жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Е е дыбысы мен әрпі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тараз қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі



Т
ақырыбы:
Пән мұғалімі: Темирбаева М.М.
Сыныбы: 1 «Д» сынып
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Е е әрпінің таңбасымен, жазба түрімен
таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау
жасау. Дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көзбен
көру, есту арқылы есте сақтау танымдық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аңдар мен
ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, топтастыру
Сабақтың көрнеклілігі: орман бейнесі, плакат, кеспе әріптер, аңдар суреті,
дауысты-дауыссыз дыбыстар уйшігі.
Болжамдап отырған нәтиже: Оқушылар Е е әрпінің таңбасын жаза алады және буындап оқи алады.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Кезекшімен сұхбат
3.Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. Жазба жұмыстарын тексеру
2. ң әрпін буындап оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Оқулықпен жұмыс
3.Мәнерлеп оқып,түсіндіру
4. Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Дәптермен жұмыс
2. Сұрақ – жауап жұмысы
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау
1. «БҮҮ»
2. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
1.Е е дыбысын - оқып келу
2. «Етікші» - жаттап келу.
3. Е е әрібін жазып келу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күн ге!
-
Бугін бізде сауат ашу сабағы ерекше болмақ. Бізге көптеген қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
-
Балалар біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік? (ң)
-
Қане дыбыстайық (ң, ң, ң, ң)
-
Кім айтады ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс)
-
Неліктен? (себебі кедергіге ұшырап айтылып тұр)
-
Ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң, оң, тоң, жаңбыр т.с.с.)
-
Өте жақсы
-
Ендеше аң сөзін буынға бөлейік (1 буын) ң дыбысы қай жерде естіледі? (сөз соңында)
-
Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын) ң дыбысы нешінші буында естіледі? (1- ші)
-
Балалар, біз мысалдар келтіріп жатырмыз.
Сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз бар ма? (жоқ)
Ң дыбысы сөздің ортасында, соңында келеді екен, еш уақытта сөз басында кездеспейді екен.
Оқулықпен жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар сендердің ертегі тыңдағыларын келе ме? (ия)
- Ендеше тыңдаңдар.
- Ерте, ерте, ертеде ну орманда көптеген ағаш өсіп, құстар сайрап, аңдар тіршілік етіпті. Түн болып, орман да, ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетті. Тым – тырыс. Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні жан – жақты жаңғыртып жіберді.
- Ол қандай құс? (Тоқылдақ)
- Тоқылдақты орман емшісі дейді. Себебі, ол ағаштағы құрт – құмысқаларды жеп емдейді екен.
- Сонымен тоқылдақ теректің басына қонып:
Тоқылдақ: -Тоқ, тоқ, тоқ тоқ
Күн шықты енді ұйқы жоқ, - деп теректің қабығын каққылап жатады.
Теректің астынан бір аң оянып кетіп айғай салады.
-
Кім айтады бұл қандай аң? (арыстан)
Арыстан: Таң атпай мазамды алған кім? – дейді
Тоқылдақ: - Мен тоқылдақпын. Сен кімсің?
Арыстан: - Мен арыстанмын.
Тоқылдақ: - Арыстан, арыстан, жылдам киін, мойныңды бұр, орныңнан тұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ қақ! – дейді.
Арыстан: - Маған өрігің, жидегің, жаңғағын да керек емес деп дейді де ашуланып, қалып қояды. Тоқылдақ ұшып келіп, қайыңңың басына қонып, қаққылай бастайды.
Тоқылдақ: -Тоқ, тоқ, тоқ тоқ
Күн шықты енді ұйқы жоқ, - дейді.
Қайыңңың астынан бір аң оянып кетіп айғай салады.
-
Бұл қандай аң? (қасқыр)
Қасқыр: Таң атпай ерігіп жүрген қайсысың? – дейді.
Тоқылдақ: - Тоқ, тоқ, тоқылдақ деген менмін. Өзің кім боласың?
Қасқыр: Мен ашулы қасқырмын.
Тоқылдақ: Қасқыр, қасқыр, ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ.
-
Балалар қасқыр жидек, жаңғақ шаға ма? (жоқ). Ол да ашуланып қалып қояды.
Тоқылдақ қара талдың басына келіп қаққылай бастайды.
Тоқылдақ: - Тоқ, тоқ, тоқ, тоқ.
Қара талдың астынан бір аң оянып тұрып кетеді
-
Балалар бұл қандай аң? (жолбарыс)
Жолбарыс: - Әй дүрсілдетіп, ұйқымды бұзған қайсысың – дейді?
Тоқылдақ: Мен тоқылдақпын. Сен кімсің?
Жолбарыс: Мен жолбарыспын.
Тоқылдақ: Жолбарыс, барыс. Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!
Жолбарыс: - Қап бәлем, түнімен ұйықтамай, жаңа ғана көзім ілініп еді деп, ашуланып тоқылдаққа ұмтыла бергенде, тоқылдақ қашып құтылып бір ағашқа қонады. Қорқып кеткен тоқылдақ айқан әнін де, қай ағашқа қонғанын да білмей қалады.
-
Біз балалар тоқылдақтың есін жиып, қай ағашқа қонғанына, әнін еске түсіруіне көмектесуіміз керек. Балалар тоқылдақ орман аңдарын неге рятты?
(Ерте тұрып, еңбек етсін – деді). Еңбек ету керек екен. Ол жаңғақ, жидек теріңдер деп оятты, бірақ арыстан, қасқыр, жолбарыс олар жаңғақ, жидек тере ме? (жоқ). Кім тереді екен, оны сабақ барысында білетін боламыз. Қазір осы жолбарыс, арыстан, қасқыр жөнінде үйден оқып келген мәтінді оқиық.
3 балаға «Аңдар» мәтінін оқыту, не түсінгендерін сұрау.
-Сонымен аңдардың қандай пайдасы бар?
-Олардың терісінен әдемі тондар тігіледі.
-Балалар бұл аңдардан басқа қандай аңдарды білесіңдер? (қоян, түлкі аю, тиін т.с.с)
-Балалар осы орманның шетінде 2 үй бар екен. Төбелерінің бірі көк шатыр, бірі қызыл шатыр. Бұл үйлерде дыбыстар тұрады екен.
-Балалар неге шатырлары көк, қызыл деп ойлайсыңдар? Себебі онда дауысты, дауыссыз дыбыстар тұрады.
Қане бұл үйлерде қандай дыбыстар тұратынын айтып жіберейік. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а,о,ы,у,ұ)
Қ
андай дауыссыз дыбыстармен таныстық?
(т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д,б,с,ж)

|
А,о,ы,у,ұ |
-
-
-
-
-
-
Т,п,н,ғ,л,р,
Ш,й,қ,м,д,б,с,ж
-
-
-
-
-
-Дұрыс айтасындар балалар. Балалар бүгін осы үйлердің бірін тағы да дыбыспен толтырамыз. Оның қандай дыбыс екенін білу үшін тоқылдаққа есін жиюға көмектесейік. Сонымен орманда тағы қандай аң болады дедік? (тиін, аю, қасқыр). Осы аңдардың ішінде қайсысй жаңғақ, жидек теретін? (тиін)
Дұрыс айтасындар.
-Балалар бүгін тиін басқа бір ағаштың жаңғағын тауып алыпты. Ол жаңғақ емен ағашынын жаңғағы екен. Тоқылдақтың қонған ағашы сонымен қандай ағаш екен? (Емен ағашы). Емен ағашының басқа ағаштардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсындар? (Оның діңі жуан болады)
-Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімеіді, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады екен. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды екен.Ал енді балалар емен сөзін буынға бөлейікші.
Е –мен (2 буын)
-Емен деген сөзде бізге таныс емес дыбыс естіледі. Ол қандай дыбыс? (Е)
Е дыбысын дыбыстату (е-е-е)
Е қалай естіледі? (Әндетіліп, созылып)
-Ендеше ол қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар? (дауысты)
-Балалар ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз (Е) дыбысы.
-Енді е дыбысын өз үйіне орналастырайық.
2. оқулықпен жұмыс.
3.Мәнерлеп оқып, түсіндіру
Е мен не ме ре ел жел
Е ден не ме не ер жер
Сөздерді буынға бөліп оқу.
Сөздегі е дыбысы қай буында естілетінін табу.
4. Сергіту сәті
-Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді е әрібін дәптерімізге жазамыз
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге е әрібін жазу.
- Сонымен балалар тоқылдақ қандай ағашқа қонып еді? (Емен)
Ендеше оқулықта «Емен» деген мәтін берілген.
Әр сөйлемге талдау жасау. Мәтінде неше сөйлем бар? (4)
-Бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөйлемдерде неше сөзден бар?
Неше? Нешеу?
Бес белбеу Белбеу - бесеу
Алты ер Ер – алтау
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Дәптермен жұмыс.
2. Сұрақ - жауап
- Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)
- Е қандай дыбыс болды? (дауысты)
- Қандай мықты ағашпен таныстық? (Емен)
Орманға бара жатқандар,
Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін сендерден,
Орманды өрттен сақтаңдар.
- Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ сияқты ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау және бағалау.
1. «БҮҮ»
|
Білгенім |
Үйренгенім |
|
|
|
2.Оқушыларды бағалау.
Сабаққа «өте жақсы» қатысқан оқушыларға тиіннің жинаған емен ағашының
жаңғақтарын сыйға тартамын.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру..
1.Е е дыбысын - оқып келу
2. «Етікші» - жаттап келу.
3. Е е әрібін жазып келу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген