Дұрыс тамақтану.Дәрумендер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дұрыс тамақтану.Дәрумендер.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеші, ұстаздарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі :

Білім беру саласы:.Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану.Дәрумендер.

Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, баланың тілін дамыту.

Көрнекіліктер: Көкөністер мен жемістер суреттері, себеттер,үлестірмелі материалдар, «VALEO» жиындығы.

Билингвальный компонент:дәрумендер- витамины.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбері.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын көк аспан!


Балалар саяхатқа дайындалып,сапқа тұрады



Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Тосын сәт: Дәрумендер еліне баруға Дәрігер шақырады.


- Қалай ойлайсыңдар, бұл ел неге Дәрумендер елі деп аталды екен?
- Тұрғындары нені жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

Дәрумендер туралы түсінік беру:
- Дәрумендер - балалар денсаулығының күшті болып өсуіне көмектесетін заттар. Дәруменді өсімдіктер мен жануарлар өздері бөліп шығара алады, ал адамдар бұлай жасай алмайды. Сондықтан адамдар дәруменді тамақ арқылы қабылдайды. Көкөністер мен жемістерде, басқа да азық - түліктерде көптеген дәрумендер бар. Егер бала дәруменді аз қабылдаса, ол аурушаң болып, тәбеті нашарлайды, баяу өседі. Бізге жақсы таныс көкөністерде дәрумендер өте көп.

Жұмбақ жасырады:
Шашы жердің бетінде,
Өзі жердің астында. Ол не?


Сәбіздің суретін көрсетіп, өлең оқиды.
Сәбіз бізге керекті,
Дәруменді береді.
Пайдалансаң оны көп,
Көзің жақсы көреді.

- Сәбізде А дәрумені көп кездеседі. Бұл дұрыс өсуге және көздің жақсы көруіне көмектесетің дәрумен.
Суреттермен жұмыс.
Тақтада азық - түліктердің (сары май, жұмыртқа,сәбіз,бұршақ,балық, шабдалы, өрік) суреттері.
- А дәрумені бар азық - түліктерді кім атап береді?
- Ал, В дәрумендері ми мен бүкіл ағзамыздың жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды. «В» дәрумені сүт, ет, жанғақ, сонымен қатар ірімшікте, балықта, қара нанда кездеседі.
-«В» дәрумені бар азықтарды кім біледі?

Сергіту сәті.

Раз, два, три, четыре, (Ходьба на месте)
Дети овощи учили. (Прыжки на месте)
Лук, редиска, кабачок, (Наклоны вправо-влево)
Помидорка, чесночок. (Хлопки в ладоши)


- Енді «С» тобының дәрумендерімен танысайық. Бұл дәрумендер ағзамызды әртүрлі аурудан қорғап, қан айналатын тамырларымыздың берік болуына көмектеседі. «С» дәрумені көптеген жеміс - жидек, көкөністерде кездеседі.

Ал пияз туралы тіпті мынадай мақал да бар:
Пиязды көп жеген,
Ауырмайды екен.

- Суреттегі жеміс - жидек, көкөністерді атап айтыңдар. Олардың құрамында қандай дәрумен бар екен?

- Дәрумендер елін ары қарай аралайық.
«Д» дәрумені біздің сүйегіміздің берік болуы үшін өте қажет. Олар өсімдіктекті емес, жануартекті азықтарды кездеседі, мысалы: ет, бауыр, сары май, ірімшік.

Ойын: «Дәрумендерді орналастыр ».
Шарты: Дәруменнің суретін тек ғана сол дәрумен кездесетін азықтарды салу керек.
«VALEO» жиындығымен жұмыс

Күз деп жауап береді.





Балалардың жауаптары.




















-Сәбіз.


























Балалар сергіту жаттығуын орындайды.



























Балалар тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық

түзетушілік

- Міне, біздің саяхатымыз да аяқталды.
- Қандай дәрумендермен таныстық?
- Дәрумендер елінде қандай қызықтар көрдік?





Балалардың жауаптары.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балалар көкөністер мен жемістерді ажырата білу керек.

Нені игереді: Дәрумендердің адам ағзасына қаншалықты қажет екендігін

Нені біледі: Дәрумендер сүт тағамдарында да болатынын біледі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
5265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі