Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш тақырыптарына байланысты сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Информатика

Сабақ: 28 Сынып: 5 «А» Күні: 10.04.2014 ж


Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Фонограф бағдарламасына бару жолдарын үйрету. Фонограф бағдарламасында практикалық жұмыс жасауға үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Сабақты қорытындылау

VII . Бағалау

VIIІ.Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылармен амандасу

2) Оқушыларды түгендеу

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Калькулятор программасын іске қалай қосады?

2. Арифметикалық амалдарды ата?

3. Инженерлік калькулятор ашу әрекетін атаңыз

4. Калькулятордың неше түрі бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту «Жұмбақ есеп»

1 – жұмбақ Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. (4 амал)


2 – жұмбақ. Менің екі ағам бар, олардың әрқайсының екі ағалары бар, ол ағалардың да әрқайсында екі ағадан бар. Бірақ бірінде де қарындас жоқ. Отбасында неше бала бар? (3 ұл)

3 – жұмбақ. Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар? (5 баласы)

4 – жұмбақ. 1) Бір сан ойлаңыз!

2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!

3) Оған 18-ді қосыңыз!

4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!

5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!

6) 3-ке көбейтіңіз!

7) 6-ға бөліңіз!

8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

(Нәтиже үнемі 1 шығады)


Жаңа сабақ


д

қ

а

т

а


ы

ы

қ

т

р

б

т

п

а

д

ы

с

а

р

ы

ө

ң

д

е

у


1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған емес. Техника сияқты, уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды. Дыбыстықтық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар – ол ойнатқыштар, секвенсерлер (дыбысты, мысалы, пернелі синтезатордан жаза алатын), редакторлар.

Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлды тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Center қолданылады. Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар. Ең көп тарағандардың бірі – WINAMP.

Баптауды Есептер тақтасында орналасқан дыбыс реттегіштің контекстік мәзірінен де жүзеге асыруға болады.

Жазылған дыбыстар дыбыс жазу пішімінде (WAV) сақталады.

Дыбысты жазып алған соң, оны былай пайдалануға болады:

  • Windows оқиғаларын сүйемелдеу үшін (мысалы, сендер Windows-ке кіру оқиғасын дыбыстай аласыңдар);

  • Дыбысты құжатқа кірістіру.

Басқа кез келген файл сияқты, дыбыстық файлды көшіруге, атауын өзгертуге, жылжытуға, жоюға болады.

Мультимедиа - бұл компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, әуенді және анимацияларды /қозғалыста болу/ қолданатын бағдарлама.


Мультимедиа компьютерде қолдану үшін қосымша аппаратық жабдықтамалар болу керек. Олар:

1. Колонкалар, динамик, құлаққалқа

2. Микрофон

3. Дыбыс картасы

Picture 4 Picture 2

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама.

Дыбыс енгізу микрофонмен орындалады. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі немесе Internet желісі арқылы жіберуге болады.

Бұл Фонограф бағдарламасын іске қосу үшін мынадай тізбектерді:

Пуск = Программы = Стандартные = Мультимедиа = Фонограф командасын орындаймыз.



Picture 3 Picture 4

Windowsxp қолданбалы мультимедиалық бағдарламалар:

- wav пішімінде дыбыстық файлдар жазуға, өңдеуге, ойнатуға Звукозапись бағдарламасы

- Дыбыстық файлдармен бейнефайлдар ойнатуға арналған әмбебап Windows Медиа ойнатқышы

- Бейнемонтаж құралдары бар Windows Movie Maker бағдарламасы.

Windows Медиа ойнатқышымен мына жазбалар түрлерін ойнатуға болады:

- әуендік компакт - дискілер мен DVD – дискілер

- әр түрлі пішімдегі жергілікті аудио және бейнежазбалар

- интернеттің ағындағы аудио және бейнежазбалар

Windows Медиа ойнатқышы бағдарламасы қосымша қызметтеріне мыналар жатады:

- әуендік компакт - дискіден жолдарды көшіру,

- әуендік компакт - дискілер жазу

- компьютерде мультимедиалық жазулар кітапханасын жүргізу.


V. Жаңа сабақты бекіту:

1 - тапсырма:

Дыбыс файлын құру ретінде кестеде көрсет.Тапсырма оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.

2 - тапсырма:

Фонограф бағдарламасын іске қосу, дауыстарын жазу және оны тыңдау, ойнату (Отан, Ана, Туған жер туралы нақыл сөздер айту)


VI. Сабақты қорытындылау:

1. Дыбыспен жұмыс істеу үшін қандай программалар қолданылады?

2. Дыбысты файлдан құжатқа кірістіру үшін қандай бұйрықты орындау керек?

3. Құжатқа енгізілген дыбысты қалай тыңдауға болады?

4. Дыбыс жазу қандай пішімде сақталады?

5. Жазбаның ең үлкен ұзақтығы қанша?





VII . Бағалау

VIIІ. Үйге тапсырма:

§29 Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш.

200-202 бет оқу. «Фонограф» сөзіне байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

204 беттегі «Тест» жұмысын орындау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12