2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Дүние қалай етсең табылады"

"Дүние қалай етсең табылады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қолдану үшін қажет
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пәні: Қазақ әдебиеті Тексерген: Құранов Е

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, көркемдегіш ерекшеліктері

Мұғалімнің аты-жөні: Айман А

Күні:

Сынып: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Оқыту мақсаты:








5.1.1.1- «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

5.1.2.1- Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.1.3.1- Көркем шығарма кейіпкерлерінің (Антон, оған ақыл айтқан кісі) образын портреті мен іс-әрекеті арқылы ашу;

5.1.4.1- Әңгімені мәнерлеп оқу;

5.2.1.1- Әңгімеден екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.2.2.1- Шығармадағы автор бейнесін анықтау;

5.2.3.1- «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіндегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағыналы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;

5.2.4.1- Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазу;

5.3.3.1- Әңгімедегі кейіпкерді (Антон) өзіндік құндылығы тұрғысынан талдау, әдеби эссе жазу.


Сабақтың мақсаты

«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінен еңбектің артықшылығын, пайдасын білу. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбын, идеясын, көркемдегіш тәсілдерін анықтау. Әңгіме мазмұнынан еңбекті сүю, қадірлеу, жасынан еңбек етуге үйрену керектігін түсіну, еңбекқор болуға ұмтылу.

Міндеті

Оқушылардың оқу материалын саналы қабылдауын, субьекті тәжірибесінің ғылыммен қатынасын қамтамасыз ету. Тақырып пен идеяны түсінуіне, меңгеруіне ықпал ету, материалды бекітуді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже

Еңбектің артықшылығын түсінеді. Әңгіменің тақырыбын, идеясын анықтайды. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің көркемдегіш тәсілдерін табады. Әңгімедегі жазушы шеберлігін аңғарады.

Еңбекті сүюге, қадірлеуге дағдыланады, еңбекқор болуға ұмтылады.

7 модульдің қолданылуы

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Бұлт үстіндегі саяхат» тренингі, «Табыс баспалдағы», «Салыстырмалы карта» әдісі, «Үлкен шеңбер» әдісі, «Әдебиет лотосы», «Қане, қайтала!» жаттығуы.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет теориясы



Сабақ кезеңдері

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Бұлт үстіндегі саяхат» тренингі

Тренинг шарттарымен таныстырады

Тренингшарттарын орындайды

Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

Мұғалім сөзі

Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіреді

Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтайды

Білімді өзектендіру

Интервью

Топтарға тақырыптар береді

Топпен жұмыс.

I топ: «Ыбырай- әңгіме шебері» деген пікірмен келісесің бе?

II топ: Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күні маңызы бар ма?

III топ: Кейіпкерлері туралы не айта аласыңдар?

Оқушылар ой толғап, пікірлерін жинақтайды



Үй тапсырмасын тексеру

Диалог

Оқушылар жауабын тыңдайды, қорытынды жасайды

«Қазіргі заманның өзекті мәселелері қандай?» сұрағына жауапты диалог арқылы береді

Жаңа тақырыпты оқып- үйрену

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмысты ұйымдастырады

«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін оқиды

«Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары»

Тапсырмаларды орындауды қадағалап, оқушылар жауабын тыңдайды

«Білу», «Түсіну» қадамдарының тапсырмаларын орындайды


Бекіту

«Салыстырмалы карта» әдісі

«Салыстырмалы картаны» пайдалану арқылы тақырыпты талдауды ұйымдастырады

Әңгімеде орын алған адами қасиеттерді салыстырады.

Салыстыру кестесі арқылы Антон мен Атымтай жомарттың екі жақты бейнесін көрсетеді:

«Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары»

Тапсырмаларды орындауды қадағалап, оқушылар жауабын тыңдайды


«Жинақтау» қадамының тапсырмаларын орындайды

Қорытындылау

«Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары»

Тапсырмаларды орындауды қадағалайды, оқушылар жауабын тыңдайды

«Қолдану» қадамының тапсырмаларын орындайды

«Үлкен шеңбер» әдісі

Интерактивті тақтадан талқылау сұрақтарын көрсетеді:

1. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

2. Антон қандай қорытынды шығарды?

3. Антон сияқты досың тіленшілік қылып тұрса, не істер едің?

4. Болашақта кім боламын деп армандайсың?

5. Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған?

Оқушылар «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін шеңберге салып талқылайды, әркім мәселенің шешу жолын жеке қарастырады.

«Әдебиет лотосы»

Интерактивті тақтадан «Әдебиет лотосын» ұсынады:

Шығарма аты

Кейіпкерлері

Оқиға желісі

Түйінді ой

Қазіргі заманмен салыстыру

«Қыпшақ Сейітқұл»

«Атымтай жомарт»

«Дүние қалай етсең табылады?»

«Әдебиет лотосын» толтырады


Топтастыру

Топтастыруға келесі тақырыптарды ұсынады:

1. Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттер

2. Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Топтастыру жұмысын жүргізеді

Сергіту сәті

«Қане, қайтала ойыны

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасайды

Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды

Бағалау

Өзін-өзі, топ басшысының бағалауы

Бағалау критерийлерімен таныстырады

Бағалауды жүзеге асырады

Үй тапсырмасы

Кеңес, нұсқау

«Еңбекпен тапқан нан» немесе «Байлықтың көзі-еңбекте» атты тақырыптағы шағын шығарма немесе эссе жазуды тапсырады

Үй тапсырмасын жазып алады

Рефлексия

«Табыс баспалдағы»

Жұмыс мазмұнын түсіндіреді, оқушылар әрекетін бақылайды

«Табыс баспалдағына» нәтижелерін белгілейді



21 Желтоқсан 2017
9892
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі