«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің
№ 28 Құсмұрын орта мектебі»
ММ


Сынып: 4
«Ә»
Мұғалім: Габдуллина
А.Т.
2017-2018 оқу
жылы
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ
КЕПІЛІ"
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі -
тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір
салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен,
аспазшылармен бірлесе отырып
тұжырымдау;
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
пікірталас.
Көрнекілігі: тамақтану туралы
жазылған нақыл сөздер, тағам, жеміс-жидектердің суреті,
муляждар.
Барысы:І. Ұйымдастыру
кезеңі
Бүгінгі күн
терезеден,
Бізге күліп, тұр
қарап.
Сондай жақсы
көңіл-күймен,
Басталады бұл
сабақ.
ІІ. Кіріспе
әңгіме
-Балалар, адамның басты байлығы не деп
ойлайсыңдар?
-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп
тегін айтпаған.
-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз
керек?
-Балалар, дұрыс тамақтану
керек.
Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды
қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына
байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін
ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.
-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі
тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі
тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың
арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен
айналысады.
-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе
мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте
зиянды.
ІІІ. Тамақтану
мәдениеті
-
Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай
тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің
эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
-
Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу
керек
ІҮ.Тамақтану
ережелері
-Тамақ ішер алдында қолды жуу
керек
-
Дастархан басында түзу отыру керек
-Тамақ ішкен кезде
сөйлеме
-Тамақты әдеп сақтап, жақсылап
шайна
Ү.- Қандай құнарлы, пайдалы тағамдарды
білесіңдер? (оқушылар жауаптарын
тыңдау)
ҮІ.
Жұмбақтар шешу
– Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп
бағалар жұрттың бәрі ./Қымыз/.
-Қымыз деген не?
-Қай малдың сүтінен ашытылады?
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)
-
Қазыны қай малдың етінен дайындайды?
-Қазақтың
ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның
тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен. (суреттерімен
көрсету)
Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді
Шарманов аталарыңның ұлттық тағамдарымыз қымыз бен жылқы еті туралы
кеңесіне құлақ түрейік.
«Дәрумендер
айтысы»
А
дәрумені:
Мен сәбіздің,
қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың
құрамындаболамын.
В
дәрумені.
Мен
бірнешетопқабөлінемін. В1 В 2 В6
В12.
Мен бауырдың,
жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қарананның, еттің, балықтың,
көкөністердің құрамында
кездесемін.
С
дәрумені:
Мен пияздың,
картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында
боламын.
Д
дәрумені:
Мен өте
пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында
кездесемін.
Е
дәрумені:
Мен күнделікті
пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда,
жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп
боламын.
-Дәрумендер,
айтыспаңдар. Сендердің барлықтарыңда адамға
пайдалысыңдар.
Ділназ:
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Мадина :
А – қажет көзіңе,
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар
ХІІІ.
Қорытынды: -Балалар,
неге «Ас-адамның арқауы» деп
айтады?
Сендер дұрыс
тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына,
көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның
артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алдыңдар
ма?
-Ендеше, дұрыс
тамақтану денсаулықтарыңның кепілі екенін есте
сақтаңдар.
Тәрбие
сағатымыз аяқталды.Сау болыңдар!
Балалардың сурет
салуы.