дүниежүзі тарихынан ұбт тесттері 2 нұсқа

Тақырып бойынша 13 материал табылды

дүниежүзі тарихынан ұбт тесттері 2 нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
40 сұрақтан тұратын жаңартылған бағдарлама бойынша тест тапсырмалары. Жауаптары бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. 1492 жылы Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалык тұңғыш теңіз саяхатшысы:

А)Васко да Гама

В) Христофор Колумб +

В)Педру Кабрал

С)Фернан Магеллан


2. 481–751 жылдары Франк мемлекетінде билік құрған корольдер әулеті:

A) Бурбондар

B) Габсбургтер

C) Меровингтер+


3. Египет мәдени өміріндегі амарндық кезең деп аталды:

A) І Тутмос перғауынның билік құрған кезі

B) ІІ Рамсес перғауынның билік құрған кезі

C)Эхнатон перғауынның билік құрған кезі+

D) ІІІ Сенусерт перғауынның билік құрған кезі


4.XV ғасырда теңізшілер қолданған кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап:

A)Компас

B)Астролябия+

C)Сейсмограф

D)Каравелла


5.Төмендегі оқиғаларды хронологиялық реттілік бойынша орналастырыңыз:

1.Қырым конференциясы

2.Тяньцзинь келісімі

3.Вашингтон конференциясы

4.Гүлстан келісімі

5.Симоносеки бейбіт келісімшарты

A)4, 5, 2, 3, 1

B)4, 2, 5, 3, 1+

C)2, 4, 3, 5,1

D)4, 2, 5, 1, 3


6. 1959 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «Африка жылы» болып жарияланды:

A)1980 жылы

B)1960 жылы+

C)1970 жылы

D)1990 жылы

7.1555 жылы Германиядағы Аугсбург бітімінің мәні:

A)Халықтың қандай дінді ұстанатынын князь белгіледі+

B)Император елдегі шіркеуді өзі басқарды

C)Князь елдегі барлық әскери жүйені өз бақылауына алды

D)Соттарды король өзі тағайындады


8.Заң шығарушы органы Парламент болған мемлекет:

A)Голландия

B)Түркия

C)Англия+

D)Италия


9. XIX ғасырда Иранның солтүстігінде өз үстемдігін орнатқан мемлекет:

A)Англия

B)Ресей+

C)Франция

D)Германия


10. Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы Дюрер Альбрехттің туындысы:

A) «Инфанта Маргарита»

B) «Сикст мадоннасы»

C) «Төрт салт атты»+

D) «Адасқан ұлдың қайта оралуы»


11. XVII ғасырда Англияда «Даңқты революция» нәтижесінде билікке келген тұлға:

A) VI Генрих Ланкастер

B) ІІІ Вильгельм Оранский+

C) ІІІ Эдуард Плантагенет

D) VIII Генрих Тюдор


12.1774 жылғы Филадельфияда бірінші құрлықтық конгресте қабылданған шешім:

A) Отарлардың өзін-өзі басқаруы+

B) Бостон портын ашу

C)Гербтік салықты жою

D)Американың тұрақты әскерін құру


13. 1949 жылы құрылуы жарияланған мемлекет:

A)Корей Республикасы

B) Корей Халық Демократиялық Республикасы

C) Моңғол Халық Республикасы

D)Қытай Халық Республикасы+


14. Англия королі ІІ Генрих тұсында әскери қызмет атқарғысы келмеген феодалдар:

A)Табысының 1/3-ін берді

B)«Қалқандық ақша» төледі+

C)Парламентті шақырды

D)Рыцарьлар жасағын құрды


15. Алғаш рет Үндістанда пайда болған еуропалықтар:

A)Португалдықтар+

B)Француздар

C)Ағылшындар

D)Испандықтар


16.1876 жылы Кореяны «жабық есік» саясатынан бас тартуға мәжбүр етті:

A) Жапония+

B)Қытай

C)Англия

D)АҚШ


17.Суретте көрсетілген тарихи үрдіске қатысты дұрыс нұсқаны табыңыз:

A)Жас түріктер революциясының басталуы

B)Эрцгерцог Франц Фердинандтың өлтірілуі+

C)Президент Авраам Линкольннің өлтірілуі

D)Лондон мэрінің Уот Тайлерді өлтіруі


18. 751 жылы Франк мемлекетінде билікке келген корольдер әулеті:

A)Меровингтер

B)Габсбургтер

CКаролингтер+

D)Бурбондар


19. Киев Русінің құрылуы туралы «Бағзы замандардың хикаясы» шығармасының авторы:

A)Ярослав

B)Нестор +

C)Мефодий

D)Кирилл


20.1918 жылы наурызда Ресейдегі азамат соғысы кезінде ағылшын корпусы енгізілген аймақ:

A)Мурманск+

B)Владивосток

C)Сібір

D)Кубань


21.1939 жылы наурыздан бастап 1975 жылға дейін Испанияда диктатурасы орнаған генерал:

A)Ф. Франко+

B)А. Самора

C)Примо де Ривера

D)Дж. Маттеотти


22.Б.з.б. 626 жылы Вавилонда таққа отырып, Жаңа вавилондық патшалықтың негізін қалаған:

A)Хаммурапи

B)Набонид

C)ІІ Навуходоносор

D)Набопаласар+


23. 1904 жылы Ұлыбритания мен Франция арасындағы Антанта құпия келісімі бойынша:

A)Франция Судан мен Египеттен бас тартты+

B) Үндістан мен Парсы шығанағы Франция ықпалында қалды

C) Германия француздардың Мароккоға ықпалына қолдау көрсетті

D) Солтүстік Иран бейтарап аумақ болып қалды


24.Әлемдік экономикалық дағдарыс:

A)1929–1933 жж.+

B)1939–1945 жж.

C)1921–1922 жж.

D)1914–1918 жж.


25. 1270 жылғы сегізінші крест жорығы кезінде қаза болған француз королі:

A)І Франциск

B)ІІ Филипп

C)ІХ Людовик+

D)VII Людовик

МЕТРОПОЛИТЕН МҰРАЖАЙЫ

Метрополитен мұражайы – дүниежүзіндегі ең ірі және келушілер жағынан 4-орынды иеленетін көркемсурет мұражайы. Ол Нью-Йоркте орналасқан. Мұражай демеушілер мен сыйлық жасаушылардың қаражатымен, аздап мемлекеттік қолдау көрсетілумен жұмыс істеуде. Оның негізін америкалық кәсіпкерлер мен өнерді қадірлеушілер тобы қалады. Мұражай көпшілік үшін 1872 жылы ашылды. Мұражай негізін үш жекеменшік коллекцияда – еуропалық кескіндеменің 174 шығармасын қалады, олардың ішінде Хальс, Ван Дейктің, Тьепло мен Пуссен шығармалары болды.


Метрополитен өзінің имперссионистер мен постимперссионистердің коллекцияясын мақтан ете алады. Дүниежүзіндегі Египет өнерінің толық жинағы осы мұражайда деп есептеледі. Фотосуреттердің үлкен коллекциялары бар. 2013 жылы коллекционер Леонард Лаудер мұражайға құрамында кубизмнің 78 туындысы бар өз коллекциясын сыйлады. Оның ішінде Пикассоның жұмыстары кездесетін.

Қазіргі уақытта Метрополитенде Америкалық сәндік, кескіндеме мүсін өнері, Ежелгі таяушығыстық өнер, қару-жарақтар мен сауыт саймандар, Африка өнері мен Америка өнері, Азия өнері, суреттер мен метографиялар, ислам өнері, ортағасырлық өнер, қазіргі заман өнері музыкалық аспаптар, ортағасырлық галерея бөлімдері жұмыс істейді.


26. Мұражай көпшілік халық үшін ашылды:

A) XVIII ғасырдың 70-жылдары

B) XVII ғасырдың 70-жылдары

C) XIX ғасырдың 70-жылдары+

D) XVIII ғасырдың II-жартысы


27. 2013 жылы мұражайға 33 коллекциялық жұмысы қойылған испандық кубизм өкілі:

A) Л.Лаудер

B) Х.Грис

C)П.Пикассо+

D)П.Сезан


28.Метрополитен мұражайына қай мемлекет өнерінің толық жинағы орналасқан?

A) Вавилон

B) Мысыр+

C) Тунис

D) Сирия


29.Метрополитен мұражайына кубизмнің 78 туындысы бар коллекциясы берілді:

A) XX ғасырдың басы

B) XIX ғасырдың аяғы

C) XXI ғасырдың ортасы

D) XXI ғасырдың басы+


30. Дүниежүзіндегі 4-орынды иеленетін көркемсурет мұражайы орналасқан мемлекет:

A) Франция

B) АҚШ+

C) Ұлыбритания

D) Бразилия


31. 1933 жылғы Гитлер үкімет басына келгеннен кейін Германияда болған өзгеріс(-тер):

A) Данияға репарация төлеу аяқталды

B) нацистік-фашистік диктатура орнады+

C) оппозициялық партиялар жойылды+

D) жұмысшыларға ерекше жеңілдіктер берілді

E) гестапо-құпия полициясы құрылды+

F) Версаль бітімінің жүзеге асырылуы аяқталды


32. 1861 жылы құрылған Италия корольдығының мемлекет басшы(-лары)сы:

A) Леопольд

B) Франц Иосиф

C) Джузеппе Гарибальди

D) Луи Наполеон

E) Камилло Бенсо Кавур+

F) ІІВиктор Эммануил +


33. 1915 жылы Юань Шикайға «21 талап» ультиматумын тапсырған мемлекет(-тер):

A) АҚШ

B) Жапония +

C) Ұлыбритания

D) Ресей

E) Германия

F) Франция


34. 1951 жылы 18 сәуірде Парижде Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы шартқа қол қойған ел(-дер):

A)Италия+

B)Испания

C)Люксембург+

D)АҚШ

E)ГДР

F) Бельгия+


35. XVII ғасырдың басында Иран шахы І Аббас Осман империясынан тартып алған аймақ(-тары):

A)Армения+

B)Месопотамия+

C)Иран

D)Бағдад+

E)Галлиполь

F)Андрионополь


36. Қазақ ғарышкерлерін белгілеңіз:

A)Байқоңырдан ғарышқа көтерілген тұңғыш қазақ ғарышкері:

Ю.Гагарин

Л.Беда

Т.Мұсабаев

Т.Әубәкіров+


В) Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша ғарышта үш рет болды:

Ю.Гагарин

Л.Беда

Т.Мұсабаев+

Т. Әубәкіров


37. Географиялық ашулар кезеңіндегі саяхатшылардың ашқан жаңалықтары:

A) Жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді:

М. Вальдземюллер

Х. Колумб

А. Веспуччи

Ф. Магеллан+

B) Американы Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз болған материк деген қорытындыға келді:

М. Вальдземюллер

Х. Колумб

А. Веспуччи+

Ф. Магеллан


38. Америкада экономиканың гүлденуі кезеңінде ел билеген президенттердің саясатын белгілеңіз:

A) Республикалық партиядан шыққан Калвин Кулидж саясаты:


Елде саяси және экономикалық қайта құру жұмыстарын жүргізді


Америка бизнеспен айналысады” ұранын алға тартты+


Америка азаматтары үшін керемет жақсы өмір орнайды деп уәде берді


Жаңа бағыт саясатын ұсынды


B) Демократиялық партиядан шыққан Франклин Рузвельттің саясаты:

Елде саяси және экономикалық қайта құру жұмыстарын жүргізді


Америка бизнеспен айналысады” ұранын алға тартты+


Америка азаматтары үшін керемет жақсы өмір орнайды деп уәде берді


Жаңа бағыт саясатын ұсынды+


39.Төменде берілген өкілетті органдар шақырылған мемлекеттерді табыңыз:

A)Қысқа және Ұзақ парламент шақырылды:

Америкада

Францияда

Англияда+

Ресейде

B)Мемлекеттік Дума шақырылды:

Америкада

Францияда

Англияда

Ресейде+


40.Орыс-Иран соғысы кезінде жасалған келісімдер:

A) Иран Дағыстан, Грузия және Солтүстік Әзірбайжан жерлерінен айырылды:

Трианон келісімі бойынша

Түркманчай келісімі бойынша

Нейи келісімі бойынша

Гүлстан келісімі бойынша+


B) Иран мен Ресей арасындағы шегара Аракс өзені арқылы өтетін болды:

Трианон келісімі бойынша

Түркманчай келісімі бойынша+

Нейи келісімі бойынша

Гүлстан келісімі бойынша



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
251
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі