Дұрыс тамақтану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану жайлы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К.  

«_04 __12 _2023 ж.




  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі»

 





 
















Жауапты: Дуйсебаева Д.А


                                                         



Шымкент 2023

Тәрбие сағаты жоспары

Тақырыбы: 

«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі »

Мектеп:  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: «04»12.2023 ж.

Тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А


«Өркен» тобы


Қатысқан оқушылар саны: 29

Қатыспағандар: 3

Мақсаты: 

Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Көрнекілігі

Презентация

Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет;

  • Өмір бойы білім алу;

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Құндылықтар

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы


Ресурстар

Интернет ресурстары zoom платформасы, слайдтар

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басталуы:


Жаңа білім: 


Адамның  ең   үлкен  байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның  күшін  нығайтудың  басты кепілі – дұрыс тамақтану. Адам  ағзасы  үшін   сыртқы   ортаның   кері әсерлеріне  үнемі  қорек  тұруға  тырысады. Тамақтану – адам  ағзасы  үшін аса маңызды  қажеттілік. Біздің  денсаулығымыз  көбінесе  қалай   тамақтануымызға  байланысты.  Дұрыс тамақтану – денсаулық  негізі. Ой  еңбегіне, іс-әрекетке де күніне  көп  күш-қуат  жұмсалады.   Ол қуатты, ағзаға  қажетті  қоректік заттарды   біз  ішер  астан  аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруге болады.


Қорытынды

5 минут 


Бүгінгі өткен тәрбие сағатты қорыта келе халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Адам  баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі  - денсаулық болса, екіншісі жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана адамның денсаулығы   мықты  әрі күшті, ой-өріс ікең болады.

Кері байланыс

Рефлексия парағы: 

«Бір ауыз сөз» Оқушылар дәптерлеріне сабақ туралы бір ауыз сөз жазып,өз ойларын түсіндіріп береді. Тәрбие сағатын бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады.  (Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықты, ұмтылдым, есте сақтадым)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі