дүние жүзіне аймақтық шолу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

дүние жүзіне аймақтық шолу

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 1

Тақырыбы: Кіріспе. І- бөлім. Дүниежүзіне айймақтық шолу.

І-тарау. Еуропа елдері. Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің жеке аймақтары туралы жалпы шолу жасап, қазіргі саяси картаны талдау. Еуропа елдеріне жеке тоқталып, ЭГЖ, табиғат ресурстары, табиғат жағдайлары, жалпы орналасу ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, карталарды пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік: дүние жүзінің жеке аймақтарын жеке- жеке қарастыра отырып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің саяси картасы.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі

  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

  5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  6. Бағалау кезеңі

  7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйым-дастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10 мин)

Өткен 10 сыныптың материалдарын еске түсіруге арналған сұрақтар:

Ø   Дүние жүзінде неше материк бар?

Ø  Неше мемлекет бар?

Ø  Ең үлкен мемлекетті атап, картадан көрсет?

Ø  Жер шарындағы мемлекеттерді қалай топтастыруға болады? Себебін түсіндір?

Ø  Еуропа аймағы несімен ерекше немесе мәлім?

Ø  Еуропаның орналасуында қандай қолайлы және қолайсыз жағдайларды көріп тұрсыздар?

 Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

 

 

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)

 Дүниежүзінің аймақтың шолу географиясының қазіргі кезед пайдалануды негізгі себептерінің бірі ол:

·         20 ғ. ІІ жартысынан бастап дүниежүзінің көптеген елдерде табиғат ресурстарының шаруашылық мақсатта шамадан тыс пайдалануы салдарынан табиғи орта үлкен өзгеріске ұшырады;

·         Жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.

Еуропа аймағында 41 мемлекет бар, 4 дамыған, қалғаны дамушы. Жер көлемі, мемлекеттік құрылымына тоқталу, мұхитқа тікелей шығу жолдары бар.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (9 мин)

Төмендегі кестені толтыр:

ЭГЖ

Жер көлемі

Мемлекеттік құрылымы

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Климаты

Жер ресурстары

Гидро ресурстар

Экологиялық жағдайы



















 

Оқушылар тапсырманы орындайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

1. Еуропада неше ел бар? Оларды топтастыр.

2. Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

3. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

5. Қазіргі экологиялық жағдайын сипаттап, мысалдар келтіріңдер.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі