Двигательдің майлау жүйесінің ақауларын
жөндеу
Двигательдің ұзақ мерзімді
жұмыс істеуі майдың тазалығына байланысты болады.
Майлау жүйесінің техникалық
күтіміне мынадай операциларды орындау жатады: двигатель
картеріндегі майдың мөлшерін және жүйедегі барлық қосылыстардың
тығыздығын тексеруі ; двигатель қызғанда және ол күшпен жұмыс
істегенде жүйедегі майдың температурасы мен қысымын бақылау; майлау
жүйесін жуу және майды ауыстыру.
Двигатель тоқтаған соң май
сүзгісіндегі ротор жұмысының шуылын тыңдап тексереді. Егер өз
инерциясымен айналған ротордың шуылы
300С-тан кем болса (бұл оның
ластанғандығының белгісі) сүзгіні ашып, ротордың жиклер тесіктерін
тазалау қажет.
Сүзгі роторы әрбір 120 сағат
жұмыс істеген сайын операциялар орындалад: бекіту болттары бұралып,
қалпақты босатып алады, роторды бекіту гайкасы шығарылып, ол осінен
алынады: ротор бөлшектереді, ротор стаканы кенересіндегі өңездер
келтіріледі және оның детальдары дизель отынымен мұқият жуылады
.
Майлау жүйесіндегі майды
тракторшы әрбір 240 сағ. жұмыс істеген сайын ауыстырып отыруға
міндетті: Әрбір 960 сағ. Жұмыс істеген сайын картер түбін және
насостың май қабылдауышын двигательден бөлек алып, оларды отынмен
жуу қажет.
Майлау жүйесінің негізгі
ақаулары – май қысымының жоқтығынан, қысымның төмендігінен немесе
жоғарылығынан, майлау жүйесіне салқындатқыш сұйықтың енуінен және
майдың ағуынан болады.
Майлау жүйесінде қысымның
болмауы мынадай себептерге байланысты болуы мүмкін картер түбіндегі
май деңгейінің төмендігінен, редукциялық клапанның қажалуынан
немесе май насосы жетегінің ақаулығынан. Мұндай ақауларды картер
түбіне үстеп май құйып, редукциялық клапанды жуып немесе май насосы
жетегін жөндеп жоюға болады.
Магистральдағы май қысымының
төмендеуі мынадай себептерге байланысты болуы мүмкін: картер
түбінде майдың аз болуы салдарынан насосқа ауа өтіп кетеді, сұйық
май температурасының жоғарылауы нәтижесінде отынның сұйытылуы
немесе май маркасының сәйкес келмеуі, май қабылдауыш тордың
ластануы, насостың редукциялық клапаны серіппесінің босауы, май
насосы детальдарының тозуы, иінді біліктің мойындары мен
подшипниктерінің арасындағы саңылаудың үлкен
болуы.
Ақауларды болдырмау үшін оған
жол беретін себептерді жою қажет майды үстеп құю, майдың қызуына
жол бермеу немесе жасаушы заводтың ұсынысына сәйкес картердегі май
ауыстыру, картер түбін алу және қабілдағышты жуу, редукциялық және
төгу клапандарын жуу және ретке келтіру, қажет болған жағдайда
иінді біліктің ішпегін ауыстыру.
Майдың жоғары қысымы мына
себептерден болуы мүмкін: май қоюлығынан немесе сүзгінің клапанының
қажалуынан. Май қысымы қалыпты болуы үшін май радиаторын қосу ,
майдың тұтқырлығы тексеру , егер қажет болса, оны ауыстыру, ағызу
клапанын тексеру қажалуын жою керек.
Егер салқындатқыш сұйық
картерге келсе, онда біріншіден, блок картерге келсе, онда
біріншіден, блок қақпақшасының бекіту гайкаларын қатыңқыраған
жөн,егер қажет болса цилиндр гильзасы мен блок арасындағы
нығыздағыш сақинаны ауыстыру керек. Майдың ағуын оның аққан
жеріндегі бекітуді қатайту немесе қажет болған жағдайда
детальдың
Аралығын төсемін немесе ақауы
бар детальды ауыстыру арқылы жояды.
Бақылау
сұрақтары. 1 Автотрактор двигательдерін
майлау үшін қандай май қолданылады? 2. Майлау жүйесінің құрамдас
бөліктерін және приборларын атаңдар 3. Май сүзгісінің корпусында
қандай клапандар орнатылған және олардың қызметтері қандай? 4.
Двигатель картеріндегі май деңгейі қалай тексеріледі және оны қалай
үстеп құяды? 5. Двигатель картеріндегі май қашан ауыстырылады? 6.
Май сүзгісін бөлшектемей-ақ, оның ластану дәрежесін қалай тексеруге
болады?