Дулат Бабатайұлының өмірі мен «Өсиетнама» кітабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дулат Бабатайұлының өмірі мен «Өсиетнама» кітабы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Тәрбиенің қайнар бұлағы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дулат Бабатайұлының өмірі мен «Өсиетнама» кітабы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Дулат Бабатайұлының өмір жолы туралы мәлімет алу;

Көпшілігі: шығармаларындағы автор бейнесін анықтау;

Кейбір оқушылар: Дулат Бабатайұлының өмірі мен «Өсиетнама» кітабы туралы ізденіп, автор бейнесіне талдау жасау, автордың әдебиеттегі рөлін анықтау.

Бағалау критерийі

  • Дулат Бабатайұлы шығармашылығымен танысады;

  • Шығарма идеясын қазіргі өмірмен байланыстырады;

  • шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Алдыңғы білім

Дулат Бабатайұлы шығармашылығы

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал.

Қызығушылықты ояту. Өлең кім туралы?

Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ,

Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.

Көзге қораш бойым бар,

Теңізден терен ойым бар,

Шынардан биік санам бар,

Атан өгіз ағызған

Ақылдан алпыс салам бар.

Қорған құрыш сөзім бар,

Бұлттан өтіп, мұнарды

Болжайтұғын көзім бар...

Қайратымнан атым зор

Белгілі атым өлемге.

Қорашсынсаң денемді,

Кеудем – ақыл сарайы,

Кірем десең, кел, міне.

«10 дерек» әдісі

  • Суретте кім бейнеленген?

  • Дулат Бабатайұлы туралы не білесіңдер?

  • Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?

  • Өз беттерімен қандай шығармаларын оқыдыңдар?

  • Жазушы шығармалары өздеріңе ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?

Оқулықтағы мәліметтермен таныса отырып, Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы автор туралы мәлімет береді.

Оқулықтағы мәліметтермен таныса отырып, Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.



ҚБ

















ҚБ





5-сынып «Қазақ әдебиеті»











Сабақтың ортасы

ІІ. Мағынаны тану. Тапсырма: «Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырмаларды орындайды.

1-оқушы-талқылаушы

1. Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 3-4 сұрақ құрастырады.

2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.

2-оқушы-байланыстырушы

1. Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.

2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.

4-оқушы-қорытындылаушы

1.Дулат Бабатайұлы шығармаларының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды.

2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады.

5-оқушы-суреттеуші

1. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы бойынша нақты оқиғаларға қатысты сурет салады.

2.Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады.

(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)

Топтық бағалау.

Дескриптор:

  • Рөлдік тапсырмаға қатысады;

  • Автор көзқарасына қатысты маңызды бөліктерді белгілейді

  • - автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.

  • Өмірмен байланыстырады.

Тапсырма 2.

«Пазл»

О қушылар мәтін мазұнымен танысады. Топта ақылдаса отырып, 4 оқушы шығарманы өзара бөліп алып, шығарманы оқып шығады. Әр оқушы шығарма мазмұнын 1 минуттуан айтып шығады.



Найман-сыбан руы көшіп-қонған, Балқаш пен Аягөз аралығындағы өңірде туған. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оның жазбалары арқылы XVII ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары сақталған.

Дулат Бабатайұлы – өлеңдері типографияда басылып, кітап болып жарық көрген тұңғыш қазақ ақыны. «Өсиетнама» атты алғашқы жинағын 1880 жылы баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.

Дулат өлеңдерінің қолжазбаларын сақтағандар - Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы. Ақын өлеңдерінің 1500-нен астам жолы – теңдесі жоқ рухани мұра.

Ақын өлеңдерінде халықтың ауыр жағдайы, орыс отаршылдығы, олардың жағымсыз қылықтары суреттелген («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға»). 1940-1950 жж. Дулат шығармалары әдеби дау нысанына айналды. Оның шығармашылығын орта мектептерде оқытуға тыйым салынды.


М. Әуезов «Абай жолы» романында оның тәлімгерін Барлас деген жалған есіммен береді. Абай Дулат өлеңдерін мұқият зерттеп, оның кей тұстарын пайдаланған. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Дулаттың болыс жайлы жазған өлеңінің сарыны байқалады. Дулат қазақ поэзиясына ұйқастың жаңа түрін әкелген: «а а а б». Мұны кейін Абай да пайдаланған.

Дулат – сатиралық жанрда қалам тербеген алғашқы ақын. Оның өлеңдері көбінде дидактикалық әрі ғибратты сарында. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев Д. Бабатайұлының барлық шығармаларын жинап, баспаға әзірлеген. 1991 жылы қаламгердің «Замана сазы» атты шығармалар жинағы жарық көреді.

Ақын шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.





Тапсырма 3. «Карусель» әдісі

Әр топтан бір спикер сайланып, басқа топ мүшелеріне барып, өздерінің бөліктері бойынша шығарма мазмұнын айтады. Оқушылар түсінбеген тұстары бойынша сұрақтар қояды.

К ері байланыс

  1. Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?

  2. Тапсырма қаншалықты дұрыс орындалды?

  3. Тапсырманың сәтті орындалуына топ мүшелері қандай үлес қосты?

«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісімен шығармаға байланысты қорытынды ойларын білдіреді.

«Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырмаларды орындайды.




-Рөлдік тапсырмаға қатысады;

-Автор көзқарасына қатысты маңызды бөліктерді белгілейді;

-автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады;

-Өмірмен байланыстырады.




Оқушылар мәтін мазұнымен танысады. Топта ақылдаса отырып, 4 оқушы шығарманы өзара бөліп алып, шығарманы оқып шығады. Әр оқушы шығарма мазмұнын 1 минуттуан айтып шығады.









Оқушылар мәтін мазұнымен танысады. Топта ақылдаса отырып, 4 оқушы шығарманы өзара бөліп алып, шығарманы оқып шығады. Әр оқушы шығарма мазмұнын 1 минуттуан айтып шығады



Әр топтан бір спикер сайланып, басқа топ мүшелеріне барып, өздерінің бөліктері бойынша шығарма мазмұнын айтады.

«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісімен шығармаға байланысты қорытынды ойларын білдіреді.





















ҚБ






















ҚБ


























ҚБ













Тапсырма қағаздары































https://bilim-all.kz/article/4351-Dulat-Babataiuly





Рефлексия


«Блоб» ағашы

С абақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2024
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі