Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып математика пәні бойынша "Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату" тақырыбына ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Математика

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

86 жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Адырбекова Г.А.

Күні: 22.10.2018ж

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.10

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын біледі және бөлшектердің айырмашылығын меңгереді, бөлшектерді дұрыс оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазады, бөлшектерді 1 санымен салыстыра алады, есептер шығаруда пайлаланады.

Кейбір оқушылар орындай алады.

Берілген есептерді толық шығарып, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

-Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын біледі

-Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады

-Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазады

-Оқушының дербес жұмыс жасауы

-Жұппен жұмыс жасауы

Тілдік мақсаттар

Дұрыс және бұрыс бөлшек, алымы, бөлімі


Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономика, жақсы қарым-қатынас орнату, жауапкершілігін арттыру.


Пәнаралақ байланыс


Салауаттану, дүниетану

Алдыңғы білім

Бастауыштан бөлшек ұғымын біледі, жай бөлшекті оқып, алымын, бөлімін ажырата алады, жай бөлшектің анықтамасын, негізгі қасиетін біледі, жай бөлшекті ортақ бөлімге келтіре алады.

Сабақтың барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин



8 мин

  • Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.

  • «Ақ пейілді тілек» жаттығуын орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.

  • Түрлі –түсті қағазадар арқылы топтарға бөлу.

І топ Жай сан; ІІ топ Құрама сан; ІІІ топ Натурал сан

  • Үй тапсырмасын тексеру.

«Сен маған-мен саған » әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

528, 530 (жұптары)

(слайд бетіндегі дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді.)

Топ басшысы сайланып, топ басшыға критерийлері жазылған бағалау парақшасы тарқатылады.

Мұнда оқушы бірі-бірі бағалайды.



Түрлі-түсті қағаздар





Слайд,

бағалау парақшасы

Сабақтың

ортасы

4 мин









13 мин











4 мин












«Қайталау оқу айнасы»

«Серпілген сауал » әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

  1. Жай сан және құрама сан дегеніміз не?

  2. Жай бөлшек дегеніміз не?

  3. Бөдшектің негізгі қасиетін тұжырымда

  4. ЕКОЕ, ЕҮОБ дегеніміз не?

Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалап отырады.

Жаңа сабақ.

Жаңа ұғымдарды математикалық диктант арқылы бастауды жоспарладым. Тақырыпты ашу үшін 13:6; 3:7; 17:8; 4:5; 8:11; 15:2 бөлінділерін бөлшек түрінде жаздырамын. Олардың алымдары мен бөлімдерін салыстырады. Осыдан бұл бөлшектерді қандай 2 топқа бөлуге болатынын сұраймын. Талқылау жүргізілгеннен кейін қарастырылған мысалдан дұрыс бөлшекті бір жолға, бұрыс бөлшекті бір жолға жазуды ұсынамын. Осындай бірнеше мысалды ауызша келтіруді сұраймын.

Оқулықпен жұмыс.

«Ойлан, жұптас, бірік » әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасаймын.

396 есепті ауызша шығартамыз. Білімді және дағдыны дамытуға бағытталған жаттығулар орындатамын.

397, 398, 399. Үш топқа осы есептерді беремін. Оқушылар топ болып орындап дұрыс жауапты слайд бетінен тексереді. Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалайды.



Себет















Слайд











Оқулық






Сабақтың соңы

4 мин







2 мин

Топтық жұмыс

«Қатесін тап» жаттығуын орындату. Бұл кезеңде оқушыларға қате шығарылған есеп жазылған парақшалар тарқатылады. Оқушылар есептің қатесін табады.

Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма №401,402.

-Үй тапсырмасына бағыт-бағдар беремін.

-Кері байланыс алу. БББ

Стикерге жазып тақтадағы суретке іледі.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?




Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау












Үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қарым-қатынас мәдениеттілігін ұстануларына түрткі болу, тапқырлық танытуын мадақтау, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту, есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету...



  • Табыс критерийлері

  • Бағалау критерийлері

  • Бірін-бірі бағалау

  • Топты бағалау

  • Өзін-өзі бағалау

  • Бағалау парақшалары

  • Кері байланыс



Қазақ әдебиеті, геометрия

Интерактивті тақтаны тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын.

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.






Рефлекция

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12