Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам…
Адам баласы ежелден ғарышты бағындыруды армандаған. Қазір бұл арман шындыққа айналып келеді. Марсқа ұшуға дайындық жүріп жатқанын естіген сайын, менің де қиялым оянады. Марс,күннен кейінгі төртінші ғаламшар.Адамдар ол жерде тіршілік жоқ деп те,бар деп те ,дөп басып айта алмайды.Себебі,бұл әлі жауабы табылмаған үлкен сұрақ.Ал енді“Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам,не істер едім?”,осы сұраққа жауап берейін.
Менің басты міндетім – Жер мен Марс арасындағы ақпарат көпірі болу. Мен Марсқа қонған сәттен бастап әрбір оқиғаны, зерттеп, адамдардың өмірін жердегілерге жеткізіп отырамын. Марстағы табиғат, ауа райы, топырақ құрылымы — бәрі мен үшін жаңа тақырыптар,жаңа тәжірибе. Мен ғалымдардан сұхбат алып, олардың ашқан жаңалықтарын қарапайым тілмен түсіндіріп, адамдардың қызығушылығын арттырар едім.Марста тілші болу – тек жаңалық тарату емес, сонымен қатар адамзаттың жаңа дәуіріне куә болу.Ол жерде тек ақпарат беріп қана қоймай, жаңа әлемнің иісін, үнін, тынысын сездіргім келеді. Мысалы, Марс аспанының түсін, күннің батуының басқа екенін,тіпті үнсіздіктің қандай екенін сипаттап жазар едім. Ғалымдармен бірге зерттеу жасап, олардың қуанышын да, қиын сәттерін де көрсеткім келеді. Марстағы әрбір қадам – адамзаттың алға басқан қадамы екенін бәрі түсінсе деймін.
Қорытындылай келе,Марсқа бару — адамзаттың ең үлкен армандарының бірі. Егер мен сол жерде алғашқы тілші болсам, бұл менің өмірімдегі ең маңызды сәт болар еді. Мен өз сөзім арқылы адамдарға үміт, сенім және жаңа белестерге жету рухын сыйлағым келеді. Марстағы әрбір сәт – тек менің ғана емес, бүкіл адамзаттың жетістігі болар еді. Сан жылдар бойы жұмбақ болып келген,сұрақтардың жауабын бірге анықтайтын едік.Бәлкім,бұл жағдай әлем тарихында мәңгіге сақталар еді.Сондықтан мен сол тарихтың бір бөлігі болуды үлкен бақыт деп санаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам…»
Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам…
Адам баласы ежелден ғарышты бағындыруды армандаған. Қазір бұл арман шындыққа айналып келеді. Марсқа ұшуға дайындық жүріп жатқанын естіген сайын, менің де қиялым оянады. Марс,күннен кейінгі төртінші ғаламшар.Адамдар ол жерде тіршілік жоқ деп те,бар деп те ,дөп басып айта алмайды.Себебі,бұл әлі жауабы табылмаған үлкен сұрақ.Ал енді“Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам,не істер едім?”,осы сұраққа жауап берейін.
Менің басты міндетім – Жер мен Марс арасындағы ақпарат көпірі болу. Мен Марсқа қонған сәттен бастап әрбір оқиғаны, зерттеп, адамдардың өмірін жердегілерге жеткізіп отырамын. Марстағы табиғат, ауа райы, топырақ құрылымы — бәрі мен үшін жаңа тақырыптар,жаңа тәжірибе. Мен ғалымдардан сұхбат алып, олардың ашқан жаңалықтарын қарапайым тілмен түсіндіріп, адамдардың қызығушылығын арттырар едім.Марста тілші болу – тек жаңалық тарату емес, сонымен қатар адамзаттың жаңа дәуіріне куә болу.Ол жерде тек ақпарат беріп қана қоймай, жаңа әлемнің иісін, үнін, тынысын сездіргім келеді. Мысалы, Марс аспанының түсін, күннің батуының басқа екенін,тіпті үнсіздіктің қандай екенін сипаттап жазар едім. Ғалымдармен бірге зерттеу жасап, олардың қуанышын да, қиын сәттерін де көрсеткім келеді. Марстағы әрбір қадам – адамзаттың алға басқан қадамы екенін бәрі түсінсе деймін.
Қорытындылай келе,Марсқа бару — адамзаттың ең үлкен армандарының бірі. Егер мен сол жерде алғашқы тілші болсам, бұл менің өмірімдегі ең маңызды сәт болар еді. Мен өз сөзім арқылы адамдарға үміт, сенім және жаңа белестерге жету рухын сыйлағым келеді. Марстағы әрбір сәт – тек менің ғана емес, бүкіл адамзаттың жетістігі болар еді. Сан жылдар бойы жұмбақ болып келген,сұрақтардың жауабын бірге анықтайтын едік.Бәлкім,бұл жағдай әлем тарихында мәңгіге сақталар еді.Сондықтан мен сол тарихтың бір бөлігі болуды үлкен бақыт деп санаймын.
шағым қалдыра аласыз


