Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Егіннің бастары"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімге көмек бере алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Адамгершілік - асыл қасиет»

Мектеп:

19 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:14.03. 2018.



Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» 5- сағат

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама- қарсы суреттеулерді табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Мысалдағы суреттеулерді табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мысалдағы екі нәрселерді салыстыра суреттеулерді тауып, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мысалдағы қарама- қарсы суреттеулерді тауып, түйінді ойды жинақтап, адамгершілік құндылығы туалы өз ойын тұжырымды жеткізеді.

Бағалау критерийлері

«Өзара бағала», «Жұптық бағала», «Екі жұлдыз бір тілек».

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мысалдағы екі салыстырмалы суреттеулерді тауып ,кейіпкер бейнесіне талда жасай алады.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: мысал, бидай, бала, әке,дән, тәкаппар , мінез, тәкаппарлық.

Талқылауға арналған тақырыптар:

Бидайдың кеудесін көтергені- дақылы жоқтығы.

Жігіттің кедесінің көтергені- ақылының жоқтығы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

-Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

Құндылықтарға баулу

Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге үндейді.

Пəнаралық байланыс

Әдебиет, өзін- өзі тану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

А. Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысалының мазмұнын біледі, айтпақ идиясын ұғынады.

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті.

Сабақтың басы

5 мин

Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Психалогиялық ахуал қалыптастыру мақсатында 3- топқа бөледі.

I топ Ақыл

II топ Қайрат

III топ Жүрек

Оқушылар мұғаліммен амндасады. Тыңдалым тапсырмасы бойынша үш топқа бөлінеді.


I топ Ақыл

II топ Қайрат

III топ Жүрек









Сабақтың ортасы

30 мин














































































Сабақтың соңы.















Мағынаны тану. Мұғалім сабақ тақырыбын ауқымды әрі жан- жақты ашу мақсатында А. Құнанбаевтың 19-қара сөзін тыңдата отырып, ғылымның таласқан адам қасиеттерінің қайсысына тоқтайтыны оқушыларға жасырылады. Осы жерде оқушылар пікірі сұралады, сұрақтар қойылады.

  • Не үшін бұл қасиетті таңдадыңдар?

  • Осы қара сөзбен «Егіннің бастары» мысалының арасында қандай үндестік бар?

  • Осы аталған үш қасиет тәкаппар бидайдың бойында бар ма?

  • Адам бойында бұл қасиеттер болу керек пе?








1- тапсырма.

Өлеңдегі дәні толы, және дәні жоқ егіннің бастарын суреттеп сипаттайтын жолдарын табыңыз Өлең идеясын ашуға тірек боп тұрған шумақты анықтаңыз.

Дәні жоқ егін бастары

Дәні толы егін бастары







Дискриптор:

-Өлең мазмұнынан егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды теріп жазады.

-Өлеңнен идеяны ашуға негіз болатын шумақты анықтайды.

ҚБ : жұптық бағалау




2- тапсырма. «Идеяны түртіп ал» әдісі.

Мысал өлең бидай мен адамды салыстыра отырып нені айтпақ болды. Негізгі айталмақ ойды түртіп жаз. Сол аталған қасиеттердің қарама- қарсы мағынасын атаңдар.

Дискриптор:

  • Мысалдан негізгі айтылмақ ойды түртіп жазады.

  • Аталған қасиеттердің қарама-қарсы мағынасын табады.

ҚБ: өзара бағалау.




3- тапсырма. «Ақпаратты сүзіп ал»әдісі.

Мысалдан жаңа сөздер іздеп, таңсық сөздердің мағынасын ашады.

Дискриптор:

-Мысалдан жаңа сөздерді табады

-Жаңа сөздердің мағынасын ашады.








4- тапсырма «Бес сөйлем» әдісі. «Тәкаппар бидайға айтарым» атты ойтолғау.

Дискриптор:

  • «Тәкаппар бидайға айтарым» атты бес сөйлемнен тұратын ойтолғау жазады. Топ ішінде іріктеліп әр топтан бір- бір ойтолғау оқылады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»







Үй тапсырмасы: «Жалғасқан ой».

Кері байланыс: «Егер мен...»

1- топ: Баланың әкесінің орнында болсам жауап берер едім...

2- топ: Дәні толы бидайдың орнында болсам жауап берер едім...

3-топ:Дәні жоқ бидайдың орнын болсам жауап берер едім...

Рефлексия:

«3-2-1» стратегиясы.

-Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат.

-Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті.

-Бүгінгі сабақта ұнаған бір іс- әрекет.









Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдайды. Өз пікірлерін білдіріп, адам бойына керек қасиеттерді айтады. Сұрақтарға жауап береді.

-Біздің топтың таңдауы- ақылға түсті. Себебі жақсы мен жаманды айырып, таразылайтын ақыл болып табылады.

- Мысал өлеңнің де, қара сөздің де айтпағы – жақсы мінез туралы. Жаман мінездің жақсылыққа баста-

майтындығы туралы.

-Жоқ. Себебі ақыл, қайрат, жүрек үшеуі бидай бойынан табылса, ол көкке мұрнын шүйірмес еді.

-Әрине. Себебі бұл үшеуі адамгершілігі мол адам ғып қалыптастырушы қасиеттер.


1- тапсырма.

Өлеңдегі дәні толы, және дәні жоқ егіннің бастарын суреттеп сипаттайтын жолдарын табыңыз Өлең идеясын ашуға тірек боп тұрған шумақты анықтайды.

Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.

Басындда бұл бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп, көкке қарап бүлініп тұр.

Өзгесі төмен қарап бүлінгенде,

Ойлама км екен деп бәрі сонан.


2- тапсырма.

Мысал өлең бидай мен адамды салыстыра отырып нені айтпақ болды. Негізгі айталмақ ойды түртіп жазады.

Адам бойындағы тәкаппарлық өзімшілдік, менмендік- мпейірімді,кішіпейіл; құр бойына сеніп мастану, мақтану, өзін көпке балау, зор санау- көпшіл болу; астамшылық жасау- кіщірею; бөлектену- біріг


3- тапсырма.

Мысалдан жаңа сөздер іздеп, таңсық сөздердің мағынасын ашады.

Тағзым ету-қызмет көрсету; қайран қалу- таң қалу; шекірейіп қарау- менсінбеу; төмен бүгілу-еңкею; сорайған қарасына-бойына; тұтынба- еліктеме; балау- тең көру; сайран ету- қыдырыу; көкке қарау-төбеге қарау; теңгермейді- менсінбеу;

4- тапсырма.

«Тәкаппар бидайға айтарым» атты ойтолғау.

«Тәкаппарлықты тәңірі сүймес». Бағзы заманнан, сонау Күлтегін-Тоныкөк жазбаларынан таныс бұл қанатты сөз әркімнің жадында жүруі тиіс. Себебі бұл теріс мінез жалғыздыққа әкеледі. Алайда ақылы шолақ бидай, мұны ескермеді. Сондықтан, өзімшілдіктен арылып, қателігі үшін жанындағы бидайлардан кешірім сұрап, жөнге келуі керек.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1247
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі