Сабақтың
кезеңі/
уақыты
|
Педагогтің іс-əрекеті
|
Оқушының іс-əрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
(Ұ)
Ұйымдастыру
кезеңі
(1-7 мин.)
|
Сəлемдесу, оқушыларды
түгендеу.
І.
Қызығушылықты ояту
«Ассоциативті қатар»
ойыны.
Мұғалім тақтаға бір сөз
немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға
жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ
тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу
керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып
тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «дыбыс жазу»,
«программа, өңдеу» т.б.
Мұғалім парақтарды жинап
алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды.
Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба
немесе ойларына сəйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады
(оқушының өз тəжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге
ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тəжірибелерін ескере
отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға
мүмкіндік береді.
|
Топтастыру
|
«Гүлмен тілек
тілеу» əдісі
Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл
таратылады. Оқушылар гүлдің артына жазылған сөздер бойынша топқа
біріктіріледі.
І топ
«Дыбыстық əуендер». ІІ топ
«Дыбыстық файлдар».
|
(МК,
Ұ) Ой
қозғау. «Миға
шабуыл» əдісі
|
Мұғалім өткен сабақпен жаңа
сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар
ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса,
мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, дұрыс
жауабын табуға
көмектеседі.
|
–Дыбыстық файлды қалай ашуға
болады?
–Дыбыстық файлға жазған
əуендерді қысқартуға бола ма?
|
Мұғалім белсенділік танытқан
оқушыларды
«Менің
жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
|
|
|
Жаңа сабаққа
дайындық
|
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап»
əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын
ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша
немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы
зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді.
Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға
түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де
болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап
беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім
интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты,
бағалау критерийлерімен
таныстырады.
|
Сабақтың
ортасы (31
мин.)
|
ІІ. Мағынаны
ашу (білімді өзектендіру үшін).
(МК. Ұ).
Оқулықпен жұмыс. «Тізбектей оқу»
əдісі
Оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы жаңа
ақпаратпен танысу үшін, «Тізбектей оқу» əдісі арқылы мəтінді
кезектесіп, тізбектей оқып, оны талқылайды. Бір-біріне жəне
мұғалімге сұрақтар қояды. Сұраққа жауап алып, бір-бірінің
білімдерін толықтырады.
|
Интерактивті
тақта
|
|
(Т). «Көршіңізге
айтыңыз» əдісі
«Көршіме айтамын» əдістемесі
оқушылардың өз ойларын ауызша немесе жазбаша білдіру үшін
қолданылады.
Төменде берілген
1-тапсырма бойынша сұрақ
қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын
көршісімен бөлісуін сұраңыз. Топ ішінде бір-бірімен талқылау
жүргізіп,
тапсырманың алгоритмін
көрсетеді.
|
1-тапсырма.
Дыбыс жолағынан (3- сурет)
төмендегі іс- əрекеттерді орындау алгоритмін көрсетіңдер. Жолақтың 5
секундқа дейінгі бөлігін өшіру.
Жолақтың 5-10 сек аралығын
кесіп тастау. Жолақтың 10 секундтан кейінгі бөлігін
кесу.
|
Дескриптор:
-
Жолақты 5 секундқа дейінгі
бөлігін өшіреді.
-
Жолақтың 5-10 сек аралығын кесіп
тастайды.
-
Жолақтың 10 секундтан
кейінгі бөлігін кеседі.
Қалыптас-
тырушы бағалау Оқушылар бір- бірін «Менің
жұлдызым»
əдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
|
|
(Ж). «Суреттер сөйлейді»
əдісі Интерактивті тақтадан 4-суреттегі дыбыс колонкалары
көрсетіледі. Оқушылар жұбымен бірлесіп, сол суреттер туралы
əңгімелейді жəне төмендегі сұрақтарға жауап береді.
|
2-тапсырма.
–Суретте қандай дыбыс
колонкалары берілген? (4-сурет)
–Суретте қай нөмірдегі
колонканың жұбы жоқ?
–Сынып бөлмесіне пайдалану
үшін қай колонканы таңдар едіңдер? Ал үйге ше?
Дескриптор:
-
Суретте қандай колонкалар берілгенін
айтады.
-
Суретте жұбы жоқ колонканы көрсетеді.
-
Сынып бөлмесіне жəне үйіне қай
колонканы
таңдағаны туралы
əңгімелейді.
|
Жұптағы оқушылар бір- бірін
тапсырма орындау деңгейіне байланысты
«Менің
жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті
тақта
|
|
(Ө) «Еркін
талқылау»
əдісі
Бұл əдісті шағын топпен,
жалпы сыныппен сондай-ақ жеке оқушының өзімен жүргізуге де
болады.
Нақты құрылымы
болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті
мұғалім көрсете алады.
|
3-тапсырма.
–Дыбысты өңдей білу не үшін
маңызды деп ойлайсың?
–Дыбысқа жасалатын 3 əрекет:
тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін
ата.
Дескриптор:
-
Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды екенін
əңгімелейді.
-
Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу,
өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін атайды.
|
Оқушылар өзін- өзі
«Менің жұлдызым» əдісі бойынша
бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы (7
мин.)
Сабақты
бекіту.
Рефлексия
|
ІІІ. Ой толғаныс.
Рефлексия
(Ұ) «Екі
жұлдыз, бір тілек»
əдісі
Сыныптастарды бағалау
үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды жəне бір тілек айтуды
сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2
зат.
Бір тілек = бұл жақсартуға
болатын нəрсе. Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге
дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың
пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
|
Мұғалім белсенділік танытқан
оқушыларды «Менің жұлдызым» əдісі бойынша
бағалайды.
Сабақтың соңында оқушылардың
қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған
жұлдызшаларын санайды. 5 жұлдызша: Өте
жақсы!
4 жұлдызшы:
Жақсы!
3 жұлдызша:
Талпын!
|