж. D) 1918-1921жж. E) 1914-1917жж. |
29. 1907 жылы 31 тамыздағы ағылшын-орыс конвенциясы қарастырған мәселе. A) Түркиядан әскерді әкету. B) Орта Азияда темір жол желісін салу. C) Иранға, Ауғанстанға және Тибетке ықпал ету қатынасын реттеу. D) Жапонияға қарсы бірігіп қимыл жасау. E) Үндістанды жаулап алу. |
30. Үнді мен Пәкістанның Доминионын құру туралы заңы қашан шықты? A) 1949 жылы. B) 1945 жылы. C) 1946 жылы. D) 1948 жылы. E) 1947 жылы.
Тест жауаптары № 2 |
1C 2B 3A 4E 5E 6E 7D 8D 9A 10A 11C 12B 13C 14A 15D 16A 17B 18C 19B 20E 21A 22D 23E 24D 25B 26B 27C 28D 29C 30E
№ 1 тест жауаптары
|
1.D 2.A 3B 4E 5A 6A 7D 8B 9C 10B 11E 12C 13D 14D 15A 16C 17E 18B 19C 20D 21E 22A 23B 24E 25E 26C 27D 28C 29A 30B
№ 1 тест жауаптары
|
1.D 2.A 3B 4E 5A 6A 7D 8B 9C 10B 11E 12C 13D 14D 15A 16C 17E 18B 19C 20D 21E 22A 23B 24E 25E 26C 27D 28C 29A 30B

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген