Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниежүзілік мұхиттың табиғаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәні бойынша мұғалімге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзілік мұхиттың табиғаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау

6.2.6.3 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсіндіру.

дүниежүзілік мұхит, материк, арал, түбек, теңіз, шығанақ, бұғаз, ұғымардарын түсіндіру.

Жетістік критерийлері

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері туралы біледі, картамен жұмыс жасай алады.

Бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе алады Оқушылар материктер мен мұхиттар туралы , мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде білетін болады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

- материктер,аралдар, мұхитарр;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Материктер картада берілген жүйемен орналасқан ... оң жағына қарай орналасады;

- Мұхитар картада ... сол жағына қарай орналасады;

- орындауды і тиімді тәсілмен орындау;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер,дүние тану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

карта

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою

1. Ауызша үйге берілген тапсырмаларды қорғау
Оқушылар үйге берілген тапсырмаларын топпен қорғау.
I-топ
Гидросфера дегеніміз не? Құрамына не жатады?
II-топ
Гидросфера құрамы қандай? Олардың арақатынасын көрсететін шеңбер диаграмма сызыңдар.
III-топ
Дүниежүзілік су айналымы деген не? Кіші су айналымы дегеніміз не?


Шаттық шебері


Бір-бірлеріне тілектер айтады






Сабақтың ортасы

8 минут




- Әр оқушы әр топтағы хұрбысымен кездесу үшін жұптарын іздейді, Картамен жмыс жасайды.

Мұхит-айналасын материктер қоршап жатқан үлкен су қоймасы.

Шұңғыма -мұхиттардың ең терең жері.

Shape2 Shape1 Жер шарының ауданы 510 млн км²


Құрлықтар мен аралдар Дүниежүзілік мұхит

149 млн км² 361 млн км²(70% немесе


. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка,Америка, Аустралия, Антарктика
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.

Топтық тапсырма

« Ең ерекше»


Өзіндік ерекшелігі

Мұхиттың аты

Ең үлкен

Тынық мұхиты

Ең суық

Солтүстік мұзды мұхиты

Ең жылы

Тынық мұхиты

Ең ұзын

Атлант мұхиты

Ең кіші

Солтүстік мұзды мұхиты

Ең аралы көп

Тынық мұхиты


Өзара оқыту сабағында алған білімдерін тексеру:

1.Материктер мен аралдар мұхиттарды қандай бөліктерге бөледі?

2.Жер бетінде қандай мұхиттар бар?

3.Жер шарындағы ең ұлкен мұхиттың көлемі қанша және оның көлемін немен салыстыруға болады?

4.Не себепті бұл мұхитқа «Тынық мұхит» деген ат берілді?

5.Тынық мұхиты қай материктер аралығындағы аумақты алып жатыр?

6.Бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері қайсы?

7.Тынық мұхиттан екі есе кіші мұхит және оның көлемі қанша?

8.Қай бағытта созылып жатыр, жағалауында қандай материктер бар?

9.Дүниежүзіндегі ең жылы мұхитты ата.

10.Жағалауында қандай материктер бар?

11.Дүниежүзіндегі ең кішкентай мұхитты ата?

12.Қандай материк жағалауларымен шектеседі?

13.Солтүстік Мұзды Мұхитының қандай ерекшеліктері бар?

Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)

Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау критериі

Дескриптор

Негізгі түсініктерін берілген тәсілдер ақылы көрсетеді.


Алған білімдерінің нәтижелерін тиянақты түрде салыстырады


Мәліметтер мен тапсырмалардың дұрыс шешімдері арнайы мәліметтермен анықталды;



-Арнайы тапсырмалар мен салыстыру арқылы натурал сандардың мағанасын түснді.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут



Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут

Сабақты қорытындылау

1. Дүниежүзілік мұхит -не?

2. Қанша мұхит бар?
3. Мұз құрсап жатқан мұхит қалай аталады?

4. Не себепті теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді?

Сұрақ-жауап.

1.Қанша материктер пен мұхит бар?

2. Құрлық пен дүние бөлігінің айырмашылығы?

3. Д.ж. қанша құрлық, дүние бөлігі, мұхит бар?

4. Қандай материктерді білемізр?

  • 5.Қана материкетер бар атаңыздар

Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білемін

Білдім

Білгім келеді














Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

1топ Материктер туралы не білеміз?

2топ Мұхиттар туралы не білеміз?

3 топ Жаратылыстану пәнінін адамзат үшін маңызы тақырыптары бойынша постер жасап,картадан көрсете отырып қорғайды

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы оқушылардың психологиялық жағдайын, тақырыпты меңгеру барысындағы өзін-өзі бағалауын анықтау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген тапсырмаларды орындай алавды


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
2179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12