Тақырып бойынша 11 материал табылды

Е.Ерботин.Даңғой

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа форматтағы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты: әдебиеттік оқу

2 сынып

Уақыты:16.02.2016

Кабинет:

Мұғалім:Қауынбаева К.С.

Сабақтың атауы

Е.Ерботин.Даңғой

Мақсаты








Мақсаты: Өлеңнің мағынасын түсіндіру, автор туралы мәлімет беру,сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Міндеттері:

1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2.Мысал соңындағы сөздік арқылы оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.

3.Мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге ой қорыту

Күтілетін нәтиже

1.Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді

2.Автор туралы біледі

3.Өз бетінше ой тұжырымдайды

4.Сөздік қоры толығады

5.Шығармашылықпен жұмыс жасайды

Сабақтың түрі: ойын сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, топпен, жұппен жұмыс, АКТ,ой қозғау, жеке оқушымен жұмыс,ТДОБ, сыни тұрғыдан ойлау

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жұмбақ, слайдтар, ойын есеп, Е.Ерботин туралы мәлімет,топқа бөлуге арналған суреттер, қияр туралы суреттер

+Психологиялық ахуал

4-слайд Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

5-слайд-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет!(қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап! (қолдарын көтереді)
-Ендеше сабағымызды бастайық!

6-слайд.Үй тапсырмасын сұрау

7-слайд. Барлық оқушылар өз кезегімен бір-бірімен амандасу салтын көрсетеді.
Бағалау парағы түсіндіріледі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

8-слайд.Жұмбақ

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйінде!

Жаңа піскен кезінде,

Жейді бәрі сүйсіне!

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

9-10 слайдта).1.Қияр туралы оқушыларға жаңа мәліметтер беру.
Қияр шөптекті, бақшада өсетін дақыл. Асқабақ тұқымдас көкөніс түрі. Қиярдың отызға жуық түрі бар. Жемісі қабақ, тағамға пайдаланады. Қияр 12+ жылылықта егіледі. Жылусүйгіш, топырақ жылынып, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі.
Болжау: Бүгінгі жаңа сабақ не туралы болуы мүмкін?
11-слайд.Есентай Ерботин (1940 – 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланады. Содан бері «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін, біз ,«Даңғой» деген мысалымен танысамыз.

2. Мысалды диктофоннан тыңдау.

3. Оқулықпен жұмыс.а) Іштей оқу.ә) Әр топтан мәнерлеп оқу
4. — Шығарма неліктен мысалға жатады?

-Осыдан басқа қандай мысал оқыдық?

-Естеріңе түсіріп мысалды айтып бере аласыңдар ма?

(Сүт қалай ұйықтады 1-2 бала айтады)

-Мұнда қандай жаман әдет туралы айтылған еді?
— Мысалда не туралы айтылған?
— Қияр не деп мақтанды?
— Сол үшін не істеді?
6. Дәптермен жұмыс. Сызбаны толтыру

12-13-слайд . Мысалда берілген сөздердің мағынасы
Қалтарыс — көзге түспейтін таса жер
Кәдеге аспау – пайдаға, керекке жарамау
Даңғой – желөкпе, мақтаншақ
Алып, нән -үлкен
7. 14-слайд. Мысалды үш бөліп айтады. 3 топтан сұралады.

Сергіту сәті

15-слайд.Бала, бала, баламыз
Бау-бақшаға барамыз
Қияр, қауын ,қарбызды
Жинап теріп аламыз


Ой толғаныс

8.16-слайд.Жұппен жұмыс. Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқу

9.17, 18-слайд. Жеке оқушыға үлестірме парақшасы ретінде беру .
Мақтанған қияр қандай күйге ұшырады?
Мысалдан қорытынды ой айтылған жолдарды тауып оқу.

19-слайд.Топпен шығармашылық жұмыс

І топ 5 жолды өлең құрастыру.

ІІ топ Қияр туралы айту.

ІІІ топ Қияр туралы мазмұндық сурет салу

20-слайд.«Ойнап ойлау» ойыны

Базарға 1 кг қияр алуға келдің. Қолыңда 80 теңге ақша бар. Бір жерде біркелкі қияр сатылып жатыр. Бағасы-100 теңге. Екінші жерде үлкен-үлкен қияр сатылуда. Бағасы-70 теңге. Қайсысын аласың? Неліктен?

-Адамға қажетті жақсы әдеттер: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым т.б.
-Адамға жат әдеттер: өсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек, жалқаулық, ұйқышылдық.

21-слайд. -Адам бойындағы жақсы және жаман әдеттер туралы қандай ақынның өлеңінен білеміз? Кім сол өлеңді оқып бере алады?

Ерботиннің мысалында қандай жаман әдет айтылған?

Мақтаншақтық бұл жат қылықтардан аулақ болыңдар.

Үйге тапсырма

1. Мысалды мәнерлеп оқу
2. Даңғой қиярдың суретін салу


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топ басшылары толтырған бағалау парақшаларындағы мәліметтермен таныстырады.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерге не жазғанын 4-5 оқушыға оқыту.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Кері байланыс.

*Сыныпта топқа бөлу кезеңінде оқушылар өз топтарын тез арада таба алмады.Осы кезеңде көп уақытымды жоғалтып алдым.

**Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

*Топтық жұмыстарда бір уақытта жұмыстарын аяқтап отырды.

*Өздерінің тіл байлығын көрсете білді.

*Оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау кезеңінде бір-бірін, әр топқа баға дұрыс бағаланды.

*Сабақ барысында талантты және дарынды балалармен жұмыс қызықты болды.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12