жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
дүниетану пәнінен үйірме жоспары
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бастауыш сыныптар
Үйірме жетекшілері: Есенбаева К.К
Сапабекова А.М
Карина Ж.Ж
2018-2019 оқу жылы.
Түсінік хат
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен оқушылардың функционалды оқу сауаттылығына бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады.
«Таңғажайып жасыл әлем» үйірмесінде оқушыларға қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым – қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір - бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі. Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой - өрістері дамытылады. Адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.
Оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.
Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.
Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалып
тастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген.
Үйірменің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды тауып көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар.
- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;
- табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;
- ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;
- адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.
- адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
-ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
-өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
-өсімдіктің тіршілік ортасы;
-үй жануарлары және жабайы жануарлар;
-жануарлар мен құстардың қоректенуі;
-өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысы;
-жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
-өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі;
- сурет пен сұлбаның айырмашылығын;
-Қазақстанның ірі қалаларының атаулары;
- Қазақстан Республикасының астанасы туралы білуі қажет.
Оқушылардың біліктілігі:
- табиғаттағы заттарды (өлі және тірі заттар) ажырата білу;
- ауа, су, топырақты ажырату және олардың пайдасы туралы айтып бере алу;
- өсімдік пен жануарларды ажыратып, олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде білу.
- өзінің тұрған үйін, мекенінің тазалығын, жеке басының гигиенасын сақтауды;
- ірі құрылыстар, көліктердің түрлері, мектеп т. б. мекемелер туралы;
- тұрған мекенінің айналасындағы табиғат құрауыштарын, азық – түлік сапасын, айнала мен көше тазалығын сақтауды;
- үй және жабайы жануарларды ажыратып, олардың адам өміріндегі маңызын білулері тиіс.
Күтілетін нәтиже:
- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды үйренеді:
- салыстыра және қорытынды жасай білуге дағдыланады;
- проблемалық жағдайларды шеше отырып, үнемі өзіндік ізденіске, болжау жасауға, өзіндік бақылау жүргізуге, табиғат құбылыстарының жалпы маңызды белгілерін және табиғаттағы заңдылықтарды табуға үйренеді;
- байқампаздық және іздену-зерттеушілік қабілеттері дамиды;
- өздігінен сапалы білім алуға, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.
- алған білімдерін өмірде пайдалана білу дағдылары қалыптасады.
Үйірменің мазмұны /аптасына 1сағат/
Мен және қоғам
1.1.Адам еңбегі. Пікір алмасайық
1.2 .Қазақстанға саяхат
1.3 .Қарағанды қалай ашылды. Екібастұз Тұз шахтасында
1.4 .Жезқазған. Қоңыраттың аталуы «Қанатты металл»
Жыл мезгілдері
1.1. Қыркүйек – күздің басы. Құстардың қайтуы
1.2. Қараша айы –жануарлардың қысқа әзірлік айы
1.3 .Желтоқсан – қыстың басы. Қар.Қысқы өсімдіктер
1.4. Жануарлардың қысқы ұйқысы
1.5 .Өз біліміңді тексер. Қардың қандай пайдасы бар? Қар қиыршықтары қалай пайда болады?
1.6. Наурыз –көктемнің алғашқы айы Сең. Сүңгі
Дәстүр және ауыз әдебиеті
1.7. Халық тәжірибесінен.
1.8. Ағаштар оянды. Алғашқы гүлдер
1.9. Аңдардың «киім» ауыстыруы
2.0. Жаз. Үнемі ауада.«Құрғақ» жаңбыр.
2.1. Тамыз- жаздың соңғы айы
Орман-тамаша тынығу орны
1.1 .Орман сыйы. «Оның пәтері қай қабатта?»
1.2 .Орманнан кім не алады?
1.3 .Табиғатты қорғау
Бекітемін : Келісемін:
Мектеп директоры: Бірлестік жетекшісі:
-----------Ражанов Қ.С ------------Арғынбекова Д.М
«----»-----2018 ж «-----»---------2018ж
Үйірменің жұмыс жоспары
|
№ |
Жұмыс мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Үйірме отырысы Үйірме мүшелерімен танысу Жұмыс жоспарын бекіту |
қыркүйек |
жетекшілер |
|
2 |
Адам еңбегі. Пікір алмасайық |
қыркүйек |
Есенбаева К -1 |
|
3 |
Күн туралы таңғажайып фактілер |
қыркүйек |
үйірме мүшелері |
|
4 |
Естімеген елде көп |
қазан |
Карина Ж-1 |
|
5 |
Ай туралы не білеміз? |
қазан |
Сапабекова А-1 |
|
6 |
Біз білмейтін қызықтар |
қазан |
Есенбаева К-2 |
|
7 |
Денсаулық марафоны |
қазан |
жетекшілер |
|
8 |
Жыландар жайлы қызықты мәліметтер |
қараша |
Карина Ж-2 |
|
9 |
Жануарлар туралы деректер |
қараша |
Сапабекова А-2 |
|
10 |
Табиғат байлықтары |
қараша |
Есенбаева К-3 |
|
11 |
Қараша айы –жануарлардың қысқа әзірлік айы |
қараша |
Карина Ж-3 |
|
12 |
Желтоқсан – қыстың басы. Қар.Қысқы өсімдіктер |
желтоқсан |
Сапабекова А-3 |
|
13 |
Жануарлардың қысқы ұйқысы |
желтоқсан |
Есенбаева К-4 |
|
14 |
Өз біліміңді тексер. Қардың қандай пайдасы бар? Қар қиыршықтары қалай пайда болады? |
желтоқсан |
үйірме мүшелері |
|
15 |
Адамдар жайлы қызықты мәліметтер |
желтоқсан |
Карина Ж-4 |
|
16 |
Жер туралы қызықты мәліметтер |
қаңтар |
Сапабекова А-4 |
|
17 |
Мен және табиғат |
қаңтар |
үйірме мүшелері |
|
18 |
Естімеген елде көп |
қаңтар |
Есенбаева К-5 |
|
19 |
Ай туралы не білеміз? |
қаңтар |
Карина Ж-5 |
|
20 |
Апталық |
ақпан |
жетекшілер |
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 20.05.2019 4856
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген