Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату.

Материал туралы қысқаша түсінік
математиктерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1С Жай бөлшектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату.




Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Дұрыс және бұрыс бөлшектердің анықтамаларын, компоненттерін біледі, түсінеді, ажырата алады.

Басым бөлігі:Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып есептер шығара алады.

Кейбірі:Мәтін есептерді дұрыс және бұрыс бөлшектер арқылы тұжырым жасай алады.

Бағалау критерийі:

1 Дұрыс және бұрыс бөлшектердің сандардың анықтамаларын білді.

2. Дұрыс не бұрыс бөлшектерді ажыратады.

3 Дұрыс және бұрыс бөлшектерге берілген есептерді шығарады.

Тілдік мақсат:

- дұрыс бөлшектерді бұрыс бөлшектерге ажыратады;

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

- бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда қолданады;

- координаталық сәуледе жай бөлшекті кескіндеу алгоритмін түсіндіреді.

Тақырып бойынша терминдер:

Үлес, жай бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі, жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с),дұрыс және бұрыс бөлшектер;

бөлшектерді қысқарту, бөлшектің негізгі қасиеті, қысқартылмайтын бөлшек;

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын терминдер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

- бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады;

-... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады;

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, жақсы қарым-қатынас орнату, сындарлы тіл табу, достық, қамқорлық құндылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу,өзін-өзі тану.

Алдыңғы білім

Жай бөлшектер,бөлшектерді қысқарту.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы:

7 Минут












Оқушылармен сәлемдесіп алған соң ынтымақтастық атмосфераны құру мақсатында. «Гүл күлтелері» әдісі арқылы сыныпты топтарға бөлемін.Оқушыларды топқа бөлу арқылы бірлескен қарым-қатынасты арттырамын.

Жаңа сабақ:

1)Егер бөлшектің алымы бөліміне кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

2) Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.

Әдіс «Суретпен жұмыс» арқылы әр топ суреттердің қанша бөлігі боялған деген сұраққа бірлесіп жұмыс істеп жауап береді.

1-ТОП

2-ТОП



3-ТОП

Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземіз

Слайд,смайликтер,

үлестірмелі қағаздар,
































































Сабақтың ортасы:

20 минут























































































10 минут

Оқулықпен жұмыс.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну, қолдану

Қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар

Әдіс «Себетке гүл жинау» арқылы оқушылардың жылдам әрі дұрыс есеп шығару қабілетін арттырамыз.Әр топқа түрлі гүлдер шашып тастаймыз, оқушылар қалаған гүлін таңдап артына жазылған есептерді (кемінде бір есеп) жылдамдықпен берілген уақыт ішінде шығарып гүлдерін себеттерге жапсырады. 10 минут ішінде ең көп гүл жинаған топ жеңіске жетеді.

Қызыл гүлдер

1 . Бөлшектердi жазыңдар:

1) х-тiң қандай натурал сан мәндерiнде: а) х/3; ә) х/5 дұрыс бөлшек;2)у-тiң қандай натурал сан мәндерiнде: а) 4/у ; ә) 5/у бұрыс бөлшек болады?

2. 5, 6, 8, 11, 15 сандарын бөлiмi 7-ге тең бұрыс бөлшек түрiнде жазыңдар.

3 . Бөлшектердi қысқартып, дұрыс бөлшектердi, бұрыс бөлшектердi жеке-жеке терiп жазыңдар:

6/8,18/15,21/21,44/36,15/55,46/30,42/90,88/88,16/60,56/96.

Көк гүлдер

1.1/4, 2/5, 3/2, 7/12, 13/13, 8/23, 17/10 , 31/34 , 9/7бөлшектерiнен дұрыс бөлшек-тердi бiр қатарға, бұрыс бөлшектердi екiншi қатарға терiп жазыңдар

2. 1) 9 және 2; 3 және 7; 10 және 1; 8 және 5 сандарынан дұрыс бөлшек құрастырып жазыңдар;

2) 3 және 5; 9 және 2; 2 және 7; 1 және 8 сандарынан бұрыс бөлшек құрас тырып жазыңдар.

3. х-тiң мәндерiн тауып, оны сәйкесiнше дұрыс бөлшек түрiнде немесе бұрыс бөлшек түрiнде жазыңдар:1) 8 дм=х м; 3) 720 г=хкг; 5) 2 мин=хсағ;

2) 118 дм=х м; 4) 1635 кг=х т; 6) 90 секунд=хмин.

Сары гүлдер

1. 5, 6, 8, 11, 15 сандарын бөлiмi 7-ге тең бұрыс бөлшек түрiнде жазыңдар.

2.1) Массалары бірдей 9 құйманың массасы 8 кг. Бір құйманың массасын жаз. Бұл қандай бөлшек?

