Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жанрлық ерекшелігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№40 орта мектеп (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: |
ІІ бөлім:«Тәрбиенің қайнар бұлағы» |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Утегулова Айала Нусипбаевна |
|
Күні: |
14.11.23 |
|
Сынып: 5 қазақ әдебиеті |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны. |
Сабақтың тақырыбы: |
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жанрлық ерекшелігі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу; 5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; |
|
Сабақтың мақсаты. |
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау. |
|
Бағалау критерийі |
|
|
Ойлау дағдысының деңгейі |
Қолдану |
Сабақтың барысы:
Сабақ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1.Ұйымдастыру кезеңі 5минут |
Амандасу, жағымды ахуал қалыптастыру; Оқушыларды түгендеу. Білу: Алдыңғы білімді еске түсіру. Жеке жұмыс. «Попкорн» әдісі арқылы өткен сабақтағы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Д.Бабатайұлы кім екен? 2.«О,Ақтан жас...» өлеңінде не туралы айтылған? 3.Ақынның үміті неде деп ойлайсыңдар? 4.Өлеңнен қандай құндылықты аңғаруға болады? Мұғалім білім алушыларды сабақтың алгоритмімен таныстырады. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Пәнаралық байланыс пен құндылық туралы айтады. |
-Сәлемдеседі. -0қу құралдарын дайындайды. «Попкорн» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Тапсырма құрылымына байланысты сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсатпен, бағалау критерийімен танысады. |
О қушылардың көңіл-күйін және сабаққа дайындығына ынталандыру сөздері: «Жарайсың, керемет», т.б.; Әр оқушыны сөз маржандарымен марапаттау. ҚБ 1-10 балл.
|
К үн.кз Смарт-фон
|
|||||||||||||||||||||||||||
2.Жаңа сабақты түсіндіру 5минут |
Түсіну: Мұғалім мақсат бойынша қосымша түсінік қалыптастырады. «О,Ақтан жас...»өлеңінің жанрлық ерекшелігін,құндылығын , тәрбиелік мәнін түсіндіреді. «Түртіп алу» әдісі Қажетті мәліметті дәптерге жазып алу ұсынылады.
Білім алушылардың жаңа сабақты меңгергенін тексеру мақсатында «Сұрақтар жаңбыры» әдісін пайдалана отырып, «О,Ақтан жас...» өлеңі бойынша түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақ қойып, жауап алады.
1.Өлеңнің көркемдік ерекшелігі неде?
|
Өз ойларымен бөліседі. Білім алушылар жаңа сабақты түсінеді. Дәптерді ашып, күн ретін, тақырыпты жазады. Қажетті мәліметті дәптерге жазып алады. Білім алушылар ертегі мазмұнымен танысады «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы сұраққа жауап береді. |
Сұрақ-жауап бойынша белсенділіктерін атап, кері байланыс беру. «Жарайсың, керемет», т.б.;Әр оқушыны сөз маржандарымен ынталандыру |
Оқулық 66-71-беттер оқулық
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10минут |
Қолдану: Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады. 1-тапсырма. Жұппен жұмыс.Ақтанның портретін жинақтаңдар.Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдаңдар.Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарастарыңды білдіріңдер.
Дескриптор:
|
Білім алушылар 1-тапсырмада жеке жұмыс жасайды. Ақтанның портретін жинақтайды. Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдап, жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарастарын білдіреді.
Кестемен жұмыс жасайды.
|
Бағалау балы:
Жалпы балл-5 |
Оқулық
66-71-беттер оқулық
Топтама
|
|||||||||||||||||||||||||||
15минут |
Талдау: Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады. 2-тапсырма Топпен жұмыс. «Топтық талқылау» әдісі арқылы өлеңнен тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңдар. Өлеңдегі қолданылу мағынасына талдау жасаңдар.
|
Білім алушылар 2-тапсырмада топпен жұмыс жасайды. «Топтық талқылау» әдісі арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: риторикалық сұрақ, эпитет, риторикалық сұрақ табады. Өлеңдегі қолданылу мағынасына талдау жасайды.
|
Бағалау балы:
Жалпы балл-5 Кері байланыс |
Оқулық, топтама
66-71-беттер оқулық
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
3.Бекіту.
5минут |
Жинақтау: «Түйінді идея» әдісі Мұғалім оқу мақсатына қайта оралады.Тақырыпқа байланысты сұрақ қойып, жауап алу мақсатында сабақты бекіту 1.Ақтан бейнесі қандай сөздер арқылы ашылды? 2.Өлеңде қандай бейнелеу құралдары кездесті? 3.Өлеңнің тәрбиелік мәні мен құндылығы неде? Үйге тапсырма беру 9-тапсырма. Ақтанға өздерің қандай өсиет айтар едіңдер? Ойларыңды қағазға түсіріңдер. Әр білім алушыға жеке-жеке тоқталып бағалайды, кері байланыс береді.Келесі сабақта неге назар аудару керек екендігін ескертеді. Бағалау: Рефлексия . «Құндылық терегі» әдісі арқылы паршаға немесе Pollie қосымшасы арқылы бағалау Жемісі: Ақтанның портретін жинақтадым. Өз көзқарасымды білдірдім.Шығармадан бейнелеу құралдарын анықтадым. Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасай алдым.
Жапырағы: Шығармадан бейнелеу
құралдарын анықтадым.Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына
талдау жасауда қиындық
туындады. Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |