Материалдар / Дуальное обучение в ТИПО
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дуальное обучение в ТИПО

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған ең өзекті міндеттерінің бірі - еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық мақаласында адамның өміріндегі Білім мен Еңбектің маңызы туралы терең талдау жасап, Қазақстанның болашағын оның
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2019
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған ең өзекті міндеттерінің бірі - еңбек нарығында сұранысқа  ие  бола  алатын  бәсекелестікке  қабілетті  кәсіби  мамандар  дайындауЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық мақаласында адамның өміріндегі Білім мен Еңбектің маңызы туралы терең талдау жасап, Қазақстанның болашағын оның әрбір азаматының білімдарлығымен және еңбексүйгіштігімен байланыстырады. Шынында да, қазіргі заманда адамның өмірдегі жағдайы мен қоғамдағы орны оның білім мен еңбекке қатынасына қарай айқындалмақ. Тек сапалы білім алып, таңдаған мамандығы бойынша табысты еңбек ете алған адам ғана өмірден өз орнын таба алады. Сондықтан бүгінгі күні еңбек пен білімнің қазақстандық қоғамның басты идеологиясы ретінде күн тәртібіне қойылуы заңды. Заманәуи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Бүгінгі заман – білім мен ғылымның заманы. Жаһанданудың жойқын ағысынан тек елдің бәсекеге қабілеттілігі ғана алып шығады десек, бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – жастарымыздың білімқұмарлығы мен еңбексүйгіштігі.Мамандықты дұрыс таңдап, оны ұңғыл-шұңғылына дейін жетік меңгеріп, сол бағытта еңбек еткен азаматтар табысқа жетіп, игілігін өзі де елі де көреді. Үлкен табыстарға жетіп, таңдаулы болып жүргендердің барлығы – талантына орай дұрыс таңдау жасап, жалынды жігері мен табанды еңбекқорлықтың арқасында қияға қанат қаққандар. Сондықтан еңбектің берекелі болуы үшін белгілі бір мамандықты меңгеру керек. Қазіргі заман – «екі қолға бір күректің» емес, ғылымның, техника мен технологияның заманы.Қазіргі кезде көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді.Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын  қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Бірақ ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен қазіргі материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмай отыр. Сонымен қатар, жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен болуынан біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.Осыған байланысты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білімді жаңғырту және өндірістің әр саласы үшін мамандар даярлдау жүйесін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындау барысында дуалдық оқыту жүйесі енгізілген болатын. Кәсіптік білімді жаңғырту және өндірістің әр саласы үшін мамандар даярлау жүйесін жетілдірудегі дуалдық оқытудың атқаратын рөлі үлкен. Дуалды оқыту ТжКБ-ның кадрлар даярлаудағы ең көп тараған тиімді жүйесі екені белгілі болып отыр. Дуалды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде компанияда өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!