400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

дүние жүзі тарихынан ұбт сұрақтары 1 нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
40 сұрақтан тұратын жаңартылған бағдарлама бойынша тест тапсырмалары. Жауаптары бар
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. 1904 жылы Ұлыбритания мен Франция арасындағы Антанта құпия келісімі бойынша:

А) Франция Судан мен Египеттен бас тартты +

В) Германия Француздардың Мароккоға ықпалына қолдау көрсетті

С) Үндістан мен Парсы шығанағы Франция ықпалында қалды

Д) Солтүстік Иран бейтарап аумақ болып қалды

2. 1882-1885 жылдары Ассаб қаласын және Массауа аймағын иеленген мемлекет

А) Германия

В) Италия +

С) Англия

Д) Франция



3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-қа өз флотының желісін британдықтармен теңестіруге мүмкіндік берген келісімшарт

А) Тоғыз держава шарты

В) Төрт держава шарты

С) Бес держава шарты+

Д) Айқын болашақ



4. КСРО-ның Жапонияға соғыс жариялауына негіз болған келісім

А) Шанхай-Сидней келісімі

В) Мюнхен-Брест келісімі

С) Рим келісімі

Д) Ялта-Потсдам келісімі +



5. Радиоактивтілік туралы ілім жасаған ғалымдар

А) П. Кюри мен М. Кюри Складовская+

В) Н. Бор мен М. Планк

С) М. Планк пен Ф. Дирак

Д) А. Эйнштейн мен М. Планк



6. Психоанализ туралы теориясы сюрреализм бағытын ұстанушылардың дүниетанымына айырықша ықпал еткен ғалым:

А) М. Планк

В) Н. Бор

С) Ф. Дирак

Д) З. Фрейд+



7. 1270 жылғы сегізінші крест жорығы кезінде қаза болған француз королі:

А) ІІ Филипп

В) VII Людовик

С) І Франциск

Д) ІХ Людовик+



8. “Төрт салт атты” деп аталатын гравюраның авторы:

А) Дюрер Альбрехт+

В) Леонардо до Винчи

С) Томас Мор

Д) Диего Веласкес

9. Ежелгі Египет перғауыны:

А) Шаруккин

В) Хаммурапи

С) Дарий

Д) Аменхотеп +



10. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекет:

А) Түрік қағанаты +

В) Батыс түрік қағанаты

С) Түргеш қағанаты

Д) Қарлұқ қағанаты



11. Кеңес үкіметіндегі әскери коммунизм саясатының белгісі:

А) жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды

В) Өнеркәсіп мемлекет меншігіне алынды +

С) Еңбек мобилизациясы жойылды

Д) Азық-түлік салығы енгізілді



12. 1997 жылы қайтыс болған Қытай «реформасының атасы»

А) Чан Кайши

В) Цзян Цзэминь

С) Дэн Сяопин +

Д) Мао Цзэдун



13. 1803 жылы Напалеоннан Луизиананы 15 миллион долларға сатып алған ел:

А) Англия

В) АҚШ+

С) Канада

Д) Германия





14. Еуропа феодалдарының 1096-1270 жылдары аралығында жасаған крест жорықтары бағытталды:

А)Таяу Шығыс елдеріне +

В) Алдыңғы Азия елдеріне

С) Қиыр Шығыс елдеріне

Д) Солтүстік Африка елдеріне



15. Шығыс славян тайпаларының жерінде құрылған мемлекет:

А) Византия

В) Чехия

С) Русь +

Д) Скандинавия



16.Жоғары лауазымды тұлғаға сенімсіздік білдіру, оны қызметінен алып тастау, заң алдында жауапқа тарту:

А) Эмбарго

В) Импичмент +

С) Вотум

Д) Вето



17. Экономикалық саладағы Түркиядағы М. Кемал үкіметінің саясаты:

А) Жабық есік

В) ЖЭС

С) Қайта құру

Д) Этатизм +



18. «Орта ғасырлар» тіркесі алғаш рет қолданылды:

А) ХIV-XVI ғғ

B) XII-XIII ғғ

C) XVI-XVII ғғ

Д) XV-XVI ғғ +



19. Шәкірттеріне «кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деп үйреткен қайраткер:

А) Леонардо до Винчи+

В) Микеланджело

С) Дюрер Альбрехт

Д) Рафаэль Санти



20) XVII ғасырда Ресей басқыншылары Қытаймен қақтығысқа түскен аймақ:

А) Батыс Сібір

В) Корей түбегі

С) Шығыс Түркістан

Д) Амур +



21) Ніл өзенінің жағалауында туындаған ежелгі өркениет

А) Египет +

В) Аккад

С) Үндістан

Д) Шумер



22) Пайғамбар қаласы атанған қала:

А) Мекке

В) Бағдад

С) Исфахан

Д) Медине +



23) Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс қолбасшыларының Мәскеуге шабуыл жоспарының атауы

А) «Тегеран»

В) «Тайфун» +

С) «Шығыс мәселесі»

Д) «Барбаросса»



24) XVIII ғ. Балқан түбегі үшін Австрия соғысқан ел:

А) Осман империясы +

В) Италия

С) Англия

Д) Франция



25) АҚШ президенті Рузвельттің экономикалық дағдарыс жылдарында ұсынған бағдарламасы

А) «Қайта құру»

В) «Жаңа экономика»

С) «Жас тұлпар»

Д) «Жаңа бағыт» +



Индустриалдық қоғамның ерекшеліктері

Индустриалдық қоғам – ол ірі, техникалық жағынан дамыған өнеркәсіптің қалыптасуы аяқталған, осы кезеңге сай әлеуметтік және саяси құрылымы бар қоғам. Дәстүрлі қоғамнан дамып шығады. Бұл ұғымды енгізген А. Сен-Симон. Ал, О. Конт – бұл ұғымды жаңадан қалыптасып келе жатқан экономикалық, қоғамдық құрылымда доиндустриалдық қоғамдағы құрылыммен салыстыру үшін қолданған.



Индустриалдық қоғамның ерекшеліктері:

  1. Қоғамның барлық салаларында индустриалдық, технологиялық құрылымның қалыптасуыт (экономикадан мәдениетке дейін)

  2. Әр саладағы жұмыспен қамтудың пропорциясының өзгеруі, ауылшаруашылығындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесінің қысқаруы (35%-ға дейін), өнеркәсіптегі жұмыспен қамтылғандардың үлесінің өсуі (50-60 %-ға дейін), қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесінің өсуі (40-45 %-ға дейін);

  3. Интенсивті урбандалу үрдісі

  4. Ортақ тіл мен мәдениеттің негізінде ұлттық мемлекеттердің пайда болуы; білім беру (мәдени) саласындағы күрделі өзгерістер: жалпы сауаттылыққа көшу және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы


  1. Индустриалдық қоғамда ұлттық мемлекеттің пайда болуына әсер ететін факторлар:

А) аймақ пен шекара

В) заң мен құқық

С) ортақ тіл мен мәдениет +

Д) көрші елдер мен халықтар


  1. Өз еңбектерінде «индустриалдық қоғам» ұғымын қолданғандар:

А) Д. Дидро, Л. Морган

В) А.Сен-Симон, О. Конт+

С) О. Шпенглер, К. Ясперс

Д) Ф. Вольтер, Ш. Монтескье

28. Қалалардың өсуі оның экономикада басымдыққа ие болуының белгісі:

А) урбандалу+

В) билік

С) азаматтық қоғам

Д) мәдениет

29. Индустриалдық қоғамда жұмыспен қамту пропорциясының өзгеруіне әсер етеді:

А) кәсіпорындардың өсуі +

В) ауылдардың көбеюі

С) жер көлемінің ұлғаюы

Д) биліктің ауысуы

30. Дәстүрлі қоғамнан дамып шыққан қоғам:

А) феодалдық

В) ақпараттық

С) социалистік

Д) индустриалдық+

31. ІХ-ХІ ғасырларда алғашқы университеттер пайда болған Италия қала(-лары)сы:

А) Салерно +

В) Эрфурт

С) Кельн

Д) Болонья +

E) Неаполь

F) Краков

32. Ресейдегі азамат соғысындағы Қызыл әскерлердің қолбасшы(-лары):

А) А.И. Деникин

В) П.И. Егоров

С) А.В. Колчак

Д) М.В. Фрунзе +

E) М.Н. Тухачевский

F) П.И. Дутов

33. 1941 жылы Атлантикалық хартия әскери-саяси одағына мүше болған держава(-лар):

А) Польша

В) КСРО+

С) Румыния

Д) Венгрия

E) Ұлыбритания+

F) Франция

34. ХІХ ғасырда Ресей мен Жапония өз биліктерін жүргізген Қытай аймақтары:

А) Оңтүстік Қытай

В) Гуандун

С) Маньчжурия +

Д) Шаньдун

E) Фуцзян +

F) Гонконг

35. 1940 жылы 10 мамырда Германия басып кірген ел(-дер):

А) Италия

В) Испания

С) Бельгия +

Д) Голландия +

E) Польша

F) Англия

36. Төменде көрсетілген даталарды оқиғалармен сәйкестендіріңіз

1870-1871 жж

  1. Франция-Пруссия соғысы +

  2. Орыс-жапон соғысы

  3. Англия-Франция соғысы

  4. Орыс-түрік соғысы

  1. Франция-Пруссия соғысы

  2. Орыс-жапон соғысы

  3. Англия-Франция соғысы

  4. Орыс-түрік соғысы +



37. ХХ ғасырда мәдениетте қалыптасқан бағыттарды табыңыз

Адам болмысының бірегейлігіне ерекше көңіл бөлетін ілім:

  1. Авангардизм

  2. Неореализм

  3. Экзистенциализм+

  4. Неопозитивизм

Адам өмірінің мағынасыздығы мен мәнсіздігін бейнелейді

  1. Авангардизм +

  2. Неореализм

  3. Экзистенциализм

  4. Неопозитивизм



38. Дамушы елдерді белгілеңіз:

Мұнай экспорттаушы ел:

  1. Кувейт +

  2. Филиппин

  3. Гана

  4. Эфиопия

Жаңа индустриалды ел:

  1. Кувейт

  2. Филиппин+

  3. Гана

  4. Эфиопия



39. Төменде берілген саяси бағыттар жүзеге асырылған мемлекеттерді табыңыз:

«Жаңа бағыт» экономиканы реттеу саясаты:

  1. Жапонияда

  2. КСРО-да

  3. АҚШ-та+

  4. Англияда

«Қайта құру» саясаты

  1. Жапонияда

  2. КСРО-да+

  3. АҚШ-та

  4. Англияда



40.Мемлекеттерді ежелгі атауларына сай табыңыз:

Тоты құстар жері:

  1. Италия

  2. Англия

  3. Америка +

  4. Сирия

Бұзаулы ел:

  1. Италия+

  2. Англия

  3. Америка

  4. Сирия





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі