400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Егіннің бастары" 5 сынып қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының "Егіннің бастары" мысалы 5 сынып әдебиет қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДОІЖО Бактыбаева М.Б.

Бекітемін:


Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

3-бөлім. Адамгершілік – асыл қасиет

Педагогтің аты-жөні:

Зилгарина Д.С.

Күні:

17.01.2025ж.

Сыныбы: 5 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Ахмет атаға хат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазу, тақырыпқа байланысты өлең құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады, тақырыпқа байланысты өлең құрастырады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Үй тапсырмасын сұрау. Мәнерлеп оқу.

Жаңа сабаққа кіріспе











3 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

1. Мысалдың авторы кім?

2. Қандай кейіпкерлер кездеседі?

3. Егіннің бастары неге иіліп тұр?



Берілген сұрақтарға жауап береді. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.






ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

мин.

7 мин

«Төрт сөйлем» әдісі

1-с: шығарманың қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз;

2-с: өлеңнен бір мысал келтіріңіз;

3-с:бір сұрақ қойыңыз;

4-с: сол сұраққа жауап беріңіз.

Шығармадан алған әсерлерің сипаттап, мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерің жазады.

Бағалау парағы

Көрнекілік дәптерге

10 мин


«Менің бидайым»

әдісі

Адам бойында кездесетін жағымды/жағымсыз қасиеттерін жазыңыз.

Адам бойында кездесетін жағымды/жағымсыз қасиеттерін жазады.


Бағалау парағы

5 мин

«Ыстық орындық» әдісі

Мысал мазмұны бойынша сұрақтар

Оқушылар шығарма мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

Бағалау парағы

Оқулық

8 мин

«Авторға хат» әдісі


Шығармадан алған әсерлері бойынша Ахмет атаға хат жазады.

Бағалау парағы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.




«Табыс ағашы» әдісі

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.





Үй тапсырмасы:

Бидай туралы қызықты ақпарат жазып келу.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын жазып, «Табыс» ағашына іледі. Сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай бағалау парағы бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі