15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Егіздер сайысы "Ал, қанекей, жұптар!"
«Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ» КММ
«Ал, қанекей, жұптар!»
а т т ы е г і з д е р с а й ы с ы
Дайындаған: тәлімгер А.Демесинова
Базаршолан ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Ал, қанекей, жұптар»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар арасындағы қарым – қатынасты анықтау
2. Достықтары, бір–бірімен тіл табысуы, мәдениетін қалыптастыру
3. Оқушылардың әртістік қабілетін, ойлау қабілеттері,жүріс-тұрыстары, өзгешіліктерін анықтау.
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ал, қанекей, жұптар» атты егіздер сайысына қош келіпсіздер!
Біздердің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: мектебіміздегі егіз қыз балалар мен ұл балалардың қарым – қатынастары қандай? Олардың арасында сыйластық, достық, өнерлі оқушылар, бірлік бар ма, және олардың ақылдылығын, білгіштігін, әртістік қабілеттерін, өзгешіліктерін, досшылдығын көру және оны нығайта түсу.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директоры Таспай Қанапия Құсайынұлына беріледі.
Жүргізуші:
Егіздер
туралы.
Аңыздар мен көркем әдебиеттерде, жалпы
әр дәуірлерде әр ұлттың санасында
егіздер беймәлім дүниенің жаршысы
іспетті болды. Әлемдегі сирек кездесетін
таңғажайып құбылыс ретінде егіздер
адам санасын қызықтырып, аңыз ертегілерге
арқау болғаны шын. Ықылым заманнан бері
егіздерді болашақты болжайтын, табиғи
және адам өмірінде болатын оқиғаларға
әсер ете алатын тылсым күш иесі ретінде
де қабылдаған. Әлемде
70−80 млн. -ға жуық егіз адамдардың жұптары
бар көрінеді.
Егіздердің
екі түрі бар. 1): бір жынысты, бір-біріне
қатты ұқсайтын егіздер; 2) бір-біріне
қатты ұқсамайтын, түрлері ағайынды
адамдар сияқты ұқсас болып келетін
егіздер.
Бір-бірінен
айнымай,
Сабаққа
бірге барады.
Жол
бойында оларға
Барлығы
бірдей қарады.
Біреуіне
анасы
Зат
әкеліп берсе егер,
Екіншісі
бұлданып,
Оған
ренжіп қалады.
Жарасады
оларға
Біп-бірдей
боп жүргені
Жарасады
оларға
Моп-момақан
күйлері
Ортаға қатысушы жұптарды шақырайық. (Музыка ойналып, ортаға қатысушы жұптар шығады.)
МАД тобының оқушылары Қуанышева Асем, Асел
2 сынып оқушылары Сұлтангереева Гүлсая, Жансая
3ә сынып оқушылары Құрманғазиева Анель, Жанель
3ә сынып оқушылары Тулегенов Айзат, Азиз
7ә сынып оқушылары Еркінғалиев Қуандық, Қуаныш
Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сый болса да, қашпайық біз,
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.
- «Әр топ өздерін таныстыру»
- «Сұрақ-жауап»
- «Егіздер сайысы»
- «Өнерлі өрге жүзер»
- «Бейнелеу өнері»
- «Мергендік»
1. Таныстыру бастамасы сайыстың,
Әділдікпен оза шауып байысқан.
Кел, балалар, танысайық бәріміз
Әдеппен өздеріңді таныстыр. - дегендей бірінші бөлім «Әр топ өзін таныстыру»
(Әр жұп өздерін таныстырады)
2. Сұрақ қоям жауап бергін балапан,
Саған таныс бұл сұрақтар қарасам.
Келесі бөлім «Сұрақ-жауап»
(Әр жұп сұрақтарын алып жауап береді)
1.Сұрақтар:
А) Құрлықтағы ең ірі жануар ?(піл)
В) Сізді досыңыз шаңғы тебуге шақырады. Ол сізді сағат екіде алып кетпекші болады. Бірақ ол бір сағат кешігіп, сағат үште келеді.Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?
2.Сұрақтар:
А) Кіп – кішкентай не керек,
Күші бірақ керемет .(Құмырсқа)
В) Сізді досыңыз туған күніне шақырады. Бірақ сіздің ата – анаңыз ол баланы ұнатпайтындықтан, сізге онда баруға тыйым салады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?
3.Сұрақтар:
А) Бет – ауызыңнан сүйеді,
Сүйген жері күйеді. (Аяз)
В) Сіз телефон арқылы өз қатарыңызбен танысасыз. Ол сізге кездесу орнын белгілейді. Сіз кездесу орнына барасыз ба?
4.Сұрақтар:
А) Тас болып туады,
Күл болып өледі.(Көмір)
В) Сізді күні бұрын туған күніне шақырады. Сол баратын күні сіздің өте бір жақын досыңыз өзіне көмектесуге шақырады. Сіз не істейсіз? Туған күнге барасыз ба, әлде досыңызға көмектесуге барасыз ба?
5. А) Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)
В) Анаңыз сізді қалай еркелетеді?
3. Келесі бөліміміз « Егіздер» деп аталады.
- Сіздер білесіздер ме, олар кім? Бір – біріне ұқсап туылған егіздерді «егіздер» дейміз. Енді сіздер сондай егіздер болып, біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреуіңіздің бос оң қолыңа қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан гүл қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер! Кәне, бастайық! (ойын ойналады). Әділ – қазылар алқасы бағалайды.
4.. Келесі бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету)
Әр адамның өз өнері өзгеше,
Ару қыздар бұран қағып билесе.
Әнші ұлдан әсем әуен әуелеп,
Өнерлерін көрсетсін кеп ендеше.
5. Аппақ қағаз бетіне,
Әсем сурет салыңдар.
Бояумен сәнін келтіре,
Тамаша бейне табыңдар.
- Келесі бөлім – «Бейнелеу өнері» - деп аталады.
Бұл бөлімде әр жұп көздерін байлап, сурет салады. Ал, енді сурет салуға кірісейік.
6. Келесі бөлім «Мергендік» деп аталады.
Сендер бір жұп болып келген соң, келесі тапсырманы бірігіп жасауларыңыз керек. Қазір сіздердің бір-бір қолдарыңызды қосып байлаймыз. Сол байлаулы қолдарыңызбен белгіленген шелекке алманы лақтыруларыңыз керек. Әр жұп үш рет алма лақтырады. Ал, бастайық. (ойын ойналады)
Біздің «Ал, қанекей, жұптар!»атты егіздер фестивалінің барлық сындары аяқталды. Қорытындылап, жұптарды мадақтау үшін сөз кезегін мектеп директоры Таспай Қанапия Құсайынұлына беріледі. Егіз жұптарымыз дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.
Осымен сайыс кешіміз аяқталды!
Көріскенше, қош – сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген