Материалдар / Дүниежүзі тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзі тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2020
884
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Сейфуллин оқулары – 12: Ғылым жолындағы жастар-болашақтың инновациялық әлеуеті » атты
Республикалық ғылыми -теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской
научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения-12: Молодежь в науке -
инновационный потенциал будущего " . – 2016. – Т.1, ч.3 – Б.178-181

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «ҚАР ҚЫЗЫ » ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
«УАҚЫТ », «КЕҢІСТІК », «ЖАЛҒЫЗДЫҚ » КОНЦЕПТІЛЕРІ

Мыңжасар Л., Мұратбекова А.М.

Лингвистикада «концепт » терминіне байланысты көптеген пікірлер
мен бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Осыған орай
«концепт » терминіне берілген анықтамалар да әртүрлі. Қазіргі кезде
көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып, ғылыми тәжірибеде
қолданылып жүрген – А.Вежбицкаяның анықтамасы .
Ғалым концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері
бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды [1,
85 ].
Біз ғылыми жұмысымызда «концепт » терминін Оралхан Бөкей
шығармаларындағы уақыт, жалғыздық пен кеңістік ұғымдарымен
байланыстыра қарастырдық . Жазушының уақыт пен кеңістікті қабылдауын ,
түсінуін , оны көркемдік кеңістікке айналдырудағы әдіс-тәсілдерін әр
қырынан зерттеуге болады . Тылсым табиғаттың танылмаған жұмбақ
сырлары қаншама десек те, дүниеде мезгіл мен мекен заңдылығына
бағынбайтын ешнәрсе жоқ. Уақыт пен кеңістіктен тыс адам ғана емес, оның
рухани болмысы – өнер де өмір сүре алмаса керек.
Оралхан Бөкейдің шығармаларындағы уақыт, кеңістік пен жалғыздық
концептілерінің алатын орны ерекше. Жазушының өзі «Қар қызы» повесі
жөнінде : «Менің айтайын дегенім тракторшылар өмірі емес, кеңістік пен
жалғыздық мәселесі , адамның кеңістікті түйсінуі , қабылдауы , кеңістіктің
жалғыздыққа жасайтын ықпалы » деген еді.
Профессор Тұрсын Жұртбай : «Жалғыздық – Оралхан Бөкейдің шығар-
маларындағы басты желі, көркем түйсіктің тереңінде ұйлыққан көңіл ауаны,
пендеге тиесілі жазмыштың сыйы деңгейінде шендестірілген көркем
бейнелеу жүйесінің жиынтығы , иірілген ойдың шүйкесі міндетін атқарды ...
Оралханның шығармаларындағы сол жалғыздықты сезіндіретін де және
сол жалғыздықтан құтқаратын да табиғат болатын . «Қар қызындағы », «Құм
мінезіндегі », «Жетім ботадағы » – ән салатын шағылдар , ән айтатын ,
жылайтын құм төбелер , «күрсінетін , өкситін , өзіне шақырып күлетін
толқындар » жалғыздықтан кеудесі сартап болып зарыққан жалғыздың
жүрегін әлдилейді ...» - деп, жалғыздықтың көркем бейнелеу тәсілінің бірі
екенін айтады [2].
Жазушы шығармаларында жыл мезгілдерінің айшықты көрсетілуімен
қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі . Шығармаларда суреттелетін


Page 2

оқиғалардың уақыты , мезгілі нақтылы көрініс табады . Таңның қылаң беруі,
күннің шығуы , сәуле шашуы , талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы ,
айдың толысуы , бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Мысалы : «Айнала
аппақ қар, күн таудың ар жағына сусып түсіп барады . Сай-саланы көлеңке
басып, аспан көбең тартқан . Көп кешікпей келер түннің хабаршысындай бір
суық ызғар соғып, онсыз да жетімсіреген көңілді кеулейді -ай...» [
3,322 б. ]
Суреткер кеңістікті ширықтырып , оған әлдеқандай мән-мағына
сыйғызып , «жандандырғаннан » кейін ғана, оқиғаға , кейіпкерлердің іс-
әрекетіне көшеді. Өмір үшін арпалысқан адамдар тағдырына назар
аудартады . Сөйтіп, кеңістікте жалғыз қалғанда ғана оны рухани пірінің құны
білінеді деген ой тастайды . Алтайдың қатал қысы, қасат қары – Оралханың
кейіпкерді сын талқысынан өткізер күрес алаңы, жазушы идеясын ашып
көрсетуге көмектесетін көркемдік құралы іспеттес: «Қандай бір әдемі көрініс
еді. Қандай ғажап дүние еді... Иә, онда көктем еді ғой... онда көктем
болатын ... көк-жасыл әлем болатын . Онда аппақ қар да, аппақ қардың
ортасында меңдей болып қарайып тұрған трактор , мынау бүйірі бүркілдеп ,
уайым уыстап жатқан екі досы да, алыстан ... тым жарықтан ұлыған аш
қасқырдың үні де... азапты жүріс, азынаған ой да – бәрі-бәрі, бәрі-бәрі жоқ,
тек өзі ғана... тек өзі ғана... тек өзі ғана ма еді.» [3, 338]
Шығармадағы Қоңқай бейнесінен де жалғыздық пен кеңістік нышаны
танылады . Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді . Оның екі тау
арасында жападан -жалғыз тұратыны , аң аулап тіршілігін жасап жүретіні
оның жалғыздығының анық көрінісі : «Шал әлденесін ұмытқандай далаға
шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң , аяғына ештеңе кимеді.
Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы,
жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына
дейін қыңқ етіп ауырмаған , тоңып – жаурау дегенді білмейтін , ормандағы
аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан
қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар
жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында шекара , бекет
іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан -жалғыз тіршілік
құруда» [3,303 б. ].
Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр
кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп
жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын
сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты.
Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа
қатысып , тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы
елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін,
идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау
өмір сүріп жетпістен асып барады [3,304].


Page 3

Оралхан Қар қызы бейнесін соңына дейін жұмбақтап , шығарманы одан
әрі қызықтыра түседі. Қар қызының өзі жалғыздық пен кеңістіктің анық
бейнесі болып отыр:
«Мен... тоңдым ... мынау...
Суық жалғаннан ...
Ыстықтықтан жаураған ,
Мынау қарлы өлкеде
Мұзға айналып қалмаған ,
Адамың бар ма, айт маған...»
Осы бір сыбдырды , көзге көрінбейтін әлдекім айтты ма, жоқ болмаса
Нұржанның өз жүрек күбірі ме, белгісіз , – әйтеуір , естігені рас-ты [3,298].
Оралхан шығармаларындағы сюжет, оқиғаның дамуы тек сыртқы
жамылғы сияқты, ал негізгі мәйек – идеалға құштарлық болып табылады .
Идеал ұғымы, ең алдымен , суреткердің адам жөніндегі концептіден
байқалады . Қаламгердің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани деңгейі
биік, қажырлы , еркіндік сүйгіш, тағдыры қилы арманшыл адамдар .
Адамның өз жалғыздығын , ұшы-қиыры жоқ кеңістікті қабылдап , сезінуі
Нұржанның беймәлім өкініші , сағынышы , тылсым дүниеге деген
құштарлығы арқылы беріледі : «...Осы қу мекиен ай далада жападан -жалғыз
қалып қойғысы , қалыр қойып анау аппақ кебін қардың үстіне ақпен
табандаған қара пимамен ізін тастап, мәңгі суық шексіздікке , алдыңғы күні
белгісіз бозаң жолға шыққысы келеді...» [3,254].
Шығарманы оқу барысында әрбір кейіпкердің басынан жапан далада
жалғыз қалған сәттері өтеді. Жазушы оларды қиындықта жалғыз қалдырып ,
өмір туралы ойлануға мүмкіндік береді. Тау арасында қалған шана үшін
үшеуінің арасында түсінбеушілік болып, араларында шиеленіс пайда болады
да, сөзге келісіп қалады . Жалғыз қалған Аманжан өз қатесін түсінсе де,
достарынан кешірім сұрауға намысы бармайды . «Аманжан достарына ермей
қалып қойғанына , өзінің оңбай қателескеніне өкінді. Енді онда жалғыз -ақ
амал қалып еді. Ол – анау екі жүз метр жоғарыда жатқан шанаға өрлеп
барып, екі жігітті тосып отыру. Кешірім өтіну. Оған Аманжанның
намысы жібере қойса... Сонда не істеу керек? Ызғарлы тыныштық . Тырс
еткен үн жоқ. Дүниеде өлі тыныштықтан қорқынышты не бар екен?» [3,
364 б.].
Жазушы өз кейіпкерлерінің іс-әрекетінен гөрі, олардың ішкі әлеміне ,
жан-дүниесіне көбірек үніледі . Әрбір кейіпкердің ішкі жан-дүниесі
толығымен қамтылып , кейіпкердің көңіл-күйі, мінез-қылығы жан-жақты
көрсетіледі . Шығармада үш жігіттің тау арасында қалып, үсіп өлу қаупі туған
кезде, кейіпкерлердің жан-дүниесін жеке ойлары мен орындалмас армандары
арқылы айтылады . Еш уайым-қайғысыз ғұмыр кешіп жүрген шақтары
естеріне түсіп, мұңайып та үлгереді : Бақытжан ең алғашқы махаббаты жайлы
ойлап, оны еске алғандығы шебер бейнеленген : «Сіз, айталық , менің жарым
бола қалсаңыз , егер бірге тұруға келіспесеңіз , некелесіп алып, ауылға
аттанайын , сөйтейін , айнам, алыстан сағынысайық , сосын алаулы


Page 4

қимастықпен еңіреп қайта табысайық ; байқаймын , Сіз мені жоғалтып
аласыз; «жоқ, Сіз мені жоғалтып аласыз, жетер енді, бәрі бекершілік !”-
деген дауыстан селк етіп, есімді жисам , қыз өз үйінің баспалдағында тұр
екен...» [345].
Аманжанның махаббаты жылқышының қызы болатын . Сүйіктісін
көрген сәтте өңі ме, түсі ме өз-өзіне сенбейтін . Сиқырлы әуен ойнап, өмірінің
мәні алдына келіп тұрғандай бақытты сәттерді басынан кешіретін : «-Жоқ-
жоқ, жаным , біз мәңгі тіріміз. Өйткені біз ғашықпыз бір-бірімізге ... ғашық
жандар өлмейді . Ромео мен Джульетта , Ләйлі-Мәжнүн , Қозы мен Баян,
бәрі-бәрі – жер бетінде арманына жете алмағандардың барлығы осында ...»
[3,347]. Ал Нұржанның махаббатымен жүздесуі жан тебірентерлік кездесу
болды. Оралхан , екеуінің алғашқы кездесуін , бір-біріне деген ыстық
сезімдерін көркем бейнелеуге тырысқан : - Ал, мен Сізді баяғыдан ... жер
жаралмай тұрғаннан білем. Бағана, сиыр қораға шөп түсіріп жүргеніңізде
тағы бір рет – тіпті тым жақыннан көрдім. Таң қалдым , ылғи түсіме
кіретін , үнемі қиялымнан іздейтін беймәлім жігіттің Сізге ұқсағанына
қайран қалдым .
Нұржан : - Менде де... мен де Сізді көп іздедім ғой, құрбым ...» [3,377].
Автор шығармаларында кейіпкерлердің ой-толғаныстарының көбін
табиғат суретімен араластырып , астасып жататындығында . Өйткені ,
табиғаттың төл перзенті адам сол табиғат иесін сезініп-түйсінген кезде оның
арманшыл -қиялшыл болмауы мүмкін де еместей . Өз қиялында Қар Қызының
бейнесін есінде сақтап жүрген Нұржан осының дәлелі. Табиғат кеңістігі –
ашық, шексіз кеңістік ретінде қабылданады . Қар қызы Нұржанды сол
кеңістікке , мәңгілікке , жалғыздыққа шақырады : «Қайда жүрседе әсем әуен
Нұржанды шақырды да, тұрды. Өз әнімен, бейнесімен Қар қызы бас
кейіпкерді қорғап жүрді. «Нұр-ж-а-н... сен кет бұл ауылдан , мүлдем кет,
мәңгілікке кет... бүл жерде адамдар көбейіп барады ... саған еркіндік жоқ... .
Еркін өмір жоқ... . Кеңістікке кет... ер менің соңымнан ... ер». [3, 290 б.]
Кейіпкер бейнесін табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту
Оралхан шығармашылығының өзіндік бір қыры десек те болады . Осы орайда
табиғаты тамылжыған таулы өлкеде туып-өскен жазушының шынайы
табиғат жыршысы болғанын айырықша айта аламыз . Өйткені жазушының
зерттеу объектісі өзі туып-өскен Алтай өңірі, оның мұз құрсайған қарлы
шыңдары ну орманы , ең бастысы , сол өңірде тұратын адамдардың тағдыры .
Автор шығармасында кеңістік , жалғыздық концептілерінің адам өмірімен ,
адамның жан дүниесімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді . Қорыта келе,
кейіпкерлердің шын болмысы , ақыл-ой өрісі, ішкі жан дүниелерінің сырт
көзге көрінбес иірімдері табиғат кеңістігімен бетпе-бет келгенде
ашылатынын айтуға болады .




Page 5

Әдебиеттер тізімі

1.«Түркістан » газеті, 5 қыркүйек 2013ж.
2. Вежбицкая А. Язык. Культура . Познание . – М., 1996. – 411c.
1. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар . Бірінші том. Повестер .-
Алматы: Жазушы , 1994. - 496 бет.
2. Resuanova G.K., Albekova A. Sh, Muratbekova A.M., KukenovaG.A.
Elektive disciplines as means of professional competence of future teachers//1097-
8135 Life Scitnce Journal- Scopus CJR 2021 (Thomson Reuters), 2014.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!