Қазақ әдебиеті 10-
сынып.
Сабақтың тақырыбы : Дулат
Бабатайұлы
Сабақтың мақсаты : а) Дулат
Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере
отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар
келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге
тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау
арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : жаңа сабақты
игерту
Сабақтың әдісі :
сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі :
кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс
тарих
Сабақтың барысы
:
а) Ұйымдастыру кезеңі
:
Оқушылармен
амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
:
Үйге берілген тапсырманы
сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар
қоямын.
б) Жаңа сабақты
түсіндіру.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде
туып, 1871 жылы дүние салған.
Жырау алғыр, зерек болып
өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат
таниды.
Дулат Бабатайұлының тікелей
өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын
туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық
мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға
болады.
Бұл—ақынның автопортреті.
Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз
ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі
алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының
"байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап,
құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған
білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты
шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық
мысалдар табылады.
Дулаттың өлең-толғауларының
мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең
немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска
өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп
жатады.
Кітаппен жұмыс: Дулат
Бабатайұлының шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре
оқиды.
Білімді
бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты
бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Д. Бабатайұлы өмір сүрген
уақыттағы қазақ елінің жай-күйі,тарихи жағдай қандай
болатын?
-
Дулаттың шыққан ортасы,тегі
туралы қандай ой пікір білдіресіңдер?
-
Д.Бабатайұлы нені айтып
күйінді?
-
Ақынның өз ортасына деген
көзқарасы қандай болды?
Білімді
бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына
,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері
бағаланады.
Үйге тапсырма: Д.Бабатайұлының
өмірі мен шығармаларын оқып келу.