Сабақтың
тақырыбы:
Дүние жүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес
Сынып:11
Сынып жетекші:Алдибекова
Алия
Сабақтың
мақсаты: адамзат өміріне қауіп
төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің
алдын алу,оның жұғу жолдарын,одан
сақтану,қорғана білу туралы
түсіндіру,салауатты өмір сүруге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
бүктемелер,газет-журнал,кітапшалар,интерактивті
тақта слайд,қабырға газеттері.
1-желтоқсан-Халықаралық
ЖИТС-пен күресу күніне арналған ашық
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңізге
белгілі еліміздің дамыуының ұзақ
мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында
халық денсаулығын сақтауды басты бағдар
ретінде қарастырғанын білесіздер,яғни
мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын
шараларының бірі-халық денсаулығын
нығайту.
Бұл
дерті,яғни жұқтырылған иммунитет
тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет
адамдар 1982 жылы естілді.1983-1984 жылдары
американ ғалымы Роберт Галло мен француз
ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде
бұл аурудың қоздырғышын анықталды. 1986
жыл бұл ауруға «Адам иммун тапшылығының
вирусы» деген ат берді. СПИД 1950 жылдары
Африка аумағында белгі беріпті. Содан
жылжып 1970 жылдары Африкаға да жеткен.
«Құлақ естігенді,көз көреді» деген. Көп
күттірген жоқ,Қазақстаенда алғаш сырқат
1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі
күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық
адам СПИД вирусын жұқтырған.
Қарағанды,Оңтүстік Қазақстан,Алматы
және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш
екі еселенген.1987 жылы 23-сәуірде СПИД-пен
күрес және оның алдын алу орталығы
құрылып,өз жұмысын жүргізе бастады.
Оқушы: ЖҚТБ
деген тағы да бір жау шықты,
Жер астына
жөнелтті небір албыртты.
Ажал себер
аждаһадан аулақ бол,
Жастар неге
сақтамайды саулықты?!
Оқушы: Уа,халқым,назар
аудар денсаулыққа,
Өмірде
бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең
бақыт» деген сөзді.
Құр
айтпаған ғұлама данамыз да,
Сақта
халқым,денсаулықты Алла
берген,
Оң
болсын десең егер тіршілігің,
Сақта
халқым,денсаулығын аналардың,
Болсын
десең дені сау ұрпақтарың.
Кітапханашы:
ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі
және қиын мәселе. Ол тек медецина ғана
емес,әлеуметтік мәселе.Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық
бағдарламасында барша жастарды салауатты
өмір салтына шақырады.Өзіміз өмір сүріп
отырған ортада өмірімізге қауіпті
наша,темекі сияқты зиянды улы нәрсеге
әуес,құмар болмайық,қымбатты біздің
болашақ,өміріміздің жалғасы.
«Бірінші
байлық-денсаулық» дейді қазағымыз.Салауатты
өмір салтын жандарыңа жан серік
етіңдер!
Тексерілді
Тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:
К.Алданова.