жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Егемен ел-Қазақстан
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҒАРЫШКЕР» БАЛАБАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
Егемен ел-Қазақстан

«Жұлдыз» тобы
Дайындаған: Айбергенова Ы
Егемен ел-Қазақстан
Мақсаты:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз ел екендігімізді түсіндіру. Батырларымыз туралы мәлімет беру.
Көрнекілігі:Гүлдер, шарлар, слайд т.б.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі. Құрметті ата – аналар, бүлдіршіндер және балабақша қызметкерлері! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толғалы отыр. Жас мемлекетіміз жиырма жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.Болашақтың тірегі бүгінгі мына бүлдіршіндер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын деп тілейміз. Келе жатқан ұлық мереке құтты болсын!
«Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерімен дайындаған «Егемен ел Қазақстан» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
-Балалар, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болды.
Тәуелсіздік - ата-баба арманы
Тәуелсіздік жеңіс елді шарлады
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны
Гимн орындалады.
1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой!
Қ-СЫ
Менің елім,менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін елім,
Туған жерім менің-Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірігі жарасқан
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қ-СЫ
Тәрбиеші:Слайд көрсету
1992жылы 4-маусымда мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды,найзасыз ер болмайды»,-дейді қазақ халқы.Кез келген халықтың өз таңбасы болады.ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.
Шаңырақ.Отан отбасынан басталады.Ортақ шаңырақ биік,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар-үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшің,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз
«Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Елтаңбаның авторлары-халқымыздың танымал ұлдары-Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уалиханов.
Слайдтан қыран құстың суретін көрсету. Сендер мына құсты танисыңдар ма?
Тәрбиеші: -Балалар бұл құсты біз қайдан көруіміз мүмкін?
Балалар:- Еліміздің көк байрағы- тудан көрдік.
Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, Қыран құс –қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны қыран құс.
Бұрышындағы оюлар қазақ халқының шеберлігін көрсетеді.
Ал,балалар күніміз әрқашан аспанымыз ашық,күніміз сөнбесін деген мағынаны білдіреді.
Жалаудың ұзындығы 2 метр,ені-1 метр.Жалаудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков. Ендігі кезекті балаларымыздың рәміздеріміз жайлы тақпақтарын тыңдайық.
Омар,Әбілқайыр,Ақбаян
Омар:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды!
Әбілқайыр
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Ақбаян
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Тәрбиеші:Балалар,біз жақында қандай мерекені тойладық?
Балалар:1-желтоқсан Президент күнін тойладық.
Тәрбиеші:1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған балабақшаішілік«Елбасы және Тәуелсіздік»мәнерлеп оқу сайысында жүлделі 3 орынға ие болған Шепікбай Жаннұрдың өлеңін тыңдайық.
АВТОР Бөгембай Анель
«Елін сүйген елбасы-Нұр аға»
Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.
Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.
Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.
Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.
Тәрбиеші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Халықтың енді, міне, жетілгені
Құрыштың білінбейді кетілгені
Аталап Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап, бекінгені.
Ендігі кезекті Отан туралы тақпақтарына береміз.
Тақпақ: Сезім,Сындар
Сезім:
Отанның қасиетті тілін
сүйем,
Отанның құдіретті үнін
сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік
екен,
Мен
оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Сындар:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл-қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным!
Тәрбиеші:Нұрын төгіп бар әлемге,
Сәуле шашып әр күнін,
Жылуымды жер анада,
Қабыл алған әр күнін.
«Сәуле шырақтары» тамаша биді қабыл алыңыздар.
Өлең: «Әрқашан күн сөнбесін»
1.Күн адемі,
Көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың,
Ақ қағазға салған өзі,
Деп жазылған бар сөзі.
Қ-СЫ
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман!
Тәрбиеші:
Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Тақпақ. Ибрагим, Иңкәр,Ақжарқын,М.Нұрхан
Ибрагим:
Бақытты боп жүргенім
-
Сенің арқаң,
Қазақстан!
Елім - менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.
Инкәр:
16-шы желтоқсан
-
Тәуелсіздік алған
күн.
Мерекеге ел
тосқан,
Атамменен барғанмын.
М.Нұрхан
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық,біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той
Ақжарқын
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Тәрбиеші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –
қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал,
1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады.
16
– желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл
күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған
күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге
түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат
Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев. Ол қыршын жасын
қиды. Оларға үлкен айып тағылды. Сол батырларымызға арнаған
тақпақтармыз бар.
Тақпақ: Жаннұр,Ақдидар,Аяжан
Жаннұр:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Ақдидар:
Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Аяжан:
Әр
қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Өлең: Егемен ел-Қазақстан
1.Ата-бабам арман еткен,
Егеменді қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен
Құтты болсын дархан елім!
Қ-СЫ
Сен дегенде Қазақстан,
Жүректен от лаулап ұшқан.
Гүлдей жайнап құлпыра бер,
Егемен ел-Қазақстан!
2.Бүгін міне таныды әлем,
Қазағымның кім екенІн,
Мақтанышмен мен өзіңді,
Ән етемін,жыр етемін.
Жарайсыңдар,керемет балалар.Біз өзі қазақ халқы бір шаңырақ астында тату-тәтті,бірлікте,ынтымағы жарасқан елміз.Балалар ендеше мен сендерге бүгін мереке болғандықтан«Бір шаңырақ астында» деген ойын ойнатқым келіп тұр.Сендердің бірліктеріңді,ынтымақтастықтарыңды,татулықтарыңды көргім келіп тұр.
Ендеше ойын «Бір шаңырақ астында»
Тәрбиеші:
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
Әлі де шығар аланға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсінеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!
Тәрбиеші:
Міне, балалар, бүгінгі таңда
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті
болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер
болмақсыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген