Дыбыстық талдау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбыстық талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қызықты тиімді ойын ретінде әдіс тәсілдермен құрастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

52. Дыбыстық талдау

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сауат ашу негіздері

Міндеттері:

1. Сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту.

  1. Буындарға буын қосып сөз құрап айтуға жаттықтыру арқылы зейін, есте сақтауларын дамыту.

  2. Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 2 жұмыс дәптері

І. Ұйымдастыру

Топқа бөлу.

І – топ: Дауысты дыбыс.

ІІ – топ: Дауыссыз дыбыс

Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өлең жолдарын оқушылармен бірге айтады.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.



ІІ. Өткенді пысықтау.

Өткен сабақты қайталау мақсатында «Wordwall» әдісі арқылы тапсырма орындалады.



– Балалар, мен сендерге заттардың атын айтпай сипаттаймын. Ал сендер табуға тырысыңдар. «Сипатынан тап»

  1. Бұл – жейтін зат. Ақ, тәтті, қатты. (қант)

  2. Бұл – жеміс. Сары, сопақ, қышқыл. (лимон)

  3. Бұл – аң. Ақ, мамық, құлағы ұзын. (қоян)

  4. Бұл – ойыншық. Домалақ, үлкен, жеңіл.(доп)

Бағалау: Жарайсыңдар!



ІІІ. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»

Мұғалім қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.

Бағалау: Жарайсыңдар!



«ЖИ». Дидактикалық жаттығу: «Буын санын тап»

– Балалар, бейнежазбаға назар аударады. Жазбада айтылған сөздерде буын саны қанша болса сонша рет шапалақ ұрады.

Мысалы: гүл, жүзім, алма, қатық, апорт, от, пима, Ұлбала, қайшы, ұл, ыдыс, т.б.

Бағалау: Жарайсыңдар!





Топтық жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Shape1













Бағалау: Жарайсыңдар!



Тақтамен жұмыс

Суретте берілген торт, ұшақ сөздеріне дыбыстық талдау жасап, дыбыс пен буын санын жазады.

Мұғалім дыбыстық талдау жасау үшін, бір балаланы тақтаға шақырады. Қалғандары орындарында тапсырманы орындайды. Тақтадағы дыбыстық талдаумен дәптердегі жұмыстарын тексереді.

Тақтаға сөдердің сызбасын іледі.

Торт сөзіне дыбыстық талдау жасатады.

Торт –1 буын, 4 дыбыс.

Ұшақ сөзінің дыбыстық талдауы.

Ұшақ – 2 буын, 4 дыбыс.

Shape2









Бағалау: Жарайсыңдар!



Сергіту сәті



Жеке жұмыс

Оқушылар өздеріне берілген қима қағаздағы тапсырманы орындайды

Бағалау: Жарайсыңдар!







Саусақ жаттығуы

Алақанды ысқылап,

Қыздырайық балақай.

Алақаның ысыды,

Қараңдаршы алақай!

Дәптермен жұмыс

Үзік сызықтарды бастыр, жалғастырып жаз.



Мұғалім графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді. Қарындашты қолдарына алғызып, алдымен ауада жаздырады.

Бағалау: Жарайсыңдар!



IV. Сабақты бекіту.

«Wordwall» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін тексеру



V. Қорытындылау.

Рефлексия



Shape3













Мұғалім ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің қызықты өткенін және ұнағандығын сұрап білу.

  • Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сәттерің болды ма? Қай тапсырмада?

  • Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл және қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар және қызықсыз болса, көңілсіз смайлды бояңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі