Сабақтың тақырыбы: §63.Егемендік жағдайындағы саяси даму
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Президент Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы: «Қазақстан-2030», бірінші президент күні, білім беру мәдениеті, «Қазақстан -2050» стратегиясы
туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушыларды тарихи фактілерді талдап қорытынды жасауға, тірек-сызба сызу арқылы тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы:
-
Астана Ақмолаға көшірілуі?
-
Астана “бейбітшілік қаласы” деп аталған жыл?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
-
Президент Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы: «Қазақстан-2030»
-
Бірінші президент күні.
-
Экономика, саясат және әлеуметтік даму салаларындағы жетістіктердің қорытындылары.
-
Білім беру мәдениеті
-
« Қазақстан -2050» стратегиясы
1997 жылғы қазан айында Президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясы жарияланды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. Ұзақ мерзімді 7 басым бағыт көрсетілді. Олар:
1.Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Экономикалық өрлеу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс.
7. Кəсіпқой мемлекет.
1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді. Сайлау болардың алдында 1998 жылы Конституцияға Парламенттің шешімімен өзгерістер енгізілді. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, үміткер жасының 65-тен аспауы керектігі алынып тасталды.
2001 жылы “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Оның ұйымдастырушылары үкімет құрамындағы және басқа билік құрылымындағы жас олигархтар еді. Кейін осы қозғалыстың негізінде екі саяси партия құрылды.
2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси өмірде белсенділік байқалды. Саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелу үшін 50000 мүшесі болу талабы қойылды. 12 саяси партия тіркеліп, әрекет ете бастады.2005 жылы келесі президент сайлауы өтті. 4 кандидаттың қатысуымен өткен сайлауда 91% дауыс жинаған Н.Назарбаев 7 жылға сайланды.
Қазақстанда президенттік басқару формасын сақтай отырып, президенттік-парламенттік республикаға адым жасалды.2007 жылы Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келесі заңды қабылдады. Президент 5 жылға сайланатын болды. Мәжіліс пропорциялық жүйемен жасақталады: 107 депутаттың 98-і партиялық тізіммен, қалған 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.2007 жылғы 8 тамыздағы кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша “Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясы 88%-ды жеңіп алып, парламентті құрды.
Сонымен түйіндей келе, өткен XX ғасырды, Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан халқы үшін босқа өткен кезең деп айта алмаймыз. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев “Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын” деген еңбегінде былай деп жазды: “…өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту, ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызамыз”.
ІҮ. Сабақты бекіту:
-
2001 жылы құрылған қоғамдық қозғалыс:
-
2007 жылғы сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен партия:
-
Қай жылы Н.Назарбаев “Қазақстан-2030” бағдарламасын халыққа таныстырды:
-
ҚР-да қай күн «Бірінші Президент күні» болып белгіленді:
-
Н.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабы жарыққа шықты:
-
Қай жылы «Ақмола» «Астана» деп өзгертілді:
-
“Қазақстан-2030” бағдарламасы неше бағыттан тұрды:
Ү. Бағалау: Жеке оқушыны бағалау мақсатында бағалау шкаласына салып суммативті бағаны шығарады.
ҮІ. Кері байланыс
|
Білгенім |
Үйренгенім |
Үйренгім келеді |
|
|
|
|
ҮІІ. Қорытындылау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §63.Егемендік жағдайындағы саяси даму
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Егемендік жағдайындағы саяси даму

шағым қалдыра аласыз