Материалдар / Дүниетану, Мектепке саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану, Мектепке саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
15-ғасырды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 17.10.2017

Сабақ:

Дүниетану

Мектеп: Жалпы білім беретін №8 орта

Сынып: 1 «Б»

Мұғалім:

Төлеу А

Әдіскер:

Сүлейменова С

Тәлімгер:

Мағден Эльнара

Сабақтың тақырыбы:

«Мектепке саяхат»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


  • Барлық оқушылар: мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын білy;

  • Оқушылардың басым бөлігі: олардың орналасқан жерлерін өз бетінше табуға үйренy;

  • Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады;



Диалогқа жазылымға қажетті сөз тіркестер

Асхана – столовая – сafeteria;

Кітапхана – библиотека – library;

Дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Пәндік лексика және терминдер:

Асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі, т.б















Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жеке жұмыс.

Жұптық жұмыс.


Кері байланыс.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі дүниетану сабағынан мен - Мағден Эльнара беремін.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз.

Жақсы балалар. Ал енді алдыңғы сабақта қандай тақырып өттіңдер? («Мектепке баратын жол» деген тақырыпты өттік, бұл сабақта біз бағдаршам жайлы, жол белгілері жайлы білдік. Ал бағдаршамның қанша түсі бар екен? (үш түсі бар). Қандай түстері бар екен? (қызыл, сары, жасыл ). Олар нені білдіреді?(қызыл түс-тоқта!, сары түс- дайындал!, жасыл түс- жүр! дегенді білдіреді). Ал қандай жол белгілері жайлы білдік? (теміржол өтпесі, жаяу жүргіншілер өтпесі, жаяу жүргіншілер жолы, адамдар жүруге болмайтын жол туралы білдік). Сонымен қатар сендер үйден мектепке дейінгі жолдарда көргендеріңді салдыңдар солайма. Сендерге үйде бояп келуге берген болатын. Жақсы, балалар барлығын әдемілеп бояп келіпсіңдер.Барлығың кілең суретші екенсіңдер ғой. Жарайсыңдар, балалар.

Жаңа сабақ. Сендер қай мектепте, нешінші сыныпта оқисыңдар? (№8 орта мектеп, 1- сыныпта). Ал балалар мектепте қандай бөлмелер бар және олар неге арналған? (кітапхана - кітап оқитын жер, асхана - тамақ ішетін жер, дәрігер бөлмесі – адамдарды емдейтін жер). Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар.Біздің бүгінгі сабағымыз сендердің айтқан жауаптарына байланысты. Яғни біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Мектепке саяхат» деп аталады.

Оқулықпен жұмыс. Ал енді балалар оқулықтарыңның 22- бетін ашыңдар.

Shape1

Балалар 1 - суретке мұқият қараңдар. Бұл суретте қандай бөлмелер бейнеленген, неге арналған, қайда орналасқан? (Сынып кабинеті, спорт зал, кітапхана, дәрігер бөлмесі, асхана, дәретхана. Дәрігер бөлмесі, асхана, дәретхана – бірінші қабатта, спорт зал, кітапхана - екінші қабатта, сынып кабинеті – үшінші қабатта орналасқан). Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар сендер айтқандай мектепте көптеген бөлмелер бар. Олар - сынып кабинеттері, асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі. Сендер кей кездері ауырып қалуларың мүмкін, сол кезде дәрігер бөлмесіне барасыңдар, кітап алу үшін - кітапханаға, тамақ ішкілерің келсе – асханаға барасыңдар. Ал өздерің айтып көріңдерші. №8 орта мектепте қандай бөлмелер бар, нешінші қабатта орналасқан? (асхана, сынып кабинеттері, спорт зал, т.б.Асхана, спорт зал – бірінші қабатта орналасқан). Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер оқитын мектепте көптеген бөлмелер орналасқан.

Сергіту сәті: шаршағандарыңды басу үшін сергіту сәтін өткізіп алайық. Бейнебаянға назар аударып бірге шынығайық. Оқулығымыздың келесі 23- бетіне назар аударайықшы.


Ал енді балалар сендермен ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Егер .............. не болар еді?» атты ойыны.

«Егер мектепте бөлмелер болмаса, не болар еді?».

Тірек сөз. Балалар, бүгінгі сабағымыздағы тірек сөздерді тақтаға қарап, 3 тілде оқиық:

Асхана – столовая – сafeteria;

Кітапхана – библиотека – library;

Дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Жұмыс дәптермен жұмыс.

Жұмыс дәптердің 13 - бетін ашып қарайық. Жұмыс дәптерінде «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы беріліпті. Бұл тапсырмада сендер мектептегі өздеріңе ұнайтын жерлеріңнің суретін саласыңдар.

Жұмыс дәптердің 14 – бетін ашып қарайық. «Лабиринт» тапсырмасы беріліпті. Бұл тапсырмада сендер ботаға лабиринттегі заттарды тиісті жерлерге апаруға көмектесесіңдер.


Белсенді қатысқан оқушыларға күлегештер тарату.



Бөлмелердің суреттері, 3 тілдегі қажетті сөз тіркестері.



Бағалау.

Оқушылар

асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің мектептің қай жерінде орналасқанын;

бұл бөлмелер неге арналғанын;

дәрігер бөлмесінде қандай заттар бар екенін білді.

Оқушылар

асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің орналасқан жерін мектептің сұлбасынан анықтауды;

қарапайым бақылау жүргізуді;

бұл бөлмелерде өздерін дұрыс ұстай білуді үйренді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Суреттерді дұрыс таңда» тапсырмасын ұсынуға болады. Бірқатар заттардың суреттері (парта, тақта, кесе, қасық, дәрігер халаты, кітап сөресі және т.б.) және үш бөлменің (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) атаулары беріледі. Оқушылар суреттерді бөлмелердің атауларымен сәйкестендіруі және бұл бөлмелердің не үшін қажет екенін айтуы тиіс.






Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!