Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану, 2-сынып "Саяхат. Саяхатшы"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 09.02.2017 жыл

Сынып: 1

Мектеп: ЖББ Родник негізгі мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Е. Иргалиева

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Ертедегі саяхат. Саяхат, саяхатшы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме):

1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру.

1.2.4.2 Туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау.

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: сабақ тақырыбына қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйренеді;

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіреді;

Кейбір оқушылар: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алады; Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренеді.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды қоршаған әлемді тану арқылы жаңа білімді игеруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, жаратылыстану, ағылшын тілі сабақтары.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттер, тірек сөздер көрсетіледі. «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісін көреді.

Тілдік құзыреттілік

Саяхат – путешествие – travel

Саяхатшы -турист –– tourist

Астана – столица – capital city

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері мен уақыты

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

2 минут























3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

(МК; Ұ) Шаттық шеңбері «Досыма сәлем!»

Балалар, бір-бірімізбен амандасып, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін барлығыңызды ортаға шақырамын. Алдымен шеңберге тұрамыз. Содан кейін көшімізге қарап ерекше түрде амандасамыз.

- Сәлем, досым ! (бір-біріне оң және сол иықтарын тигізеді)

- Қалың қалай ? ! (бір-бірінің құлағын ұстап жай қозғалтады)

- Мен сені көргеніме өте қуаныштымын ! (бір-бірін құшақтап арқаларынан қағады).

Өткен сабақпен байланыс (Қ;Ұ)

- Балалар, өткен сабақта біздер «Ұлы дала тарихы» тақырыбын өттік. Бұл сабақта біз ғұндар туралы көп мәлімет алдық. Ендеше «Жалғастыр» ойыны арқылы білімдерімізді ортаға салайық. Бірінші қатардағы оқушыларға қызыл екінші қатардағы оқушыларға көк қағазқыстырғыш үлестіремін. Екі түсті кезектестіре отырып ғұндар туралы білгенімізді әңгімелейік.

Күтілетін жауаптар:

Ғұндар – жауынгер халық болған.Олар көшпенді ел болған. Жылқы мен қой бақты. Киіз үйлерде тұрды. Өмір сүруге қолайлы, малға жайлы жер іздеу мақсатында қоныс аударған т.б.



Шаттық шеңбері





















Қызыл және көк түсті қағазқыстырғыштар.

Ғұндардың суреттері.


Сабақтың ортасы

25 минут

2 минут















3 минут









































4 минут













2 минут













1 минут































5 минут



























5 минут













































3 минут






Айтылым.

(МК; Ө;Қ ) - Бүгін «Ертедегі саяхат» тақырыбын өтеміз.

Оқулықтағы 54 бетке назар аударайық. «Еркін микрофон» арқылы ойларын айтады.

- Саяхат дегеніміз не?

- Адамдар не үшін саяхаттаған?

- Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

- Қазір қалай саяхаттайды?

Тыңдалым. (МК)

Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан.


Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. Сөйтіп адамдар бір елден екінші елге тауар тасу мақсатында ұзақ сапарға шыққан.

Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, демалу үшін саяхаттай бастады.

Саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – адамның өзге елді көру немесе демалу үшін сапарға шығуы.

Саяхатқа шыққан адамды турист дейді.


Дәптермен жұмыс

36-жұмыс парағы. Не қажет?

Турист үшін аса қажет болатын заттарды қоршап сыз.

Туристке тағы қандай заттар қажет болу мүмкін? Суретін сал.



Сөздік жұмысы (МК;Ұ)

Сөздерді таныстыру, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

Саяхат – путешествие – travel

Саяхатшы -турист –– tourist

Астана – столица – capital city



Ой сергек! ! (музыка әуеніне қосылып айтады)

Аяқпенен топ-топ-топ,

Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.



Астанаға саяхат (Т;Қ )

- Оқушылар біздер де бүгін саяхатқа шығып көрейік.

Сыныпты фигуралар арқылы екі топқа бөлу.

Әр топ саяхатқа шығатын көлік таңдайды.

Көліктер: ат арба, мәшине, поезд, ұшақ т.б.

1-тапсырма. Жазылым.

Постер жасап, қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасайды.

Бірінші топ бұрынғы көлік түрлерін, ал екінші топ қазіргі көлік түрлерін сипаттайды. Көлік түрлерінің атауын жазады. Постерді қорғау кезінде «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануы сұралады.

2-тапсырма. Айтылым.

Бірінші топтың көлігі бұрынғы заманға бара жатқанын айтылады. Оқулықтың 55-бетіндегі суреттермен жұмыстанады. Астана қаласының суреттері – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі Астана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беріледі. Қазақстан картасында Астана қаласы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстанның басқа қалалары аталады.

Жауапты толықтыру:

Ақмола- шағын сауда қалашығы болғаны туралы ақпарат беріледі. 100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис.

Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.

«Астана – болашақ қаласы» бейнефильмі көрсетіледі.

3-тапсырма.Оқылым.

Ойын «Дұрыс-дұрыс емес»

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.

Сипаттамасы: Оқушыларға оқулықтағы саяхат және Астана мәтіндерін оқып шығу тапсырылады. Ортаға «дұрыс» және «дұрыс емес» деген белгісі бар екі орындық қойылады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, мұғалім оқыған ой-тұжырымды тыңдап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» орындығына тез отыруы тиіс. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.

1-топ.Саяхат.

- Саяхат- адамның өзге елді көру үшін сапарға шығуы.

- Саяхатқа шыққан адамды спортсмен дейді.

- Саяхатқа тек жұмыс бабымен шығады.

- Саяхатқа жаяу шығуға болады.

- Саяхат кезінде қызықты мәлімет аламыз.

2-топ.Астана.

- Астана- Қазақстанның бас қаласы.

- Ол Жайық өзенінің жағасында орналасқан.

- «Астана-Бәйтерек» кешені – Астананың символы.

- Астанаға тек жұмыс бабымен баруға болады.

- Астана – ежелгі қала.

Жауап беру барысында қате тұжырымдарды түзетеді.

- Балалар бүгін біз уақыт мәшинесімен 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі

Астана қаласына саяхатқа шықтық. Сендерге саяхат ұнады ма? Ендеше тапсырмаларды орындау барысында алған жұздызшаларды санап жеңімпаз топты аңықтаймыз.



Саяхатқа

байланысты суреттер, микрофон, оқулықпен жұмыс.















Слайдтағы суреттер (Ертедегі саяхат, қазіргі кездегі саяхат)





























Жұмыс дәптері















Үш тілді сөздік, сөздік карточкалары, суреттер.







Видеоролик































Топқа бөлуге арналған фигуралар.







Постер жасауға арналған қағаз, бояулар.









Қазақстанның картасы





















Оқулық, бейнефильм.



















«Дұрыс,дұрыс емес» деген жазуы бар 2 орындық



Қорытынды бөлім

15 минут

5 минут











5 минут

































2 минут









3 минут


Ойын «Маршрут» (Ұ;Қ )

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.

- Оқушылар Астанаға саяхат кезінде Қазақстанның тағы қандай қалаларымен таныс болдыңдар. Кәне, маршрут барысындағы қалаларды кезекпен кезек атап шығайық.

Мысалы, Орал- Ақтөбе –Қостанай –Петропавл – т.б.

Ойын «Неге? Неге? Неге?» (Ұ;Қ )

Мақсаты: орындарған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы оқушыға «Неге?» сөзі бар сұраулы сөйлем айтады.

Мысалы:

- Бұрынғы кезде адамдар неге ат арбамен саяхаттаған?

- Неге жайлы қоныс, жайылым іздеген?

- Неге бір елден екінші елге тауар тасыған?

- Адамдар саяхатқа неге шығады?

- Неге Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді? т.б.

Үйге тапсырма. Шығармашылық тапсырма.

«Менің отаным- Қазақтан» кітабын қосымша оқу. Кітапқа сүйеніп, Қазақстан Республикасының картасын салу және қалалардың атауын жазу.







Қазақстанның картасы.



































«Менің отаным- Қазақстан» кітабы.

Рефлексия

Оқушылар көліктерінің артына аттарын жазып, көңіл-күйлеріне сай келетін аралға апарып қондырады.

Мысалы: Білім аралы, Жетістік аралы, Түсінбеушілік аралы, Қуаныш аралы, Талпыну аралы т.б.




Рефлексияға арналған сурет.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі

  1. Айтылым кезінде қызықты тәсілдер оқушыларды сөйлету, дәлелдеу және тұжырым жасауда ұтымды болды.

  2. Оқушылар алғашқы рет картамен жұмыстанды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

  1. Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыстың ықпалы мол.

  2. Топта бір-біріне ықпалдасуына мүмкіндік береді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12