Education System

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Education System

Материал туралы қысқаша түсінік
The graphs below give information about computer ownership as a percentage of the population between 2002 and 2010, and by level of education for the years 2002 and 2010. MM Summarise the information by selecting and reporting the main features, and make comparisons where relevant.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Жүргіншілер өтпелері










Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Тақырыбы: Жүргіншілер өтпелері.


Мақсаты: Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын

білуге үйрету.

Оқушыларды жауапкершілікке,сергектікке,жол ережесін

бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршамның суреті,әр түрлі жазылған сөздер.


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.


Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтеп тұрады

/ бағдаршам/


Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.

Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,

Деп тұрғандай:

«Адамдарға жол ашық!»

Кезек ашып,жұмғанында үш көзің

Қалт жібермей,орында дәл,тос өзін.


2. Қызыл көзі жанғанда,

Сары көзі жанғанда,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Жүгіре бер бел асып.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда


Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі.сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.

1 сұрақ:

Бағдаршам дегеніміз не?Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап.Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттаан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп,тілін алу баршамыздың міндетіміз.

2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?

Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл-қызыл түсті, «жүріңіз,тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.

3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?

Жауап. Жиек жолмен жүреміз.

4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?

Жауап: Жер асты жолымен.

5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?

Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.

6 сұрақ. Ата-аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?

Жауап: Аялдамадан отырамыз.

Бағдаршам ойыны: Барлық оқушы билеп жүреді.қызыл жанғанда тоқтап қалады.Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады.Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.

Ән: Біз жолаушы баламыз.

1Shape1 .Сапар шексек,сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус,трамвай

Автобуспен жүреміз


2Shape2 .Көліктерге мінеміз

Күнде тынбай жүреміз

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Қорытынды.

 Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.

1.Сен көшеге шықтың.Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жас амау үшін әуелі сол жағыңа,содан кейін оң жағыңа қара.

2.Мектепке барар жолды,не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

3.Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа!Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

4.Тар тротуармен келе жатқанығда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!

5.Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.


Қай көше ,қалаға қарай барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
























Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар











Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар


Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.


Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.


Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
















Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Реттелмейтін көше қиылыстары










Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова


Тақырыбы: Рет­телмей­тiн көше қиылыс­та­ры.


Мақсаты: Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын

білуге үйрету.

Оқушыларды жауапкершілікке,сергектікке,жол ережесін

бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршамның суреті,әр түрлі жазылған сөздер.


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 13.11.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13.11. Тең емес мәнде­гi жол­дардың қиылы­сын­да, екiн­шi дәре­желi жол­дың бойымен қозғалу­шы көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi олар­дың әрi қарайғы қозғалыс бағыты­на бай­ла­ныс­сыз, бас­ты жол­мен жақын­дап қалған, оның iшiн­де кейiн қарай бұры­луды жүзе­ге асы­ратын көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi. Бөлу жол жо­лағы бар бас­ты жол­мен қозғала­тын жүргi­зушi көше қиылы­сын­да ке­рi ай­на­луды жүзе­ге асыр­мас бұрын екiн­шi дәре­желi жол­мен көше қиылы­сына жақын­даған көлiк құра­лының оған жол бе­ретiн­дi­гiне көз жет­кi­зуi ти­iс.

13.12. Бас­ты жол көше қиылы­сын­да бағытын өзгерт­кен жағдай­да бас­ты жол­мен қозғала­тын жүргi­зушi­лер бiр­дей маңызы бар жол­дардың қиылы­сын өту ере­жесiн өза­ра бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi. Екiн­шi дәре­желi жол­мен қозғалып ке­ле жатқан жүргi­зушi­лер де осы ере­женi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.13. Бiр­дей маңызы бар жол­дардың қиылы­сын­да рель­ссiз көлiк құрал­да­рының жүргi­зушi­сi оң жақтан жақын­дап қалған көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де өза­ра осы ере­желер­дi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

Мұндай көше қиылыс­та­рын­да, оның қозғалыс бағыты­на қара­мас­тан, рель­ссiз көлiк құрал­да­рының ал­дында трам­вай ар­тықшы­лыққа ие бо­лады.

13.14. Солға не­месе ке­рi бұрылған кез­де рель­ссiз көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қара­ма-қар­сы бағыт­та бiр­дей маңыз­ды жол бойымен тi­ке не­месе оңға қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де өза­ра осы ере­желер­дi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.15. Егер жүргi­зушi жол­дың төсе­нiшi бар-жоғын айқын­дай ал­ма­са (тәулiк­тiң қараңғы ке­зi, бал­шық, қар және сол сияқты), ба­сылым­ды­лық бел­гi­лерi бол­ма­са, ол екiн­шi дәре­желi жол­да­мын деп есеп­те­уi ке­рек.











Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова


Сабақтың тақырыбы: Рет­те­летiн көше қиылыс­та­ры.

Бағдаршам


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:


  1. 13.5. Бағдар­шамдар­дың рұқсат ете­тiн сиг­налда­ры бойын­ша солға не­месе артқа бұрылған кез­де рель­ссiз көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қара­ма-қар­сы бағыт­тан тi­ке не­месе оңға қозғала­тын, оның iшiн­де Ере­женiң 5.6-тар­мағына сәй­кес көше қиылы­сына шығатын көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де осын­дай ере­женi өза­ра бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

  2. 13.6. Бағдар­шамның са­ры және қызыл сиг­налда­рымен бiр­дей уақыт­та қосым­ша сек­ци­яда iс­ке қосылған бағыт­та­ушы­ның бағытын­да қозғалған кез­де жүргi­зушi басқа бағыт­тардан қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi.

  3. 13.7. Егер бағдар­шамның не­месе рет­те­ушi­нiң сиг­на­лы трам­вайға және рель­ссiз көлiк құра­лына бiр­дей уақыт­та қозғалуға рұқсат бе­ретiн бол­са, он­да трам­вай, оның қозғалы­сы бағыты­на қара­мас­тан, ар­тықшы­лықта бо­лады. Со­нымен қатар бағдар­шамның са­ры және қызыл сиг­налда­рымен бiр­дей уақыт­та қосым­ша сек­ци­яда iс­ке қосылған бағыт­та­ушы­ның бағыты­мен қозғалған кез­де трам­вай басқа бағыт­тардан қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге ти­iс­тi.

  4. 13.8. Бағдар­шамның рұқсат бе­ретiн сиг­на­лы ке­зiн­де көше қиылы­сына кiр­ген жүргi­зушi көше қиылы­сынан шығудағы бағдар­шам сиг­на­лына қара­мас­тан, бел­гi­лi бағытқа шығуға мiн­деттi. Со­нымен қатар, егер көше қиылы­сын­да, жүргi­зушi­нiң бағыт алған жо­лын­да ор­на­ласқан бағдар­шамның ал­дында тоқтау-сы­зығы және (не­месе) 5.33 бел­гi­сi бол­са, жүргi­зушi әрбiр бағдар­шамның сиг­на­лын бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

  5. 13.9. Бағдар­шамның рұқсат бе­ретiн сиг­на­лы iс­ке қосылған­да жүргi­зушi көше қиылы­сы арқылы қозғалы­сын аяқтай­тын көлiк құра­лына және осы бағыт­тағы жүрiс бөлi­гiн­де өту­дi аяқта­маған жа­яу жүргiн­шi­ге жол бе­руге мiн­деттi.

  6. 13.10. Қозғалыс қосым­ша сек­ци­ясы бар бағдар­шаммен рет­те­летiн көше қиылы­сын­да ай­на­лу қозғалы­сын жа­сай­тын жол жо­лағы үстiн­де­гi жүргi­зушi, егер оның аял­да­уы осы жол жо­лағы бойымен оның ар­ты­нан ке­ле жатқан көлiк құра­лына ке­дер­гi ту­дыра­тын бол­са, iс­ке қосылған бағыт­та­ушы көрсет­кен бағыт­та қозғалы­сын жалғас­ты­руы ти­iс.




Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Сабақ тақырыбы: ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру

2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту

3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, интерактивті, пікір - талас

Сабақтың көрнектілігі: сызбанұсқа, дәке, қатты қағаз, жұқа тақташалар.


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі


II. Үй тапсырмасын сұрау


III. Жаңа сабақты түсіндіру


IV. Сабақты бекіту


V. Қорытындылау


VI. Үйге тапсырма


1. Сыныппен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.


2. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру.

1) Сүйек қандай ұлпадан түзілген? (дәнекер)

2) Қаңқаның толық сүйектенуі неше жасқа дейін қалыптасады?(20 - 25 жас)

3) Сүйектің құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (серпімділік, иілгіш)

4) Сүйектің байланысы атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді (3 топ)

5) Буын дегеніміз не? Адам денесінде қанша буын бар? (сүйектің қозғалыспен байланысатын жері; 230 буын бар)

6) Буын қапшығы деген не? (буынның сыртқы қабығы)

7) Сүйектің жуандап өсуі неге байланысты? (сүйекқап)

8) Сүйектің ұзарып өсуін түсіндір? (шеміршекті қабаттағы жасушаның бөлінуі)

9) Сүйекке қоректік заттар қалай жеткізіледі? (қантамыр)

10) Сүйектің құрамында қандай заттар болады? (ағзалық, бейағзалық)

11) Қарт адамның сүйегі неге тез сынады? (минералды заттардың көбеюінен)

12) Сүйекте оссеиннің қызметі қандай? (иілгіштік)

13) Сүйектердің шетінде болатын шеміршектің қандай пайдасы бар? (жасушалары бөлініп, ұзарып өседі)


Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ой қозғау»

Оқушылар алғашқы жәрдем туралы өз ойларын ортағы салды. Әрі қарай жаңа сабақты кесте және сызбанұсқа арқылы түсіндіремін.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ

Сіңірдің созылуы

Сүйектің сынуы

Буының шығуы


1) Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы - шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады.

Созылудың белгілері: сыздап аурады, ісінеді, буынның қозғалысын тежейді. Алғашқы көрсетілетін жәрдем: зақымданған жерді бинтпен немесе жұмсақ матадан жасалған таңғышпен қатты қысып байлайды, мұның өзі ішкі қан құйылуының тоқталуына көмектеседі және буынның қимылдамауын қамтамасыз етеді. Таңылған жерге мұз немесе қар салынған түйіншек басады

2) Сүйектің сынуы - адам қатты құлағанда немесе басқа оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну.

Морт сынғанды ашық сыну деп атайды. Шытынап сынуды жабық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шеңдеуіш салады. Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.

Шытынап сыну - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауырады, ынған жері домығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек. Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды. Сынық белгілері: жарақат алғаннан соң қатты шаншу, сынған аяқ - қолды толық қолдана алмау, аяқ - қолдың сыртқы пішіні мен ұзындығының өзгеруі, сүйек сынған жерде қозғалудың пайда болуы, қоршаған ортаға (жабық) немесе сыртқы ортаға (ашық) қанның көп кетуі. Сүйек сынған жерден төмен тері бозаруы, дене бөлігі мұздауы, сезімталдықтың төмендеуі болуы мүмкін. Алғашқы жәрдем сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшінтолық тыныштық сақтаудан басталады. Қол немесе аяқ сынғанда қозғалмайтындай ету үшін шина жақтау қолданылады. Егер ол қолда болмаса, таяқты, қол шатырды, шыбық бұтасын және т. б. пайдалануға болады. Тіпті болмаған жағдайда сынған қолды кеудеге қосып, ал сынған аяқты сау аяққа қосып таңу керек. Ісік болдырмау үшін жақтаушаларды саусақтарды бастап жоғары қарай зақымданған аяқ - қолға таңады. Тоқпан жілік сынғанда иммобилизация жасау. Асық жілік сынғанда иммобилизация жасау.

3) Буынның шығуы. Буын әр түрлі жағдайларда шығады: механикалық жарақат, спортта, транспорт авариясы, т. б кезде болуы мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буын шығуы белгілері: кенеттен шаншу, буын түрінің өзгеруі және оның қызметінің бұзылуы. Біршама уақыт өткен соң ісіну пайда болады. Жарақаттанған адамды мүмкіндігінше, зақымданған аяқ - қолдарын қозғалмайтындай орап, тез арада медициналық жәрдем көрсету пунктіне жіберген жөн. Қолдары зақымданған жағдайда орамал арқылы асып қояды, ал аяғы мертіккен кезде зақымданған адамды жұмсақ етіп төселген зембілге жатқызып, мертіккен аяғының астына жұмсақ жастық немесе киім салады. Еш уақытта сүйекті өз бетімен салуға болмайды, өйткені сүйектерді, нервтерді, тамырлар мен басқа да тканьдерді бүлдіріп алуы мүмкін.


Сабақты бекіту



Биологиялық термин сөздер

Сіңір, морт сыну, шытынап сыну, буынның созылуы, сүйек басының таюы, ашық сыну, шендеуіш.

Оқушылардың сүйектің шығуына, сынуына байланысты бір - біріне алғашқы көмек көрсетуі


Зертханалық жұмыс. Адам қаңқасымен танысу

1. Сүйектің түрлерімен танысу (ұзын, қысқа, жалпақ). Биология кабинетіндегі сүйектердің жинақтамасын (коллекциясы) талдау, жоқ болса кестеден қарап танысу.

2. Қаңқадан омыртқа жотасының 4 иілімдерін тауып, қалай қарай иілгендеріне зер салып қараңдар.

3. Омыртқа жотасының бөлімдерімен (мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ). Омыртқаның денесін, артқы және көлденең қанаттарын және доғасын табу. Пішіні жағынан бірінен - бірі қандай айырмашылығы бар екенін анықтаңдар.

4. Бассүйек бөлімдерін, орналасуын, атын бірімен - бірі (қозғалмалы ма, қозғалмайтын ба) жанасқан жерлерін табыңдар.

5. Жұп сүйектердің орналасуын, аталуын біліңдер. Бет бөліміндегі сүйектерге көңіл аударыңдар.


Үйге тапсырма: Зертханалық жұмысты орындау



























Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Жарақаттанғанда өзіне және жолдасына қалай көмектесу керек








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Сабақ тақырыбы:

Жарақаттанғанда өзіне және жолдасына қалай көмектесу керек

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру

2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту

3) Тәрбиелік: адамгершілік сапасын қалыптастыру


Сабақтың көрнектілігі: суреттер.


Алғашқы медициналық көмек.


Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:


Алғашқы медициналық көмек көрсету:

Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

Зардап кезеңдерін анықтау;

Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

Талаптарға сай көмек көрсету.


Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.


Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.


Керек:

Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.


Болмайды:

қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

іші ауырған кезде су беруге.


Қатты қан кету


Керек:

зақымданған тамырды қолмен қысу;

зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;

қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.

Естен танып қалу


Керек:

зардап шегушіні арқасымен жатқызу;

жағасын, белін босату (шешу);

қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;

ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою;

нашатыр спиртін иіскету.


Болмайды:

ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға;

басын салқын матамен орауға.


Аяқ-қол саусақтарының сынуы


Керек:

таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;

сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;

салқын компресс қою;

ауруды бәсеңдететің таблетка беру.


Болмайды:

сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;

сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;

керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.


Жүректің қатты ауыруы


Керек:

отыру немесе жату;

валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.


Болмайды:


дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге;

дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.


Іштің қатты ауыруы


Керек:

жату;

ішке салқын нәрсе қою.


Болмайды:

ішке жылы нәрсе қоюға;

клизма жасауға;

су ішуге;

ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.


Бастың қатты ауыруы


Керек:

отыру немесе жату;

бас аурудың таблеткасын ішу


Болмайды:

басты жылы орауға;

наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.


Жара


Керек:

жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен сүрту;

стерильді таңғыш қою;

зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.


Болмайды:

қолмен жарақатты сүйеуге;

жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.


Тынысты тоқтатуға:


Керек:

жарақаттанушының басын артқа шалқайту;

төменгі иектерді саусақтармен тарту;

жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару

минутына 12-14 рет терең дем шығарып тұру.



Жүрекке сырттан массаж жасау:


Керек:

жараққаттанушыны арқамен сүйеу;

жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;

кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;

әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;

массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;

жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.



ЖАРАҚАТТАНУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ


Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.


Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Трамвайда және көліктін басқа да түрлерінде жүру








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Тақырыбы: Трамвайда басқа көлікпен жүру


Мақсаты :


1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.

2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.

3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.


Не білу керек?


* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.


Не істей білу?


* Жолда жүру ережелерін орындай білу.


Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?


Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.


Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,


қай жерде күту керек?


Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?


Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.


Көшеде әркімнің өз жолы бар:

Адам - жүргіншілер жолы

(ала жолақ), тротуармен.

Машиналар- даңғылмен.

Велосипед - жол жиегі.

Трамвай – рельспен.



Жаяу жүргіншіге арналған жадынама


1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.


2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;


3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;


4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;


5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;


6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;


7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.


Жаяу жолда жүру тәртібі


Жеке жүрсең:


1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;

5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.



Топпен бірге жүрсең:


1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;


Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі


1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.



Оқушы:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын сабағымыз сәлемменен.

Арманға алға күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!



Оқушы:

Жол ортасын айландырып алаңға,

Көпшілігің ұмытыпсың ережені далақтап,

Барлығымыз бірге үйреніп білейік

Жол бойында қалмау үшін алаңдап.


Жұмбақтар


1. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. /Бағдаршам/


2. Өзі тым күшті, аяғы тісті.

Лезде тындырар қыруар істі /Трактор/


3. Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім /Велосипед/


4. Төрт аяқ домалақ,

Адамсыз ол жүрмейді. /Машина/


5. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/


6. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іздеген басталып, алысқа жеткізген. / Жол/


Оқушы: Көрсеткіш белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де түнде де от болып жанамын,

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.


Оқушы: Бағдаршам:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе

Кідірме, абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай, ортадан өткен соң

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.


Оқушы:

Ирек ирек көшелер

Көше деген мың ирек

Қиындыққа әйтсе де

Үйренесін біртіндеп

Барар жерге асықпа

бәйге алмайсын бұрын кеп


Сөзжұмбақ


1. Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.

2. Қоғамдық көлік түрі.

3. Зымыран жүргізушісі.

4. Машина маркасы.

5. Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?

6. Алғашқы медициналық пункті.

7. Машинаның аяқ киімі.

8. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

9. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?



Қорытынды:


Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады.













Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Тақырыбы: Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы


Мақсаты :


1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.

2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.

3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.


10.1. Жүргi­зушi көлiк құра­лын бел­гi­лен­ген шек­те­уден ас­пай­тын жыл­дамдықпен, мұндай­да қозғалыс үде­мелi­лiгiн, көлiк құра­лы мен жүктiң ерек­ше­лiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытын­дағы көрi­нуге қатыс­ты жол және ме­те­оро­логи­ялық жағдай­лар­ды ес­ке­ре оты­рып жүргi­зуi ке­рек. Жыл­дамдық жүргi­зушi­ге Ере­женiң та­лап­та­рын орын­дау үшiн көлiк құра­лының қозғалы­сына тұрақты түрде бақылау жа­са­уына мүмкiн­дiк бе­ру­iн қам­та­масыз етуi ке­рек.

Қозғалысқа жүргi­зушi анықтай ала­тын­дай ке­дер­гi және (не­месе) қауiп туған жағдай­да, ол жыл­дамдықты тоқта­туға дейiн азай­туға не­месе қозғалысқа басқа қаты­сушы­лар үшiн қауiп төндiр­мей, ке­дер­гi­нi ай­на­лып өту­ге ша­ралар қол­да­нуы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 30.01.04 ж. № 115 қаулы­сымен 10.2-тар­мақ өзгертілді

10.2. Ел­дi ме­кен­дерге 60 км/сағ. ар­тық емес, ал тұрғын ай­мақтар мен аула аумақта­рын­да - 20 км/сағ. ас­пай­тын көлiк құрал­да­ры қозғалы­сына рұқсат етi­ледi.

10.3. Ел­дi ме­кен­дерден тыс мы­надай қозғалыс­тарға рұқсат етi­ледi:

жеңiл ав­то­мобиль­дер­ге және рұқсат етiл­ген мак­си­мал­ды мас­са­сы 3,5 т. ас­пай­тын жүк ав­то­мобиль­де­рiне ав­то­ар­на­лар­да - 110 км/сағ. ар­тық емес, қалған жол­дарда - 90 км/сағ. ар­тық емес жыл­дамдықпен;

ха­лықара­лық және ерек­ше шағын ав­то­бус­тарға және мо­тоцикл­дер­ге 90 км/сағ. ар­тық емес;

басқа ав­то­бус­тарға, тiр­ке­ме сүй­рет­кен кез­де жеңiл ав­то­мобиль­дер­ге, рұқсат етiл­ген мак­си­мал­ды мас­са­сы 3,5 т. ар­тық жүк ав­то­мобиль­де­рiне ав­то­ар­на­лар­да - 90 км/сағ. ар­тық емес, басқа жол­дарға - 70 км/сағ. ар­тық емес.

10.4. Көлiк құрал­да­рының жыл­дамдығы:

жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да жо­ла­ушы­лар­ды та­сыған кез­де - 60 км/сағ.; ме­хани­калық көлiк құрал­да­рын сүй­рет­кен кез­де - 50 км/сағ.;

қауiп­тi, ауыр сал­мақты және iрi көлем­дi жүктер­дi та­сымал­дау шарт­та­рын ке­лiс­кен кез­де - бел­гi­лен­ген көлем­нен ас­па­уы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 30.01.04 ж. № 115 қаулы­сымен 10.4-1-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

10.4-1. Елді ме­кен­дерде және елді ме­кен­дерден тыс жер­лерде жол жағдай­ла­ры үлкен жыл­дамдықпен қауіпсіз қозғалыс­ты қам­та­масыз ететін бол­са, ав­то­мобиль жол­да­рының же­келе­ген учаскілерінде жеңіл ав­то­мобиль­дердің қозғалыс жыл­дамдығын 120 км/сағ. дейін, ав­то­бус­тардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін ор­на­та оты­рып) көте­руге бо­лады.

10.5. Жүргi­зушi­ге:

көлiк құра­лының тех­ни­калық си­пат­та­масын­да анықталған ең жоғары жыл­дамдықтан асы­руға;

көлiк құра­лын­да бел­гi­лен­ген "Жыл­дамдықты шек­теу" айырым бел­гi­сiн­де көрсе­тiл­ген жыл­дамдықтан асы­руға;

Осы жер­де және бұдан кейiн айырым бел­гi­лерi Не­гiз­гi Ере­желер­ге сәй­кес көрсе­тiле­дi.

қажет­тi­лiк бол­маған кез­де өте аз жыл­дамдықпен қозғалып, басқа көлiк құрал­да­рына ке­дер­гi ту­дыруға;

егер бұл жол-көлiк оқиғасын бол­дырмау үшiн та­лап етiл­ме­се, қозғалыс­ты ке­нет­тен те­же­уге тыйым са­лына­ды.








































Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Сен - велосипедшісің












Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Сабақтың тақырыбы: Сен - велосипедшісің


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне арналған кітаптар.


24.1. Ве­лоси­пед­тi, көлiк-ар­ба­ны (ша­наны), жүк ар­тылған адам мi­нiп ке­ле жатқан көлiк-ма­лы не­месе жол бойымен қозғала­тын мал та­бынын басқаруға жа­сы 14-тен, ал мо­пед­пен жүру­ге - 16-дан кем емес адам­дарға рұқсат етi­ледi.


24.2. Ве­лоси­пед­тер, мо­пед­тер, көлiк ар­ба (ша­на), адам мiн­ген және жүк ар­тылған көлiк-ма­лы, егер бұл жа­яу жүргiн­шi­лер­ге ке­дер­гi кел­тiрмей­тiн бол­са, оң жақ шет­кi жол жо­лағымен, мүмкiн­дi­гiн­ше оңға та­ман бiр қатар­мен қозғалуы ти­iс.

Ве­лоси­пед­шi­лер, көлiк ар­ба (ша­на), адам мiн­ген және жүк ар­тылған мал ко­лон­на­лары жүрiс бөлi­гi бойымен қозғалған кез­де 10 ве­лоси­пед­шi, адам мiн­ген және жүк ар­тылған көлiк-ма­лы 10-нан және ар­ба (ша­на) 5-тен топ­тарға бөлi­нуi ке­рек. Ба­сып озу­ды жеңiл­де­ту үшiн топ­тардың ара қашықтығы 80-100 м бо­луы ти­iс.


24.3. Ве­лоси­пед пен мо­пед жүргi­зушi­лерi­не:

ең бол­маған­да бiр қолы­мен руль­ден ұста­май жүру­ге;

се­нiм­дi аяқ тi­регiш­пен жаб­дықталған қосым­ша орын­дықта 7 жасқа дейiн­гi ба­ладан басқа жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­дауға;

көле­мiнiң ұзын­дығынан не­месе енi­нен 0,5 м ар­тық шығып тұра­тын жүктер­дi не­месе басқаруға ке­дер­гi кел­тi­ретiн жүктер­дi та­сымал­дауға;

қата­рын­да ве­лоси­пед жо­лы болған­да жол бойымен қозғалуға;

трам­вай қозғалы­сы бар және осы бағытқа қозғалу үшiн бiр жол жо­лағынан ар­тық болған­да солға бұры­луға не­месе ке­рi бұры­луға тыйым са­лына­ды.

Ве­лоси­пед және мо­пед­тiң пай­да­лану­ына ар­налған тiр­ке­меден басқа ве­лоси­пед­тердi және мо­пед­тердi, сон­дай-ақ ве­лоси­пед­пен және мо­пед­пен сүй­ре­туге тыйым са­лына­ды.


24.4. Ве­лоси­пед жо­лының көше қиылы­сынан тыс ор­на­ласқан, рет­телмей­тiн өтпе­сiн­де ве­лоси­пед пен мо­пед­тердiң жүргi­зушi­лерi осы жол­мен қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руi ти­iс.

















Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы:

Қорытынды сабақ












Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова

Тақырыбы: Қорытынды сабақ


Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.

Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар біз бүгін «Қорытынды сабақ» тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.

Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.

Оқушы: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.


Оқушы: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Оқушы: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Оқушы: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Ескерту белгі:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?


Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.


Оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,

Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.



Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.


1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. ( жол)


2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)


3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)


Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.


3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?


Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.


4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?


Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн


Көрнекіліктермен жұмыс.

А) жолда жүру ережесінің сақталуы

Ә) көлік түрлері

Б) жол белгілері


Қорытынды.


Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.

Көшеде тек жүрелік,

Өзінше бұл да бір ерлік.

Ата-ана қынжылмасын,

Түсіріп ұнжырғасын.


Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тақырыбы:

Жолдан тағы қай жерде өтуге болады









Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова


Тақырыбы: Жолдан тағы қай жерде өтуге болады

Мақсаты: Жолда жүру ережесі жайлы әңгімелеу.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Негізгі бөлім.



Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.



Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда — жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда — қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.

Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.



Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.

Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.

Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек!



Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы:

Көше күтпеген жағдайларға толы




Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова





Сабақтың тақырыбы:  Көше күтпеген жағдайларға толы.


Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.

2.Өмірге деген көз –қарасын  дамыту.

3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:   Жол белгілер суреттері .


Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, сұрақ- жауап.


Сабақтың барысы


Ұйымдастыру.



а ) Психологиялық дайындық.


Балалар шеңбер құрып отырады.

Күн шуағы сендердің көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды . Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа , мұрныңа  бетіңнің ұшына ,  иегіңе түсті.  Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барды.

Күн шуағы сені жылытып, аймалайды .Сен оған күліп,қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.


Жаңа сабақ.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын айту.


Көше күтпеген жағдайларға толы.

Оқушыларға тақтадағы ілулі тұрған суреттер туралы сұрау.

Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер  бар.

Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.

Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.

Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?

Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады?

Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді?

Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі  үшін арнайы қоршаулар орнатылады.

Жаяу жүогіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.

Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс.  Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге  болады.

Ал балалар  мектепке барарда өздерің  ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің  керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.

Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.

Сұраққа жауап алу.

Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың  көшелерін білесіңдер?

Көшелер не үшін қажет?

Жаға жолда қалай жүру керек?

Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?

«Жаяулар өтетін жер» бар ма?

Сарамандық жұмыс

Оқушыларға нұсқа белгілерін көрсете отырып, жұмыс жасау.

Жолдан қалай өтетінін  көрсету.

Ойын  « Кім жылдам?»



Сабақты қорыту.



Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы:

Ойнауға қай жерде болады

және қай жерде болмайды







Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Тәрбие сағаты: Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:

Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.

Сабақтың барысы:

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.

І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.


1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.


2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?


3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?

ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.


Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

ІҮ - бөлім:.
Жұмбақтар шешу.

Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)


ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)

Қорытынды:

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.

































Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

Практикалық сабақ






























Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова


Тақырыбы: Практикалық сабақ.


Мақсаты: Оқушылардың тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай

меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап,

адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу жүргінші мен

көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін

түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа

тәрбиелеу.


Түрі: сайыс сабақ


Әдісі: сұрақ-жауап


Көрнекілігі: 1. Сабақ интерактивті тақтада өтеді.

2. Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама

Ережені әрқашан

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға

Жүрексініп саспа да

Жаңылысса көмектес

Қарттар менен жас бала.

3.Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

4. Карточка, жол белгілері.


Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.

Кіріспе сөз: Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам.

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Енді бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.


Сайыс болған жерде әділ бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін арнайы қонақтарымызды таныстырайық.

Сайысымыздың шарттары мынадай:

І- «Жолдан өте біл» бекеті

ІІ- «Саналы жүргіншілер» бекеті

ІІ- «Жол белгілері» бекеті

ІҮ- «Жолды реттеуші» бекеті

Ү- осы бекеттерден тоқтамай өткен топ «Жол белгілері» патшалығына тап болады.Жеңімпаз атанады.

1-топ – «Бағдаршам»

2- топ – «Аялдама»


«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,

Жол бойын тұру үшін қадағалап.

Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.


«Аялдама» Ұраны: Тоқта, демал, аялда.

Күтеді әлі жол алда.


Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,

Жолаушыңды отырғыз аялда да.

Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.


І- бекет «Жолдан өте біл» бекеті – 5 ұпай

Бұл бекеттің шарты: екі топтан бір-бір баладан шығады. Екеуі де бірдей тапсырма орындайды. Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозғалмай тұрып қалады.


Қажетті құрал: қатырма қағаздан қиып жасалған, ұстайтын сабы бар екі дөңгелекше болады. Біреуінің бір беті жасыл түспен, екінші беті сары түспен, ал екінші дөңгелекшенің бір жақ беті қызылмен, екінші жақ беті жасылмен боялған.


ІІ- бекет «Саналы жүргіншілер» бекеті – 2 ұпай

Викториналық сұрақтар беріледі:

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

(аялдамада)

5.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

6.Жақындап қалңан көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтат алмай, адам өміріне қауіп төнеді)

7.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

8.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

9.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?(иә міндетті)

10.МАИ деген сөзді талдап бер.(Мемлекеттік авто инспекция)


ІІІ- бекет «Жол белгілері» бекеті – 5 ұпай

Оқушы қолдарына тапсырмалар беріледі.


1.Мына белгі нені білдіреді?

(Абайлаңдар, балалар!)



2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса.

(сары-дайындал, жасыл жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)




3.Мына белгі нені білдіреді?

(жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)

4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі)



5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)






6.Плакаттағы 6 белгіні түсіндіріп бер:
1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі

2.метро, жер асыт жолдарына ену

3.тайғақ жол

4.велосипедпен жүруге рұқсат бар

5.жолжоқ

6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат

7.Карточкалар:

1.Ашық жол

2.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды

3.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді

4.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.

ІҮ- бекет «Жол реттеуші» бекеті – 2 ұпай


Қимылмен көрсет және жол реттеушінің іс-әрекетін талдап бер.

1.Жолды реттеуші жаяужүргіншілерге де, көлік жүргізушілерге де бір қырынан оң қолын жанына қойып тұр.( онда оларға кележатқан бағытында қозғалуға рұқсат етілгені.)

2.жолды реттеуші оң қолын алға созып тұр (оның артында және оң қол жағында тұрған көліктерге жүругеболмайды. Оң жағында тұрған жаяужүргіншілердің жүруіне рұқсат етіледі.


Ү- бекет «Жол белгілері» патшалығы.

Жеңімпаз топты анықтау.


Қорытынды: Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жолда-жүру ережесін

Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол рержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды










Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова




Тәрбие сағаты: Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.


І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?


ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.


1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.


2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?


3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?

ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.


Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді.
Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

ІҮ - бөлім:.


Жұмбақтар шешу.

Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)



Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.
































Мақтарал ауданы білім бөлімінің

„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Автобуста және троллейбуста жүру








Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова



Тақырыбы: Автобуста және троллейбуста жүру


Мақсаты :


1. Оқушыларға автобуста және троллейбуста жүру ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.


2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.


3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.


Не білу керек?


* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.


Не істей білу?


* Жолда жүру ережелерін орындай білу.


Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?


Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.


Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,


қай жерде күту керек?


Аялдамада тұрған троллейбусты қай жағынан өтуге болады?


Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.


Көшеде әркімнің өз жолы бар:

Адам - жүргіншілер жолы

(ала жолақ), тротуармен.

Машиналар- даңғылмен.

Велосипед - жол жиегі.

Трамвай – рельспен.


Жаяу жүргіншіге арналған жадынама


1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.


2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;


3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;


4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;


5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;


6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;


7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.


Жаяу жолда жүру тәртібі


Жеке жүрсең:


1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;

5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.



Топпен бірге жүрсең:


1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;


Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі


1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.



Оқушы:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын сабағымыз сәлемменен.

Арманға алға күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!


Оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі – Заңды тәртіп

Жол – ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.


Оқушы:

Жол ортасын айландырып алаңға,

Көпшілігің ұмытыпсың ережені далақтап,

Барлығымыз бірге үйреніп білейік

Жол бойында қалмау үшін алаңдап.



Қорытынды:


Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2025
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі