400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тиімді тамақтану – қалыпты өсу мен дамудың, денсаулықты сақтау мен нығайтудың, жоғары жұмыс қабылеттілігін қамтамасыз етудің, орташа өмір сүру ұзақтығын ұзартудың негізі. Дұрыс тамақтанбау, нәрсіз тағам ағзаның зат алмасу қызметін бұзады, ағзаның түрлі жүйелерінің функционалдық жағдайын өзгертеді, әсіресе балалардың денсаулығы мен дамуына асқазан-ішек аурулары, дәрумендердің артықшылығы мен жетіспеушілігі жағымсыз әсер етеді, балалардың бойы өспей қалады. 
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі

Денсаулық ол- күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол- жүруің
Ешбір жерің ауырмай
Денсаулық ол-шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Тиімді тамақтану – қалыпты өсу мен дамудың, денсаулықты сақтау мен нығайтудың, жоғары жұмыс қабылеттілігін қамтамасыз етудің, орташа өмір сүру ұзақтығын ұзартудың негізі. Дұрыс тамақтанбау, нәрсіз тағам ағзаның зат алмасу қызметін бұзады, ағзаның түрлі жүйелерінің функционалдық жағдайын өзгертеді, әсіресе балалардың денсаулығы мен дамуына асқазан-ішек аурулары, дәрумендердің артықшылығы мен жетіспеушілігі жағымсыз әсер етеді, балалардың бойы өспей қалады. 
Күнделікті өмірде, қауіпсіз тамақтанудың бес маңызды қағидасын сақтаңыз:
1. Тазалықты сақтаңыз.
2. Шикі өнімді әзір астан бөлек ұстаңыз. 
3. Тамақты жақсылап пісіріңіз.
4. Тағам өнімдерін қауіпсіз температурада сақтаңыз.
5. Таза су мен қауіпсіз шикі азық-түліктерді пайдаланыңыз.

Қалай дұрыс тамақтану керек? 
- Қарныңыз ашқан кезде ғана тамақтаныңыз. 
- Тек отырған күйде тамақтаныңыз. 
- Асықпай әрі тамақты мұқият шайнап жеңіз. 
- Тағамды аузыңызға шағын порциялармен салыңыз. 
- Көңіл-күйіңіз қалыпты болған кезде тамақтаныңыз. 
- Тамақтану барысында ойыңызды тек тағамды қабылдау шарасына ғана шоғырлаңыз. - Тағамды жиі жемеңіз, өйткені бұрын желінген ас қорытылуы тиіс, тамақтанудың арасы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. 
- Бір рет тамақтану барысында 4 түрлі тағамнан артық жемеңіз. 
- Тамақтанып бола сала су мен сусын ішпеңіз. 
- Негізгі – көлемі жағынан ең ауқымды тамақтану түскі ас кезінде болуы тиіс.
Қандай тағамды пайдалануға болады? 
- Егер денсаулығыңыз жақсы болса, 50 % сілтілі (барлық жемістер, көкөністер, жасыл жапырақтар, бұршақ тұқымдастар) және 50% қышқылды (күріш, картоп, нан, кеспе, дәнді және бидай дақылдары, бал, шекер, жұмыртқа, балық, ет, сүт және барлық майлар) тағамды пайдаланыңыз, егер сырқат болсаңыз – сілтілі тағам көбірек болуы тиіс. 
- Өмірлік қуат беретін тағамдарды көбірек қолданыңыз.
- Құрамында хлорофилл бар, тірі тағамды пайдаланыңыз. 
– Нәруызға өте бай тағамды азырақ пайдаланыңыз, өйткені 20 жастан асқан ересек адам үшін күніге қажетті нәруыз мөлшері салмағының әр килосы үшін 1 грамды ғана құрайды. 
– Тағамды өзіңіздің жеке ас қорыту қабылетіңізге қарай таңдаңыз. 
– Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз: суық кезде ең азы 1,5 литр және 2,5 литр – ыстық кезде.
Есте сақтаңыз! Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі