Бірінші кіші «Айналайын»
тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші: : Муканова Д.Д.
Күні: 14.01.19ж.
Білім беру саласы:
Денсаулық.Денешынықтыру
Тақырып: Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің
(сызықтың) үстімен жүру. Шығыршықтың ішіне қос аяқпен
секіру.
Мақсаты: Еденде ирелендеп жатқан жіптің
(сызықтың) үстімен жүруге; Шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіруге
үйрету.
Тәрбиелік:. Балаларды ирелендеп жатқан жіптің үстімен жүруді
және жаттығулар орындағанда арақашықты сақтауға
дағдыландыру.
Оқыту:
Ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Дене бітімдерінің дұрыс
қалыптасуын қадағалау. Ойлау қабілетін дамыту.
Сөздік
жұмыс: жүру, жүгіру, қос аяқпен
секіру.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: доптар, шығыршықтар және
ойынға қажетті заттар.
Ұ.О.Ә.барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі 1.Бір қатар сапқа
тұру.
2.Сәлемдесу
Бір тізбекпен
жүру.
Орнымыздан
тұрайық,
Алақанды
соғайық.
(Жүріп келе жатып, орындарында
тұрып, қолдарын шапалақтайды).
Қолды белге
қояйық,
Бір сызықпен
жүрейік.
(Қолды белге қойып, бір
қатармен жүреді).
Күндей болып
күлейік,
Көңілді
жүгірейік.
(Бір қатармен
жүгіру).
Балаларға таяқшалар беру,
бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге
тұрғызу.
Негізгі
бөлім.
Жан- жақты дамыту
жаттығулары: (Доптар)
Қол мен иық бұлшық еттеріне
арналған жаттығулар:
1.Допты жоғары көтеру,
таяқшаға қарау.
2.Төмен түсіру, таяқшаға
қарау.
3.Б.қ.
келу.
Қол мен иық бұлшық еттеріне
арналған жаттығулар:
1.Допты жоғары көтеріп, бір-
біріне соғу. 2. Б. қ. келу
Дене бұлшық еттеріне
арналған жаттығулар:
Б.қ. аяқ иық көлеміндей алшақ,
қол төменде.
1.Допты алға
созу.
2.Жоғары
көтеру.
3.Б.қ.
келу
Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей
алшақ, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1.Допты оң қолмен ұстап тұрып
оңға бұрылу.
2 Допты сол қолмен ұстап тұрып
солға бұрылу.
3.Б.қ.
келу.
3. Аяқ бұлшық еттеріне
арналған жаттығулар:
Б.қ.: отыру, таяқшаны екі
шетінен қолмен ұстау.
1.Допты алға, аяқ ұшына қарай
созылып иілу..
2. Жоғары
көтеру.
3. Б.қ.
келу.
Б.қ.: тік тұру, таяқшаның екі
шетінен ұстау.
1.Допты ұстап тұрып, орнында
секіру.
2.Б.қ.
келу
Тыныс
алу:
1. аяқ арасы алшақ, таяқшаны
қос қолмен жоғары көтеру (дем алу);
2.Допты кеуде тұсына әкеліп,
мұрнымен дем шығару.
Негізгі қимыл
жаттығулары:
1.Еденде ирелендеп жатқан
жіптің (сызықтың) үстімен жүру.
2.Шығыршықтың ішіне қос аяқпен
секіру.
(Шеңберге қос аяқпен секіріп
кіру, қол белде).
«Пойыз» ойыны:
1.Ойын шартын
түсіндіру.
2.Балалармен бірлесе ойнау.
Қорытынды
1.Балаларды мақтап,
мадақтау.
2. Жүріс түрлерінің дұрыс
орындалуын бақылау.
3.Қауіпсіздік ережесін сақтау