400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егіншаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге- ауылшаруашылық экономикасынан лекция немесе СӨЖ жазуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егіншаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.  Аграрлық  сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.

2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.

Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. Аграрлық сектордағы өрлеу - экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi. Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.

Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң. артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады, мұның өзі осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi.

Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң. шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi.

Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала суландырмай -ақ егiн шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды.

Қазақстанның аграрлық  секторы  мынадай сипатқа ие:

-ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;

-ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;

-топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;

-елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.;

-теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;

-маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;

-солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2021
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі