Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егемендік жағдайындағы саяси даму

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік:Оқушыларға жаңа одақтық шарттың дайындалуы,тамыз бүлігі күндері саяси оқиғалардың өрбуі ,Қазақстан Компартиясының таратылуы туралы түсінік қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетіп, есте-сақтау,өз ойларын еркін де сауатты ,нақты жеткізу, жазу қабілеттерін арттыру; Тәрбиелік:Оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке,тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Садирмекова Қарлығаш Сағатбековна

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы

Сыныбы: 6 «б»

Сабақтың тақырыбы:Егемендік жағдайындағы саяси даму

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жаңа одақтық шарттың дайындалуы,тамыз бүлігі күндері саяси оқиғалардың өрбуі ,Қазақстан Компартиясының таратылуы туралы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетіп, есте-сақтау,өз ойларын еркін де сауатты ,нақты жеткізу, жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік:Оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке,тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу;

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың әдісі:әңгіме-дәріс,интерактивті әдіс,СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта ACTUV студия, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

II Үй тапсырмасы (10мин)

III Жаңа сабақ (15мин)

IV Жаңа сабақты бекіту (10мин)

VҚорытындылау (5мин)

VI Бағалау (2мин)

VII Үйге тапсырма (1мин)

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу б) түгелдеу в) оқушы назарын сабаққа аудару

II Үй тапсырмасы:

1) үлестірмелі қағаздарды тарату 2) тест

Тест (Activote- интерактивті тақта арқылы )

1)Сауд Арабиясымен біріккен «әл-Барака банк-Қазақстан»банкі қашан құрылды?

а) 1990жылы қараша б)1991жылы қаңтар

в)1990жылы маусым г) 1992жылы мамыр

2)1991жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен қанша біріккен кәсіпорын тіркелді?

а) 37 б) 35 в) 40 г) 43

3) «Невада-Семей»қозғалысы қашан құрылды?

а) 1993жылы 25 ақпан б) 1985жылы 30наурыз

в)1989жылы 28 ақпан г) 1990жылы 10 мамыр

4)Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі қашан болды?

а) 1989жылы сәуір б) 1988жылы тамыз

в) 1990жылы қараша г) 1989жылы маусым

5)1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялылардың бір тобы қашан ақталды?

а) 1988жылы б) 1989жылы

в)1990жылы г)1995жылы

6) «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы»қашан жарияланды?

а)1986жылы қыркүйек б) 1989жылы қыркүйек

в) 1988жылы маусым г) 1991жылы ақпан

7)Қазақстан Белорусьпен,Әзірбайжанмен,Қырғызстанмен,Өзбекстанмен,Ресеймен,Украинамен экономикалық шартарды қай жылдары жасасты?

а) 1991-1995ж.ж б) 1990-1995ж.ж

в)1990-1990ж.ж г)1995-1996ж.ж

8) КСРО-ны тұрақты одақ ұстанымдары негізінде қайта құру мүмкіндіктері қашан болды?

а) 1991ж б) 1990ж в) 1992ж г) 1989ж

9) Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі қашан тағайындалды?

а)1988ж б) 1990ж в)1991ж г) 1989ж

10) КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін қашан жариялай бастады?

а) 1995ж көктем айында б) 1991ж күз айында

в) 1990ж күз айында г) 1992ж жаз айында



III Жаңа сабақ Жоспары:

а) Жаңа одақтық шарттың дайындалуы

б) Тамыз бүлігі

в) Қазақстан Компартиясының таратылуы

1.Жаңа одақтық шарттың дайындалуы.1991жылдың жазына қарайғы кезеңдегі саяси оқиғалар тағы сол КСРО-ның тағдырына қатысты өрбіп жатты.Егеменді республикалар енді Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тіреледі.

2 0 шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңейтілген IV пленумы болды.Пленумға мүше еместер де- облыс басшылары, Министрлер Кабинетінің мүшелері ,депутаттар ,кәсіподақ пен комсомол ұйымдарының жетекшілері шақырылды.Бірінші хатшы Н.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Одақтық шарттың жобасы жөніндегі баяндамасын жасады.Пленум жаңа Одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады.

Бұдан кейінгі оқиғалардың бәрі осы Одақтық шарттың жасалуы және қабылдануы мәселелеріне байланысты өрбіді.Алайда шарттың жобасы Одақтық кейбір басшыларына өрескел қателік болып көрінді. Олар республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекетін жасады. Тарихта тамыз бүлігі деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін «Кеңес басшылығы» деп атап ,КСРО-ны қайта қалпына келтіруді алдарына мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.


2.Тамыз бүлігі

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылысы КСРО-ның басқа өңірлері сияқты ,егемендікке бет алған Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды .1991 жылы 19 тамызда Президент Н.Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қазақстан халқына арнап сөз сөйледі.

20 тамыз күні Н.Назарбаев жаңа мәлімдеме жасап : « Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес, сондықтан да үш адамнан тұратын басшылықтың жарлықтары мен басқа құжаттарының заңды күші жоқ ,сонымен қатар олар республикалардың мемлекеттік егемендік туралы декларацияларын аяққа басу болып табылады»,- деп жариялады.

Тек жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның басындағы топтар ғана қолдаған ,халық бұқарасы тарапынан қарсылыққа кезіккен ТЖМК 1991 жылғы 21 тамызда толық жеңіліс тапқан болатын.Бұл оқиға 70 жылдан астам өмір сүрген кеңес үкіметінің біржола құлауын тездетті .1991жылы 20 тамызда қол қойылуға келісілген жаңа Одақтық шарттың енді қажеті болмай қалды.Жекелеген республикалардың басшылары орталықтан аулақтау үдерісін күшейтіп ,шын мәніндегі егемендік жолында батыл қадамдар жасай бастады.Украина мен Әзірбайжан өз армияларын құратындықтарын мәлімдеді.


3.Қазақстан Компартиясының таратылуы.

Бұл кезде Қазақстан Компартиясы әлі де көп санды саяси күш болатын.1990 жылдың соңына қарай оның қатарында 800 мыңдай коммунист болды.Бұрынғыдай барлық облыстық,қалалық,аудандық партия комитеттері өз қызметтерін атқарып жатты.Алайда бүкіл одақ ауқымында жүріп жатқан үдерістер Қазақстанды айналып өтпеді.

Бұқара ақпарат құралдарында жалпы КОКП мен оның республикалық ұйымдарын сынға алған пікірлер көптеп жарияланды .Партия комитеттерінің кадрларды іріктеу мен орналастырудағы ,идеология мен экономика салаларындағы орын алған қателіктері ашық сынала бастады.Халық алдында Қазақстан Комунистік партиясының беделі күн сайын төмендей берді.Партия қатарынан өз еркімен шығу әрекеттері көбейді.

1991жылы тамыздың 23-інде Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді.Кейіннен Қазақстан тамыздың 28 –інде өткен Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумында сөз сөйлеген Н.Ә.Назарбаев : «КОКП өзінің орталық басшылығы арқылы халықтық абыройынан айрылды,-дей келіп,-біртұтас құрылым ретінде ол енді жоқ ,біздің Орталық Комитетте ,Қазақстан Компартиясы да бұрынғы күйінде қала алмайды »,- депкөрсетті.Пленум Қазақстан Компартиясының төтенше съезін шақыруды ұйғарды.Төтенше съезд 1991 жылы қыркүйектің 7-ісінде болды.Ұзаққа созылған тартыстан соң съезд Қазақстан Компартиясын тарату,оның орнына жаңа партия құру туралы шешім қабылдады.Жаңа ұйым Социалистік партия деп аталатын болды.

Алайда Компартия тарағанымен басшылықтың барлық буындарындағы коммунистік номенклатура өз орындарында қалды.Тоталитарлық билік кезінде қатты езіліп,рухани жаншылған бұқара әлі есін жия қойған жоқ еді.Қазақстанда демократиялық еркіндікті сезіну ,бүкілхалықтық істерде белсенділік таныту өте төмен болды.

1991 жылғы 17 наурыз күні жүргізілген референдумның қорытындылары осының айғағы .Бұл кезде Қазақстан ақпаратының үгітіне иланған бұқара халықтың 94,1 % -ы Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын.

IV Жаңа сабақты бекіту: 1)Топтастыру (Тамыз бүлігі күндері саяси оқиғалардың өрбуі)


Shape1 Shape3 Shape2

Shape4

Shape5 Shape7 Shape6

Shape9 Shape8






2) Сәйкестікті тап


1991ж 20 шілде

Н.Ә.Назарбаев

1990жылдың соңы

«Кеңес басшылығы»

1991ж 19 тамыз

Н.Ә.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы

Төтенше съезд

Социалистік партия

1991ж23 тамыз

1991ж 7 қыркүйек

Коммунистік партия

800 коммунист

«Тамыз бүлігі»

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің IV пленумы

1991ж 17 наурыз

референдум



V Жаңа сабақты қорытындылау: Тарихи диктант

1991жылдың............ кезеңде саяси оқиғалар тағы сол ........... тағдырына қатысты өрбіп жатты.Егеменді республикалар енді.................... қабылдау мәселесіне келіп тірелді.

........... Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңейтілген .....пленумы болды.Бұл пленумға мүше еместер де- ..................................... ұйымдарының жетекшілері шақырылды.Бірінші хатшы.............. КОКП-тің Одақтық шарттың жобасы жөніндегі................. жасады.Пленум................ шешім қабылдады.


V I Бағалау

Оқушыларды біліміне сай бағалау


V I I Үйге тапсырма : Егемендік жағдайындағы саяси даму тақырыбын оқу,тақырыпқа байланысты материал жинақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12