2) Ұжымдық шаруашылық 10 га жерге әртүрлі дақыл егу үшін жерді өзара тең 7 бөлікке бөлді. Бөліктердің әрқайсысында неше гектардан болды?

Топтарда өзара «бас бармақ», «шапалақ», бағдаршам»тәсілдері бойынша бағалау жүргіземін.

, «Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Мақсаты:сыныпта сенімділік қарым – қатынас , жағымды кері байланыс орнату

Тақырыпқа байланысты тапсырмалар.

Әдіс «АЛАҚАН –ЖҰДЫРЫҚ»

1. Бұрыс бөлшек түрiнде жазыңдар:1) 4 алмада неше 1/3 тең бөлік бар? 3) 3 қауында неше 1/10теңбөлік бар

2) 7 алмұртта неше ¼ тең бөлік бар.

2. . х-тiң қандай натурал сан мәндерiнде 1) x/7 және 10/х– бұрыс бөлшек, ал 8/х– дұрыс бөлшек;

2) x/11 және 14/х– бұрыс бөлшек, ал 12/х– дұрыс бөлшек?

3 Балықшылардың аулаған балықтарының жартысы және 3-еуi сазан. Қалған балықтардың жартысы және 5-еуi алабұға. Одан қалғанының жартысы және 2-еуi шортан. Одан қалған 7-еуi табан балық.

Жауабы.52 сазан, 28 алабұға, 11 шортан.

ҚБ: смайлик, жетон, мадақтау

Өзіндік жұмыс – 10 мин . ӘДІС «АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТ»

Жақсы баға алуға тырысамын деп оқушы мақсатқа жету, еңбексүйгіштік, акамемиялық адалдық дағдыларын қалыптастырады.

.

Саралау тәсілі деңгейлік тапсырмалары үш деңгейден

(A – ортадан төмен, В – орта, С – жоғары) тұрады.

А 1. 8 м сым өзара тең: а) 3 бөлiкке; б) 16 бөлiкке ә) 24 бөлiкке; в) 6 бөлiкке бөлiндi.Бiр бөлiк сымның ұзындығын бөлшек түрiнде жазып көрсетiңдер.Бiр бөлiк сымның ұзындығы қай жағдайда 1 метрден кiшi, қай жағдайда 1 метрден үлкен?

В Пакетте 500 г қант бар. 100 г кiртасын пайдаланып, табақшалы таразымен екi рет өлшеп, 150 г қантты қалай бөлiп алуға болады?

С n-нiң қандай натурал сан мәндерiнде:1) бөлшек дұрыс: а) n+4/7 ә) n−2/4 б) 2п+3/8



Бағалау критерийі:

-- өз ойларын ашық жеткізе алды;
- мысалдармен дәлелдей алды;
- ережені тұжырымдай алды;

Дескриптор:

-Бөліндіні бөлшек түрінде жаза алады.

-Амалдарды орындап,нәтижесін бөлшек түрінде жазады.

-Түрлі шамаларды бөлшекке айналдырады.

Флипчарт,

Смайликтер,

Слайд, 5-сынып оқулық





Себет салынған плакат

Оқулық 5-сынып

математика





жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық







Түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер

















5-СЫНЫП МАТЕМАТИКА































ОҚУЛЫҚ 5-СЫНЫП

Т.А.Алдамуратова.

Қ.С.Байшоланова

Е.С.Байшоланов

Сабақтың соңы:

8 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты пысықтаймын.Бүгінгі сабақ бойынша ойларын жинақтайды.Оқушыларға тұжырымдар оқылады. Дұрыс болса жасыл, қате болса қызыл, жауабын таппаса сары парақшасын көтереді.

Тақырыптың түйіні.

1. Егер а < bболса, а/в – дұрыс бөлшек

2. Егер а> b болса, а/в– бұрыс бөлше

Кері байланыс: «Сабақтағы өз әрекетіңді бағала»- әдісі бойынша оқушылыр стикерге жазылған төмендегі сұрақтарға өзқажеттіліктерін белгілейді.

Сабақ Мен сабақта Қорытынды

1.Қызық 1.Жұмыс істедім 1.Материалды түсіндім

2 .Зерігерліктей 2. Демалдым 2.Бұрын білгенінен көп білдім

3.Бәрібір 3.Досыма көмектестім. 3түсінбедім

БББ кестесі


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспалайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын.Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беремін.Күрделігіне қарай алға іргелеп отыратын оқушыларға «СЕБЕТКЕ ГҮЛ ЖИНАУ»,«БАҒДАРШАМ»,«АЛАҚАН-ЖҰДЫРЫҚ»,«АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТ» әдісі арқылы деңгейлік есептер беремін. Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және топ басшылары бағалайды,оқушыны бағалап әле неге қол жеткізу керегін бағалау арқылы түсініп отырады Оқушыларды сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Бағалау критерий арқылы


«Сандар» сергіту сәтінде орындалады.

әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1970
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12