Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дұрыс қиық пирамида

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінің мұғалімдеріне тәжірибе жинақтауға көмегің бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс пирамида, қиық пирамида


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі : жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі : баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көпжақтың, призманың, пирамиданың және олардың элементтерінің анықтамасын қайталау; тік және көлбеу призманың айырмашылығын ажырата білуге, тік параллелепипед пен тікбұрышты параллелепипедті ажырата білуге дағдыландыру; дұрыс пирамида мен қиық пирамида анықтамасын беру,сызбаларын сызып көрсету және бүйір бетін есептеу формулаларымен таныстыру;

Дамытушылық: шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу; логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: таза жазуға, сызбаларды ұқыпты орындауға, мәдениетті, әрі көркем сөйлеуге уақыттарын тиімді жоспарлай білуге тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыс информатика, дүниежүзі тарихы, әдебиет, статистика

Қойылатын талаптар:

Білу керек көпжақтардың анықтамасын,қыры, биіктігі, бүйір жағын табу формуласын, көпбұрыштардың ауданы ,биіктігі, диагоналын табу ережелерін,Пифагор формуласын білу керек;

Істей білу көпжақтарды бейнелей білу, формулаларды тиімді пайдаланып есептерді шығара білу керек; есептерді шығарудың алгоритмі мен блок-сызбасын жасай білу керек

Сабақтың жабдығы:

Көрнекі құрал плакат, карточкалар, түрлі –түсті бор

Оқушылардың белсенділігін арттыру әдісі топпен жұмыс.

САБАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер арқылы топты түгендеймін, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтаймын.


ІІ. Негізгі бөлім.

А)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген есептерді оқушылардың дәптерінен тексеремін;

Қайталау сұрақтары:

1)Көпжақ деген не?

2)Призма (призманың табандары, бүйір жақтары,қырлары) деген не?

3)Призманың биіктігі, диагоналы деген не?

4)Қандай призма тік (көлбеу ) призма деп аталады?

5)Қандай призма дұрыс призма деп аталады?

6)Параллелепипед деген не?

7) Қандай параллелепипед тік бұрышты параллелепипед деп аталады?

8)Куб деген не?

9)Пирамида(табаны, бүйір жақтары,қырлары,биіктігі) деген не?

Ә)Үй тапсырмасын пысықтау.

-Сонымен стереометрия - кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрияның бөлімі, біздер енді көпжақтардың түрлерімен таныс болдық .


Б)Жаңа сабаққа кіріспе.

-Оқушылар сіздер қалай ойлайсыздар, өтіліп жатқан тақырып , яғни пирамидалар тақырыбының адам өміріндегі қажеттілігі қандай?

Дүниежүзілік тарих пәнінен бізге мәлім «Әлемнің жеті кереметін» кім атап береді?

(Олар )

Енді экранға көз салып, Египеттегі пирамидалар жөнінде мәліметті тыңдайық.

- Ніл өзенінің батыс жағалауында аспанмен тілдескен «Әлемнің жеті кереметінің бірі – пирамидалар тұр.Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Ең биік пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған, ал оның биіктігі 150м жуық екен. Геродоттың есептеуінше құрылысты салуға 20жыл уақыт кеткен.Пирамидаға таяу жерде басы адам, ал тұлғасы арыстан бейнесіндегі алып мүсін- Улкен сфинкс бар, оны халық «үрей атасы» дейді екен.Осыдан ерте заман адамдарының геометрияның негізін қалағанын көруге болады және де «Египеттіктер мен вавилондықтар- геометрия мен астрономияны үйретті» деген ұғым туындаса керек.

Сонымен «Әлемнің жеті кереметінің бірі - пирамидалар» екен. Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да «Дұрыс пирамида. Қиық пирамида»

В)Жаңа сабақ.

Оқушылар дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазып алыңыздар.

(плакаттан дұрыс пирамиданың ,қиық пирамиданың сызбасы арқылы тақырыпты түсіндіремін)

Shape1

S SABC –үшбұрышты дұрыс пирамида

АВС- пирамида табаны

S- төбесі

SC,SA,SB-пирамида қырлары SO- биіктігі

C

О B

A


S SАВСД- төртбұрышты дұрыс пирамида

АВСД-пирамида табаны (квадрат)

SN – апофема (l)

SO- биіктігі

D C Sб.б=pl/2

O N

A B






Қиық пирамида






Г) Жаңа сабақты пысықтау.

-Сонымен сіздер дұрыс және қиық пирамидалармен таныс болдыңыздар, енді ұлы ойшылымыз Жүсіп Баласағұни былай деген екен:

Жер жүзінде адам өмір өткізер ,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

-Оқушылар, енді осы уақытқа дейінгі өтілген материалдарды естеріңе түсіре отырып, білім- біліктеріңізді пайдаланып, келесі есептерді шығаруға кірісейік:

Есептер шығару.

Есептерді шығаруда оқушыларды топтарға бөлемін,яғни 1-кескіндеуші және шартын жазушы; 2-алгоритмдеуші; 3- блок-сызбасын сызушы; 4- есептеуші

1

Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7 см-ге, ал табан қабырғасы 8см . Бүйір қырын табыңдар.

1Shape5 ) Кескіндеу

S SАВСД- төртбұрышты дұрыс пирамида

АВСД-пирамида табаны (квадрат)

H=7 см, a=8см

D C Табу керек: SA=? O

A B Шешуі:




2)Алгоритм: 1. SА=H2+d2/4 , d2=?

2. d2=a2+a2

3)Блок-сызба:

4)Есептеу: 1. d2=82+82=64+64=128

2.SА2=72+128/4=81, SA=9 cм

Жауабы: бүйір қыры 9 см.



2

Төртбұрышты дұрыс пирамиданың бүйір беті 14,76м2, ал толық беті 18м2 –ге тең,оның табан қабырғасын мен биіктігін табыңдар.

3

Үшбұрышты дұрыс қиық пирамида табандарының қабырғалары 4 дм және 1 дм. Бүйір қыры 2 дм.Пирамида биіктігін табыңдар.


4

Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың биіктігі 2 см, ал табан қабырғасы 3см және 5 см-ге тең.Осы пирамиданың диагоналын табыңдар.

Ғ)Үйге берілетін тапсырма. Дұрыс пирамида және қиық пирамида анықтамалары.

Есеп Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың биіктігі 7 см-ге тең.Табандарының қабырғалары 10 см-ге және 2 см-ге тең. Пирамиданың бүйір қырын табыңдар.

ІІІ.Қорытындылау бөлімі. Оқушыларды сабаққа қатысуы және білім деңгейіне қарай бағалаймын, мадақтаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
2969
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12