жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы
Бекітемін:
Күні:03.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Тіл – рухани қазына
Мақсаты:А)білімділік: Қазақ тілінің сонау бағзы заманнан бері құнын жоғалтпаған, қадірі түспеген ана тіліміз екендігі туралы білімдерін кеңейту.
Ә)дамытушылық: анық, мәнерлі, таза сөйлеу және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі:
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ:Оқушылар біздер осы кезге дейінана тіліміздің дыбыс, морфема,сөз, сөз тіркесі, сөйлем деп аталатын құрылымы, құрылымдықбірліктері жөнінде оқыптанысқан болатынбыз. Ал енді, тіл туралы ғылымның, оның ішінде сөз мәдениеті деп аталатын тақырыпты ашатын болатынбыз.
«Мәдениет» деген ұғым, әрине, сіздерге бейтаныс емес. Адам игілігі үшін, адамзаттың дамуы үшін жасалған қолтума нәрселердің бәрі мәдениет деген мазмұны терең әрі кең ұғымға саяды. Ал мәдениеттің заттық мәдениеті (материалдық мәдениет, яғни адам баласы өндірген нәрсе), және рухани мәдениет (әдебиет, өнер, фольклорлық туындылар, т.б.), дене мәдениеті деп үш топқа бөлінетінін де білеміз.Мәдениет атаулы, түптеп келгенде, ой-сананың, танымның жемісі, ұжымдық еңбектің нәтижесі.
Тілдің рухани мәдениетке де, заттық мәдениетке де қатысы бар. Өйткені тіл – ойлаудың құралы, танымның құралы , сондай-ақ ақиқат өмірдегі зат пен құбылыстардың таңбасы, оларды танып-білудің құралы. Ол – таным-білімді сақтаудың, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің құралы. Аса көрнекті ғалы Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда: «тіл-құрал».
Ал сөз мәдениеті дегеніміз – тілді құрал ретінде дұрыс, тиімді жұмсай білу, ажарын кетірмей, бедерін бұзбай қолдану жайын қарастыратын лингвистикалық пән.
Тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің сөз мәдениетіне арналған оқулықтарда берілуінің ерекше мәні бар. Өйткені мұндай гуманистік ой-пікірді зердесіне ұялата білген жан мәдениетсіздікке бармайды. Өз халқының қадір-қасиетін ұға білген жаңа ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.
Оқушылармен жұмыс: «Тіл және қоғам» деген тақырыпта пікіралмасу.
Сабақты қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсыра беру: Тіл туралы шағын әңгіме жазып келу.
Бекітемін:
Күні:03.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: XIX ғасыр әдебиеті. XIX ғасыр қазақ елінің тариха әлеуметтік жағдайына сипаттама.
Мақсаты:А)білімділік: XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің таңдаулы өкілдерінің шығармаларымен танысатын боламыз
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі:
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ: Қазақ әдебиеті – қазақ тарихының көркем шежіресі. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздың орны бөлек.
Әдеби туындының тарихи-танымдық әрі тағылымдық-тәрбиелік игі әсерін ескерер болсақ, XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті де сол тұстағы қоғамның әлеуметтік жағдайын, халық тағдырын жан-жақты, сан қырлы сипатта бейнелеуімен ерекшеленеді.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті Шоқан, Ыбырай, Абай секілді көркем ой алыптары бастап іргесін қалаған жазба әдебиет үлгілерімен молыға түсті. Олардың реалистік, демократтық және ағартушылық бағыттағы дәстүр-тағлымы Шәкәрім, Нарманбет, Мәшһүр Жүсіп сияқты ірі ақындар шығармаларынан айқын байқалады. Өнері мен өлең-жырлары өзара тең түсіп, халық аузында «сал», «сері», «әнші», «сазгер» ақындар атанған Сегіз сері Баһрамұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Әсет Найманбайұлы, т.б. өнерпаздар тобының үздік туындылары да осы ғасырдың екінші жартысының үлесіне тиеді
Үйге тапсыра беру:.тақырыпты кеңейтіп оқып келу.
Бекітемін:
Күні:10.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы.Махамбет XIX ғасыр I жартысындағы көрнекті ақын.
Мақсаты:А)білімділік: М. Өтемісұлы туралы білімдерін кеңейтіп оқытамын
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі:ақын портреті, кітаптар
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ: Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді.
Өлеңдері: « Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», « Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс»
немесе Бөкей хандығы аталуы
Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның,әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай туралы не ойларың бар?
-
Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттеледі?
-
Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік,қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?
-
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:10.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Тапсырма орындау
Мақсаты:А)білімділік: Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын орындап, білімді пысықтаймыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: 10-тапсырма.Мәтінді оқып, негізгі ойды тұжырымдап жазыңыздар.
11-тапсырма. Берілген ұлағатты сөздерді оқыңыздар. Мазмұнына қарай бәріне ортақ қандай тақырып қояр едіңіздер?
Мысалы: Сөз зергері.
12-тапсырма. Шешендік сөздерді оқыңыздар. Олардың шешендікке қай түріне (монологтік, диалогтік, полиологтік) тип екенін дәлелдеңіздер. Өз қалауларыңыз бойынша бір шешеннің сөйлеу шеберлігіне баға беріңіздер.
Білімді қорытындылау: орындаған жаттығу жұмыстарын талқылап, өз ойларын ортаға салып, ой бөлісеміз.
Үйге тапсырма: 13,14-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:10.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: «Әдебиет танытқыш» еңбегі
Мақсаты:А)білімділік: А. Байтұрсыновтың шығармаларын толықтырып оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы өзінің әйгілі «Әдебиет танытқышын» кітап етіп бастырып шығарды. Бұл біздің жыл санауымыздан 326 жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің «Поэтикасы» тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.
Егер Лессинг өзінің «Гамбург драматургиясында» Аристотель «Поэтикасын» мінсіздік тұрғысынан «Евклид элементтерімен» қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік.
Мұның мәнісі-екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы «әліп-билері». Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне соғұрлым ұқсас болады. Мұның өзі уақыт пен кеңістікке тығыз байланысты тарихи категория: уақыт өтсе, кеңістік өзгерсе, бұл да адам танымастай өзгеріске ұшырайды.
Айталық, Эсхил трагедиясындағы мифтік құдайлар өліп жатқанда, шетінен еңкілдей жылаған гректер Лукиан комедиясындағы өлімге жамырай күлген.
Тарихтың бұлай жылжу себебін Маркстен артық айту қиын: «Адам баласы өзінің өткеніменкүліп қоштасып отырған».
Туған топырағымыздағы әдебиет теориясының басы болып табылатын «Әдебиет танытқыштың» айта қалғандай қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы дәл осы арада деп білген жөн.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы әдеби терминдердің басым көпшілігінің баламын ойлап тапқан да – Ахмет Байтұрсынов; көріктеу, кейіптеу, ауыстыру, алмастыру, түйіндеу, түйдектеу, айқындау, айшықтау, т.б. – осылардың бәрі Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін еңбегінің әдебиет аясындағы нақты да затты көрінісі.
Сонымен, «Әдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы – осылайша әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.
Бекітемін:
Күні:10.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Египет пен Ассирияда , Вавильон мен Үндістанда да шешендік сөз ежелден-ақ жоғары бағалағанмен, Эллада шешендіктің отаны ретінде саналады. Ежелгі Грецияда ол жүйелі дамып, оның теориясы тұңғыш рет қалыптасқанды.
Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда Элладаның қалаларында шебер сөйлеудің дамуына қажетті алғышарттар пайда бола бастады. Халықтық жиындарда саясаткерлер өзінің сөзін өтімді етудің сан алуан тәсілдерін пайдаланып, халықтың назарын өзіне аударудың амалдарын жетік білуге мүдделі болды. Мұндай жиындарда тек саяси мәселелер ғана емес, сот та жүріп жататын.Кімнің сөзі өткір, әсерлі болса, көпшілік соны жақтайтын. Осылайша сөз құдіретімен адамдар тағдыры шешіліп жататын.
Ежелгі Грецияның қоғамдық өмірінде саясаткер – халыққа, әскербасы – әскерлеріне, жеке адамдар – сотта, басқа да толып жатқан мерекелік жиындарда, кездесулерде жеке адамдардың топ алдында сөйлеуі қажет болды.Дәл осы кезде көркем тілдің жүйесін, заңдылықтарын ақылы түрде үйрететін софистер пайда болды. Олар шешендік сөздің қай түрін де шебер меңгерген, логиканың заңдарын, айтысу өнерін, тыңдарманға әсер етудің тәсілдерін терең білетін адамдар болды. Олар үнемі сөздің қасиетін жоғары бағалап отырды, сөзді тіршіліктің тұтқасы деп таныды. Софистер жекелеген адамдарды тек шебер сөйлеуге үйретумен ғана шектелген жоқ, олар шешендің өнердің негізін қалады, олар шешендіктің ғылыми теориясын жасады. Софистердің пікірінше, шешеннің мақсаты – шындықты ашу емес, сендіру. Софистердің мақсаты – «әлсіз пікірді күшейту». Сондықтан да олар софизмді – ойластырылған жалған тұжырымды негіз етіп ұстанды. Қарсыласқа тойтарыс берудің алуан түрлі жолдарын ашқан да софистер болды.Олар сөздерді көркемдеудің сандаған тәсілдерін де ойлап тапты. Софистердің дәуірінде шешендік өнер «барлық ғылымның патшасы» деп бағаланды.
Сократ пен Платон шынайы Сөздің теориясын жасаушылар. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт -ұстанушылардың бірі ежелгі грек философы Сократ болды(б.з.д 470-399ж ). Сократ абсолюттік шындықты адам танымынан жоғары қойды.Ол софистердің сөздің күшімен көпшілікті «жаулап алу» туралы қағидаларына қарсы болды. Сонымен бірге Сократ софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады, ол: «ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен пара-пар» деп есептеді.
Сократтың ойларын оның шәкірті Платон (б.з.б 427-347ж)жалғастырды. Ол софистердің риторикасын ғылым ретінде жоққа шығарады. Ол шындық білімге негізделген шынайы сөзді ұстанды. «Федр» атты диалогінде ол бозбала Федр мен философ Сократты әңгімелестіре, пікірлестіре отырып, өзінің шешендік туралы ойларын ұстазының пікірімен кіріктіре отырып баяндайды. «Кез келген нәрсе туралы пікір білдіру үшін, ең әуелі ол туралы не айтуың керекекенін анық біл», «сөз болатын я жазатын жай туралы нақты шындықты білмейінше, сөз өнері туралы бір нәрсе деу қиын», «шындықты білмеген адамның шешендігі күлкілі әрі бейшара халге ұшырайды» деген пікірлерін білдірді.
«Диалогте» сөздің құрылымы туралы анық та дәл түсінік берілген: онда сөздің кіріспесі, баяндауды, дәлелдемесі, ең соңында қорытындысы болатынына көңіл бөлінген. Бұларға қосалқы бөліктердің болуы мүмкіндігін де ашып көрсеткен.
Платонның шешендік сөз теориясына ең бағалы үлесі ретінде сөздің адам жанына , ішкі дүниесіне әсер етуі туралы идеясын атауға болады. Ол шешеннің өз сөзінің түріне қарай тыңдармандарға да әсер ету мүмкіндіктерін ойластырудың қажеттігін дәлелдеді.Қайда, қалай сөйлеген ұтымды деген сауалдыңжауабына лайық сөз айтуға назар аудартты. Заттардың мәнін тану арқылы адам ол туралы шындықты білсе, адам жан дүниесін тану арқылы өз пікірін тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізетінін тұжырымдаған да Платон болды.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні: 11.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру: Бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Махамбеттің ат жалын тартып мінгеннен бастап, өмір бойы асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сыйынып өткен адамы – Исатай. Исатай-басшы, бұл-қосшы боп, зұлмат күштермен күресте өткен небір қысылшаң кез, қиын сәттерде де, тіпті араларында пікір қайшылықтары болғанда да, аса қызу мінезді ақын бірде-бір рет көтеріліс көсемінің бетіне келіп көрмеген. Исатайды батыр қолбасшы, көсем ретінде ғана емес, айдынды азамат, ақылы кемел кемеңгер, түр-келбетіне дейін келісті кісі ретінде де өте жоғары бағалап, ерекше құрметтеген, шын жүрегінен жақсы көрген.Азаматтың бойында болуы мүмкін бүкіл барлық асыл қасиеттерді Исатайдың тұрпатынан тапқан. Сондықтан да болар, Махамбет өлеңдерінің Исатайға жанаспайтыны некен-саяқ. Ол – олма, Махамбеттің аса қуатты талантынан туған ең үздік туындылары Исатай жайында.
Исатай бейнесі Махамбет өлеңдерінде бірден-бірге сатылап, әр қырынан ашыла түсті. Соның бәрі жинақтала, қосыла келіп, толыққанды біртұтас образға айналады. Махамбет 30-жылдардың бас кезінде жатқызылып жүрген өлеңдерінің бірінде:
Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі,
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
Нетесің, тақсыр, табалап.
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырына паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңына ерсем ағалап,-
деп, Исатай мен хана арасының суысып, батырдың шеттетілуіне қатты өкінеді.
![]()
Исатайға арнап шығарған өлеңдері
![]()
![]()
Сабақты қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін, ақынның «Тарланым» өлеңінен үзінді жаттап келу.
Бекітемін:
Күні:11.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: тапсырма орындау
Мақсаты:А)білімділік: Өткен тақырыбымызды пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын орындап, білімді жинақтаймыз
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: 12-тапсырма.
Шешендік сөздерді оқыңыздар. Олардың шешендіктің қай түріне (монологтік, диалогтік, полилогтік) тән екенін дәлелдеңіздер. Өз қалауларыңыз бойынша бір шешеннің сөйлеу шеберлігіне баға беріңіздер.
Оқулықта ұлы ақын Абайдың өнегелі сөзі, Абай мен Жанқұтты шешеннің, Әйтеке мен Байтілестің, Қаржас Шорман бидің шешендік сөздері берілген.Оқушылар кітаптан өз беттерінше оқып, шешендіктің қай түріне жататындығын ортаға салады.
13-тапсырма.
Шешендік сөздер жинақтарынан полилогтық шешендікке құрылған мысалдарды тауып жазыңыздар. Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.
14-тапсырма.
Шешендік сөздер бойынша тест құрастырыңыздар. Тест сұрақтарын сөйлеу әрекетінің айтылым түрі бойынша жасаңыздар.
Үлгі: (айтылым)
Бөлтірік пен Қазыбектің танысуы
-Ата, шақшаңыз ненің мүйізінен жасалған?-дейді бала таңырқап.
-Қоянның мүйізінен еді, шырағым.
-Қураған жердің адамы екенсіз-ау!-дейді бала шегін тартып. –Қураған жердің қоянының мүйізі де қу тұтам болады екен-ау! Біздің жердің қоянының мүйізінен шақша емес, шаңырақ шығар еді.
Қарт сөзден жеңіледі. Баланың тапқырлығына риза болып, ақ батасын береді.
(«Бөлтірік шешен» кітабынан.)
-
Бала мен қарт не туралы сөйлесті?
А)қоян; В)мүйіз; С) шақша; Д) шешендік.
2. Қазыбек би балаға не үшін бата берді?
А) жақсы көргендіктен; В) тапқырлығы үшін; С) аяғандықтан; Д) өтірік айтқандықтан.
Сабақты қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 14-тапсырманы аяқтап келу.
Бекітемін:
Күні:11.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Мысалмен айтқан көп ойлар. «Қырық мысал» аудармасы
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Енді Ахмет Байтұрсынов мұраларының негізгі арналарына тоқталайық. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ – орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. Бұрынғы ескі – ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысао арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен шығармалар арқылы әлеуеттік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов (1768-1844) туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909жылы Петербургте бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан, ұғымды идея, үшінші жағынан , қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегілір тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Енді қазақ оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа мәтініне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады.
Арнайы зерттелген, ғалымдардың көрсеткен деректеріне жүгінсек, Иван Андреевич Крылов, Эзоп (біздің дәуірімізге дейін VI ғасырдаөмір сүрген грек мысалшысы), Лафонтен (1621-1695 жылдары өмір сүрген француз мысалшысы), Федр (I ғасырда өмір сүрген рим мысалшысы) мысалдарының сюжетін пайдаланғанын көреміз.
Екі жинақ - «Қырық мысал», «Маса» - қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды. Бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.
Оқулықпен жұмыс: оқулықтан тақырыпты балалар «өзін-өзі оқыту» әдісі арқылы оқытып,өз ойларын талдатаыз.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп,сабақты аяқтаймын.
Үй тапсырмасы: «Қартайған арыстан» мысал өлеңін оқып, жаттап
келуге беремін
Бекітемін:
Күні:12.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – түпкі түрін сақтаған байырғы тіл.
Мақсаты:А)білімділік: қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі мен қолданылу аясы туралы білімін кеңейту.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес.Оның шыққан ата тегі бар. Қазақ тілі түркі тілдері деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. Бір негізден өрбіп, түркі ана тілінен тарағандықтан,әзірбайжан, балқар, башқұрт, ғағауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек, саха (якут), татар, тофалар, туба, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш, хакас тілдері – түркі тілдері деп аталады. Қазақ тілінің түркі тілдерімен туыстас болатын себебі ай, тәңір,көк, жер, су тәрізді зат есімдер,бас, тіс, көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары,ақ, қара, көк, сары, қызыл тәрізді сын есімдер, ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер, бар, кел, жүр, ұш, отыр, жат тәрізді етістік, апа, қарындас, ата, келін, қайын,т.б. сияқты туыстық атаулар ортақ болып келеді. Өірлік мәні бар мұндай атаулар, әдетте, ауыс-түйістікке жатпайды, сондай-ақ олар түркі тілдерінің бір негізден, бір ата тілден тарағандығының белгісі болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен негізгі септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып келуі олардың бір ата тілден тарағандығын, туыстығын көрсететін ең сенімді тілдік деректер болып табылады.
Басқа түркі тілдерінде (б), (Ғ), (Г) дыбыстары келетін орындарда қазақтар (У), (К), (Қ) – дыбыстарын қолданады:
Аба-ауа,тағ-тау, гелді-келді, ғырмызы-қырмызы;
Басқа түркі тілдерінде (ш) дыбысы келетін біраз сөзде қазақтар (с) дыбысын қолданады: баш-бас, таш-тас, т.б.
Басқа түркі тілдерінде сөз басында (Й) келетін жерде қазақ тілінде (Ж) дыбысы айтылады: йаш-жас, йол-жол, йаз-жаз, йыл-жыл, т.б.
Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың созыңқы түрі болса, қазақ тілінде ол жоқ: тау-тоо, ат-аат, т.б.
Жаттығу орындау: 3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын ауызша айтып беріңіз. Осы мәтін мазмұнының қазақ халқының өзінің, тілінің түпкі тарихымен қандай сабақтастығы бар екенін айтыңыз. Мәтінде кездесетін ру-тайпа, тайпалық одақ атауларын (бұлар лингвистика ғылымында этнонимдер деп аталады) теріп жазыңыз.
Мәтіндегі жалқы есімдерге талдау жасаңыз, олардың қандай мағыналық топтарға бөлінетінін көрсетіңіз.
Ашина атауы ен Сүйінбай ақын айтқан «бөрі басы» ұран және «бөрілі байрақ туы» арасында қандай байланыс бар? Соған тоқталыңыз.
4-тапсырма. Көшіріп жазып, кестеден қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен дыбыстық айырмашылығын тауып, ауызша баяндаңыз.
Жұлдыз, тас сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
|
Тілдер |
Сөздер |
|||||
|
Қазақ |
Көл |
жұлдыз |
Төрт |
мен |
Тас |
Қолдар |
|
Ноғай |
Көл |
Юлдыз |
Дөрт |
мен |
Тас |
Қоллар |
|
Қарақалпақ |
Көл |
жұлдыз |
Төрт |
мен |
Тас |
Қоллар |
|
Қырғыз |
Көл |
жылдыз |
Төрт |
Мин |
таш |
Қолдар |
|
Татар |
Күл |
Йолдыз |
Дүрт |
мин |
таш |
Куллар |
|
Башқұрт |
Күл |
Йондыз |
Дүрт |
мен |
таш |
Құлдар |
|
Өзбек |
Көл |
Юлдыз |
Турт |
мен |
таш |
Құллар |
|
Ұйғыр |
Көл |
Юлдыз |
Төрт |
Мән |
таш |
Каллар |
|
Әзірбайжан |
Көл |
улдыз |
Дөрт |
мән |
таш |
галлар |
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 5,6-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:12.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11 (I)
Сабақтың тақырыбы: С. Көбеев өмірі мен ағартушылық қызеті
Мақсаты:А)білімділік: Спандияр Көбеевтің өмір жолы мен өнердегі орны туралы оқып танысамыз
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Спандияр Көбеев – Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Ыбырайға еліктеп , ол да ұстаздық қызметін ағартушылық идеяны дамыту үшін пайдаланған, қазақ халқы ішінде озық елдердің мәдениетін, әсіресе орыс әдебиетін насихаттаған, сол арқылы Спандияр ұлы Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтық, ағартушылық бағытты әрі қарай жалғастыруды және жаңа жағдайға лайық дамытты.
Спандияр 1978жылы 1қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты №3 ауылда (қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданы) туған. «Менен бұрын бес баласы, бір қызы бар ата-ана мен дүниеге келгенде, сірә, қуана қоймаған болу керек,-дейді жазушы естелігінде. – Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз: «Сен әрі суық, әрі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің», - деуші еді».
Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен(етік тігу, балташылық кәсіп,т.б.) күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының қалыптасуына да әсер еткен.
Спандияр мектеп жасына жетіп қалған кезде ауылда «Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады» деген хабар тарап, әкесі баласын осы мектепке орналастыруды арман еткен. Бірақ мектеп ашу ісі созылыңқырап кетеді де, Көбей тоғыз жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. Алайда діни-схолостикалық мектептің қатал тәртібіне шыдай алмай, Спандияр оқуды тастап кетеді.
1887 жылы уәделі Ыбырай мектебі ашылады да, Спандияр ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 жылы бітіреді. Содан кейінгі жылдары Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық болыстық мектепте (1892-1895), Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.
Болашақ педагог-жазушы бұдан кейін тағы да оқып, мұғалім болып шығуды армандайды. «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы болаын деген ынта-ниетімді енді біржолата баянды етіп бекітті»,-дейді ол. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп (1898) оқиды. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалім болып шығады.
Оқулықпен жұмыс: оқулықтан бүгінгі тақырыпты өз беттерінші оқытып, түсініктерін ортаға салып, ойқозғайды.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:12.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі (факультатив)
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11 (I)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі
Мақсаты:А)білімділік: қазақ шешендік өнеріндегі белгілі билер мен шешендер туралы оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі XIV-XVI ғғ. қамтиды да, оған Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерін жатқызады.тарихи әңгімелерде Асан қайғы, негізінде, қазақ хандығын құрысқан, нығайтысқан және туған елі үшін қолайлы қоныс іздеген халық қамқоры ретінде, жер, ел және қоғам туралы болжамдар айтқан сәуегей философ бейнесінде сипатталады. Асан туралы аңыз оның қазақ елінің атынан көршілес елдің ханы Еженге елші болып баруынан басталады.
Асан қайғы туралы Қазақ Совет энциклопедиясында былай делінген: «Алтын Орданың ыдырауында өмір сүрген Асан қайғы алдымен сарайда, кейін Қазанда ұлы Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған қазақ мемлекетінде Жәнібек, Керей хандардың төңірегінде өтеді».
Асан қайғы қазақтың рулары мен ұлыстарын әр жерге орналастырғаннан кейін, енді хандықтың орталығына, қала-астана салып орнығуға лайықты жер іздейді. Асан қайғының аса маңызды еңбегі – желмая мініп, жеті жыл жер-дүниені кезіп, ел-жұртына жайлы қоныс іздеп табуы және тапқан жеріне шаруашылыққа жайлы, жайсыз ерекшеліктері қасиеттерін көрсететін сын айтуы. Асан қайғының осы сыны шешендіктің үлгісі ретінде танылады.
Қазақ аңыз-әңгімелерінің белгілі бір кейіпкері Жиренше шешен атынан айтылатын шешендік, тапқырлық сөздер мен аңыздар ерекше өткірлігімен, тілінің шеберлігімен қзге аңыз-әңгімелерден оқшау тұрады. Жиренше қазақ шешендерінің пірі, үлгісі саналған. Оның атымен байланысты сөздер мен әңгімелер, әдетте,Әз Жәнібектің айналасында өрбиді.
Осы кезеңге Алтын Орда хандығының бас биі, данышпан шешен Едігені де жатқызуға болады. Н. Төреқұлұлының зерттеуінде Едіге Құтлу Қабанұлы – 1352-1419 жылдар аралығында Қаратаудың теріскей беткейіндегі Құмкент шаһарында ғұмыр кешкен әйгілі би.
Едігенің әкесі ел билеген. Ақ Орда әмірі болған. Құмкент шаһарын орталық еткен. Едіге жас кезінен-ақ әкесіне ілесіп жүріп, ел басқаруды үйреніп ер жеткен.
Едіге Алтын Орда ханы Тоқтаыспен тұстас болған. Ал Тоқтамыстың 1380-1395 жылдары Алтын Орданы билегені, Сауран, Сығанақ шаһарларын орталық еткені тарихтан белгілі, Едіге сол Тоқтамыспен тізе қосып кейін Еділ, Жайыққа дейінгі жерді өзіне қаратып, Ноғай ордасының негізін қаласады. Алтын Орда хандығын 15 жылдай билейді. Ноғайлы ордасын кеңейтеді.
Дала перзентінің бойындағы даналық бұғанасы қата бастаған шақта-ақ белгі берген. Бізге жеткен аңыз-әңгімелерде Едігенің хан алдында қаймықпаған қайсарлығы, ақыл мен пайым-парасаттылығы турасында көп айтылады.Ел жадындағы Едіге – әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі ақылгөй дана. Сондықтан халық арасында «Ел қамын жеген Едіге» деген қанатты сөз бен:
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Ел шетіне жау келсе,
Мен барайын дер екен,-
деген жыр жолдары бар.
Тапсыра орындау: 10-жаттығу. Мәтіндердің мазмұнын өтіліп жатқан тақырыппен, тақырыптағы берілген ғылыми түсінікпен байланыстыра әңгімелеңіздер.
Әз Жәнібек жайындағы білімдеріңізді саралап, диалогқа түсіріңіздер.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды марапаттап, сабақты аяқтаймын.
Бекітемін:
Күні:12.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12 (II)
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы
Мақсаты:А)білімділік: Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Аристотель. Шешендік туралы Платонның ойларын жан-жақты даытқан оның шәкірті Аристотель болды. Ол б.з.д. 384-322ж. өмір сүрді. Ол ұстазының академиясында 20 жыл бойы тағылым алды. Ол атақты қолбасшы Александр Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. Аристотель өмірінің соңғы кезеңдерінде Ликей деп аталатын жекеменшік мектеп ашты, онда түске дейін философия, түстен кейін өнер бойынша дәріс берді. Оның бізге жеткен «Риторика» атты еңбегінде бұл ғылымды егжей-тегжейлі зерттейді.
Үш кітаптан тұратын бұл еңбегінде шешендік өнердің пәні, шешендік сөздің түрлері, сөйлеуші мен тыңдаушының арақатынасы, сөз өтімділігінің шарттары, сенім қалыптастырудың жолдары жөнінде сөз болады. Аристотел мұнда стильге ерекше мән береді. Стиль арқылы адамға әсер етудің мүмкіндіктерін қарастырады.
Цицерон. Ежелгі Грецияның мәдениеті, оның ішінде шешендік өнер жөніндегі табыстар Ежелгі Римде жақсы қабылданды. Б.з.д. I ғасырда ерекше дамыған шешендік өнердің басында Цицерон «б.з.д. 106-43ж» тұрды. Цицеронның түсінігі бойынша, шешендік өнердің негізі-пән туралы терең білімнің болуы деп есептеледі, мазұны терең болмайынша, сөзде мән де болмайды деп түйіндейді ол.
Квинтилиан. Шешендік өнердің қыр-сырын мейлінше нақтылай түскен Марк Фабий Квинтилиан(б.э.д.35-100ж) болды. Ол он екі кітаптан тұратын «Шешендік тәлім» атты еңбегінде шешендіктің теориялық та, практикалық та мәселелерін егжей-тегжейлі таратып көрсетті.
Тапсырма орындау: 5-тапсырма.Әр автордың сөзінің мағынасын таратып айтыңдар. Әр пікірдегі ойдың Ежелгі Грек, Ежелгі Римдегі шешендіктің теориясын негіздеген ғалымдардың пікірімен ұқсас жақтары бар ма? Салыстырып, өз ойларыңды дәлелдеңдер.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты кеңейтіп оқып келу.
Бекітемін:
Күні:13.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – жазба мәдениеті бар тіл.
Мақсаты:А)білімділік: қазақ тілінің жазба әдебиетіндегі орны мен мәдениеті туралы оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Ана тіліміздің даму барысында қандай кезеңдерден өткені, қай бағытқа қарай бет бұрғаны, әлемдік мәдениетпен қандай тілдік байланыста болғаны жазба ескерткіштердің тілдік деректерімен салыстыру арқылы айқындалады.
Түркі тілдерінің көбіне ортақ болып табылатын аса маңызды тариха жазба мұралары негізінен үш дәуірге бөлінеді.
1.Көне түркі дәуірі (III, V-VIIIғасырлар). Бұдан мың жарым, екі мың жыл бұрынғы көне түркі жазуымен тасқа жазылған жазба дүниелердің түркітану, шығыстану ғылымында тілдік, тарихи, мәдени маңызы айрықша. Әсіресе V-VIII ғасырлардағы Талас, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі мәдениетінің биік деңгейде болғанын көрсетеді. Көне түркі дәуіріне жататын жазба мұраларға түркі қағанатының (мемлекетінің) ел құраған қайраткерлері мен ел қорғаған қолбасылары Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін, Мойынчордың басына қойылған ескерткіштердегі жазба мұралар жатады.
Аталмыш ескерткіштерде қазіргі түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде қолданылатын көптеген сөз, жер-су атаулары, аспан денелері, кісі есімдері тәрізді ономастикалық атаулар молынан ұшырасады. Қазақ тіліндегі қосымшалардың, сөз тіркестерінің тарихы көне түркі дәуіріне, тіпті одан да арғы кезеңдерге барып тіреледі.
2.Орта түркі дәуірі. Бұл дәуір екі кезеңнен тұрады: Қараханид және Алтын Орда кезеңі.
Қараханид кезеңі. Аталмыш кезеңдерде араб мәдениеті әлемдік мәдениеттің көш басында болып, ғылым мен білімнің, әдебиет пен өнердің, ізгілік пен даналықтың өрістеуіне жол ашып, соны серпін берді. Ғылымның жаратылыстану, медицина, философия, т.б. салалары ерекше дамыды. Әлем мәдениетінің інжу-маржаны саналатын көркем туындылар мен философиялық трактаттар дүниеге келді. Отырардан шыққан отандасымыз ғұлама ғалым әл-Фараби ғылымның жарық жұлдызы болды.
Ислам мәдениеті түркі халықтарының мәдениетіне, тіліне айрықша әсер етті. Түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тілінде ғалам, хакім, ғылым, рақым, махаббат, ғарыш, т.б. толып жатқан дерексіз ұғымдағы атаулар енді.
Алтын Орда кезеңі. Аталыш кездегі тілдік ерекшеліктерді көрсететін Хорезмидің «Мұххабатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау-Шырыны», Сайф Сарайидің «Гүлістан-бит түркиі», Рабғузидің «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ жазбаларының бірі – «Кодекс куманикус» сөздігі жатады. Бұл кезең мерзімдік жағынан XII-XV ғасырларды қамтиды.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Пән мұғалімі: Ерқожаева А
Күні: 13.09.2018
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11(I)
Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев
« Қалың мал » романы
Сабақтың мақсаты : а) оқушының роман туралы түсінігін молайту,ой жинақтау;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау ,топтастыру
Сабақтың көрнекілігі : таблицалар, суреттер, кубик
Пәнаралық байланыс : тарих
І Ұйымдастыру
ІІ Кіріспе сөз:
-
Мұғалім сөзі
-
Шығарманың құрылымын талдау:
А) Шығарманың басталуы;
Ә) Оқиғаның дамуы;
Б) Оқиғаның шиеленісуі;
В) Оқиғаның шарықтау шегі;
Г) Оқиғаның шешімі.
Оқушылар баяндайды, талдайды.
ІІІ Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі. Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.
Тапсырма. Қызығушылықты ояту
«Топтастыру стратегиясы»
|
Тапсырма |
Тапсырма жауабын толтыр |
әдіс-тәсіл |
|
1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің? |
Жастар тағдыры |
Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытынды айту.
|
|
|
|
|
Семантикалық картаны толтыр.
|
Оқиға шешімі |
Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады. |
Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді. |
Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді. |
Боранды күні қыз өліп,қалтасынан хат табылды. |
Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті. |
|
шығармалар |
|||||
|
Еңлік-Кебек |
|
|
|
|
|
|
Қозы Көрпеш-Баян сұлу |
|
|
|
|
|
|
Қалың мал |
|
|
|
|
|
|
Қалқаман-Мамыр |
|
|
|
|
|
|
Бақытсыз Жамал |
|
|
|
|
|
Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»
|
тапсырма |
Әдіс-тәсіл |
Тапсырма жауабын толтыр |
|
А) Суреттеңіз |
Образ жүйесін талда, басты кейіпкерді суреттеп беріңіз. |
Ғайша, Қожаш, Итбай Тұрлығұл |
|
Ә) Салыстырыңыз. Венн диограммасын толтыр
Жамал Ғали Ғайша Қожаш Ортақ қасиеттері
|
|
Б) Зерттеңіз. |
Тест жұмысын белгілеңіз. |
|
|
1. драма 2. проза 3. поэзия 2. «Е, Құдай! Менің де тілегімді беріп, байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!» 1. Тұрлығұл 2. Итбай 3. Байғазы 3. «Қалың мал» романы қай жылы басылды? 1. 1910 ж. 2. 1909 ж. 3. 1973 ж. |
В) Қолданыңыз. Мәтіннен алынған үзіндіні рөлде ойнап бер.
|
Г) табыңыз |
Романда қолданылған мақал-мәтелді тап. |
Мақал-мәтелді жазыңыз |
|
|
|
|
|
Ғ)Талқылаңыз |
Пікір айтыңыз |
Пікір жазыңыз |
|
|
|
|
Ойтолғаныс сатысы.
-
Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)
-
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
-
Өлең шығару.
Сабақты қорыту. Мұғалім сөзі. Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстыра отырып сөзжұмбақ шешкізу.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Бекітемін:
Күні:13.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Тапсырма орындау.
Мақсаты:А)білімділік: өткен тақырыбымызды пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын орындап, білімді пысықтаймыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:
6-тапсырма.
-
Энциклопедиялардан я арнаулы зерттеу еңбектерінен Ежелгі Греция, Рим шешендері туралы ағлұмат жинап, реферат жазыңдар.
-
«Шешендік өнердің отаны» деген тақырыпта пікір алмасыңдар.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, үй тапсырмасын белгілеп беріп сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.
Бекітемін:
Пән мұғалімі: Ерқожаева А
Күні: 13.09.2018ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 12(II)
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы . Қаламгердің көсемсөзі
( 1873-1938 )
Сабақтың мақсаты:
а) Ахмет мұрасын тереңдей оқып үйрету.Өлеңдерінің мазмұнын меңгерту,көркемдік ерекшелегін ашу.Көркем поэзияның,сөз өнерінің құдіретін таныту;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;
б) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс ітеу дағдыларын дамыту;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Хронологиялық таблицамен жұмыс
|
1873 ж. |
Қостанай облысы,Торғай алабындағы Сарытүбек жерінде туған |
|
1882-18884 ж. |
өз ауылында хат танып, сауат ашады |
|
1886-1891 ж. |
Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша учелищеде оқиды |
|
1891-1895 ж. |
Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді. |
|
1909 ж. |
өкіметке қарсы деген жаламен Семей абақтысына жабылады. |
|
1910 ж. |
Қоғамдық-саяси,ағартушылық жұмыстары басталады |
|
1913-1918 ж. |
«Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. |
|
1918-1919 ж. |
Қазақ елінің болашағы,тәуелсіздігі үшін қызмет етеді. |
|
1937 ж. |
Сталиндік жаппай жазалау науқанына ұшырайды. |
|
1938 ж. |
өлім жазасына кесілген |
Топтастыру стратегиясы:
Ахмет шығармалары
Мысал өлеңдері өлеңдері![]()
![]()
Мақалалары
еңбектері
Кітаппен жұмыс : Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
-
А. Байтұрсынов қазақ әдебиеттануының негізін салушы деп не себептен айтылады?
-
А. Байтұрсынов не себепті араб қарпімен қалайық деді?
-
Ахмет еңбегіндегі оқу-білім жөніндегі айтатын насихаты қандай?
-
Ахмет қазақ халқын кімдермен салыстырады?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Ахмет және қазақ әдебиеті» тақырыбында реферат жазып келу
Бекітемін:
Күні:17.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – жазба мәдениеті бар тіл.
Мақсаты:А)білімділік: қазақ тілінің жазба әдебиетіндегі орны мен мәдениеті туралы оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Жаңа түркі дәуірі – XVғасырдан қазірге дейін. Жаңа т.ркі дәуірінің бастапқы кезеңінде (XIV-XVғғ.) көптеген түркі этностары тайпалық одақтар мен ру-тайпалық бірлестіктер, мемлекеттілігінің болуымен, елдікке жетуімен байланысты халық, ұлт болып қалыптаса бастады. Осы кезеңнің өзінде-ақ қазақ тілінің халық, ұлт тілі ретіндегі бейнесі айқындала түсті. Алтайдан Атырауға дейінгі күллі қазақ ру-тайпаларының бәріне ортақ сөздік қоры мен сөздік құрамы, сөйлем жүйелерінің құрамы, сөйлем жүйелерінің түрлері, дыбыс құрылысы болды. Басқаша айтқанда, халықтық, ұлттық тілдің біртұтас сомдалған өзегң қалыптасты. Бұлар халық тілінің тұрақты элементтері деп аталады. Әрине, халық тілінің содалған өзегінен тысқарылау жатқан, әр жерде әр түрлі дыбысталатын (киіз – кигіз, құман - құмған) әр түрлі ұғынылатын там «үй», там «мола»,т.б. тәрізді элементтер кездеседі. Бұлар белгілі бір аймақта ғана кездеседі. Халық тіліндегі ортақ элементтерге қарағанда қолданылатын шекарасы бар шеткері элементтердің саны мүлде аз, жуық шамамен жеті-сегіз пайыздан аспайды.
Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде қазақ қоғамында араб жазуы қолданыла бастады. Жазу-сызудың бұл түрі Орта түркі дәуіріндегі, Алтын Орда кезеңіндегі жазба ескерткіштер тілінің негізінде пайда болды және сол кезеңдердің емле үлгісімен жазылды. Яғни, халық тілінің, сөйлеу тілінің дыбыс жүйесіне негізделмеген болатын. Лексикалық жүйесінде жұртшылыққа бейтаныстау араб, парсы сөзі көп кездесетін. Дегенмен бертін келе халық тілінің, сөйлеу тілінің элементтері аталмыш тілдің дыбыс, сөз жүйесіне бірте-бірте ене бастады. Сөйтіп, біршама халық тілінің дыбыс, сөз ерекшеліктерін бейнелейтін қолданыстар қалыптасып, жүйелі түрде жұмсала бастады. Сөйтіп, қазақ қоғамында ескі қазақ жазба тілі деп аталатын жазба тілі қалыптасты.
Жаттығу орындау: 7-тапсырма. Қазақ оғамы осы кезге дейін қандай жазу-сызуларды қолданды? Орхон жазуын қолданған ру-тайпа бірлестіктерін атап көрсетіңіз. Орхон жазуы қай елдерде, қай жерлерде кездеседі?
Жалқы есімдерді теріп жазып, бірнешеуіне морфологиялық талдау жасаңыз.
8-тапсырма.
Қорқыт кім болған? Оғыз-қыпшақтар қандай жерлерді мекендеген? Оғыздармен көршілес отырған ру-тайпаларды атаңыз. Академик Ә. Марғұлан Қорқыт туралы деректі кімге сүйеніп айтып отыр?
9-тапсырма.
. Қашқари, А. Йүгінеки, Құтып, Ж. Баласағүни туралы деректерді оқып, түркі тілдес тайпалардың сол дәуірдегі мекендеген жерлерін картадан көрсетіңіз!
Ғұламалардың шығармалары қай дәуірге жатады? Қандай тілде, қандай жазумен жазылған? Қазақ тілімен сабақтастығы туралы айтыңыз.
Мәтіндерді оқып шығып, мазмұнын баяндап беріңіз. Мәтінде кездесетін өзен-су аттарын (гидронимдерді), елді мекен атауларын (ойконимдерді), адам аттарын (антропонимдерді) жеке-жеке жазып, олардың қай ғасырларға қатысты екенін және қазіргі кезде қай мемлекеттің құрамында екенін көрсетіңіз.
Жалқы есімдердің жазылу емлесіне орографиялық сөздікті пайдаланып түсінік беріңіз.
10-тапсырма.
М. Қашқаридың ел аралап жинаған мақал-мәтелдеріне қазақтың қандай мақал-мәтелдері сәйкес келеді?
Мақал-мәтелдердің ішінен бесеуін таңдап алып, мағынасын түсіндіріңіз. Ондағы айтылған ойға жазбаша түсінік беріңіз.
11-тапсырма.
Ақынның тіл туралы ой толғамдарын қысқаша мазмұндап жазыңыз. Ақын тілді неге өнер деп бағалаған? Тіл өнері қандай жағдайда пайда, қандай жағдайда зиян әкеледі?
Ақын қолданған көркем теңеулер мен нақыл сөзді теріп жазыңыз.
Білімді бағалау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 12,13,14,15-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:17.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдерінің құрылымы. Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық сарын.
Мақсаты:А)білімділік: Ақын өлеңдерінің құрылымын талдаймыз
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Махамбет поэзиясын жанрлық жағынан толғау түріндегі лирика деуге болады.Ол толғау поэзиясының мазмұны мен түрін жаңартып, жазба поэзияға жақындата түсті. Онда лириканың реалистік, романтикалық, элегиялық, сатиралық формалары кездеседі. Оның бірсыпыра өлеңдерін азаматтық, философиялық көңіл күй лирикаларына жатқызуға болады. Кейбірде осының бәрі бір туындыда (мәселен, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны») бастары қосылып, синтетикалық сипатқа ие болады. Аталған толғауда арнау, сатира, романтика,элегия мен шешендік монолог та бар. Махамбетті көтеріліс идеясына қарапйым халықтың байырғы қонысынан күн көріп отырған жерінен ығыстырылуы, ар намысының аяқ асты етілуі алып келді. Ақын мұны реалистік тұрғыдан жырлауға тиіс болды. Ал күрестің азаттық пен еркіндік жолындағы көтеріліс түрінде болуы ақын поэзиясының романтикалық бағытын анықтады.
Оқушылармен жұмыс:оқулықтан Махамбет өлеңдерін оқып, онда кездесетін романтикалық сарындарға талдау жасайды.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:17.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе бөлім бойынша түйіндермен жұмыс.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:
Шешендіктану – ғылым, шешендік сөз – белгілі бір оқиғаға қатысты көркем тілмен кестеленген шындық.
Шешендік – үздіксіз үйрену нәтижесінде қалыптасатын қасиет.
Сөз мәдениетінің жоғары формасы – шешендік.
Интеллектуальдық пен этика – шешеннің қос қанаты.
Шешендік сөздер сөйлеушінің санына қарай – монологтік, диалогтік, полилогтік болып бөлінеді.
Осы берілген анықтамалықтар бойынша оқушылар өз түсініктерін кеңейтіп айтады.
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: өткен тарауды қайталап оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні: 17.09.2018ж
Пән мұғалімі: Ерқожаева А
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11(I)
Сабақтың тақырыбы : Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, «Оян қазақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;
ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;
б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Хронологиялық таблицамен жұмыс:
|
1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді |
|
1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. |
|
1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. |
|
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады. |
|
1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. |
|
1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. |
|
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. |
Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
-
М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
-
«Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр сілкіндірді?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Міржақып Дулатовтың өмірбаянын оқып келу
Бекітемін:
Күні:17.09.2018ж
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚТЫҢ Ұлттық шешендік өнерІ
Сабақтың мақсаты: а) шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Шешендік сөз дегеніміз не?
2.Шешендік сөздің қандай түрлері бар?
3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шешендік өнер барлық халықтарда бар.Соның ішінде ғылым ретінде,жеке сала ретінде қалыптасуға негіз болған.Ежелгі Греция,Ежелгі Рим,Ежелгі Үнді,Көне Қытай жазбалары сақталған.Қазақ әдебиеті,мәдениеті көшпелі тұрмысқа байланысты ауызша жеткеніне қарай шешендік өнер де ауызша таралып дамыған.Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі айтылып,ауызша таралған,қағазда емес,халық есінде сақталған.Сондықтан кейінгі ұрпаққа түрлі нұсқада жеткендері де бар.Ұмыт қалған,әр дәуір,жылдардағы түрлі-саяси-әлеуметтік өзгерістерге қарай жоғалып,түрлі себептермен қолмен жойылған сөз үлгілері де аз емес.
Қазақ даласында саяхат жасаған ғалымдар,саяхатшылар қазақ тілі,мәдениетінің тереңдігі мен сан-салалығына таңдай қағып,таңданып,таным шексіздігін мойындаған жазбаларды да білеміз.Қазақ халқына шешендік өнердің дамуы елдің саяси өмірімен байланысты.Ел басқарған ханның емес,халық сөз ұстаған бидің,жыраудың айтқанына құлақ қойған.дала демократиясының осындай әдеті ханды халықпен жалғастырушы ретінде би,шешенді мойындаған.
Ел ішіндегі дау, жанжал,ұрыс,қақтығыстың барлығы би,шешендердің бір ауыз сөзімен шешіліп,жол тауып отырған.
Жаттығумен жұмыс: 10-жаттығу.Оқып шығып әр бөлімге ат қойыңдар.Үш әңгімені салыстырып,Кенжалы шешен берген биліктерге мінездеме беріңдер.
Шығармашылық тапсырма: «Естіген құлақ екеу,Көрген көз үшеу» бұл жұмбақты қалай шешесіңдер?
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 11-жаттығу. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.
«Шешеннің сөзі –мерген, шебердің көзі-мерген»
«Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ»
Бекітемін:
Күні:18.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:
Бекітемін:
Күні:18.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары. Сократ пен Платон
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:Египет пен Ассирияда, Вавилон мен Үндістанда шешендік сөз ежелден-ақ жоғары бағаланғанмен, Эллада шешендіктің отаны саналады. Ежелгі Грекияда шешендіктану, яғни шешендік өнер туралы ғылым жүйелі даып, оның теориясы тұңғыш рет қалыптасқан.
Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Элладаның қалаларында шебер сйлеудің дамуына қажетті алғышарттар пайда бола бастады. Халықтық жиындарда саясаткерлер өзінің сөзін өтімді етудің сан алуан тәсілдерін пайдаланып, халықтың назарын өзіне аударудың амалдарын жетік білуге мүдделі болды.Мұндай жиындарда тек саяси мәселелер ғана емес, сот та жүріп жататын. Кімнің сөзі өткір, әсерлі болса, көпшілік соны жақтайтын. Осылайша сөз құдіретімен адамдар тағдыры шешіліп жататын.
Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстанушылардың бірі – ежелгі грек философы Сократ болды. (б.з.д. 470-399жж) Сократ абсолюттік шындықты адам танымынан жоғары қойды. Ол софистердің «сөздің күшімен көншілікті жаулап алу» туралы қағидаларына қарсы болды. Сонымен бірге Сократ софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады, ол: «Ақыл-ойды сату – сұлулықты сатумен парапар», - деп есептеді.
Сократтың ойларын оның шәкірті Платон (б.з.д. 427-347жж.) жалғастырды. Ол софистердің риторикасын ғылым ретінде жоққа шығарды. Ол шындық білімге негізделген шынайы сөзді ғана пір тұтуды ұстанды. «Федр» атты диалогінде ол бозбала Федр мен философ Сократты әңгімелестіре, пікірлестіре отырып, өзінің шешендік туралы ойларын ұстазының пікірімен кіріктіре баяндайды. «Кез келген нәрсе туралы пікір білдіру үшін, ең әуелі ол туралы не айтуың керектігін анық біл», «Сөз болатын неесе жазатын жай туралы нақты шындықты білмейінші, сөз өнері туралыбір нәрсе деу қиын», «Шындықты білмеген адамның шешендігі күлкілі әрі бейшара күйге ұшырайды», - деген пікірлерін білдірді.
Бекітемін:
Күні:18.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Тіл тағылыы. Көп қырлы ғалым.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген рефорасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдердің жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі – зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбайдан, қиянаттан арылатын тұс келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, ат-үсті қарағанның өзінде, толып жатқан соны шындық алдыңнан шығады.
Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды саласы ол жинап, реттеп, өңдеп бастырған – фольклор материалдарының бірі – 1923 жылы Мәскеуде Күншығыс баспасында шыққан «Ер Сайын» жыры. Кітап Шоқанның досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде шығарылған. Ахмет Байтұрсынов жазған арнау өлең:
Атақты Сібір ұлы, қарт Потанин!
Ер сүйсе, сендей сүйсін ел, Отанын.
Қазақсың, қалмақсың деп алалау жоқ,
Отанның тең көресің барша жанын.
Қазаққа Потаниннің аты ардақты...-
деп басталады да, былай аяқталады:
Біз едік қадірі жоқ ұл әкеге,
Көп, жатқан мешел болып көлеңкеде,
Әлі бітіп, жаңа ғана аяқ басып,
Іліндік біз де жетіп мерекеге.
Тойына шашу алып шаттанамыз,
Білдіріп жүрек лебін Грекеңе.
Бұл Ахмет Байтұрсыновтың Григорий Потанин 80жасқа толғанда, 1915 жылы жазған, кезінде жарық көре алмай қалған өлеңі екен.
«Ер Сайын» жырының соңына Радлов нұсқасының тараулары да берілген, кітап аяғында Г. Н: Потаниннің өмірбаяны бар.
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, көсемсөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа деген үміт-арманы, баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.
Бекітемін:
Күні:19.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Ескі қазақ жазба тілі.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Араб әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі, шамамен, XV ғасырдан XXғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет етті. Ол, негізінен, Қазақ хандығы іс қағаздарында , дипломатиялық қарым-қатынас ісінде қолданылды. Қадырғали би Жалайыридің «Жамиғ-ат тауарихы», Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре түрік» атты тарихи жылнамаларын аталмыш жазу үлгілеріне жатқызуға болады. Ескі қазақ жазба тілінің үлгілеріне Махамбет Өтемісұлы, Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған диплоатиялық жазбаларын, Ш. Уәлихановтың хат-қағаздарының тілі, т.б. жатады. Мүрсейіт қағазға түсірген Абайдың қара сөз түріндегі шығармаларының тілін ескі қазақ жазба тілінің нормалары әсіресе XIXғасырдың аяғына таман сөйлеу тілінің ықпалына көбірек ұшырап, халық тілінің элементтері жүйелі сипат ала бастады. Бұл тұста ілгерішіл деократиялық бағыт ұстанған «Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті,т.б. сияқты басылымдардың орны ерекше болды. Әсіресе XX ғ. Басындағы көркем әдеби шығармалар тілінде сөйлеу тілінің нормалары айқын көрінді, бірақ ескі жазба тіліне тән сөз үлгілері де жиі кездесіп отырады.
Ескі қазақ жазба тілінің емле жүйесі тым күрделі болды. Себебі оның тілдік жүйесінде, біріншіден, Қараханид дәуірінен келе жатқан байырғы түркілер сөздер мен тұлғалар, екіншіден, қалың жұртшылық біле бермейтін араб, парсы сөзі, үшіншіден, қазақтың кәдімгідей сөйлеу тіліне тән элементтер болды. Жазба тілі жүйесінде мұндай үш түрлі элементтердің аралас-құралас жүруі, оның емле жүйесін оқып игеруде көп қиындық келтірді. Сондай-ақ қазақтың ескі жазба тілін халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы ғана қолданды. Жалпыхалықтық игілікке айналып, бұқаралық сипат ала қоймады.
Жаттығу орындау:
19-тапсырма.
Қазақ жерінде қандай мектеп-мдреселер болды? Қазақ даласына оқу-білім таратуға ат салысқан тұлғалар туралы өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз.
Бірнеше сөйлем алып, сөздердің байланысу тәсіліне қарай талдау жасаңыз.
20-тапсырма.
Мәтінді оқып шығып, не туралы баяндалғанын айтып беріңіз.
Мәтіндегі өзен-су атауларын(гидронимдерді), тау аттарын (оронимдерді), елді мекен, ұлыс атауларын (ойконимдерді), кісі есімдерін (антропонимдерді) тауып, бөлек-бөлек жазыңыз. Шежіредегі тарихи деректердің осы аталған атаулармен байланысын ашыңыз.
Қазақ энциклопедиясын пайдаланып, көбе, кіреуке, сауыт, берен сөзіне түсінік беріңіз.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу, 21-тапсырманы орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:19.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Міржақыптың халықтың азаттығы мен ағарту жолындағы күресінде қазақ қоғамындағы әйелдердің жай-күйі, тағдыры елеулі орын алады. Ол жас қыздарды қалың малға сатуға, тең емес адамдарға зорлап қосуға, жесір әйелдерді әмеңгершілік заңымен некеге отырғызуға қарсы екенін алғашқы өлеңдерінен бастап, көптеген шығармаларында, мақалаларында батыл көтерген. Мұны Міржақып адам құқын аяққа басу, қорлау деп түсінген. Жас қызды қалыңмал алып шалға сату, көп әйел алушылық, әмеңгершілік сияқты ескі салт-ұғымдар талай адамдардың өмірін өксітіп, талай тағдырлардың қайғымен аяқталғанын ол ашық жазған.
«Бақытсыз Жамал» - қазақтың ұлттық әдебиетінде роман деген атпен басылған алғашқы кітап. Ол 1910 жылы Қазанда басылған. Шығарма, негізінен, проза үлгісінде жазылған. Кейде өлең жолдары араласып келіп отырады. Бұл әлі жазу мәдениеті кеш дамыған әдебиетте көркем прозаның толық қалыптасып үлгермегенін, үйреншікті өлең үлгісі оқырман санасынан шығып болмағанын көрсетеді.
Роман қалыңмалға сатылып, зорлықпен өзіне тең емес байдың кетар баласына ұзатылған Жамал деген қыздың сүйген жігітінен айырылып зар шеккенін, ақыры зорлықшылдардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағанын баяндайтын сюжетке құрылған. Оқиға, негізінен, Жамал тағдырына байланысты өрбиді. Оның кейіпкерлері – қазақ ауылының қарапайым адамдары. Олардың іс-әрекеті негізгі оқиғаға байланысты көрініп, шығарманың идеялық-көркемдік бағытына қарай ашылады.
Жамал – өз заманының саналы, оқыған қызы, тең құрбыларының алды. Әкесі Сәрсенбай бір перзентке зар болып жүріп, құдайдан сұрап алған қызын ауыл молдасына беріп, кейін мұғалім жалдап оқытқан. Аз оқыса да, өзінің зеректігімен Жамал тез сауатын ашып, хисса-жырларды заулатып оқып, ел-жұртты аузына қаратады.
«Бақытсыз Жамал» ғасыр басындағы әдеби қозғалыс үшін жаңалық болды. Оның әсерімен «Қалыңмал», «Қамар сұлу» сияқты романдар туды.
Оқулықпен жұмыс: оқулықтан тақырыпты оқытып, өз ойларын ортаға салып, талдайды.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: «Бақытсыз Жамал» романын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:19.09.2018
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ерқожаева А. Ж.
Сыныбы: 12(II)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихындағы ұлы шешендер мен билер
Сабақтың мақсаты: а) шешендер мен билер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Шешендік сөз дегеніміз не?
2.Шешендік сөздің қандай түрлері бар?
3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі тілімізде «би», «шешен» сөздерінің мағынасын бір түсінікпен алу қалыптасқан.
Би-дау-жанжалға билік айтушы.
Шешен -сөзге шебер,тілге жүйрік адам.
Қазақ тіліндегі ортақ мағынаға көшуі ел ішіндегі дау-жанжалды шешетін би болу үшін сөзді қиыннан қиыстырып тауып сөйлейтін,ойын шебер жеткізетін қасиет қажеттігінен туған.
Би-халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білетін сөз жарысында шешендігімен, тапқырлығымен ,даулы істе әділдігімен танылса ғана елге жаққан,халық қадірлеген.
Кітаппен жұмыс: Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша шебер әңгімелеңдер. Екінші топ осы айтылған әңгіме бойынша үшінші топқа сұрақ әзірлесін. Олар соған жауап береді. 1-2 топ жауаптарын бағалайды. Осы тәртіппен басқа топтарға да кезек беріледі.
Шығармашылық тапсырма: Мына сөздердің мағынасын тауып әр атауға мақал-мәтел жазыңдар
Ру,тайпа, халық, жүз, ұлыс, ел, жұрт, ағайын
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:19.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі (Факультатив)
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Қазақтың шешендік өнері XVIII ғасырда өркендей түсті. Бұл кезеңде шешендік өнердің қанат жаюына үш түрлі себеп болған. Бірінші жағдай – Тәуке хан шашыранды қазақ руларын үш ұлысқа топтап, олардың басына қарадан шыққан үш би қойды. Сонан соң бауырлас қырғыз, қарақалпақ елдерін де одақ қылып алып, оларды да билер арқылы басқартады. Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын Билер кеңесін құрды. Ол «Жеті санат» деп аталды. Жеті бидің ақыл, кеңесімен билер кеңесінің бірінде қазіргі Сырдария облысы, Ангрен өзенінің жағасында Күлтөбе басында «Ханабад» атты Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғы» қабылданған. «Жеті жарғы» заңы бойынша, әр ауылға, әрбір руға айтыста сөзбен ағайынның мүддесін қорғайтын әдет-ғұрыпқа жетік, ойға жүйрік, сөзге шебер адамдар керек болды. Ондай адамдарды халық би деп атаған. Екінші жағдай – бұл қазақ еліне көршілес жоңғар, ойрат хандықтары тынымсыз шабуыл жасап тұрған жаугершілік уақыт еді. Басқыншы жауларға қарсы күресте қол бастайтын қолбасылар мен сөз бастайтын шешен-билердің қызметі қажет болып тұрған кез еді. Үшінші жағдай - қазақ шаруаларының патша өкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы шыға бастаған ұлт-азаттық күресін бастайтын көсемдер, халықтың ар-намысын оятатын шешендер керек бола бастаған көтерілістер дәуірі еді. Міне, осындай жағдайларда Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек секілді атақты батырлармен қатар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты айтулы шешендер шықты.
Жаттығу орындау: 15-жаттығу. Мәтінге сүйеніп, жеті жарғы сөзіне түсінік беріңіздер. «Жеті жарғыны» тауып оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
16-жаттығу. Өлең жолдарын пайдаланып, қазақ биінің тұлғасын толық баяндаңыздар. Қазақ щещендік өнерінің дамуында билердің рөлін өз түсінігіңізбен жеткізіңіздер.
17-жаттығу. Төле бидің елдік мәселелерге арналған шешендік сөздерін тауып оқып, шы,арма жазыңыздар. Тақырыбын өздеріңіз қойыңыздар.
Білімді қорытындылау: тақырыпты қаншалықты түсінгендерін бақылап, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:18,19,20,21- жаттығуларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні: 20.09.2018
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А. Ж.
Сыныбы: 12(II)
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармалары
Сабақтың мақсаты:
а) Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын, өлеңінің негізгі идеясын таныту;
ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , салыстыру т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының. жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында болып жатқан қоғамдық жұмыстарға араласады. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.
1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Бірақ көп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Т
Мағжан шығармаларыы
оптастыру стратегиясы:
өлеңдері
поэмалары
аудармалары, ғылыми
жұмыстары
![]()
мақаласы әңгімесі
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:20.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Төте жазу
Мақсаты:А)білімділік: Төте жазу және оның ерекшеліктері мен, шығу төркіні жайында оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: XX ғасырдың басында халқымыздың ұлы перзенті, ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Басқаша айтқанда, жазу-сызуды демократияландыру арқылы күллі халықты сауаттандыру ісіне бар білімін, күш-жігерін салды Халықты жаппай сауаттандыруды, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай, қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реорма жасады. Алдымен, ол араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а-ә, ы-і,о-ө, ұ-ү,е) және он тоғыз дауыссыздан (б-п, д-т, г-к, ғ-қ, ж-ш, з-с, й,л,м,н, ң, р, у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып қазақ әліпбиін түзді. А. Байтұрсынұлы ұсынған жазба тіл нормасы бірыңғай халықтық тілдің сөз, гармматика, дыбыс жүйесіне сүйенді, соларды таяныш етті, ескі түркілік сөз үлгілері мен қалың жұртшылыққа түсініксіз араб, парсы элементтерінің қолданылуы шектеулі болды. А. Байтұрсынұлы жазуы халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде бірізді қолданудың жүйесін жасады. Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы халық тіліне негізделген жазбаша тілдің тұңғыш рет оқулықта, оқу құралдарында заңдастырылған нормасын (кодификацияланған нормасын) жасады. Тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын А. Байтұрсынұлы негіздеп берді.
Оқулықпен жұмыс: кітаптан жаңа тақырыпты оқып, өзтүсініктерін ортаға салады.
Білімді қорытындылау: Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.
Бекітемін:
Күні:20.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: «Бақытсыз Жамал» - қазақтың ұлттық әдебиетінде роман деген атпен басылған алғашқы кітап. Ол 1910 жылы Қазанда басылған. Шығарма, негізінен, проза үлгісінде жазылған. Кейде өлең жолдары араласыпкеліп отырады. Бұл әлі жазу мәдениеті кеш дамыған әдебиетте көркем прозаның толық қалыптасып үлгермегенін, үйреншікті өлең үлгісі оқырман санасынан шығып болмағанын көрсетеді.
«Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман екені айтылды. Бір қарағанда, бүгінгі ірі-ірі романдары бар реалистік әдебиет үшін оның үлкен құбылыс болып көрінбеуі де мүмкін. Алайда туған кезі мен ол кездегі әдебиет дамуы тұрғысынан шығарманың маңызы бар. Автор романды оқиға мен тартысқа құра отырып, сол дәуірдің сыры мен адамдарын тәп-тәуір суреттеп береді. Оқиғаның өрбуі, адамдардың кейіптелуі, бір-біріне сәйкес. Шығарма көлемі шағын. Ол үлкен прозаға тән көп жүйелі, сан тарамды сюжет арқылы дамымағанмен, бір жүйелі сюжетті автор жап-жақсы өрбітіп алып шығады. Әңгімен Жамал тағдырына байланыстыра отырып баяндайды. Баяндау, әңгімелеу сарыны басым да, көркем сурет аз. Жамал мен Ғалидың қаладан елдегі нағашыларына бара жатқан кезіндегі дала табиғатының көрінісі, көл суреті ғана жап-жақсы әсер қалдырады. «Атырабындағы жердің һаммасы тамылжып кілем төсегендей болып, желсіз түнде көл айнадай жарқылдап, алыстан сағымдар мұнарланып, біздің екі ғашық тамашаға қанып келе жатқанын» жазушы сурет арқылы көруге тырысады. Табиғатпен астасқан жастар сезімі де еркін әрі мол еді. Жамал ризалықтан өлең шығарып, ән де салып жібереді.
Өз бойына шақ осы белгілерімен «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиеті тарихына роман болып кірді. Міржақып қазақ романының жаңа үлгісін жасап, онда қазақтың әңгімешілдік дәстүрін, ауыз әдебиетіндегі бейнелеу, суреттеу құралдарын пайдаланды. Басты кейіпкердің ішкі сезім күйлерін, психологиялық тебіреністерін өлең жолдарымен ашты. Хат жазысу, айтысу, өнер жарыстыру түрлерін қолданды. Диалог арқылы кейіпкерлердің сөз сөйлеу ерекшеліктерін айқындап мінездеді.
«Бақытсыз Жамал» ғасыр басындағы әдеби қозғалыс үшін жаңалық болды. Оның әсерімен «Қалыңмал», «Қамар сұлу» сияқты романдар туды.
Үйге тапсырма: романды оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:20.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихындағы ұлы шешендер мен билер.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуымен де болатын дау жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицерон,т.б. адвокат әрі парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый-құрметке ие болып отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шеші үстінде туып отырған. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би өз тұғырынан топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жаратын әділ төрелігімен, асқан кемеңгерлігімен, данышпандығымен, салиқалы сабырлылығымен жеткен. Би – табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстағыны көре білген көсем, қызыл тілінен бал таған шешен.
Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір факторы болып саналады. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында, дамуында үлкен рөл атқарған. Мал мен дәулет, жер, барыта нәтижелері айтыс пен тартыстың, дау-таластың айықпас көзі болған.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:24.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Төте жазу.
Мақсаты:А)білімділік: Төте жазу және оның ерекшеліктері мен, шығу төркіні жайында оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұршылықтың ықыласына бөленді. Ден қойған адам оны бір-екі айдың ішінде-ақ үйреніп алатыдай 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл , емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, төте жазу, төте оқу деп атады. А. Байтұрсынұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары ғана емес, әлемдік тіл ғылымының (лингвистиканың) көрнекті өкілдерінің бірі Е. Д. Поливанов, онетика зерттеушісі Яковлев, т.б. арнайы тексере келіп, аса жоғары бағалады. Алайда төте жазудың Кеңестер одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына бейімделген жазуға көшті. Ал ҚХР-дағы миллионнан астам қандастарымыз осы күнге дейін төте жазуды қолданып келеді. Онда төте жазумен оқулықтар, оқу құралдары, газет-журналдар, әр түрлі кітаптар шығады.
Тапсырма орындау: 25-тапсырма. 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған мәтінді оқи отырып, автордың ұлы Абайдың сөз қолданысына тән қандай ерекшеліктерді атап айтқанын көрсетіңіз. 1) Абай+ 2)мәтін+ 3) оқырман арасындағы байланысты автор қалай түсіндіреді? А. Байтұрсынұлының «Абай - суреткер»+ «Абай жазған мәтін»+ «қабылдаушы оқырман» деген үштік жүйесіне салып, өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
26-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Халық батыры Амангелді Имановтың «Шежіре-кітап» қолжазбасынан алынған естелікті көшіріп жазыңыз. Мәтінде қазіргі әдеби тіліміздің нормасынан өзгеше тұрған сөздік қолданыстарды көрсетіп, талдау жасаңыз.
Осы естеліктегі Ғ. Мүсіреповтің айтқандарын негізге ала отырып, Амангелді туралы көлемі шағын мақала жазыңыз. Үш сөз алып толық фонетикалық талдау жасаңыз.
Үйге тапсырма: 27,28,29-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні: 24.09.2018
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы өірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет
Сабақтың мақсаты : а) Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған.
Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.
Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.
Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады.
Кітаппен жұмыс: Дулат Бабатайұлының шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Д. Бабатайұлы өмір сүрген уақыттағы қазақ елінің жай-күйі,тарихи жағдай қандай болатын?
-
Дулаттың шыққан ортасы,тегі туралы қандай ой пікір білдіресіңдер?
-
Д.Бабатайұлы нені айтып күйінді?
-
Ақынның өз ортасына деген көзқарасы қандай болды?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Бекітемін:
Күні: 24.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы: 11(I)
Сабақтың тақырыбы: Шығарма
Сабақтың мақсаты:
а) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарасын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүбге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б..
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.
Жоспар - өте күрделі жұмыс.Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті
тақырыпты,туындыны,оның идеясын,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай
етіліп жасалуы тиіс.
Оқушы шығарманың талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да
байланысты.Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.
Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен
туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан
шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын
қаншалықты білетінін,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма
жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.
Қорытынды бөлім – оқушы шығармасының түйінді өзегі.Мұнда оқушы сөз етіп отырған
тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма,тақырып немесе мәселе
туралы пікірін білдіреді.
Үйге тапсырма: Кез келген ақын – жазушылардың шығармаларын оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:24.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы:Шешендік өнердің тарихы. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары. Сократ пен Платон.
Мақсаты:А)білімділік:
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстанушылардың бірі – ежелгі грек философы сократ болдыи (б.з.д. 470-399жж.). Сократ абсолюттік шындықты адам танымынан жоғары қойды. Ол софистердің «сөздің күшімен көпшілікті жаулап алу» туралы қағидаларына қарсы болды. Сонымен бірге Сократ софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады, ол: «Ақыл-ойды сату – сұлулықты сатумен парапар»,-деп есептеді.
Сократтың ойларын оның шәкірті Платон (б.з.д. 427-347жж.) жалғастырды. Ол софистердің риторикасын ғылым ретінде жоққа шығарды. Ол шындық білімге негізделген шынайы сөзді ғана пір тұтуды ұстанды. «Федр» атты диалогінде ол бозбала Федр мен философ Сократты әңгімелестіре, пікірлестіре отырып, өзінің шешендік туралы ойларын ұстазының пікірімен кіріктіре баяндайды. «Кез келген нәрсе туралы пікір білдіру үшін, ең әуелі ол туралы не айтуың керек екенін анық біл», «Сөз болатын немесе жазатын жай туралы нақты шындықты білмейінше, сөз өнері туралы бір нәрсе деу қиын», «Шындықты білмеген адамның шешендігі күлкілі әрі бейшара күйге ұшырайды». – деген пікірлерін білдірді.
«Диалогте» сқздің құрылымы туралы анық та дәл түсінік берілген: онда сөздің кіріспесі, баяндауы, дәлелдемесі, ең соңында қорытындысы болатынына көңіл бөлінген. Бұларға қоса басқа да қосалқы бөліктердің болуы мүмкіндігін ашып көрсеткен.
Платонның шешендік сөз теориясына қосқан ең бағалы үлесі ретінде сөздің адам жанына, ішкі дүниесіне әсер етуі туралы идеясын атауға болады. Ол шешеннің өз сөзінің түріне қарай тыңдарманға да әсер ету мүмкіндіктерін ойластырудың қажеттігін дәлелдеді. «Қайда, қалай сөйлеген ұтымды?» - деген сауалдың жауабына лайық сөз айтуға назар аудартты. Заттардың әнін тану арқылы адам ол туралы шындықты білсе, адам жан дүниесін тану арқылы өз пікірін тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізетінін тұжырымдаған да Платон еді.
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймы.
Үйге тапсырма:тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:24.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы:Тапсырма орындау.
Мақсаты:А)білімділік: өткен тақырыбымызды пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:
7-тапсырма.
Мәтіндерді оқып ,ат қойыңыз. Мәтіндердегі негізгі ойды анықтаңдар. Екі мәтіндегі ойларды қиюластырып, сөз өнері туралы тұжырымдарыңды жазыңдар.
8-тапсырма.
Қазтуған жырау мен Асан қайғы толғауынан шешендік сөзге тән белгілерді анықтаңдар. Бұл толғаулардың сан ғасырларды көктей өтіп бізге жетуінің мәні неде деп ойлайсыңдар.
9-тапсырма.
Орыс ориенталистерінің пікірлерін өзара байланыстыра отырып, қазақ даласындағы шешендік өнер туралы қандай байлам-түйін жасар едіңдер? Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тауып, олардың ойды әсерлі жеткізудегі рөлін анықтаңдар.
10-тапсырма.
Жиренше шешеннің, Аяз бидің шешендік тапқыр сөздерін тауып жазыңдар да, оған талдау жасаңдар.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 11-тапсырманы орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:25.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Ел тарихы, жер, қоныс жайындағы өлең толғаулары. «Еспембет» дастаны
Мақсаты:А)білімділік:Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы туған жерге деген сүйіспеншілігін оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер – белгілі бір адам үшін оның ел-жұрты ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида ғып күресіп келе жатқан құт мекен, байтақ өңір ғана емес,туған шаңырағы, ата-ана, бала-шаға, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын киелі топырағы . Батырлар жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,-
деген қарапайым жолдарда адамның туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі, терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Бұдан атамекен адамға өмір сүру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар.
XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді құт қонысынан шетке ысырған тұста шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» деген тамаша жырларында сол өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: «Осынау, атамекен, құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?» - деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, шамырқандырмақ болды. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді.
Оқулықпен жұмыс: тақырыпты оқулықтан оқып, оқушылар өз араларында түсініктерімен бөліседі.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге , «Еспембет » поэмасынан үзінді жаттап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:25.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы:Аристотель, Цицерон, Квинтилиан. Мақсаты:А)білімділік: Ғалымдардың шығармалары мен онда көтерген мәселелер туралы оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Шешендік туралы Платонның ойларын жан-жақты даытқан Аристотель болды. Ол б.з.д. 384-322 жж. өмір сүрді. Аристотель өз ұстазының академиясында 20 жыл бойы тағылым алды. Өзі атақты қолбасшы Александр Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. Аристотель өмірінің соңғы кезеңдерінде Ликей деп аталған жекеменшік мектеп ашты, онда түске дейін философия, түстен кейін шешендік өнер бойынша дәріс берді. Оның бізге жеткен «Риторика» атты еңбегінде, бұл ғылым егжей-тегжейлі зерттелген.
Үш кітаптан тұратын бұл еңбекте шешендік өнердің пәні, шешендік сөздің түрлері, сйлеуші мен тыңдаушының арақатынасы, сөз өтімділігінің шарттары, сенім қалыптастырудың жолдары жөнінде сөз болады. Аристотель мұнда стильге ерекше мән береді. Стиль арқылы адамға әсер етудің мүмкндіктерін қарастырады.
Цицерон. Ежелгі Грекияның мәдениеті, оның ішінде шешендік өнер жөніндегі табыстар Ежелгі Римде жақсы қабылданды. Б.з.д. I ғасырда ерекше дамыған шешендік өнердің басында Цицерон (б.з.д. 106-43жж.) тұрды. Цицерон шешендік сөздегі жаңашылдықты, кісілікті, ой жұмырлығын ерекше бағалады.
Квинтилиан. Шешендік өнердің қыр-сырын мейлінше нақтылай түскен Марк Фабий Квинтилиан (б.з.д. 100-35 жж.) болды. Ол он екі кітаптан тұратын «Шешендік тәлім» (риторические наставления) атты еңбегінде шешендіктің теориялық та, практикалық та мәселелерін егжей-тегжейлі таратып көрсетті. Шешендіктің өзіне тән ережелерін қатаң сақтауды басты талап етіп белгіледі. Шешендікке бойдағы дарын мен оқып-үйренудің бірдей әсер ететінін дәйектеді. Шешендік өнерді – жақсы сөйлеу қабілеті мен басқан мойынұсындыру күші жөніндегі ғылым деп бағалады, сөздегі сұлулық пен тазалықты ерекше дәріптеді. Шешендік шеберліктің шыңы деп, ол аяқ астынан, ешқандай дайындықсыз сөйлеуді көрсетеді. Яғни, импровизацияны ұлы өнер деп санады.
Тұңғыш рет: «Шешендікті арнайы оқыту арқылы қалыптастыруға болады», - деген қағиданы дәйектеп, оның бағдарламасын ұсынған да Квинтилиан.
Жаттығу орындау: 15-тапсырма.
Әр автордың сөзінің мағынасын таратып айтыңыздар.
Осы айтылған ойлардың Ежелгі Грекия, Ежелгі Римдегі шешендіктің теориясын негіздеген ғалымдардың пікірімен ұқсас жақтары бар ма? Салыстырып, өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.
1.«Көп біліп-дөп сөйлеген – шешен, аз біліп, көп сөйлеген – мылжың.» (З. Қабдолов.) 2.Кісі сөз өнерін білетін, шешен болуға тиіс. Ей, перзентім, сен де шешен бол, сөйлей білгін, бірақ жалған сөйлеме, сөйлесең шыдықты сөйлеп, туралықты айтумен атағың шықсын. (Йүгінеки).
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 16-тапсырманы орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:25.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы:М. Жұмабаев. Ақынның тағдыры, өлеңдері.
Мақсаты:А)білімділік: ақынның өлеңдері мен ерекшеліктеріне назар аударып, оқимыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:Мағжан Жұмабаев өлеңдерін бастыру, оқу Кеңес дәуірінде мүмкін болмады. Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана, аты аңызға айналған ақынның шығармалары халқына қайта оралды.
Дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ат-баба жолын ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін кешегі тарихтан білеміз. Бүгіндері өткендегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік туып отыр.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе – Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
1912-1914 жылдары . Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, түркітанушы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетіен де жан-жақты , терең қаруланған, аса дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетінен қанығуға олар көп себін тигізген.
М. Жұмабаев – өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында-мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразының екінші басында – романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы-қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір-екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған. Оның шығармаларында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астан-кестен, аласапыран жайымен астасып жатады.
Оқулықпен жұмыс: кітаптан тақырыпты оқып, оқушылар өз араларында түсінгендерімен бөліседі.
Білімді қорытындылау: тақырыптан түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсыра: «Жазғы түнде» өлеңін оқып, жаттап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:26.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Қазақ тілі-кемел тіл.
Мақсаты:А)білімділік: Қазақ тілінің алуан түрлілігімен танысамыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: Тілдің кемелдігін көрсететін негізгі белгілердің барлығы да қазақ тілінің құрылым жүйесінен толық табылады.
Грамматика жүйесінде сан,сапа, себеп-салдарлық, қатыстық, қимылдың өту сипаты тәрізді, т.б. мағыналардың болуы грамматикалық құрылымының дамығандығын көрсететін негізгі белгілер болып табылады. Грамматикалық құрылыстың ежелден келе жатқан негізгі жүйелері қазақ тілінде барынша тұрақты екені байқалады.
Дамыған тілдің негізгі белгілерінің бірі – сөз байлығы. Сөз байлығы дегеніміз- тек сандық көрсеткіш қана емес. Ол, ең алдымен, сөз алуандығы деген ұғымды қамтиды. Ал сөз алуандығы дегеніміз не? Әдетте тілде ақиқат дүниедегі әрбір зат, құбылыстың бас-басына телінген атаулары бар. Олар әрбір затты даралап көрсетеді (изен, жусан, тырнақ, саусақ, шынтақ,т.б.) сонымен қоса, ең бастысы, олардың басын бір ұғымға жинақтайтын(қара от, қол тәрізді) атаулардың; деректі атаулармен бірге (мектеп, ,т.б.)бейдерек атаулардың (білім, өнеге, тәрбие,ұғым, өнер ) сөздің болуы қазақ тілі лексикалық жүйесіндегі сөздің алуан түрлілігі сөз байлығының сапасын көрсетеді.
Халықтың тарихи тағылымы, көргені мен көңілге түйгені, логикалық, эстетикалық таным-білімі қазақ тілінің сөз байлығында жинақталған. Қазақ тілі-жалпыадамзат өмірінің барлық салаларында жасалған аса маңызды білімді, қорытылған тәжірибені кемел тіл ретінде өзінің сөздік қоры мен сөздік құрамында жинақтаған тіл. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген жоғары мәртебеге ие болуы ендігі жерде оның жинақтауыш қызметіне тән мүмкіндіктерді кеңінен аша түспек.
Жаттығу орындау: 30-тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын арттыруға қандай құбылыстар себеп болады?
Қандай кірме сөз сөз байлығына жатпайды? Сөз тазалығына нұқсан келтіретін жағымсыз қолданыстар туралы күнделікті өмірден мысал келтіріңіз. Өзіңіз тұрған аймақтың адамдары шұғылданатын кәсіппен байланысты қандай атауларды қолданады?
31-тапсырма.
Шекер сөзінің төркіні туралы әңгімелеп беріңіз. Шекер сөзінің халық тіліндегі, әдеби тілдегі синонимдерін көрсетіңіз.
Шекер сөзіне толық фонетикалық талдау жасаңыз.
32-тапсырма.
Мәтіннен сезім күйді білдіретін сөзді теріп жазыңыз. Оларды ой-танымдық атаулармен салыстырыңыз.
Өзіңіздің туған не тұрған жеріңіздің бір мезгілдегі табиғат көрінісін суреттеп жазыңыз.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 33,34-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:27.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы: 11 (I)
Сабақтың тақырыбы : ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?
2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу
Бекітемін:
Күні:26.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі(Факультатив)
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің төртінші және бесінші кезеңдері.
Мақсаты:А)білімділік: XVIII-XIX ғасырлардағы би-шешендер өмірімен танысатын боламыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ: XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген би-шешендер екіге бөлінеді. «Хан-сұлтандарға қарсы шешендер» деп, оған Байдалы би, Ер Жәнібек,Қазыбектің немересі Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешендердің есімдерін жатқызады. Бұларды төртінші кезең деп есептейді. Ал бесінші кезең «Бек-болыстарға қарсы шешендер» деп атап, оларға Сырым Датұлы , Досбол Қорлыбай баласы, Балаби Есенәлі баласы сияқты шешендерді, солардың есімдерімен байланысты шешендік сөздерді жатқызады. Бұлардың қатарына кіші жүздің атақты батырлары әрі билері Мөңке би Тілеуұлын, Есет Көтібарұлын да жатқызамыз. Байдалы, Тіленші, Мөңке сияқты билер философиялық танымы биік, көреген ойшыл, дана билер болса, Ер Жәнібек, Сырым, Есет батырлар – халқының азаттығы үшін сөзі мен қаруын қатар жұмсаған ғажайып тұлғалар.
Бұл шешендердің өмір сүрген заманы – қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құтты-жайлы қоныс-мекенінен айырылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жазалаушы отрядтарын – қазақ орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап, құт-берекесін кетірді. Сөйтіп, паналы қыстау, саялы жайлаусыз жазы-қысы қыратта қалған қазақ малы жыл сайын жұтқа ұшырады. Тығырыққа тірелген қазақ ауылдары Жайық жағасына жақындаса-ақ болғаны, шекара отрядтары ауыл адамарын қырып-жойып, мал-мүлкін талап әкетіп отырды. Мұндай шапқыншылық пен бассыздыққа қарсы батыр-билер халық алдында сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырады. Мысалы, Сырым Датұлы 1783-1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда Сырым Датұлы, Есет Көтібарұлы сияқты батырлар патшаның езгісіне, оның отарлаушылық саясатына және жергілікті жандайшаптарға, арам пиғылды хан-сұлтандарға қарсы күреседі.
Қазақ шешендерінің болмысына ой жүгіртсек, оларда батырлық пен шешендік, ойшылдық пен көсемдік тамырласып, тұтасып жатқанын аңғаруға болады.
Жаттығу орындау: 22-жаттығу.
Байдалы бидің шешендігін, терең ойлы тақырлығын дәлелдейтін жолдарды анықтап, әнін түсіндіріңіздер.
23-жаттығу.
Шешен сөзіндегі қоғамға, тұрмысқа қатысты ойларды таратып түсіндіріңіздер. Шындыққа сәйкестігін бүгінгі өмірмен салыстыра әңгімелеңіздер.
Үйге тапсырма:24,25-жаттығуларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:26.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Оқушының ой еркіндігін,пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру;
б) Адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Шешендік пен сөз мәдениетінің арасында қандай байланыс бар?
2.Эллада неге шешендіктің отаны деп аталады?
3.Ежелгі Грек,Рим шешендерінің аты мен еңбектерін атаңдар.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Дәстүрлі шешендік сөздер белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой,көркем тілмен айтылған және халық қабылдап,жиі қолданып,сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер.Онда халықтың бастан кешкендері,ақыл-ойы,арман тілегі бейнеленеді.
Шығармашылық жұмыс: Мәтінді дауыс ырғағын құбылтып оқыңдар.Қалай оқығанда әсерлі болатынына назар аударыңдар.Мәтінді басшылыққа ала отырып, өздерің шығармасын сүйіп оқитын қаламгер жөнінде ой-толғаныстарыңды жазыңдар.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау
Бекітемін:
Күні:27.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі.
Мақсаты:А)білімділік: қазақ тілінің мәртебесіжәне жалпыхалықтық қазақ тілінің түрлерімен танысамыз.
Ә)дамытушылық: шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін және өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге , Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойқозғау
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:бірнеше сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бағалаймын.
Жаңа сабақ:Қазақ тілі – небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі-Әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.
Қазақ тілінде адамгершілік пен бауырмалдықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір көркем сөз үлгілері жасалған. Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы, Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің эстетикалық, дүниетанымдық қуатының, басқа да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екендігін танытады.
Жалпыхалықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық тілдің жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда, әдеби тіл өзінің қырналып, екшеліп, сымбатталғанымен, тіл тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, функционалдық стильдік тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының қоғамдық өмірінің бұқаралық ақпарат; көркем әдебиет; ғылым-білім;ресми, құқық, саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар.
Тілдік ұжымның дүниетанымының кеңеюі, ақыл-ойының кемелденуі тілдің құрылым жүйесінің дамуына әсер етеді.Ал тілдің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық ой-сананың түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам мәдениетін жетілдірудегі, обьективті ақиқат туралы әлеуметтік таным-білімді жинақтаудағы, оны шашаусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің қызметін күшейте түседі. Сөйтіп, қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл қоғамдық сананың дамуына да ықпалын тигізеді.
Жаттығу орындау: 35-тапсырма.
Мәтінді оқып шығыңыз. Ұлы ақын ескі тіл жазба нормаларынан неге бас тартып, өз шығармашылығында халықтық тіл нормаларын негізге алды? Абайдың ғылыми-публицистикалық стильде жазған қандай еңбектері бар?
Ұлттық әдеби іл дамуының Абай бастаған жаңа кезеңі жөнінде өз ой-пікіріңізді мақала түрінде жазыңыз.
36-тапсырма.
Мәтінді оқып шығып, жалпыхалықтық қазақ тілінің жергілікті жерлерде кездесетін түрін көрсетіп, әдеби қолданыстағысымен салыстырыңыз; түңлік (жергілік.), түндік (әдеби). Жергілікті тілде бар, бірақ әдеби тілде баламасы жоқтарын көрсетіңіз.
Әдеби тілдің синонимдік қатарын байытқан жергілікті сөзді табыңыз. Жергілікті тілде кездесетін сөздің әдеби сөзден дыбыстық айырмасын тауып, оларға дыбыстық талдау жасаңыз. Жергілікті атаулардағы орыс тілінен алынған сөзді көрсетіңіз.
37-тапсырма.
Мәтіндегі өлең жолдарын оқып, курсивпен жазылған сөздің мағынасына талдау жасаңыз. Осы сөзді халықтың және әр дәуірдегі сөз зергерлерінің шығармаларында қолдануынан қазақ әдеби тілінің ежелгі дәуірден бастау алып, дамып келе жатқанына назар аударыңыз.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 38,39,40-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:27.09.2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз түрлері туралы түсінік бере отырып , оқушыларды шешендікке баулу;
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі қоғамда қолданылатын шешендік сөздің өзін бірнеше түрге бөлеміз.
|
Шешендік сөз түрлері |
||||||
|
Саяси-әлеуметтік |
Академиялық |
Сот ісіндегі |
әлеуметтік-тұрмыстық |
Діни қызметтегі |
әскери қызметтегі |
саудадағы |
|
Қоғамдағы, басқару, билік жүйесіндегі сөздер, конференция, митинг жиындардағы сөздер. |
Лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу |
Прокурор, қорғаушы, айыптаушы сөздер |
Мерейтой, салтанатты дастархандағы сөздер |
Уағыз, иман |
Жалынды, жігерлі үндеу сөздер |
жарнама |
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:27.09.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: а) «Батыр Баян» поэмасының жазылу тарихымен танысатын боламыз;
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның өте-мөте белгілі поэмасы – «Батыр Баян». Сондай-ақ «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» сияқты басқа да поэмалары кезінде баспа жүзін көрген. Осылардың ішіндегі күрделісі, көркемдік тұтастығы жағынан да, сюжет желісі мен сұлулығы жағынан да ерекше асып тұрған – «Батыр Баян». Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылайханның кезінде екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнағанға дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіріп салады. Жазығы – олардың көңіл қосып елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермеген соң, оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың Баянның айтқанына көнбей, қашып шығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеп соғады.
Биік романтикалық сарынға құрылған аса көркем поэмадан екі түрлі жайды аңғарамыз: бірі батырлық, достық, махаббат, мейірім дүниесі болса, екіншісі – ашу,ыза, онан барып әділетсіз қантөгіс, өкініш. Қаһарманның мінез асаулығын, бірбеттілігін, бірақ ниетінің ақ екенін суреттеп, ақын поэманы романтикалық шарықтау шегіне жеткізеді. Шиеленіскен оқиғаны ақын тау мен судың, күн мен аспанның, кейіпкерлердің бірін-бірі қимас күйін, қалмақ қызының сұлулығын, айнала табиғат сырларын суреттеу арқылы сезімнің қоюланып, ширығуына, күннің күркірегеніндей, найзағайдың ойнағанындай бітіспес мінездер соқтығысына алып барады, іштей өкініш толғанысына әкеп тірейді.
М. Жұмабаев поэмаларының композициясы өзінше, ерекше тұтастықты, ұтымдылықты танытады. Шеберлігін әрі көркемдік талғамын байқаймыз. Еркін, тартымды оқылады. Бұған оқиғалардың айрықша құрылым, кестесі, сөз қолданыс әдісі айрықша әсер береді.
Оқулықпен жұмыс: кітаптан «Батыр Баян» поэмасының жазылуындағы негізгі сарын мен ондағы ерекшеліктер туралы оқып, ойларын ортаға салады.
Білімді қорытындылау: жаңа сабақтан түсінбеген жерлеріне жауап беріп, үй тапсырмасын белгілеп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: «Батыр Баян» поэмасын оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:01.10.2018
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Оқушының ой еркіндігін,пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру;
б) Адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Менің тілім - XXIғасырда» тақырыбынды шығарма немесе эссе жазамыз.
Шығармашылық жұмыс: Мәтінді дауыс ырғағын құбылтып оқыңдар.Қалай оқығанда әсерлі болатынына назар аударыңдар.Мәтінді басшылыққа ала отырып, өздерің шығармасын сүйіп оқитын қаламгер жөнінде ой-толғаныстарыңды жазыңдар.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау
Бекітемін:
Күні:01.10. 2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы өмірі мен ақындығы.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сүйінбай – XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері ме айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолынан билігі мен байлығы барлардың кедей-кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын, әлеуеттік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды. Сүйінбай Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі айтады.
Сүйінбай өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының неше алуан жыр-дастандарын, аңыз-хиссаларын жиын-тойларда жатқа айтып, өз жанынан да өлең шығарады.
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін алға тартып жырлайды. Ел үшін туып, соның жолында оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Ерлік, елдік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идея.
Ақын шығармаларының бір парасы тікелей осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде ерлік пен елдіктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа ер жүрек елдің ғана емес, бүкіл қазақтың , түпкі тегіміз – көк бөріге сыйынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау ғұн-түркі заманынан қанымызға сіңген рухы есіп тұр.
Оқулықпен жұмыс: тақырыпты оқып өз түсінгендерімізбен ой бөлісеміз.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:01.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Тапсырма орындау.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
15-тапсырма.
Әр автордың сөзінің мағынасын таратып айтыңыздар.
Осы айтылға ойлардың Ежелгі Грекия,Ежелгі Римдегі шешендіктің теориясын негіздеген ғалымдардың пікірімен ұқсас жақтары бар ма? Салыстырып, өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.
16-тапсырма.
Энциклопедиялардан немесе арнаулы зерттеу еңбектерінен Ежелгі Грекия,Ежелгі Рим шешендері туралы мағлұмат жинап, қалаған тақырыптарыңыз бойынша реферат жазыңыздар.
17-тапсырма.
«Шешендік – өнердің ежелгі отаны» деген тақырыпта пікір алмасыңыздар.
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: 18,19-тапсырмаларды орындап келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:01.10. 2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: «Ақбілек» романы.
Сабақтың мақсаты: а) «Ақбілек» романының негізгі мазмұнымен танысамыз.
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Ақбілек» романының идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде келгенге ұқсайды. Романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, Оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлердің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы,елді тонауы, қыз-келіншектерді жәбірлеуі суреттелетін еді. Семейге оқуға бара жатқан Қартқожа жол үстінде осындайоқиғалардың талайына куә болды. «Иығында шені, сымбатты офицер солқылдақ арбада қазақтың сұлу қызын құшақтап, қос боз атпен Қартқожаның қасынан өте шықты. Қартқожаға түскен қыздың қызы жыпылықтап кетті», - деп жазады жазушы.
Ақбілектің басынан өткен жайлар осы бүкіл халықтық трангедияның бір ұшқыны. Қызды ақ солдаттарының алып қашуы, оны қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, кейін елдің бетін көре алмай қиналуы, әкесінің Ақбілектен қашқақтауы, атастырған күйеуінің айнуы, ел-жұрттың, оған бір түрлі аяушылықпен (кейде таңсыққұмарлықпен)қарауы – бәрі де қызын мәпелеп, аялап өсіретін қазаққа өлімнен де ауыр. Оның үстіне, орысты «кәпір» деп қарайтын ұғым бар. Ауыл жігіттерінің зорлығы болса, еленбей қалар нәрсені «Кәпірдің қолына түсіп, соған қатын болған» деген сөз ауырлата түседі. «кәпірмен» шатасу – діннен безу,харам, былғанышты. Қазақ қызы осы ауыртпалықтан жаңа заман өзгерістері легінде ғана құтылады. Ел көзіне көріне алмай, күлкі боп ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам болып, жаңа жар тауып, қатарға қосылады. Заман беті әділдікке қарай бұрылып келеді. Ізденгенге, оқимын дегендерге жол ашылды. «Ақбілектің» бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.
Білімді қорытындылау: сабақтан түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, үй тапсырмасын беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: романды оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:01.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: шешендік сөздің түрлері
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.
1.Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады;
2.Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
3.Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі, айыпкердің қорғану сөзі.
4.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.
5.Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз, иман сөздері жатады.
Шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын қүралдар сан алуан. Шешендік сөздер мен шешендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде дәстүрі мол, болашағы зор әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Шешендік сөздерің кез келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді. Дегенмен, шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады. Бұл сипаттар бірыңғай стилистік бояулар жүйесіне тірек болады.
Жаттығу орындау: 12-тапсырма.
Мәтіндерді салыстырып оқып, шешендік сөздің қай тегіне, түріне жататынын анықтаңдар. Өз сөздеріңді (мәтінге сүйеніп) дәлелдеңдер.
Біліді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:02.10. 2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай – айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
XIX ғасырдың орта шеніне бастап, ақындар айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп аса жоғары бағалады.
Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, ә дегеннен-ақ талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым,
Отыз асып, қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым,-
деп өзі айтқандай, көп өтпей-ақ алдына жан салмайтын айтыскер ақынға айналады.
Айтыстарының қай-қайсысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады. Қайырымсыз байларды мінеп, есесі кеткен нашарды жақтайды, ел ішінің бірлігін жырлайды, әділдікті, батырлықты дәріптейді.
-
Сүйібайдың айтыстары
Құстың бір түрі
Қазақ ақыны
Қырыз ақыны
Қарғамен айтысы
Тезек төремен айтысы
Қатағанмен айтысы
Білімді қорытындылау: тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін бақылап, үйге тапсырма беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Тезек төренің айтысын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:02.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Ресейдегі шешендіктанудың дамуы.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
XVIIғасыр басында Ресейде шешендік өнердің теориясы қалыптасып, өркендей бастаған. Епископ Макарияның «Риторика» оқулығы (1717-1719) және М.И. Усачевтің 1699 жылы «Риторика» оқулығы жарияланған.
Орыс тілінде риторика оқулығына арнайы жазған әйгілі оқымысты М.В. Ломоносов (1711-1765)еді. Оның «Шешендікке қысқаша басшылық» атты оқулығы 1748 жылы басылған. Сондай-ақ ол «Шешендік дегеніміз - ғылым» деген еңбегінде шешендіктің рухани қабілетпен, ғылыммен, басқа ғылымдарды меңгерумен және айқын, күшті дауыс, мықты рух тәрізді табиғи ерекшеліктермен біртұтас екендігін баяндаған. Шешен сөзі тыңдаушылардыңсезіміне әсер дарытуы қажет. Сөйлегенде дауысы таза, мөлдір, кібіртіксіз айтылуы ләзім. Дауыстың жоғары-төмен құбылуы мысқалдап дамығаны абзал,-деген тұжырымдар да ғалым ойының жемісі.
Харьков университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының мүшесі, орыс тілі мен риторика бойынша дәріс берген профессор Иван Степанович Рижскийдің «Риторика тәжірибелері» еңбегі (1795,1805,1822) жарыққа шықты.
Бұдан соң ақын және аудармашы Алексей Федорович Мерзляковтың (1778-1830) «Қысқаша риторикасы», А.С.Пушкиннің ұстазы, орыс және латын тілдерінің маманы Александр Иванович Галичтің «Прозалық туындылардың барлық мәтіндеріне бағышталған шешендіктің теориясы», философия докторв Николай федорович Кошанскийдің (1781-1831) «Жеке риторикасы» (1832) мен «Жалпы риторикасы» (1854) және I Александр заманындағы көрнекті мемлекет қайраткері, математика, физика, риторика, философия пәндерінің оқытушысы Михаил Михайлович Сперанскийдің «Шешендік теориясы» (1844) дейтін бағалы еңбектері жарияланды.
А.Ф. Кони «Дәріс оқушыға кеңес» деген туындысын жазды. Оның түсіндіруінше, дәріске әзірлену барысында қызықты, мәнді мәліметтерді жинақтау, қысқа әрі толық жоспар жасау, хатқа түсіру, стилистикалық жағынан мінсіз құру, дауыстап оқу, көз қанықтыру, ой жүгірту, есте сақтау шешендік сөзді дайындаудың басты шарттары болып табылады.
«шешеннің аузынан жиі қайталанатын сөздер кездеспегені жөн. Лириканы аз-кем пайдаланғаны дұрыс. Тыңдаушылардың назарын аудару үшін: 1) қысқалық; 2) ширақ сөйлеу; 3) көңілді сергітетін қысқа қайырым-шегіністер болса, нұр үстіне нұр. Дәріс оқушының түйдекті ойлары бір-бірінен туындап, өрбіп, дамып отыруы – жарасымды құбылыс. Баяндаманың түйіндемесі – барлық айтқан ойдың қорытындысы. Бұдан кейін бірдеңе айту мүмкін еместей болу керек»,-дейді А.Ф. Кони.
Білімді қорытындылау: тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін бақылап, үйге тапсырма беріп, сабақты аяқтайын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:02.10. 2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжан талантының тамаша табиғатын, бүтін бітімін, лирикалық терең тынысы менэпикалық кең құлашын қатар танытқан «Батыр Баян» поэмасы – қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс. Әсіресе «Баянның» басқа бөлімінде сурет, шешендік толғау, күй төгіліп кеткен. Бұл төгілген күй мен егілген толғауды тебіренбей оқу мүмкін емес:
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір – абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл-қолым емес – кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп, жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Асылы, суреткер шығармашылығы – оның автопортреті. Ақын сөзінен айна-қатесіз оның өзі танылады. Бас-аяғы бірер шумақ арнайы шарықтауда соншалық еркін, еспе тілмен жорғадай төгілтіп, ақын бәрінен бұрынөзін-өзі толғап, өзінің шығармашылық тұлғасын құйып түсірген. Сол арқылы ақындық өнердің жұмбақ психологиясын аша түседі. Ақыр аяғында: «Ақында адамзаттан дос болмайды, жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына»,-деп, қаламгер атаулының бәріне ортақ тылсым, сиқыр шындыққа келіп тоқтаған.
«Батыр Баянның» өзіне дейінгі өзіне дейінгі өзге дастандардан ең басты ерекшелігі – мұнда автор тарихта болған оқиғаны өлең сөзбен жай баяндап қана қоймайды, тұтасқан көркем образдар жүйесін қалыптастырады. Әр кейіпкерді мінездеуге, інездеуге дейін барады. Осылардың өн бойынан эпикалық суреттер туып қана тынбайды, күн нұрындай жылы, нәзік лиризм толқып-төгіліп тұрады.
Поэмада суреттелетін дәуір – сонау Абылай хан заманы. Абылай бастаған батырлар (арасында ер Баян); қазақ-қалмақ шайқасы; жеңіс! Баян елге жалғыз қайтпайды, қалмақтың он төрт жасар Толқыншаш деген аруын ала келеді. Баян қызды жар еткісі келеді, қыз жалынып-жалбырынып көнбейді, амалы қүрыған Баян қызға аға боп қалуға мәжбүр болады. Бірақ, оның есесіне, Толқыншаш Баянның он бес жасар туған інісі Ноянға қызығады, Ноян Толқыншашқа ғашық:
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай,жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
Екеуі қосылмақ боп, айныиасқа ант-су ішеді. Осы сәтті пайдаланып, қыз жігітті өзімен бірге қалмақ еліне баруға үгіттейді. Мұның өзі Алаш абыройына дақ түсірер ауыр сын еді. Соған қарамастан, махаббатқа мас жігіт Ноян қызға еріп, өз елінен қашады.
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Сонымен, Баян Ноян мен Толқыншашты қуып жетіп, баяғы Асан қайғы «Қандыөзек» атаған Жолдыөзек деген жерде екеуін де садақпен жайратып салады... Содан Баян Көкшетаудағы ақ ордасында өзін күтіп отырған Абылайға оралады да, жорыққа аттанады. Сол соғыстажау найзасынан қаза табады.
Поэманың бар фабуласы – осы. Ал фабула шебер қолдан сюжетке көшкенде, «Батыр Баянның» барлық құны мен қасиеті керемет көркемдік күшке айналып, оқушысын тұтқындап әкетеді.
«Батыр Баян»-қазақ топырағындағы тұңғыш психологиялық поэма.
Оқулықпен жұмыс: кітаптан тақырыпты оқып, өз араларында түсіндірме жұмысын жасайды.
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: «Батыр Баян» поэмасын оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:03.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – ҚР мемлекеттік тілі.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негізделген Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңы (1997) республикасындағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тілге – қазақ тіліне конституциялық әртебе беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым жүйесі жетілген, лексика фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Міне, осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, ғылымның саларалық түрлерінде, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында;
Мемлекеттік тілдің жоғарыда аталған қоғамдық қызметін інсіз атқаруы үшін оның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі нормаларын қатаң сақтау, жарыспалыыы қолданыстарды (босаң нормаларды) ғылыми негізде саралап, тиімді нұсқаларын сөздіктер мен грамматикаларда дер кезінде заңдастырып отыру аса қажет. Тілдік нормамен байланысты мұндай шаралар мемлекеттік тілдің әдениетін көтереді.
Жаттығу орындау: 41-тапсырма. Мәтінді оқып, елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қандай шаралар жүргізілгеніне назар аударыңыз.
Қазіргі күнде қазақ тілі қоғамдық өмірдің маңызды салаларында қызмет атқарып келе ме? Қазақ тілі сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина,фармацевтика, т.б. осы сияқты салаларда қолданыла ма?
Білімді қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:42-тапсырманы орындап, тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:03.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі(Факультатив)
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11((I)
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі шешендіктің түрлері
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі кездегі шешендер сөздері тақырыбы, мазмұны және айтылу тәсілдері жағынан алуан түрлі. Мазмұнына, тақырыбына қарай қазіргі шешендік сөздер былайша бөлінеді:
-
Білім-ғылымдық мазмұнды;
-
Әлеуметтік-саяси мазмұнды;
-
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды;
-
Діни мазмұнды;
-
Сотта қолданатын сөздер;
Бұларға әзірленудің де сипаты әр қилы. Кейбіреулеріне қажырлы ізденістер қажет болады. Ал әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптарға әзірліксіз-ақ сөйлеу дәстүрі кең өріс алған. Шындап келгенде, сотта және академиялық сипатта сөйлеу тынымсыз еңбектенуден, жүйелі машықтанудан тұрады. Әселен, орыс физигі Александр Григорьевич Столетов 1894 жылдың басында дәріс оқу үшін 1889 жылдың аяғында тапсырыс алған. Ол осы уақыт ішінде жүйелі түрде жұмыс жасаған.
|
Түрі |
Жанрлық сипаты |
|
Білім-ғылым мазмұнды шешендік |
Дәріс ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми мақала, ғылыми көпшілік дәріс |
|
Әлеуметтік-саяси шешендік |
Саяси шолу, репортаж, саясат сөздері, әскери патриоттық сөздер, съезд, конфереция баяндамалары, т.б. митингідегі сөз, дипломатиялық сөз, парламенттегі сөз. |
|
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік |
Бата, тілек, аза сөздер, мақала, баяндама, очерк, құттықтау сөздер |
|
Діни мазмұнды шешендік |
Діни-уағыз, иман, тілек, құран сүрелері |
|
Сот ісі шешендігі |
Айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің сөзі. |
Барлық шешендік сөздің түрлеріне ортақ сипаттар мынау: ақыл-ойын қозғау, ұғым-түсінігін кеңейту, білім беру, сезімге әсер ету, шындыққа иландыру.
Жаттығу орындау: 26-жаттығу. Автор сөзін мәтіннен ажыратып, авторлық баяндауға көңіл бөліңіздер. Автордың баяндауы қай шақта, қай жақта, қандай райда тұр. Сөйлемнің қай түрін көбірек пайдаланған?
Төл сөзден Могилян мен Күлтегін шешендігін дәлелдейтін жолдарды тауып, тілдік тұлғалардың эмоционалды-экспрессивтік сипатына қарай талдаңыздар
27-жаттығу. Мәтінді қазіргі шешендікке жатқызуға бола ма? Қазіргі шешендіктің қай түріне жатады?
Мақала тілінің көркемдігін сөздерді стильдік бояуына қарай талдай отырып дәлелдеңіздер.
28-жаттығу. Әтін тек ғылыми деректерден ғана тұра ма, авторлық баяндау тәсілдеріне назар аударыңыздар. Ой айқындылығына, сөздерінің түсініктілігіне және халық ұғымына жақындығына қарай талдаңыздар. Қазіргі шешендіктің қай түріне жатады? Ойларыңызда дәлелдей алыңыздар.
Білімді
қорытындылау: сабаққа жақсы араласқан
оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Бекітемін:
Күні:03.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы: Сын
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беруді айтамыз. Сынға салуға болады – ғылымнан шыққан нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да ықтимал. Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы мақсат – жақсы-жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне дұрыс, терісін көрсету; өнер тарапынан шыққан нәрсе болса,мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету; кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету; қоғамшылықпен шыққан нәрсе болса, адам қалпына қолайлы келу-келмеін көрсету. Сөйтіп, адам ісінен шыққан нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі.
Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандықтан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға түседі. Біраққайсысы сынға түссе, шығармалар түсетін сынның жалпы аты – әдебиет сыны деп айтылады. Әдебиет алқасына кіретін шығармалар: қара сөз, дарынды сөз болы екі айырылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде мұның екеуі де екі жүйе таразымен өлшеніп сынға түседі. Қара сөздер мейлі әуезге, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын, ғылым таразысына түсіп, ғылым жүйесінің сынымен тексеріледі. Ғылым сыны – ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды. Шынында сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па? Дәлелдері толық па? Сипаттары күшті ме? – деп сол жағынан тексереді.
Пән шығарманың ғылым жүйесіне дұрыс, теріс келуін пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі адамның ғана жасау қолынан келеді.
Білімді қорытындылау:жаңа тақырыпты қаншалықта түсінгендіктерін бақылап, сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:04.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдеби тілі – қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылатын, стильдік тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл.
Қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдің білім мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етіп, тілдік ұжымның қарым-қатынас қажетін өтейді.
Осымен байланысты қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ғылыми стиль, құқықтық салада – ресми іс қағаздары стилі, қысқаша айтқанда ресми стиль, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста – сөйлеу тілі стилі.
Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары, түптеп келгенде, үлкен екі арнаға саяды. Жоғарыда аталған публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль, көркем әдебиет стилі – кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы айтылған стильдері жазбаша және ауызша түрде қызмет атқарады. Ал сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды. Қарым-қатынас, негізінен, ауызша түрде жүзеге асады.
Кітаби тілдің де, сөйлеу тілінің де түп негізі – бір тіл. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық бірліктері (дыбыстары), лексика-грамматикалық бірліктері (сөз бен сөз тұлғалары) кітаби тілге де, сөйлеу тіліне де ортақ болып келеді. Сонымен қатар сөйлеу тілінде ғана қолданылатын дыбыстық, лексика-грамматикалық бірліктер сөйлеу тілінің жүйесін құрайды. Сондай-ақ тек кітаби тілдің жазбаша немесе ауызша түріне тән қолданыстардың да өз жүйесі бар. Ұны байқау үшін кітаби тіл реңкіндегі сөйлемдер мен сөйлеу тілі реңкіндегі мына тәрізді сөз қолданыстарды салыстырыңыз:
Елдес Ерназарұлы оныншы сыныпты үздік бітірді(кітаби тіл) – Елдес оныншыны еске бітірді (сөйлеу тілі);
Білімді қорытындылау: тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін бақылап, сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:04.10. 2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: «Шернияз» пьесасы
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жүсіпбектің сан салалы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі – оның драматургиясы. Ол – қазақ әдебиетінде төңкеріс жылдары туған осы жанрдың көшбастаушыларының бірі. Сонымен бірге ол қазақтың театр өнерінің бастауында тұрды. Қазақстанда алғашқы кәсіпқойлық ойын-сауық үйірмелерін ұйымдастырып, оған өзі жазған пьесаларын өзі режиссерлік жасап, сахнаға шығарған. Ол 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының он жылдығына арналған Семейде өткен кеште өнер көрсеткен. 1915 жылы сол қалада «Біржан мен Сара» спектакілін сахнаға лайықтап қойып, өзі Біржанның рөлін атқарған. Жиырмасыншы жылдары Семейде «Ес-Аймақ» деген театр группасы ұйымдасқанда да Жүсіпбек соның басы-қасында болған.
«Шернияз» - жүсіпбектің ең соңғы және үздік туындыларының бірі. Оны жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған және пьесада «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған ақынның орындалмай кеткен арманын, оның «шерлі өмірін», «шерлі қалған елі» жайлы толғаныстарын суреттейді. Шернияз бейнесінде Жүсіпбек өз дәуірінің оқыған, көзі ашық, саналы азаматының заманның ауыртпалығын бастан кешкен қиналысын бейнелейді. Ол қаланың беймаза тіршілігінен қырға, ауылға кетеді. Жа тыныштығын, даланың дарқандығын, ағайындық сыйлы қарым-қатынасты ел ортасынан іздейді. Бірақ ел ішінде кең жайылған алауыздықты, берекесіздікті, рулық тартыстарды, дау-дамайды көріп кейиді. Ол бәрінен түңіліп, жан азабын шегеді.
Шернияз басынан кешкен бұл трагедия сол дәуірдің ең өзекті, өткір мәселелерінің бірі болатын. Қала мен даланың қарым-қатынасы, олардың қайшылықты шындығы Сұлтанмахмұттың «айтыс» поэмасында, мағжанның «айда атыңды, Сәрсенбай» өлеңінде кең суреттелген. Олардың бәрі де қаланың мәдениеті, білім ошақтары болмаса, қалған тіршілігіне үрке қарады. Саудагершілік, содан туған адамның мінез-құлқындағы өзгерістер (жеңілтек мінездер, есепке ұрылған ұқсастық, эгоистік, пәлеқорлық, т.б.) оларға қазақтың дарқан, кең пейіл мінезін даладан іздетті. Бірақ ауылда да қайшылықты өмір көріністері аз емес-ті. Оны жайлаған рушылдық , ескі салт-сананың кертартпа жақтары өмірден әділет, шындық іздеген адамның жанына тиетін құбылыстар болатын. Шернияздың қала мен даладағы өмірін суреттей отырып, Жүсіпбек осы шындықты жан-жақты ашады. Шернияз дала ақыны, ал Базарбай қала ақыны болып айтысады.Бірі – даланың сұлу табиғатын, қазақтың кең пейіл бауырмал мінезін мадақтаса, екіншісі – қаланың ойын-сауығын, жастықтың желікпе мінездерін қызық тұтады. Дала ұлы Шернияз мінез-құлқында сол даламен тұтастық, рухани бірлік танылады.
Оқулықпен жұмыс: оқулықтан тақырыпты оқып, «Шернияз» пьесасын оқып, мазмұнына қысқаша талдау жасаймыз.
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: пьесаны оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:04.10.2018
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы:12(II)
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ағайындар
Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі ,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.
Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы ,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.
Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де,көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.
Мұхтар Әуезов (207 сөз)
Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.
Бекітемін:
Күні:04.10.2018ж
Пәні:Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы: 12 (II)
Сабақтың тақырыбы : ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?
2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу
Бекітемін:
Күні: 08.10.2018
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өн бойы тола өлең-жыр
Біз оның бала кезінен қанша бейхабар болсақ,балаң ақын кезінен де сонша керқұлақпыз. Ол бізге алғашқы беттерін алыс жылдардың құтырынған құйындары жыртып, ортасынан ауа кеткен көне кітаптай көрінуші еді. Дәлдеңкірей түссек, ол әлі парақтары сарғыш тартқан жалба-жұлба кітаптың өзінен гөрі, соған жазылған ескі қиссаның тоқпақтай тұлдыр, тобадай жалғыз кейіпкері-ежелгі ерлерге көбірек келіңкірейтін еді. Тау тұйғында оқта-текте бір есетін кезбе желдей үзік-үзік, келте мәліметтердің айтуынша ,бабаларының арасында батыр көп болыпты. Ал өзі әке батасын аттап,жағын сатып күн көрген жалба тонды ақындықты қалады. Аталары ақбас Алатаудың көк майса сай –салаларынан өрбісе,өзі тұлдыр даладағы Жамбыл тауының етегінде жерге түсіпті. Анасы оған Қоқан ханы Құдиярдың құрығынан қашып жүрген ұлы сүргін тұсында тосыннан толғатыпты. Сөз реті қаза кетпесін ,Құдияр оның бабаларына көрсеткен қоқан-лоқысын менің бабаларыма да жасапты. (Кер тағдырлы ата-баба сүрлеуі қалай-қалай ойқастап,көнтерілі уақыттың қай-қай белеңінен тоғысады десеңізші!) Қайталап айтайық, кейуана қарияның сақал-мұрт басқан салғырт жүзіне қарай отырып, тал бесікте уілдеп жатқан жас иіс сәбидің бейнесін көзге елестету қандай қиын болса, дүлдүл ақынның кезі, балауса шағы шамамен мынадай болған шығар деп бал ашу да сондай қиын. Бар білетініміз: ел Екей ақындық жағынан ерекше салымды бопты.
Екейде елу бақсы, сексен ақын,
Сарнайды жын қаққандай кешке жақын,-десе дегендей-ақ, Екейдің әйел-еркегі күні бүгінге дейін оңтайы келгенде өлеңдетіп қоя береді.
Әбдіжәміл Нұрпейісов (203 сөз).
Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.
Бекітемін:
Күні: 08.10.2018ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А. Ж.
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Шортанбай Қанайұлы
Сабақтың мақсаты : а) Шортанбай Қанайұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы.
Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, Қарқаралы дуанына қарасты Арғын руынан тараған Қаракесек Кеней ішінде өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Бастапқы кезде ол Жамантай төренің, кейін Жанғұтты бидің қолында болып, сол жерде қайтыс болды. 19 ғ. екінші жартысында феодализм іргесі ыдырай бастады. 1861 жылғы Ресейде болған крепостнойлық құқықты жою туралы заңның лебі Сарыарқаға да жеткен болатын. Міне, осы кезеңді жіті байқап, ой-түйгендерін ақын өзінің өлеңдері арқылы керсетті. 1868 жылы "Жаңа низам" заңы шықты. Енді қазақ елін билеу жүйесінде өзгерістер болды. Бұрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, қазақтың өз ішінен шыққан саудагер, байлар қатарға қосылып өз өктемдіктерін жүргізе бастады. Бұл кезде Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша биледі. Демек, капитализмнің элементі қазақ жеріне де ене бастағанын көреміз. Осы кезде байи бастаған саудагер, байлар ел билеу ісіне белсене араласуға тырысты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін татқан Шортанбайлар күні өтіп бара жатқан хандық дәуірді аңсап, жаңа ене бастаған капиталистік қарым-қатынасты жатсынады. Ол өзінің "Бір насихат айтайын" деген өлеңінде:
Әуелі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты - деп қазақ аулының тұрмысына жаңа ене бастаған сауда-саттық қатынасына шошына, үрке қарады. Бүкіл жұрттың саудаға араласып жанталасқа түскенін көріп қамығады.
Кітаппен жұмыс: Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:08.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: Ресейдегі шешендіктанудың дамуы.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский «Риториканың мазмұны мен міндеттері» деген мақаласында шешеннің тұлғасына тоқталады: «шешен шаршы топты өрнекті ойларымен иландырады, оның ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен, пафоспен өлшенеді. Демек, ол сөзңнңғ оттылығымен, жарқылымен, күшімен, көріктілігімен тыңдаушыны баурап алады»,-дейді. Нағыз шешендерді тәрбиелеу үшін практиканың қажеттігі мен артықшылығын дәйектеген ғалым В. Белинский болатын.
П.С. Проховщиков сөйлеудің әуезділігі жайлы пікір өрбіткенде, ағылшын адвокаты Р. Гарристің: «Шешендік өнердегі таңғажайып кереметтердің бірі – дауыстың алуан түрмен құбылуы»,-деген пікіріне сүйенеді.
Шынайы көркем сөз шешеннің рухани дүниесі мен сыртқы келбетінің гармониялық үйлесімінен туады. Сөз сөйлеушінің ақылы мен жүрегінен туатын белгілі бір ойлар, сезімдер бет-жүз құбылыстары мен қимыл-әрекеттерінен және шешеннің сыртқы тұлғасынан айқын аңғарылады.
П.С. Проховщиковтың пайымдауынша, сөзге жазып-сызып әзірленген дұрыс. «Алғыр шешен күні бұрын тыңдаушылардың ойлары мен көңіл күйін өткір сезінеді. Ол аса сақтықпен сөйлейді, тыңдаушыны әбден өзіне бағындырып алған соң, олардың сезім-күйлерін билеп әкетеді»,-деп түйіндейді.
Орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гоголь: «Профессордың стилі тартымды, отты болуға тиісті. Ол тыңдаушылардың ынтасын біржола өзіне қаратуы қажет. Профессордың әңгімесі оқтын-оқтын шамырқанған шабытпен айтылып, қадау-қадау ой-пікірлерді жаудырып, төгіп, төпелеп жіберсе, сондай-ақ әркімге де түсінікті болса ғой. Шынында, асқақтық қайда болса, қарапайымдылық та сонда»,-деп жазған. Ол шешендік музыка мен импровизацияға жақын деген пікірді қостайды.
«Шешен болу үшін тілді, ұлттық әдебиеттің қазынасын егжей-тегжейлі білу – басты парыз»,-деп түйіндейді ол өз сөзін.
Жаттығу орындау: 20-тапсырма. Мәтінді әнерлеп оқыңыздар.
Л. Толстойдың ой-пікірі орыс шешендіктанушыларының қайсысының ойымен үндес келеді? Ойларыңызды дәлелдеңіздер.
Білімді қорытындылау:сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын белгілеп беріп, сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:тақырыпты оқып келуге беремін.
Бекітемін:
Күні:08.10.2018ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы.
(1893-1920)
Сабақтың мақсаты:
а) С.Торайғыровтың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.
Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.
Тірек сызбамен жұмыс:
|
өлеңдері |
поэмалары |
прозасы |
|
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б |
«Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», |
«Қамар сұлу», «Кім жазықты?» «Ауырмай есімнен жаңылғаным» |
С.Торайғыровтың шығармаларына назар салып зерттеген жазушы Ж.Аймауытов, ғалымдар Б.Кенжебаев,Ғ.Ахмедов А.Еспенбетов т.б
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.С.Торайғыровтың қандай поэмаларын білесіңдер?
2. Ақынның қандай өлеңдерімен таныс едік?
3. Сұлтанмахмұттың ұстаздары кімдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Торайғыровтың өмірбаянын оқып келу.
Бекітемін:
Күні: 09.10.2018ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ерқожаева А.Ж
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Сабақтың мақсаты : а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?
-
Қандай айтыстарын білесіңдер?
-
Қандай жырларды жырлап жеткізген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.
Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.
Ақын:
...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге,
Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.
Өнер алды — тіл еді. Қарсыласқан хандарға
Сарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...
Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,
Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды
Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -
деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне
үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.
Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Майлықожа қай жылы дүниеге келген?
-
Қандай толғауларын білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Бекітемін:
Күні:09.10. 2018ж
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Ерқожаева А.Ж.
Сыныбы:11(I)
Сабақтың тақырыбы: тапсырма орындау.
Сабақтың мақсаты: а)
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
16-тапсырма.
Энциклопедиялардан немесе арнаулы зерттеу еңбектерінен Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим шешендері туралы мағлұмат жинап, қалаған тақырыптарыңыз бойынша реферат жазыңыздар.
17-тапсырма.
«Шешендік – өнердің ежелгі отаны» деген тақырыпта пікір алмасыңыздар.
18-тапсырма.
Даналық сөздердің мәнін түсініп оқыңыздар.
Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай болуға, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген