400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Е. Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжирбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 4-бөлім:

Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым


Мектеп: №1 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Садуакасова Лязат Досбаевна

Күні: 17.04

Сынып: 6А Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Е. Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;


Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсінеді, заман бейнесін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлеңнің әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Бағалау критерийі

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады

әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Қажетті сөздік қор мен термин: тәуелсіздік, бақыт, алып, жанр,идея,


Диалог және жазу үшін қажетті пайдалы тіркестер: алып қорғандар, бодан болу, еркіндік, империя, территориясы, нышандар


Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

Қарым-қатынас жасау қабілеті

Өзгелердің мәдениетіне құрметтпен қарау

Жауапкершілік

Денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Өмір бойы оқуға дайын болу


Пәнаралық байланыс


Қазақстан тарихы, тіл,әдебиет теориясы


Алдыңғы білім

А.Алтай «Прописка» әңгімесі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу. «Ішкі,сыртқы шеңбер комплимент» ойыны


Топқа бөлу «Герб», «Әнұран», «Көк байрақ» сөздері арқылы


Топқа отырған соң

Ой қозғау

«Герб», «Әнұран», «Көк байрақ» сөздерінен не ұқтыңдар ?


Picture 2 Ықтимал жауап: Әр мемлекетттің ұлттық рәміздері болады. Рәміздер сол елдің мемлекеттік белгісі.Тәуелсіз елдің нышандары осы –рәміздер.


б


С.Тәуелсіз ел дегенді қалай түсінесіңдер ? Біздің еліміз тәуелсіздігін қашан алды?


ҚБ. Ауызша марапаттау.


Ендеше ,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да ақын Е.Жүністің «Менің атым –Тәуелсіздік» өлеңіне арналады. Ақын тәуелсіздікті жырға қалай қосыпты тыңдап көрейік.


Аудио https://abai.kz/post/43017


Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі тыңдалады.



Оқулық

ақ парақ

стикер




https://abai.kz/post/43017


фото суреттер: герб, ту ,әнұран, Тәуелсіздік монументі

бағалаулар таратпа материалдар

Сабақтың ортасы – 25 мин.






Қосымша . Ерлан Жүніс 1984 жылы 7 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінің”Әлем тілдері “Факультетін тамамдаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.“ Жыр- президент“,” Киелі түндердің дұғасы“,”Хауас“, “ Ғаусар” жыр жинақтарының авторы;Халықаралық” Шабыт“ шығармашыл жастар фестивалінде Гран-при және Президент кубогінің иегері;2012-2013 жылғы Мемлекеттік стипендия иегері.


ЖЖ. 1-тапсырма Шығарманың жанры , тақырыбы, идеясы не ?



жанры

тақырыбы

идеясы






Бағалау дескрипторы

Шығарма жанрын анықтайды

Шығарманың тақырыбын айтады


Идеясы берілген өлең жолдарын табады

Өлең екенін дәлелдейді


Мысалы:

Бұл шығарма – өлең, себебі белгілі-бір ұйқасқа құрылған, бірнеше шумақтан тұрады.


ҚБ: «Жақсы сұрақ негіздері» әдісімен



Ж. 2- тапсырма

Өлең қалай ісер етті? Өлеңнен алған әсеріңді екі сөйлеммен жаз -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


ҚБ. «Прогресс білдіру» әдісі


Picture 2 С. 3- тапсырма Автор өлеңінде қайталанып келетін сөздердің мәні қандай? Автор неліктен қайталайды? Ақынның айтары не?

Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім – 
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!

Көтерілген мәселе


Болашағы

Төнген қауіп

Менің түйгенім








ҚБ: «Үлдірленген критерийлер» әдісімен



ТЖ«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» шағын постер қорғау

Shape1



Топтық бағалау. Әр топ бір –бірін бағалайды.




Сабақтың соңы – 8 мин.

Сабақтың тақырыбы бойынша кері байланыс береді



Рефлексия

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады





Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қабілеті жоғары оқушыларға өлеңнің көркемдігне қарай талдау бойынша тапсырма дайындалады.

Т. Өлең жолдарында кездесетін көркемдік өрнектер тауып, өлеңге қандай мән үстеп тұрғанын айт.




Әр тапсырмадан соң ҚБ. Ауызша марапаттау, «Прогресс білдіру» әдісі, «Үлдірленген критерийлер» әдісі, «Жақсы сұрақ негіздері» әдістерімен бағалау жүргіземін . Топтық жұмыста оқушылар бір –бірін бағалайды.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылды. Сабақ барысында оқушылардың денсаулығы , қауіпсіздігі ескерілген .Уақыты кезең –кезеңмен 40 мин бөлінген.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
3277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі