15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Сейдахметова Баян Аскаровна,
Астана қаласы, «Тұран-Профи»
қалалық шаруашылық колледжі
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі 26 жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Тәуелсіз елімізде көптеген жаңашыл өзгерістер болуда. Соның ішінде білім беру саласында айтарлықтай ерекше өзгерістер жүзеге асуда.
Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта шет елдермен және ТМД –ның кейбір республикаларымен салыстырғанда әлдеқайда озып, алға суырылып шықты. Қай жағынан қарасақ та, тек қана мақтаныш сезімін оятатын іс-шаралар жасалуда Кез-келген елдің әлемдік деңгейге көтерілуінде сол елдің білімі, ғылымы ең негізгі роль атқаратыны белгілі. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына әр жылғы жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөліп отырады. Еліміздің білім дәрежесін көтеру мақсатында бірнеше заң, жоба, бағдарламалар қабылдануда. Атап айтар болсақ, 2007 жылғы қабылданған «Білім туралы заң», 2010 жылғы қабылданған «2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы», 2008 жылғы «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары».
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазiргi уақытта елiмiзде 854-ге тарта колледж бар, олардың 56 пайызы мемлекеттiк меншiктегi колледждер, онда 560 мың адам бiлiм алуда. Бұдан шығатыны білім алушылардың білім деңгейінің сапасы мен құзыретті мамандар даярлаудың салмағы біздерге, яғни техникалық-кәсіптік білім беру мекемелеріне көбірек тиіп отыр деген сөз. Астана қаласында орналасқан осындай білім беру мекемелерінің қатарына «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі де еніп отыр. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті елдердегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. [3]
Қазіргі кезеңде біздің еліміз үшін дүниежүзілік озық тәжірибеге негізделген индустриялық-инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңызы өте зор. Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Білім саясатының өзекті мәселелері - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сапасын жақсарту, кәсіптік біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде білім берудің жаңа технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жоғары білікті мамандар даярлауда шетелдік тәжірибені ескеру, белсенді қайта жаңғырту, оның ішінде оқу үдерісінде теориялық білімді тәжірибеде ұштастыруға зор мүмкіндік туғызатын дуалды оқыту жүйесін енгізу кезек күттірмейтін мәселелер қатарында. Дуалды оқыту жүйесі – кәсіби даярлауды мақсатты ұйымдастырудың инновациялық типі, мамандар дайындау аумағында білім беру мен өндірістік саланың өзара байланыс келісімін білдіреді. Дуалды оқыту өндіріс талаптарына сай мамандарды іздеу, біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды үнемдеп мамандарды дәл тапсырыс бойынша дайындауға мүмкіндік береді. [2]
2014 жылдың сәуір айында ҚР ҰКП инициативасымен Білім және ғылым Министрлігі мен халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігі арасында бірлесе жұмыс жүргізуге арналған Меморандумға қол қойылып,техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін түпкілікті модернизациялауға шақыратын бірге жұмыс жасаудың қадамдық жоспары бекітілді. [3]
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев атап өткендей, қазірде маңызды және өзекті мәселелердің бірі кадрларды олардың отандық кәсіпорындардағы талап етілуін ескере отырып даярлау болып табылады. Ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Дуалды оқытуды енізудің жол картасын жасап шықты. Ол өңірдің машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы, сервис, көлік, құрылыс және басқалары сияқты 11 басымдылықты саласынан тұрады.«Бұл бағдарламаға сәйкес 170-тен астам колледж 2014-2016 жылдар бойында шамамен 400-ге жуық кәсіпорын үшін 83 мамандық бойынша 10 мыңнан астам маман даярлайды. Мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктіліктерін көтеруді, сондай-ақ сертификаттауды сонымен қатар оқу орталықтары мен кластерлер жүзеге асыратын болады».

Жол картасына үңілетін болсақ Астана қаласы бойынша 5 басымдық қамтылған. Соның ішінде біздің колледжде даярланатын коммунальдық шаруашылық мамандықтар да қамтылған. [3]
Осы жасалған жол картасы аясына енетін колледждердің бәрі де осы бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ал енбей қалған колледждер не істеуі керек? «Алма піс аузыма түс» деп қарап отырмай өз мүмкіндігіне сай алға жылжу, артта қалмай заман талабына сай құзыретті маман даярлау бағытындағы «Дуалды оқытудың алғашқы сатыларын енгізу» жұмысын жүргізу керек деп ойлаймын. Колледж ұжымы алғашқы құрылған күннен бастап, колледждің педагогикалық кеңесінде қарастыра отырып «Дуальды оқытудың элементтерін енгізу» бағытында жоғарыда аталып өткен бағдарламалар мен жобалардың негізінде «Тұран-Профи колледжінде техникалық мамандар даярлауда дуальды оқытуды сатылай енгізу» атты өз жобасын жасап жүзеге асыруға шешім қабылдады. Оның
Мақсаты: Астана қаласындағы еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы техникалық мамандар даярлау.
Міндеті:
-еңбек нарығының, еліміздің индустриалды-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының деңгейіне қол жеткізу;
-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Өзектілігі:
Тұран-Профи колледжі 2013 жылғы алғашқы құрылған күннен бастап кәсіптік бағыттағы білім беру аясында бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау арқылы техникалық мамандықтардың имиджін жоғарылатады.
Күтілетін нәтиже:
-ұзақ мерзімді меморандумдарға қол қойылуы
-жұмыс берушілер есебінен шәкіртақылардың және еңбекақының тағайындалуы
-бітіруші түлектердің 100% жұмыспен қамтылуы
-ілімділік пен тәжірибенің арасының жақындауы
- ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі артуы
- кәсіптік біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесінің жаңартылуы
««Тұран-Профи» колледжінде дуальды оқытуды енгізудің 2013-2017 оқу жылдарына арналған перспективалық жоспарының» әдістемелік бағытынан үзіндіге тоқталып өтетін болсақ, (Осы жоба 1114000-«Дәнекерлеу ісі» Біліктілігі-техник-механик мамандығы бойынша қамтылып отыр) әдістемелік бөлменің атқаратын жұмысы өте ауқымды. Ең бастысы оның дұрыс жүргізіліп, дұрыс нәтижелерге қол жеткізілуінде. Кез-келген білім мекемесінің негізгі ядросы-әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмыстардың бірнеше бағыттарын қамтитын жоба бойынша ең алдымен :
-Дуальды оқытуды ілімділік және практикалық оқып –үйрену(тәжірибелі колледждермен байланыс орнату; Семинарлар өткізу;Шебер сыныптар ұйымдастыру)
- Серіктестермен келісім-шарттарға отыру (Жұмыс берушілердің талаптарын оқып-үйрену)
- Оқу жоспарына түзетулер енгізу (Ілімділік пен тәжірибенің өзара теңдік балансын сақтай отырып оқу жоспарын серіктестермен бірлесе отырып өзгерту)
- Оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асыру («Өндіріс шеберіне көмек» атты көмекші құрал ; коледжішілік «Жедел әдістемелік көмек» құру арқылы ОН-ЛАЙН режиміне әдістемелік көмек және консалтингілік қызметті жүзеге асыру; Пән оқытушылары мен өндіріс шеберлеріне арналған, Арнайы пәндер бойынша технологиялық карталар жинағын жасау; электрондық оқулықтар саны мен сапасын арттыру; «Шеберханаларды» жабдықтау)
- Біліктілікті арттыру(«Халықаралық кәсіптік академия» «Тұран-Профи» біліктілікті арттыру институты арқылы студенттердің, өндіріс шеберлері мен оқытушылардың біліктілігін арттыру;Астана қаласы «Өрлеу» орталығы арқылы, Серіктестер көмегі арқылы әлеуметтік әріптестер есебінен кәсіпорындарда, оның ішінде шетелде тағылымдамадан өту; «Үздік өндіріс шебері», «Ең үздік маман» сайысын өткізу;жас мамандармен жұмысты жандандыру )
- Оқу процесіне білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу(«Кейс-стади» әдісін пайдаланып өндіріс шеберлері мен студенттердің құзыреттілігін арттыру «Герман технологиясы бойынша оқытудың таңдамалы негіздерін қолдану», «Алғышарттарды және алдыңғы жағдайларды бағалау технологиясын», «Топтарға жетекшілік ету және сұхбат модерациясы технологисын, Дуалды жүйе элементтері «мотевация технологиясын» оқу үдерісінде қолданып білім сапасын арттыру, Кітапхананы қажетті оқу әдебиетімен толық жабдықтау)
- Серіктестермен жұмыс (оқу-технологиялық тәжірибеден өту;өндірістік тәжірибеден өту;Арнайы пәндер бойынша технологиялық карталар жасау;ОЖБ, ОӘК т.с.с әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлерін жасау; болашақ мамандарға біліктілік беру мен бағалауға қатыстыру;)
- Ғылым мен білімді ұштастыра отырып шығармашылыққа бейім студенттермен жұмысты жандандыру (үздік білім алушыларды қалалық, республикалық деңгейде өтетін сайыстарға қатыстыру; өнертапқыштық және өнертабыстық қызметке, техникалық шығармашылыққа бейім талантты білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, қалалық, республикалық, халықаралық ҒТК қатысуға дайындау; ХКА «Тұран-Профи» БАИ арқылы республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысу; білім алушылардың арасында жыл сайын «Ең үздік дәнекерлеуші», «Ең үздік техник-механик » сайысын ұйымдастыру)
- Жастарды жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатыстыру ((55%) жеткізу) («Мектеп -Ата-ана-Колледж» үштігінің байланысын жандандыру; «Ата-ана- болашақ маман-колледж» бірлестігін құру)
«Тұран-Профи»ҚШ колледжі өз жұмысын 2013-2014 оқу жылынан бастағандықтан ол енді ғана «тәй-тәй басып, аяқтан тұрып» келе жатқан білім беру мекемесінің бірі болып саналады. Дегенмен де 2016-2017 оқу жылының қорытындысына сүйеніп атқарылған жұмыстарға тоқаталып өтетін болсақ, колледж бойынша әдістемелік бағытта 35 әдістемелік нұсқаулықтар «Технологиялық карталар жинағы»,«Тест тапсырмаларының жинағы» жасалды, колледжішілік «Жедел әдістемелік көмек» сайты құрылды, «Кейс-стади» әдісі бойынша өндіріс шеберлерімен шебер –сыныптар өткізіліп, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша қалалық сайыстар ұйымдастырылып колледж студенттері ТжКБ ресурсы арқылы техникалық мамандықтың имиджін көтеруге бағытталған «WORLD SKILLS» халықаралық турнирге шығып жеңіске жетті. Дуалды оқытудың бірінші кезектегі мәселесі ілімділік пен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жою. Колледж мемлекеттік меншікте болмағанымен ашылған бойда мемлекеттік тапсырысқа ие болды. Ол үлкен жауапкершілікті тудырады. Колледждің Бизнес және мемлекет серіктестігін бірден жүзеге асыруға мүмкіншілігі зор. Дегенмен де Елбасының кәсіптік білім беру мекемелерінің алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі болып саналатын техникалық мамандықтардың мәртебесін арттыру, қазіргі уақыттағы интербелсенді әдістерді, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дұрыс жолға қойылып, бастапқы іс-шаралар жүзеге асты. Әдістемелік бағыттағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру оң нәтижеге қол жеткізуге бастау алатыны сөзсіз.
Әдебиеттер:
-
1. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
-
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
-
3.сайт. www.palata.kz материалдары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген