"Дыбыстар әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дыбыстар әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды әріптермен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін --------------

« № 17 ЖББМ» КММ

оқу ісінің меңгерушісі

Дагистанова.А Д











Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Сауат ашу

Тақырыбы: «Дыбыстар әлеміне саяхат».











Мектепалды даярлық 0 «а»сынып

Жетекшісі Батырова.Г.К










2024-2025 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сауат ашу

Тақырыбы:Дыбыстар әлеміне саяхат
Мақсаты: дыбыстарды есту,көру арқылы ажырату,талдауды жалғастыру.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуды жетілдіру.Сөздерден,буындардан сөйлем құрауды бекіту.



Дамытушылық: ертегіні тыңдау арқылы ой өрістерін кеңейту,қиялдарын дамытумен сөздік қорын,сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа,ұлттық құндылықтарды насихаттауға тәрбиелеу


Әдіс-тәсілдері:Амандасу, сұрақ -жауап,түсіндіру,үйрету,жұмбақ,сергіту сәті,балаларды мадақтау, асықтармен бағалау,қортындылау
Көрнекілік-құралдар: текшелер,әріптер,буындар карточкасы слайд,қоржын,асықтар,жұмыс дәптері т.б.

Мотивация қозғаушылық

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық

-Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз сауат ашу

-Тақырыбы: «Дыбыстар әлеміне саяхат»

Шаттық шеңбер:

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын мәнерлеп айтып береді.
Күн шуағын жинаймын.

Достарыма сыйлаймын

Күн жылуын аямасын

Шуағымен аяласын

Достық деген бәйтеректі

Барлық бала саяласын.


-Балалар дыбыс дегеніміз не?

-Айтамыз,естиміз

-Әріп дегеніміз не?

-Көреміз,жазамыз

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты және дауыссыз боп екіге бөлінеді.

-Дыбыс пен әріптен не құралады?

-Сөз құраймыз

-Сөзден не құралады?

-Сөздерден байланыстырылып сөйлем құраймыз.

-Буын дегеніміз не?

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

-Сөзде бір дауысты дыбыс болса,буынға бөлінеді ме?

-Олай болса,мен сендерге ертегі айтамын,тыңдап назар аударыңыздар

Ертегі «Тынымсыз тіл»

Ауыз деген қуыста тынымсыз тіл өмір сүріпті.Ол аппақ тістерден қатар түзеп дуал және екі еріннен ашылып жабылатын есік жасап алыпты.

Ауыз арқылы дыбыстар үнемі сыртқа шығып тұрады екен.Кейбір дыбыстар өте көңілді ән салып шығады,осы дыбыстар өткен кезде тіл тып -тыныш әнді тыңдап жатады екен.

Олар қандай дыбыстар деп ойлайсыздар?

Әрине дауысты дыбыстар,олар айтылу кезінде еш кедергіге ұшырамай еркін созылып,әндетіп айтылады.

Мысалы: А,Ә,Е,Ө,О,И,Ү,Ұ ,Ы,І т.б

Кейбір дыбыстар ән салмай,тып- тыныш шығып кетеді екен,оларға ренжіген тынымсыз тіл олардың сыртқа шығуына кедергі жасап отырған.Оларды таңдайға немесе тіске соқтығыстырып,кейде еріндегі есікті жауып алатын болған.

Олар қандай дыбыстар деп ойлайсыздар?

Әрине,дауыссыз дыбыстар олар кедергілерге ұшырау арқылы қысылып айтылады.

Мысалы: Т,Қ,Б,Р,С,Н,Ш,З,М,Л т.б

Балалар тынымсыз тіл қандай дыбыстарды ұнатты?ал,қандай дыбыстарға кедергі жасады?

Балалар жауабы

Ертегі ұнады ма сендерге,олай болса ары қарай тапсырмалар орындаймыз.

Д\о «Дыбыстарды ажырат,сөз ойла,тез ойла»

Шарты: А,Т,Қ,О,Б,Ш,Ө,Ұ

әріптері тақтадан көрсетіледі,балалар дауысты,дауыссыз екенін текшелер арқылы көрсетеді,және сол әріптерден басталатын сөздер тауып айтады.

Д\о Жұмбақтар шешеміз

Шарты:балалар бір- біріне жасырылған жұмбақ жауабын тауып,сол сөзді буынға бөледі және сөйлем құрап айтады.(суреттер слайд тақтада көрсетіледі)

Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды (ағаш)



Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Қызыл,сары,жасылды

Көкте бір зат асылды?(кемпірқосақ)

Шана зырғып желетін

Коньки,шаңғы тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?(қыс)

Менің үш көзім бар

Бір көзім «кідір» дейді

Бір көзім «жүгір»дейді

Бір көзім «абайла» деп

Қарап тұр маңдайға дейді. (бағдаршам)


Сергіту сәті «Ұлттық құндылықтарды топтастыру»

Мақсаты:балалар көңіл- күйін ширатып,белсенділігін арттыру.Өзара және мұғаліммен қарым -қатынасты нығайту.

Шарты:тақтадағы карточкамен суреттер бойынша балалар ұлттық киімдер,тағамдар,аспаптар,ойындар т.б ажыратады.


Сауат ашу кітап дәптерімен жұмыс

Тапсырманы тақтадан көрсетіп түсіндіру,балалар орындайды.

Д/о «Сөз жина,тез жина»

Шарты: дыбыстар айтылады,балалар алақандарыңды біріктіріп кесе жасау әдісімен дыбыстарды айтылған реті бойынша жинап,сөздер құрап айтады

Мысалы:Күн,әтеш,бұлт,доп,асық т.б

Ұ/О «Шолпы тағу әдісі»

Тақтаға шолпы үлгісіндегі карточкадағы сөздерге дыбыстық талдау жасайды

Қортындылау:

Бүгінгі оқу іс әрекетіміз қалай ұнады ма?

Сабақтың қай бөлімі ерекше ұнады?

Барлық оқушылыр өте жақсы қатыстыңдар,керемет мен ризамын.

Қоржында « жоғалған буындар»бар ,осы буындарды жалғастырып,сөз айтып қортындылып жібереміз.

Сабақта белсенділік танытқан балалардың асықтарын санау.

Мақтау,мадақтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
76
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі