жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дұрыс тамақтану. Дәрумендер"
МКҚК «Қошақан» балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
«Балбөбек» ересектер тобы
Тәрбиеші : Закариянова С.С.
Білім беру
саласы: «Коммуникация»,
«Денсаулық», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Қоршаған ортамен
танысу.Сөйлеуді дамыту. Қауіпсіз
мінез-құлықтары. Тақырыбы:
«Дұрыс тамақтану.
Дәрумендер»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын
сақтаудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын және қажеттілігін білу.
Дәрумендердің адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар екенін
үйрету.
Тазалыққа, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға
баулу.
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, слайд.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Сурет бойынша әңгіме
құрау.
Шаттық шеңбері:
Армысың ба? Алтын күн!
Армысың ба? Жер ана!
Армысың ба? Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл — күйің жадырай,
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
— Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу
қызметімізді бастайық. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде дұрыс
тамақтану және дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін
боламыз.
Олай болса экранға назар аударайық!
- Эканда ненің суретін көріп тұрмыз? (балалардың жауабы)
- Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Тағам
- Бұл біздің күнделікті өмірде жейтін тағамдарымыз.
- Біз не үшін тамақтанамыз?
-Өмір сүру үшін, күш қуат жинау үшін.
- Тамақ ішпесек өмір сүре аламыз ба?
- Жоқ.
-Тамақтардың балығы пайдалы бола бермейді. Кейбір тағамдар біздің ағзамызға өте зиян. Ағзамызға зиян тағамдарды күнде қабылдайтын болсақ, біздің ішіміз ауырады және неше түрлі ауруларға әкеп соқтығады. Имунитеті әлсіз болады, имунитеті әлсіз адам көп ауырады, және де ол адамда ауруларға қарсы тұра алмайды.
- Ал балалар, маған бізге зиян тағамдарды кім атап береді?
-Балалар, сендердің дендерің сау болып, мықты болып өсу үшін не қажет?
— Дұрыс тамақтану, дәрумендер
қажет.
- Сендер тамақты күніне неше мезгіл
ішесіңдер?
-Төрт мезгіл. Таңғы ас,түскі ас,бесін ас,кешкі ас.
Дұрыс. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?
-АВСДЕ дәрумендерін.
-Дәрумендер туралы тағы не білесіңдер?
-Дәрумендерді біз қайдан аламыз?
-жемістерден,көкөністердер.
-Ал қандай жемістерді ,көкөністерді білесіңдер?
-Ал енді балалар,осы жемістерден, көкөністерден не жасауға болады?
-Шырын,салат.
Тосын сәт:
Есік қағылып, дәрігер кіреді,
балаларға дұыс тамақтану, тазалық жайында сұрақтар қойып, кеңес
айтады.
Балаларға сый ретінде қоржынға толы жемістер сыйлайды.
-Балалар менің сендерге әкелген сыйлығым бар, бұл жемістерді меннен сый ретінде алыңыздар. Дендерін сау болсын, ауырмандар! Тек жер алдында жемістерді жууға ұмытпандар. Екінші таңғы ас дәрумен қабылдау уақыты да жақындап қалды. Астарын дәмді болсын! Сау болындар!
- Рахмет сізге дәрігер апай!
-Ал енді балалар менің сендерге дайындаған тапсырмам бар. Орындауға дайынсындар ма?
-Ендеше, алдарында конверт
жатыр. Сол конвертті ашып, тапсырманы көрейік?! (Іші бос
конверт)
- Апай, бұл конверттің іші бос!
-Шың ба? Қане қарап көрейін. Шынымен де бос екен. Енді не істейміз?
- Балалар, уайымдамандар! Менде сиқырлы сандық бар!
-Тәрбиеші сандықты алып, сиқырлы сөз айтады:
Уф,
суф.
Бір дегенім – білім,
Білімсіз жоқ күнім.
Ғажайып сандық ашыл,
Ішінен білім шашыл.
Балалар сандығым әліде бос екен, сендердің көмектерін керек. Қане бірге: уф, суф – деп, сандыққа үрлейік.
-Керемет, ғажап, рахмет балалар, сендердің көмектерімен тапсырмаларымды тауып алдым.
Тапсырмалар таратылады. Балалар тапсырманы орындайды. (Банкінің суретіне жемістерді жапсырады)
-Балалар, дүкеннен алып шырын ішкенше, үйде анамыздың жасаған жемістер шырынын ішейік.
-Бұл өте пайдалы. Дүкеннен алынған шырындарда түрлі бояулар мен қоспалар және газдар бар, бұл біздің ағзамызға зиян. Ал аналарымыз сіздерге арнап табиғи, өте пайдалы, дәруменге мол жемістерден шырын дайындайды. Сол естерінде болсын!
-Ал балалар орнымыздан тұрып бір серігіп алайық!
Алма ағашы өседі, (балалар орындарынан тұрады)
Тіпті биік деседі .(балалар қолдарын биікке созып, аяғынын ұшымен тұрады)
Содан кейін гүлдейді, (саусақтарының арасын ашып, қолдаын сермиді)
Мұны «Жан дос, біл!» дейді. (орындарына отырады)
-Жарайсындар! Бір шынығып, бойымызды сергітіп алдық.
Ойын: «Әлиді тамақтандыр!»
-Бұл Әли. Ол дұрыс тамақтану ережелерін білмейді. Сендер білесіндер гой? Ия?
-
Ия.
-Ендеше, бұл жерде екі ыдыс,
бір – бірлеп шығып, бұл жердегі азықтардың ішінен дұрыс тамақтануға
жататын азықтарды алып, Әлидің оң жағында орналасқан ыдысқа
саламыз. Ал дұрыс емес азық түліктерді сол жақтағы
ыдысқа.
- Жарайсындар! Тапсырманы дұрыс орындап шықтық.
Әлидің қарны ашқан секілді. Пайдалы тағамдардың ішінен бір – екі тағамды таңдап, Әлиді тамақтандырайық.
-Жарайсындар балалар!
ҰОҚ қорытындылау сәті де келіп жетті. Ендеше экрандағы кестеге назар аударып, сол кесте бойынша бүгінгі оқу қызметінде не өткенімізді еске түсірейік.
(Балалардың жауаптары)
-Енді, осымен біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтарымызға сау болыңыз! - деп, тобымызға барып, дәрігер апайымыз берген дәрумендердің дәмін татайық!
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: дұрыс тамақтанудың,дәрумендердің адам ағзасына
пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын білуі керек.
Болуы керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының
көбеюі.
Қолынан келуі: Тапқырлығы, ұйымшылдығы, шеберлігін
шыңдауы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген